Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_ekzamen.docx
Скачиваний:
99
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
276.21 Кб
Скачать

37.Xyii-xyiii ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. «Ақтабан шұбырынды».Аңырақай шайқасы.

1728 жылдан бастап жоңғар

басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай

шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі

жеңісі.Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар

қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.Үш жүз жасақтары шешуші шайқас

алдында Хантауында, Сұңқар тау ында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге

дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн)

қазақтар ірі жеңіске жеткен.Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік

білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті

Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты

Наурызбай да қатысқан.Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған

қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың

соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы

болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай

шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы,

Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.

28.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі. Қазақ халқының өалыптасу үрдісі көне заманнан б.з.б ІІ\І

мыңжылдықтан басталады.Қазақ халқының қалыптасу сатысының алғашқы кезеңінде тіршілік еткен сақ, сармат,үйсін, қаңлы тайпаларының маңызы ерекше.Антрополг

Смағұловтың пікірі бойынша « сақ ,сармат,үйсін тайпаларының келбеттері андроновтарға ұқсас»Қ\ға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласу

нйтижесінде моңғолойдтық белгілер біліне бастады. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі түріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты.Ежелгі

сақ,сармат,үйсін,қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно\демографиялық жағдайды өзгертті.ХІІІғ басында Шыңғыс хан қысымына шыдыай алмай көшіп келген

наймандар мен керейлер де бүкіл үрдіске өз үлестерін қосты.ХІІІғ басында моңғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу барысын бұзды.Антропологиялық үрдістер

жаңа өзгерістерге ұшырады.Моңғол тайпалары түркіленді,түрік тілінде сөйлей бастады.Қазақ жерінде түркіленген жаңа этникалық топтар пайда болды(маңғыт,барлас).

Моңғол шапқыншылығы қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150-200ж кешеуілдетті.Этносаяси қауымдастық-белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың

тұрғындары.Ақ Орда,Моғолстан,Әбілхайыр хандығы,Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюықазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.Өазақ халқының этникалық

қалыптасуында басты рөл атқарушы –Ақ Орда тайпалары.Қазақ халқының құрылуын жеделдеткен жағдайдын бірі-оның құрамына қыпшақ,үйсін тайпалар одағының

енуі.Бұл этникалық топтар құрамында қыпшақ,қаңлы,арғын,қоңырат,дулат,маңғыт,жалайырлар болды. Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы

қосылып,қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті. «Қазақ» этнонимінің шығуы: таихшы Бартольд :«өз мемлекетінен, тайпа, руынан

бөлініп жеке өмір сүруші адам».М.Ақынжанов:«қас-сақ,нағыз сақ деген атаудан шыққан».ХІІ\ХҮғ түркі тілінде жазылған деректерде:«еркіндік аңсаушы,батыл»мағнасын

білдіреді.Түркологтардың пікірінше «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақ. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245ж мамлюктік Египет

мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб\қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.(еркін,кезбе) Көне түрлі тіліндегі дерек:«қазақ оғлұм» сөзінен шыққан. Ежелгі

Сбір тайпалары (берік,алып) деген мағнаны берген.Б.Көмеков: ХІІІғ хорасан түрікмендері арасында «қазақ» сөзі этникалық сипатта қолданылған.«Қазақ» сөзі көне түрік

дәуіріндде пайда болып,ХІІІғ дейін «еркін адам» мағнасында қолданылған.ХІҮғ «қазақ» сөзі этникалық мағнаға ие бола бастады.ХҮғ ІІжартысында этникалық сипатқа ие

болды.

38-39 .XV-XVIII ғғ Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы,шаруашылығы мен тұрмысы.XV-XVIII ғғ дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта

байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады.

