Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

50. Аялдаулар және түнеу орындары

"Түнеу орны" - туристік шаруашылықтың негізгі элементі, оның ішіне туристердің түнеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасайтын обьектілер мен құрылғылар жиынын жатқызуға болады. Оны екі түрде қарастыруға болады: түнеу мекемелері (қонақ үйлер, турбазалар, демалыс орындары, пансионаттар, мотельдер) және лагерлер (кемпинг, палаталар қалашығы). Қолданыс ерекшелігіне байланысты: жыл бойғы және маусым аралық; қызмет көрсету жағынан - ашық (бәріне қол жетерлік) және жабық (арнайы тұтынушылар тобы). Түнеу орындары мемлекеттік немесе жекеменшік (тұрғылықты халықтың пәтерді жалға беру) болуы мүмкін.

Түнеу орындары сияқты жыл бойғы немесе маусым аралық болып бөлінеді; қызмет көрсету жағынан - ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, жекеменшік немесе өзге меншік басшылығында болуы мүмкін.

51. Лагерь (бивак) ұйымдастыру тәртібі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Таудағы бивак орналастыру ережелері:

1. Сайдың астында, шөгінді жартас астында, қар көшкіні болатын жерде, өзен арнасының жанында, қар карнизінің астында орналастыруға болмайды.

2. Желден, өрттен, суықтан қорғану шараларын жасау.

3. Палатканы мықты бекіту.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, жаттығу орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу.

Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:

1 топ: табиғи қауіп-қатерлер;

2 топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;

3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;

4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік.

Табиғи қауіп-қатерлері:

жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы, мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері;

ауа райының қолайсыздығы – жел, найзағай, ауа температурасы мен ылғалдылығының шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сәулелері, қараңғылық.

.

52. Тау туризмінің, альпинизмнің арнайы құрал-жабдықтары

Тау туризмі – таудағы жаяу жорықтар.Тау туризмі – (ағылшын тілінен  mountain tourizm) – туризм мен альпинизмнің байланысынан туындаған белсенді туризм түі. Тау туризміндегі маршрут күрделірек болған сайын, екеуінің арасындағы ортақтылық та көп болады. Тау туризмінде де альпинизмде қолданылатын сол техника мен сол құрал-жабдықтар қолданылады.

Альпинизм – мақсаты тау шыңына шығу болып табылатын белсенді демалыс немесе спорт түрі. Альпинизм мәні болып табиғатта кездесетін кедергілерді (биіктік, жер бедері, ауа райы) өткеру табылады. Альпинизм бойынша жарыстарда сайыс нысаны болып шың биіктігі, өткерілген маршруттың техникалық күрделілігі, оның сипаты және ұзақтылығы табылады .

Альпинистер құрал-жабдықтары

Альпеншток,Альпинистік арқан (жіп),Альпинистік кошкалар,?бивак құралдары(Бивачное снаряжение) ,Восьмёрка,Гри-гри, Жумар, Закладка (альпинизм),Зацеп (скалолазание),Карабин (устройство),Ледобур (альпинизм),Мұзойғыш(Ледоруб),Маятник (альпинизм), Тартқыштар  (Оттяжка),Репшнур,қысқыш-жұмар, жартас ілгіш-қармағы т.б

Спорт альпинизмде арнайы және сапалы жабдық-сайман  болуы қажетті талап. Арқан-жіптердің мықтылығы мен иілу қабілетімен, арнайы тартқыштар мен құлыптардың сенімді сапасымен биікке шығу мақсатымен қоса, спортшылардың өмірінің өзі тікелей байланыста. Тау - тас қуыстары мен жарықтарына тығып салатын қауіпсіздік саймандарды еркелетіп «френд» деп атайды.

Арқан-жіптер Баяғы кездерде альпинистің 6 метр биіктіктен құлауы өліммен аяқталатын – екпінмен түскен салмақты ешқандай жіп шыдамайтын (тауда жуан да, ұзын да арқан тасып жүру мүмкін ыңғайсыз). Қазіргі қауіпсіздік арқан-жіптердің төзімдігі әлдеқайда жоғары. Тән Шән тау-қырларында ҚазГео командасы диаметрі 10 мм, ұзындығы 60 метр және тағы бір 10,5 мм х 62 м құрайтын Tendon Чехия фирмасының динамикалық арқан-жіптерін қолданады (фото). Мұндай арқан-жіптер топты бастап алдында өрлейтін альпинисті сақтандырады.

Құрал-сайман.Тауға өрлеу үшін қырдың жарына бір нәрсемен іліну қажет. Альпинист көбінесе қол-аяқтың күшімен өрлесе де (өрлеу күрделілігі бойынша осылай), кей жағдайларда жасанды тіреніш те керек. Бастысы сақтандыру нүктесіне қадалып ілініп алу.

Френділер - желпіуш тәрізді нәрселер. Арнайы қармақшасын тартып, альпинист «желпіуш» қанаттарын жинап алады да, оны жарыққа тығып, «желпіушт»і қайта ашады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]