Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Stsenary

.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
65.53 Кб
Скачать

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Ақын Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арналған

"Бір тойым бар" атты әдеби кештің сценарийі

Кешті ұйымдастырушы:. ЭжБЖМ студенттері (Эк12к(1),Ф12к(1),Ф12к(2)). Әдеби кешке жауапты: ф.ғ.к.,доцент Ақшалова Б. Н. Кеш өтетін орын: Заң факультеті,410 аудитория.

Ақын Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арналған

"Бір тойым бар" атты әдеби кеш. Әдеби кештің мақсаты: Студенттер арасында Төлеген Айбергеновтың шығармашылығын насихаттау, тәрбиелік маңызы жоғары, рухани, мәдени және әдеби азықпен сусындату.

Кеш ''Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті оқуға тиісті 100 кітап'' атты бағдарлама аясында жүзеге асып отыр.

Кешті ұйымдастырушы:. ЭжБЖМ студенттері (эк12к1тобы). Әдеби кешке жауапты: ф.ғ.к.,доцент Ақшалова Б. Н. Кеш өтетін орын: Заң факультеті,410 аудитория. Жүргізуші: Армысыздар ағайын ! Жиналған қауымға қайырлы күн дейміз! Бүгінде тірі болса наурыз айының 8 жұлдызында 76 жасқа толар ақын Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арналған «Бір тойым бар» атты әдеби кешке қош келдіңіздер!

Ақын болу үшін дүниені жан-тәніңмен құлай сүю керек. Сол кезде ғана өмір сізге құшағын жайып, тылсым тіршіліктің талай құпиясы ашылады. Қазақ әдебиетіндегі тұнығы лайланбаған, жастыққа тән қуатымен арнасына симай тасып жатқан сондай таза бұлақтардың бірі – Төлеген Айбергеновтің поэзиясы. Төлеген Айбергеновтың өмірі мен өнеріне, өлеңіне бір шолу жасасақ. Ендеше Төлеген Айбергеновтың өмірі жайлы ортада

Слайд шоу:Оман Айдана(5 мин)

Жүргізуші: Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали болашаққа арыз жазып кетсе, Төлеген Айбергенов те «Бір тойым бар» деп болашаққа сеніммен қараған екен. «Бір тойым бар» өлеңінің дүниеге келу тарихы жайлы ақын- сазгер Серікбай Маханұлы өз естеліктерінде былай деп жазған екен.

«Мен Төлегенмен бір жылдары 1937 жылы 29 – шілдеде дүниеге келіппін , бір жылғы төл болғасын құрдас едік .1963- жылдары жаз айлары болатын . Қазақстан жазушылар одағының үйінің алдында Шәмші Қалдаяқов , Балта Исаев , Дүкенбай Досжанов және мен барлығымыз әңгімелесіп тұрғанбыз , Одақ үйінің ішінен орта бойлы сылыңғыр аққұбалау келген бір жас жігіт шығып , есік алдында тұрған біздермен амандасып болғаннан соң бірден дауысын көтере

  • Мен сендерді үйде дастархан жайып күттім , келмедіңдер енді неменеге келіп тұрсыңдар?- дегені . Мен қасымда тұрған Шәмші ағадан :

  • Мына жігіт кім , өкпесін айтып тұрған? - дедім өйткені бірінші көруім Төлегенді . Әңгіменің барысы былай екен .

  • Төлеген үйіне быраз жолдастарын қонаққа шақырады , келген жолдастары аз екен ,соған өкпелеп тұр- деді Шәмші аға .Мен жас жігітке қарап :

  • Өкпелеме жігітім , бір тойың болары сөзсіз мүмкін -депін.Сол жерде Төлегенмен танысып ресторан кофелерге қарай бет алдық барлығымыз тамақтануға . “Бір тойым бар менің” деген өлеңі осылай шыққан еді.»

Ендеше шығу тарихы жоғарыда аталып өткен өлеңге құлақ түрейік.

