Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tarikh_ekzamen-1_1

.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
200.39 Кб
Скачать

1.Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының. мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.Тарих араб сөзі - зерттеу,оқиғалар заманалар туралы шежіре шертеді.Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды, Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді -өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық жасамайды. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;

тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру. Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады.

2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап,кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д.800-140мың жыл) кезеңіне жатады. 1958жыл-археолог Х.Алпысбаев Қаратау жотасынан (Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты.А)Ерте палеолит дәуірі.Бұл дәуір-600мың жылдан астам уақытқа созылды. Ерекшеліктері:алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліуі, аң аулау, терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі. Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі- жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп аталды. (шикізат ретінде өзен малтатастарын қолданған). Тасты жару үшін жұмыр тас қолданылды. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611тас құрал табылды. Алғашқы еңбек құралдарын ғалымдар чоппер және чоплинг деп атайды. Алғашқы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келеді.Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:Оңтүстік Қазақстан: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Ш.Уәлиханов,атындағы тұрақ, Аоыстанды, Қарасу;Орталық Қазақстан:Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы;Шығыс Қазақстан:Қозыбай;Бaтыс Қазақстан: Шабақтысай, Сарытас Б)Орта палеолит.Бұл дәуірде (б.з.д. 140-40мың ж.)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтиды. Ерешеліктері:от алуды үйрену, алғашқы діни сенімнің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандертаоь адамның пайда болуы. Осы кезеңде тас өңдеу әдісі жетілдіріле түсті. Еңбек құралдарын жасау тәсілі нуклеустік. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, біп қырымен жатқызып жерлеген. 1938ж. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандерьталдық баланың қаңқасы табылды. (антрополог Герасимов) Мустьер кезеңінің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстаннан, Батыс және Шығыс Қазақстаннан табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі – Обалысай тұрағы. Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері:Оңтүстік Қазақстан:Ш.Уәлиханов,атындағы, Тоқалы, Қызылрыспек, Үшбұлақ;Орталық Қазақстан:Оьалысай, Мұзбел, Өгізтау, Үлкен Ақмая;Батыс Қазақстан:Өніжек, Аққыр, Құмақаж;Шығыс Қазақстан:Бөдене, Қызылсу ;В)Кейінгі палеолит дәуірі. Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл – 12-10мың жылдар аралығы. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдік топтардың құрылған кезеңі. Ерекшеліктері: қазіргі адамға ұқсас- кроманьондықтардың қалыптасуы, жеңіл найза (дротик), ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы, аналық рулық қауым белгілерінің орнауы. Кейінгі палеолитте еңбек құралдарын жасау әдістері одан әрі жетілдірілді. Бір нуклеустен бұрынғыдай 2-4 қалақ емес, 10-даған жұқа тіліктер алынды(пышақ тіліктер). Тас құралдарын жасау тәсілі - ретушьтік. Осы кезеңде еңбек құралдарының 20- ға тарта түрі болған. Үшінші Қарабас тұрағынан 172 порфириттен жасалған заттар, Ертістегі Шүлбі тұрағынан 5000 тас құрал табылды. Негізгі шикізат – халцедон, яшма, шақпақ тас, тау хрусталі.Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан:Ащысай, Үсіктас;Орталық Қазақстан:Батпақ, Қарабас, Агренсор;Батыс Қазақстан:Аққыр, Шақпақта, Өніжек;Шығыс Қазақстан: Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай;В) Мезолит дәуірі.Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек(20 шақты тұрақтар).Ерекшеліктері: климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң – құстар пайда болды, жебелі садақ, бумераг, балық аулау құралдары, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды. Аңщылық үшін неғұрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола бастағандықтан жебелі садақ пен бумеранг ойлап табылды. Садақтың доғал және домалақ ұштары терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Осымен қатар уланған немесе өртегіш жебелер де кең пайдаланылды.Мезолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері:Солтүстік Қазақстан: Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз;Орталық Қазақстан: Әкімбек, ҚарағандыГ) Неолит дәуірі. Бұл кезеңде экономиялық және қоғамдық өрлеу бастады:Жабайы жануарларды қолға үйрету;Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу;Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру;Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» дап аталды. Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру.Неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.Бұл кезең – тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтыра тегістеуді меңгерді. Еңбек құралдарын дайындаудағы ірі жаңалық – тас сыналар(микролиттер) жасау. Қазақстан жерінде 600 ден астам неолиттік және энеолиттік ескерткіштер бар.Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:Арал маңы: Сексеуіл(Арал тұрақтар тобы), Ақеспе;Оңтүстік Қазақстан: Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ;Шығыс Қазақстан: Нарым, Қызылсу, Сатшықыз;Солтүстік Қазақстан: Қаратомар, Иман-Бүрлік, Дамсы, Ботай;Батыс Қазақстан: Тоқсанбай,Шатпақкөл, Құлсары;Орталық Қазақстан: Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай;Д)Энеолит дәуірі.Еркешеліетері: тастан жасалған еңбек құралдарының ығыстырылуы, мыс еңбек құралдарының жасалуы, клаиматтың ылғалды болуы.Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы энеолит (мыстытас) дәуірінен басталады.Бұл кезеңде металл біз, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғыларпайда бола бастады. Тері өңдеуді тездетуге мүмкіндік беретін бүйірлі қырғыштар басым болды. Ыдыстар саз балшықтан жасалып, оған геометриялық қарапайым әшекейлер салынған. Ыдыс жұқа болса сыйымдылығы 6-7 литрге жеткен. Энеолит дәуірінде климат ылғалды болып, ірі сүт қоректілер көбейе бастады. Бұл аңшылықты күшейтті. Ботай қонысында 70 мың жылқының сүйегі табылды. Жерлеу ғұрпы мен символдық заттар тотемизмінің, ата-бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. Мәйітті қоныстағы ескі тұрғын жайға жерлеп, айналысына қабырғаларды жағалата жылқының бас сүйектерін қойған. Ботай мәдениеті Ақмола облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталғанг. Бұл мәдениет Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды. (б.з.б. III-II мың ж. аралығы). Ботай мәдениетін археолог В.В.Зайберт ашты. Палеолит (тас) дәуірінің ескерткіштерін зерттей келіп, Қазақстан жері-адамзат қоғамы қалыптасқан аймақтардың бірі деген ғылыми тұжырым жасалынып отыр.

