Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_ekzamen.docx
Скачиваний:
99
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
276.21 Кб
Скачать

1. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі. Тарих тағлымын терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлелденген.Өйткені,бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалған.Мемлекеттің өсіп өркендеуі,оның азаматтарының белсенді іс әрекетінсіз мүмкін емес.«Тарихсыз халық жоқ»деген бізге белгілі қағида бекер айтылмаса керек.Тарих тәжірибені зерделеу барысында тарихи сана,дәстүр мен мәдениет,ұрпақ сабақтастығы қалыптасады.Тарих адамзат өркениеті мен қазіргі заманғы ғаламдық мәселелердің диалектикасын түсінуге мүмкіндік береді. Тарих мынандай негізгі міндеттерді шешеді:гносеологиялық(Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді) аксеологиялық(Әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады,сондықтан ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады)прогностикалық(Тарих,ол болашақтыңнегізі қаланған өткен заман,тарих аяқталмайды.тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар,өйткені онда бұрын ашылмаған шындықтарайқындалады).Тарих қай халықтың бломасын қайталанбас ерекшелігін,нақтылығын дербес қарастыра отырып,олардың бүкіл адамзат қауымдастығының құрамдас бөлігі екенін көрсетеді,соған сәйкес әлемдік тарих жүйесіндегі орнын айқындайды.Жалпы алғанда тарих өзгермелі өмірден адамның өзіндік орнын табу жолының кілті.Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан нақты мысал бола алады.Өйткені,қазақстандық қоғам жүздеген ұлыстардың,сан алуан діндер мен өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар мәдениеттердің тоғысқан қоғамы.Халық тарихы оқиғалар зердесі арқылы өзінің дүниетанымын,менталитетін қалыптастырады әрі өзінің қоғамда және ғаламдық деңгейдегі қауымдастықта алатын орнын айқындайды. Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бастау алатын,тарихи кезеңдер мен ғасырларды қамтитын өзіндік логикалық темірқазығы бар.Ол мемлекет құрушы қазақ ұлтының этногенезі мен Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ортақ тарихы.Қазақстан тарихын оқытудағы негізгі мақсат Отанымыздың тарихы,ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың,соның ішінде,әрқайсымыздыңата бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру,ал біздің өміріміздің мәні оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру. Адамзаттың қалыптасуы мен дамуының ежелгі кезеңдері туралы тарихи білім ертедегі адамдар қалдырған мәдени ескерткіштерді зерттеу негізінде қалыптасады.Мәдени ескерткіштерді адамдардың еңбек құралдары,тұрақтары,тасқа жазылған бейнелер,жерлеу әдістері құрайды.Ежелгі Қазақстан аумағындағы ежелгі тұрғындар туралы жазба деректер кейін пайда болды.Оларға парсы,грек,латын,араб,түрік және қытай тілдеріндегі деректер кіреді.Бұл жазба деректерінде осы жерде мекен еткен тайпалардың тұрмысы,шаруашылық өмірі,саяси оқиғалары,көршілермен қарым қатынасы,ұлттық қалыптасу үрдісі жайлы мәліметтер беріледі.Тарих білімінің негізін деректер құрайды.Тарихи деректер ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар,айғақтық деректер.

2.Тас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері.Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтартарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзатқоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.

  1. Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.

  1. Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.

  1. Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.

Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.Ю-мыңжылдық. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.Ерекшелігі: Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеде. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.Қазақстан жерінен та­былған эне­олит ес­керткіштері Иманбұрлық, Сек­сеуілді -1, -2 және Пав­ло­дарға жақын жер­де, Ертіс өзенінің жағасы­на ор­на­ласқан Же­лезин­ка по­сел­кесінің маңынан та­былған оба­ны жатқызуға бол­ды. Төменгі па­ле­олиттік ес­керткіштер Қазақстан­ның Жам­был об­лы­сын­дағы Қара­та­удан 50-жыл­да­ры та­был­ды (мұны тапқан Х. Ал­пысба­ев). Бөріқазған, Тәңірқазған және Тоқалы 1,2,3, со­нымен бірге Шу өзенінің оң жағала­уын­дағы Қазанғап қоныс­та­ры белгілі. Бұл жер­лерден көбіне­се тас­тан жа­салған шапқыш­тар табылған. Ор­таңғы па­ле­олиттің ес­керткіштері Қазақстан­ның бар­лық ай­мағынан та­былған Оңтүстік және Шығыс Қазақстан­нан, Маңғыс­тау түбегінен мустье дәуірінің қоныс­та­ры та­былған. Бұларға Са­рысу өзені бойын­дағы Мұзбел, Ертіс өзені, Қанай ауылы­ның маңын­дағы қоныс­тар жа­тады. Қаз­ба жұмы­сы кезінде би­зон­ның, ақбөкеннің, арқар­дың, жа­байы жылқының, т. б. сүйек­тері, ал құрал­дардан қырғыш­тар, сүйір ұштықтар, пы­шақ тәріздес плас­ти­налар ұшы­рас­ты. Жоғарғы па­ле­олит ес­керткіштері Ор­та­лық және Шығыс Қазақстан­нан да та­былған. Бат­пақ – 8, Семізбұғы, Қара­бас – 3, Аг­ренсор – 2 осын­дай ес­керткіштер то­бына жа­тады. Не­олиттік ес­керткіштер­ден Есіл өңіріндегі – Ат­ба­сар мен Торғай үстіртіндегі Ма­хан­жар мәде­ни­етін, Ақмо­ла об­лы­сын­дағы – Ат­ба­сар мәде­ни­етін, Төлес мәде­ни­ет­терін, Оңтүстік Қазақстан­дағы – Қараүңгір, Аты­рау об­лы­сын­дағы – Шат­пакөл, Құлса­ры – 1–5, Шаңды­ауыл, Қызем­шек, Жы­ланқабақ, Қойқара, Са­рықамыс, Ша­ян­ды тұрақта­ры, Маңғыс­та­удағы Шебір – 7, Се­нек-1, -4, -5, -8, Үштаған-1, Се­мек-10, Ақтау қала­сы маңын­дағы Қосқұдық-1, т. б. тұрақтар­ды ай­туға бо­лады. Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1–3, Ма­ятас, Бөген, т. б.), Қара­та­удан (Соркөл, Ша­хан­та, т. б.), Қызыл­жар қала­сына жақын Есіл бойынан (Ми­чурин, Бо­голю­бов-2, Яв­ленко– 2), Ат­ба­сар маңынан (Тель­ман-7, -8а, — 9а, — 14а), Қараған­ды маңын­да Са­ры­арқадан (Әкімбек және Қараған­ды – 15), Көкше­тау маңын­дағы да­лалық Шағала­лы жағала­уынан (Ви­ног­ра­дов­ка – 2а, -12), Торғай ой­паңы ауда­нынан (Тұз, Дүзбай-6, т. б.), Қос­та­най қала­сы маңынан (Дач­ная және Ев­геньев­ка), Ба­тыс Қазақстан об­лы­сынан (Са­ры­ай­дын, Шәуші, т. б.), Екібастұз төңірегінен (Тал­дыөзек 21, Шідерті, т. б.), Маңғыс­та­удан (Шақпақата – 2, Қызыл­су – 1, т. б.) та­был­ды.

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды. Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады. Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді». Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштері, кезеңдері және негізгі ерекшеліктері. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған. Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар. Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған. Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған. Ыдыстыжасауәдістері: а)таспалықәдісі; ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі. Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған. Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған. Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген. Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық). Кен өндіру әдістері: а) опыру әдістері; ә) отпен үгіту әдісі; б) ұңгіп қазу әдісі. Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған. Қоғамдық қатынастар. Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік жіне әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды. Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері; еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді. Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер. Дін және өнер. Қола дәуірінлегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген: 1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. 2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған 3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған. Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған. Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы. Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған. Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.

4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы. САҚ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі.Ерте кезеңге (б.з.б. 8 — 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге жануарлардың қозғалыссыз немесе басын бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады. Екінші кезеңде (б.з.б. 6 — 4 ғ-лар) хайуанаттық нақыш стилистик. қайта қалыптасуды бастан кешіреді. Статик., яғни қозғалыссыз, көбіне жалғыз тұрған бейнелердің орнына динамикаға толы бейнелер, олардың күрделі топтамалары келеді. Жануарлардың өзара айқасы немесе жырқыштардың шабуылы, әсіресе денесі бұралып берілген бейнелер осы кезеңге тән. Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 — 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Оның орнына атақтығұн дәуірінің ескерткіштері келген.Тарих, археология ғылымдарында сақтардың хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты екі түрлі пікір бар.С.Руденко, М.Артомонов сияқты ғалымдар бұл өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б.з.б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе,К.Ақышев, С.Киселев, С.Черников, т.б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б.з.б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады (дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон, ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик. композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан өсімдік оюлар расында да пайда болады). Олар хайуанаттық нақыштың шығу тегі жергілікті ортамен, далалық тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты деп санайды.Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.

5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы. Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды. «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.7 ғасыры кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасыры дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыры басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Монғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалары болып отыр.

6.Хұн,Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері

Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ). Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды. Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді. Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады. Үйсіндердің саяси құрылымы. Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді. Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты. Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды. Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған. Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған. Шаруашылығы. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Тұтыну бұйымдардың ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті қыш ыдыстар көп кездеседі. Олар формасы жағынан алуан түрлі. Тамақ ішуге керекті түрлі аяқ – табақ, тостағандар болса, азық-түлік сақтайтын, су таситын, айран, сүт сақтайтын түрлері болған. Үйсіндер қорғасын, мыс, алтын кендерін білді. Археологиялық қазбалар нәтежесінде табылған әйелдің тәжі тәріздес әшекейлі баскиімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымнан мәлімет беретін құнды ескрткіш. Ол 2300 биіктіктегі тау шатқалынан табылған.

Қаңлылар. Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар. Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады. Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған. Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан. Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған. Шаруашылығы.Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан. Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты. Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды. Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды. Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған. Қаңлылардың діні. Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады. Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]