Бір тойым бар

Жүргізуші: Қанша ел басқарсаң да, би болып дау-жанжал шешсең де, батыр болып жауға шауып, сот болып үкім кессең де, өзіңді өмірге алып келген анаңнан жоғары аттай алмайсың.Төлеген ақын да осы бір тамаша жандар туралы қалам тербеткен еді тыңдап көрелік:

Ана

Жүргізуші:Төлеген ақын туралы жас ақын Елена Әбдіқалықова былай деген екен:``Жалпы, мен әдебиетші ретінде былай ойлаймын. Қазақ әдебиетінің жазба поэзиясын Абайдан бастайтынымыз рас. Құдайға шүкір, екі ауыз өлең құрастырмайтын қазақ жоқ, олар әрқайсысы өздерін дардай ақын санайды. Ал, шындығында поэзия дейтін әлемге жаңалық алып келген екі-ақ ақынды атар едім: Бірі-Абай Құнанбайұлы, екіншісі-Төлеген Айбергенов. Қалған әріптестерім маған өкпелемес деп ойлаймын, өйткені Айбергеновтей таза лириканы мөлдіретіп алып келген ақын кемде-кем. Тіпті жоқ. Қолына қалам ұстап, өлең айдынына талпынған әрбір жас таланттың алдымен Төлеген болғысы келмейтіні жоқ...``Олай болса ақын шығармашылығы мұхиттай шексіз екені анық.

Әділ Алтай(ән)

Жүргізуші: Махаббат поэзиясы ешбір ақынды сырт айналып кетпеген. Айбергенов шығармашылығында да махаббаттың жыр шумақтары көпті.

Әрбір жанды тебірентер махаббат поэзиясына құлақ түрелік ендеше.

(«Мені ойла», «Махаббат, неткен алып қайратты едің!», «Ойладым» т.б)

Викторина (5 сұрақ)Ақылбекұлы Самен

Жүргізуші: Төлеген Айбергенов тек қара өлеңдердің де авторы емес сонымен қатар қазіргі таңда эстрада орындалып жүрген көптеген әндердің авторы. Сол әндердің бірі «Ақ ерке –Ақ Жайық». Қазіргі кезде бұл әнді әуелете қазақ эстрадасында Каспий тобы орындап жүр. Өлеңнің әнін жазған Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов, сөзі Төлеген Айбергеновтікі. Ал дәл қазір ортамызда орындап беретін

Жүргізуші: Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Қазақ поэзиясының дамуына ат салысты. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Тынышбай Рахым сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады. Мұхтар Шаханов ол туралы бір өлеңінде:  Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.  Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.  Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты  Толғандырған, таң қалдырған  Махамбет пен Сен ғана - деген еді.

Ақын Мұқағали Мақатаев Төлеген Айбергенов дүниеден озған шағында «Төлегенге» деп қалам тербеген еді. Мұң қайғыға толы өлең шумақтарына кезек берсек

Төлегенге

Жүргізуші:Төлеген Айбергенов атты есімді есіткен сайын жыр құмар қауым әлі де бір елең ете қалары сөзсіз. Ақынды төбесіне көтере дәріптеген сол кездегі жас ақын, бүгінгі бас ақындарымыздың бірі Мұхтар Шаханов естеліктер қалдырған еді соны тыңдап көрейік

Төлегенге

Жүргізуші: Төлегеннiң бiр кереметi кез келген нәрсенi әрекетке кiргiзiп, қозғалысқа түсiрiп қоятыны. Бетонмен құйылып мызғымастай етiп бекiтiп тасталған мұнараларыңыздың өзiн аспанның астымен күн көтертiп жүргiзiп қояды. Ақын қиялының қуатына ерiксiз сүйсiнесiң. Тәнтi боласың.

Мұнаралар тайгасының iшiнде жүрген ақын кенеттен “ мен қара төспiн, қайғыдан бақыт жасаған” деп жар салып шыға келетiнi бар. Құдай-ау, қайғының өзiнен бақыт жасаған, бұрын-соңды бiз кермеген неткен iрiлiк бұл! Осыдан кейiн-ақ оның тарпаң асаулықтан тұратын қай iсiне де шүбә келтiрмейсiң

Көзiм менiң!

Жүргізуші: Сөз жоқ, Төлеген жырлары — қуаныш жырлары. Бірақ бұл гүлге елтіген, көбелек қуған серуеншінің қуанышы емес, қиынды көрген, қайғы мен қасіреттің де ащы дәмін татып байқаған азамат адамның жүзеге асқан мақсаты мен орындалған арманының қуанышы. Ақын Төлеген Айбергенов ең құрығанда отыз жасқа да толмай қыршыннан қиылды. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр сүргеніне қарамастан оның артында мәңгі өлмейтін

жырлары қалды. Әдеби кешіміздің соңын Төлеген Айбергеновтің сөзіне жазылған «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

Атамекен

Ел есімін әлемге әйгілейтін Төлегендей ұлдарымыз көп болсын демекпіз, Назарларыңызға рахмет!