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.: Б.з.б. II мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы-қола (мыс пен қалайының қорытпасы). Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдары ығыстырған кезең-қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мың ж.)Қола дуірінің кезеңдері:Ерте қола дәуірі (федоров кезеңі)- б.з.б. XVIII-XV ғасырларОрта қола дәуірі (алакөл кезеңі)- б.з.б. XV-XIII ғасырлар.Кейінгі қола дәуірі (замарев кезеңі)- б.з.б. XIII-VIII ғасырлар.Ерекшеліктері:Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі – бақташылық мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды.Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады.Рулық қатынстар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономиялық өмірдің озық түрі-көшпелі мал шаруашылығына көшті.Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең- андронов мәдениеті деген атау болды(1914ж. археолог Б.В. Андриновтың қазба жұмысы(А.Я.Тугаринов)).1927ж. - археолог М.П.Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштері Батыс Қазақстаннан тапты. Қола дәуірі ескерткіштері табылған аймақ: Минусиск-Орал таулары-Батыс Сібір жазығы-Памир таулары.Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы- Орталық Қазақстан. Бұл өңірдің 30- дан астам елді мекен, 150-дей қабір (қорымдар) қазып зерттелді. Солтүстік және Батыс Қазақстанда 150-ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым табылды. Ең ежелгі қала- Арқайым қаласы. Мәдениеті:Б.з.б. 3 мың ж. соңында Қазақстанның таулы және далалы аудандарнда егіншілік пайда болды.Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай және тары өсірді. Егіншілікпен қатар мал өсіру жедел қарқынмен дамып, негізгі салаға айналды. Андроновтың тайпалар қос өркешті бактриан тайпалар қос өокешті бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған, ал Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні, Ақсу-Аюдыдан бота сүйегі, Алексеевка қонысынан түйе сүйектері табылды. Б.з.б. I мың ж. басында андроновтықтар аралас шаруашылықпен айналысып, егін егіп, мал өсірген. Олар тұңғыш рет қыста малды қолда ұстау тәжірбиесін енгізді. Үй маңындағы жайылымдар жарамсыз болып қалған кезде бақташылар жаңа жайылымдарға көшіп отыпды. Бұл-мал өсірудің жайлаулық тәсілі (жартылай көшпелі). Андронов тайпаларында жеке меншіктің пайда болуына мал шаруашылығына көшу ықпал етті. Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілінде қыш ыдыстар жасаған.Таспалық әдіс.Қалыпқа салып пішіндеу әдісі(б.з.б. XVII-XVIғ.ғ.).Андроновтықтардың баспанасы – жертөле және жартылай жер бетіндегі үйлер. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, бұта, тезек жаққан. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралған. Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын және үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген. Ежелгі андроновтық дөңгелек баспаналар негізінде киіз үй жобасы пайда болды. Еңбек құралдары : тесе, тас кетпен, келі, келсап, (ерте қола дәуірі), орақ, шалғы (кейінгі қола дәуірі). Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет- Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі Андронов дәстүрі сақталған.Жаңа элементтер енгізілген(мазарлардың айрықша типі және өзіндік өзгешілігі бар жерлеу салты – мәйітті шалқасынан жатқызу).Ошақ қасиетті орын саналған.

4. Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2-ге бөлінеді:Ерте сақ кезеңі - б.з.б. VIII-VI ғасырлар.Соңғы сақ кезеңі – б.з.б. V-III ғасырлар.Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер – сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды.Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі:Гректер – азиялық скифтер;Парсылар – құдыретті еркектер;Ирандықтар – жүйрік атты турлар.Сақ тайпаларының негізгі үш тобы:Парадария (теңіздің арғы жағындағы сақтар).Мекені: Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы.тиграхауда (шошоқ бөрікті сақтар). Мекені: Сырдырияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар).Мекені: Мургап аңғары.Б.з.б. VII-IV ғасырлар – сақ тайпалар одағы құрылды.Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық.3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:Жауынгерлер-қызыл түс.Абыздар-ақ түс.Қауым мүшелері-сары және көк түс.Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі – патша.Сонымен бірге сақ патшасы- Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;Малшылардың үйретуші ұстазы;Құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші.Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды.Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.Бұл кезең алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. Vғ.40ж-30ж. жазылған «Тарих» еңбегі) және Полиен деректері:Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің паишайымы Томиристің және оның ұлы Спаргапистің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529ж).Б.з.б. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы.Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы.Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте,Грецияда соғысты. Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті.Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата қаласы салынды.Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нәтижесінде қиратылды.Шаруашылығы: б.з.б. I мың ж. ортасында сақтарда көшпелі мал шаруашылығы кең тарады.Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Бұл дала тайпаларының өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болып саналады.Сақтар мал шаруашылығының үш түрін үйлестірді:Көшпелі мал шаруашылығы – батыс және орталық Қазақстанда.Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс пен Орталық Қазақстанның бір бөлігі,Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде.Отырықшы мал шаруашылығы – Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойында.Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылығы басым болды. Жылқы өсіру маңызды орын алды.Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және шөлейт аудандарында түйе өсіру кең тарады. Тебіндеп жайылуға қабілеті болмағандық ірі қара аз өсірілді.Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты – қой өсіру.

5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан белгілі(629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:

- Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай.

- Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.

- Дала жолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі).

- Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді:Батыстан шығысқа бакғытталатын жол;Іле бағыты;Еуропа бағыты;Орталық және Шығыс Қазақстан бағыттары.

Ұлы Жібек жолының VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:Құлан қаласы,Ілебалық қаласы.Үлкен қала – Екіоғыз.Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар.Тауар тасымалы Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымеен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б.Мәдениет пен діннің таралуы. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымның дамуы мен даналық патшалығы – Үндістан;Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы – Иран мен Византия;Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыштар аңдар патшалығы – Түрік қағанаты;Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.

Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сайрайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан X-XI ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.

Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды. Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Испиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды. Христиан діні - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.). Қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандықты қабылдап, Тараз, Меркеде христиан шіркеулері салынған (VIII-IХ ғ.ғ.). Манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздің қасиетті кітабында» жазылған. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай – манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы). Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде).Ортағысрлық Жібек жолының маңызы:

Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін бірі байытты.Қалалар көбейді.Сыртқы байланыс дамыды.Сауда өркендеді

Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады

6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері. Үйсіндер. Б.з.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.з.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.

Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған. Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тай¬па¬лық бірлестігі құрыл¬ды. Мем¬ле¬кет аты алғаш Қытай жыл¬на¬масы «Шы Жи»-Да¬уан Ле¬жу¬ан¬да («Та¬рихи жаз¬ба¬лар»-Ферғана та¬ра-уы) жа¬зылған «Қаң жүй го» де¬ген ата¬удан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әде¬би¬етінде «кан¬гюй»), го — «мем¬ле¬кет» де¬ген мағына¬ны білдіреді.Ғалым¬дардың көпшілігі қаңлы¬лар¬дың түркі тілдес ха¬лық болған-дығына күмән келтірмейді.Қаңлы мем¬ле¬кетінің б. з. б I ғасы¬рын¬да дәуірлен¬ген ке¬зеңінде халқының са¬ны 600 мың адам¬ды құрап, әскерінің са¬ны 120 мыңға жет¬кен.Қаңлы¬лар ас¬та¬насы – Би¬тянь қала¬сы. Бай¬ла-ныс жа¬саған ел¬дер – Қытай, Рим, Кав¬каз т. б. Қаңлы бей¬ле¬ушісінің же¬ке иелік ше¬кара¬сы Кас¬пийдің солтүстік жағала¬уына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысы¬ның екі ара-сын¬да билік құрған сар¬мат-алан тай¬па¬лары¬ның одағы түгел¬дей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мем¬ле¬кеті өз ал¬ды¬на дер¬бес са¬ясат ұста¬нып, көрші ел¬дердің сырт жа¬ула¬рына қар¬сы той¬та¬рыс бе¬руіне көмек¬тесіп отырған. Қаңлы пат¬ша¬сы өзі ме¬кен¬де¬ген солтүстік өңірді (Та¬лас өзенінің ай¬мағы) же¬ке басқара-ды.Қаңлы тай¬па¬сын¬да билік мұра¬герлік жол¬мен әке-ден ба¬лаға беріліп отырған. Бар билік ақсақал-дардың, ру бас¬шы¬лары мен көсем¬дердің қолын¬да болған.Ша¬ру¬ашы¬лығы. Тай¬па халқы негізінен мал ша¬ру¬ашы¬лығымен және су¬ар¬ма¬лы егіншілікпен ай¬на-лыс¬ты. Бас¬ты бай¬лығы мал бол¬ды. Көбіне¬се жылқы, қой, оған қосым¬ша си¬ыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақыл¬дар ек¬кен және бау-бақша өсіру¬мен де ай¬на¬лысқан. Жерді тас, ме¬талл кет-пендер¬мен өңдеді, сон¬дай-ақ сүйек¬тен жа¬салынған егіншілік құрал¬да¬ры да пай¬да¬ланыл¬ды. Жи¬налған өнім жер¬ден қазылған ұра¬лар¬да не¬месе қыш құмы-ралар¬да сақтал¬ды. Көпте¬ген бөген¬дер мен тоған¬дар тұрғызыл¬ды.Аң аулау мен ба¬лық аула¬удың қосалқы маңызы бол¬ды. Елік, арқар, киік және су құста¬ры — үй¬рек, қаз аулан¬ды. Ет, ба¬лық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар та¬маққа жа¬байы ал¬ма, алмұрт, өрік, до¬лана, пісте жемістері, тау жу¬асы пай¬да¬ланыл-ды.Мәде¬ни¬еті. Қаңлы¬лар¬да қолөнер кәсібі өте жоғары дәре¬жеде өркен¬де¬ген. Қаңлы¬лар¬дың тегі хұн, түрік тілдес ха¬лықтар болған¬дықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөй¬ле¬ген.Қаңлы¬лар¬дың тұрғын үй-лері көшіп-қонуға қолай¬лы киіз үй¬лер және то¬пырақ пен ағаш¬тан, тас¬тан жа¬салған тұрғын үй¬лер, адам¬дар жиі ор¬на¬ласқан елді ме¬кен, қала¬лары болған. Ар¬хе-олог¬тардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстан¬дағы ежелгі ор¬та ғасыр¬дағы көпте¬ген қала-лар¬дың ірге¬тасы со¬нау кан¬гю¬лер (қаңлы¬лар) дәуірінде пай¬да болған» де¬ген пікір бар.

Қаңлы жұрты пай¬да¬ланған киіз-те¬кемет, кілем-сыр-мақ қатар¬лы төсеніш және үй қабырғала¬рына ілінетін тұс бұйым¬дар, ки¬етін — ки¬мешек¬тер өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта ма¬мықта-рынан жа¬сала¬тын болған. Олар қой жүнінен киіз те-кемет¬тер, төсеніштер жа¬са¬умен қатар, киізден қал-пақ, ке¬бенек-шек¬пендер жа¬сап ки¬ген. Қара¬пайым ха-лық қой терісінен тон сияқты сырт киімдер тігіп ки-ген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс және басқа да аңдар терісінен қым¬бат бағалы ты¬мақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп ки¬ген.

Қаңлы елінде заң мен діни на¬ным¬дар өза¬ра ұштас¬ты-рылып атқарылған.

Қаңлы¬лар — отқа та¬быну, дінге сыйына¬тын ар¬на¬улы ке¬сене¬лер салған. Та¬биғат күштеріне, ата-ба¬ба аруағына си¬ынған. Со¬нымен қатар қаңлы¬лар жұлдыз-дар арқылы түрлі бол¬жамдар жа¬сап отырған. Қаңлы-лар¬да му¬зыка¬лық ас¬паптар болған, би би¬леген.

Ар¬хе¬оло¬ги¬ялық ес¬керткіштері. Мар¬дан – күйік қоры-мы – Сыр¬да¬рия өзенінің жағасын¬дағы қаңлы¬лар¬дың жер¬леу ес¬керткіші. Бұл қорым Мар¬дан-күйік қала-сының іргесінде орын теп¬кен. Мұнда 50-ден ар¬тық мо¬ла бар. Қабірге өлікпен бірге ыдыс¬тар, әше¬кей бұйым¬дар, қару-жа¬рақ көмілген. Қаңлы тай¬па¬лық бірлестігі б. з. б. I ғ. ор¬та¬сын¬да ыды¬рады.

7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз. Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді.. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]