  • Төлеген Айбергеновтың Бір тойым бар Өлеңі

Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын. Бірақ... бірақ... Ешкімді де билетпей қайтармаймын. Онда ортаға тасталар ұран сондай: Қайта алмайды қартың да бір ән салмай, Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам... Сәбилерге ағаны үлгі етемін, Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін. Менің жарым бұл түні кірпік ілмей, Ақ көңілімен қуаныш бүртігіндей, Омырауынан бір тәуір шайқап есіп, Ажырасқанды жүреді қайта қосып. Мен өзім де ән салам түн ауғанша, Менің жаным бұл күнге құмар қанша! Бәйгі берем жығылған палуанға да, Адалдығы сезіліп тұрар болса. Қыз қуатын жігітке ат беремін, Жанам деген жүрекке от беремін. Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді Бір тамаша той қылып өткеремін. Біздің үйді сол күні бетке ал қауым, Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын. Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып, Қазанымда бір асым ет қалмауын, Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін, Мен сөйтіп рақаттанып бір күлемін.

Кім білсін талай күнгі арманым ед, Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.

  • Ана

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

  • Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,  Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,  Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.  Тұсаулап, табандатып тағдырымды,  Қолына қара көздің байлап бердің.  Көп екен өмір сыры білгізбеген,  Жаны пәк таныстым да бір қызбенен,  Түріліп шаттығымның томағасы,  Сырласа бастадым ай, жұлдызбенен.  Көз алмай қарай бердім кіл шыңдардан,  Қиялдан қолын созып құлшынды арман.  Әйтеуір, сол бір қызға кездестім де, 

Тап болдым қуанышқа тыншымды алған.

  • Ойладым

Мен сені, жаным, сезімді  Ой толғағанда ойладым.  Айтайын деген сөзімді  Айта алмағанда ойладым.  Жан сырын жанар түбіне  Қымтап алғанда ойладым.  Сыйлауға туған күніңе  Гүл таппағанда ойладым.  Қанатын ару залдарда  Вальс қаққанда ойладым.  Кемелер тартып таңды алға  Алысқа аққанда ойладым.  Ойладым сені кезде мен  Ормандар нөсер тілеген.  Дүниеге ғашық көзбенен  Көгілдір аспан түнеген.  Келеміз тартып өрлерге,  Жолдармен түйіспейтұғын.  Сондықтан менің көргенде  Сенімен сүйіспейтінім.

  • Мені ойла

Сеземін сүйген жүрекке, Сағыну соқпас оңайға. Дегенмен қалқам қалайда, Қалт еткен шақта мені ойла.

Таңертең тұр да шықты көр, Оянған шақта мені ойла. Шұғылаға шығыс түп түгел Боялған шақта мені ойла…..

  • Бәйшешектің ғұмырындай тағдар кешкен мәрт батыр,

Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр.

Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл,

Міне, содан ұлтымызды рухсыздан күзетіп.

Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр,

Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, мен –бала.

Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана,

Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты,

Толғандырған, таң қалдырған

Махамбет пен Сен ғана

Заманының ыңғайына жүрмей кеткен іңкәрім.

Саф өнерде қызғанышты білмей кеткен іңкәрім,

Иығына бүтін бешпет ілмей кеткен іңкәрім.

Жер астынан сәлем жолдап жатырсың сен күн сайын,

Қазағымның маңдайына сыймай кеткен сұңқарым.

  • Көзiм менiң!

Жатырсың жырақты ашып,

Қызыл гүлдi барады қыр ап қашып.

Жиырмасыншы ғасыр жүр Маңғыстауда

Мұнаралар басына шырақ тасып.

Қалайша мен, жаным-ау, тұра аламын,

Көңiлiмнiң сыңсытпай шынар әнiн.

Табанымның астында қара дария,

Тас төбемде тайгасы мұнараның.

Мен қара төспiн шойынды саздай илеген

Құлаштап соқсаң күйге енем.

Жаңғырта алмайды жапанды

Жаңғырығымды сүймеген.

Отыма менiң ұқсайды барлық ұрандар.

Қанатын малып ұшады соған қырандар.

Мен қара төспiн, соқсаң да — қанша шаршаман.

Қып-қызыл шоқ боп үскiрiктерге қарсы ағам.

Шеге боп енем үйлердiң

Қабырғасына қаусаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]