Ханның қолына әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан елдегі барлық әскерлердің бас қолбасшысы болып есептелді. Сұлтандар – ханнан кейінгі жоғарғы

мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек

Шыңғыс ханнан тараған ұрпақтарға ғана берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар

жергілікті әкімшілік билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де тізгінін ұстады. Хан сарайында, ұлыстардың мекемелерінде, ауылда,

жиындарда билік айтып, ел арасында дау-дамайды шешетін, сөзге шешен , іске шебер, сауатты адамдар – билер болып табылады. Қазақ халқы қай кезде де ортақ тілді,

от ауызды, қара қылды қақ жарған әділ билерін, шешендері мен ақындарын ел билеген хандарынан бетер қадір тұтқан. Хан билігі бүкіл елге қатысты жоғары саяси билік

болса, ру, тайпа көлеміндегі нақты билік сол рулардан шыққан беделді ру ақсақалдарының қолында болды. Олар ру ішіндегі, рулар арасындағы жер дауы, жесір дауы

мәселелерін шешіп отырды. Ру ақсақалдары елдің дәстүрін, салтын бұлжытпай орындауды қадағалаушылар болды. Ру ақсақалдарының ішінен ел ішіндегі билер сайланды.

Ру ақсақалдарының өзінің кеңесі болды. Кеңеске ел ішінде өмірлік тәжірибесімен, ақылымен, білім-біліктілігімен ерекше беделге ие болған әр кіші рудың ақсақалдары

кірді.Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі. Көшпелі қазақ

қауымында абыздардың, жыраулардың, бақсы-балгерлердің де өз орны болды. Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеясын жасаушылар болды.

Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілері, тіпті ханның өзі де құлақ асып санасты. Дәстүрлі қоғамда ел ішіндегі ем-доммен бақсы-балгерлер, шөппен

емдейтін емшілер, сынықшылар айналысты. Қазақ қоғамындағы ең ауыр жағдай құлдар мен күңдер басында болды. Олар өз қожайындарына экономикалық жағынан да ,

бас бостандығы жағынан да толық тәуелді еді. Әдетте, құл мен күң байлардың шаруашылығында жұмыс істеді. Шаруашылығы XVI-XVII ғасырларда қазақтарда

шаруашылықтың үш саласы анық байқалады:Көшпелі.Жартылай көшпелі.Отырықшы.Малдың негізгі түлігі қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып, негізінен отырықшы

аймақтарда өсірілді. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді:Көктеу көктемгі көш, малдың төлдеу

мерзіміне сәйкес келеді.Жайлау жазғы көш, мамыр айының басында басталады.Күзеу кұзгі көш, суық басталысымен көшеді.Қыстау қысқы көш, қарашаның ақырғы

күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді.Егіншілік Сырдрияның орта саласы мен Жетісуда, Ертіс бойы мен Зайсан көлі маңында дамыды. Отырар, Түркістан, Сауран

алқаптарындағы егістік жерлерді құбырлар арқылы суарып отырған.Малынан айрылып, көшуге мүмкіншілігі болмаған кедейлер егіншілікпен айналысқан,. Оларды

жатақтар деп атаған. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен айналысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал шаруашылғы шикізаттарын өңдеумен айналысты.

40 . XV-XVIII ғғ. Қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері.Қазақ халқының тіршілік тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын

алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ертұрман, ат әбзелдері, малды

ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен

дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз

отбасын ғана қанағаттанды руға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.Бұл кезде оңтүстік Қазақстан

қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп қонушы және отырықшы халық

топтарының экономикалық, мәдени әлеуметтік қарым қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVI¬II ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар,

Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар,

Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын

көрсетеді.Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері,

Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқын

шылығымен ерекшеленді.Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың

қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы

астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы»,

«құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті.

XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды.

Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе

көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл

атқарды.XVI-XVI¬II ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында

жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз

(XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар.Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған.

Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары

да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы

мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер»

деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVI¬II ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана

айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел

басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыстартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып

салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVI¬IIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің

маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы

(1682–1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.Бұл кезде қазақ

тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен

Захир-аддин Бабырдың «Бабырнамасын», Камаладдин Бинайдың «Шайбанинамесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарихи

Қыпшағын», Қадырғали «Жамиаттаварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта

және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен

медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліпбиін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі

салалары "дін ілімі,математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды Мұның бәрі қазақ

халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.Сонымен, XVI-XVI¬II ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және

мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.

41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.Геосаяси тұрғыдан алғанда, Еуразиядағы екі ірі мемлекет Қытай мен Ресей арасында орналаса

отырып, табиғи үдерістерге тұтасымен байланысты көшпелі Қазақстан отырықшы көршілерінің экономикалық және саяси тұрғыда тұрақты ниет нысаны болды.XVII-XVIII

ғасырларда қытайлық богдыхандармен жіберілген жоңғарлық көшпелі тайпалар қазақ хандығына қарсы кеңауқымды соғыс ашады. Бүкіл далада қантөгіс соғыс болып,

елдегі түрлі аймақтардағы экономикалық және әскери-саяси байланыстардың әлсіздігінен және рутайпалық бытыраудан әлсіреген қазақ елі 1723 жылы жеңіліс табады.

Бұл қазіргі кезде тарихта «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы ретінде белгілі.Қарсылық көрсете білген қазақ батырларының ержүректігі, Абылай ханның батылдығының

арқасында, Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің дипломатиялық қабілеттері мен халықтың еліне деген адалдығы арқасында Қазақстан толық басып алудан және

тұрғындарды қырып салудан аман қалды. Өз тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне кепілдік іздеп қазақ хандары сол уақытты Сібірден шығысқа қарай өз шекарасын белсенді

ұлғайтып келген Ресей империясынан қорғаныс іздеді. Алайда, әскери көмекпен бірге бекініс-қалалары салынып, ішкі Ресейден халықтың жапай көшуі басталды,

шаруашылық қажеттіліктер үшін жайылымдық жерлерді берілді, ресейлік әкімшілік-аймақтық бөліну үлгісі бойынша аймақтық бөліну басталып кетіп, ақыр соңында

Қазақстанның жеке тәуелсіздігінен айырылуына әкеліп соқты.Халық жасағын басқарған Кенесары хан тарапынан, Сырым датұлының көтерілісі, Ұлы Жүз көтерілісі және

басқа да отарлауға батыл қарсыласуларға қарамастан 1871 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі күшін жойды. 1850-1860 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанды

Ресейдің басып алуы Қазақстанды отарлаудың соңғы кезеңі ретінде сол дәуірде оңтүстік Қазақстан аумағын алып жатқан Қоқан, Бұқар және Хива хандықтарына қарсы

ресейлік әскери жорығынан кейін орын алды.Қазақстанның бұдан кейінгі тағдырының жалпы бейнесі қоғамдық прогресстің еуропалық үлгісімен, соның ішінде Ресейдің

мемлекеттігі мен оның халқының тағдырымен байланысты болды.XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың көпшілігі отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналыса

бастайды, бұл Ресейдің ішкі облыстарынан қоныс аударып келген орыс шаруаларына қазақтардың кең құнарлы жерлерін тартып алып беруімен түсіндіріледі.

Қазақстанның экономикасы Ресейдің шаруашылық қызметі аясына біртіндеп кіре берді. Оның аумағында өндірістің, көліктің, сауданың көптеген салалары қарқынды дами

бастайды. Ұлттық жұмыс тобын, зияткерлерді қалыптастыру жүргізілді.Жаппай әлеуметтік-экономикалық сараптаулармен бірге Қазақстанда этномәдени синтездеу

әрекеттері және орыстың рухтандырушылығының үздік үлгілері түрінде еуропалық өркениет жетістігінің жергілікті жағдайына үйрену және өз халқы үшін қолайлы мәдени

перспективадағы қазақтың шығармашыл зияткерлерін іздеу әрекеттері жүзеге асырылады. Осы іздеулерді өз қызметімен іске асырған керемет оқымысты Шоқан Уәлиханов

(1835-1865) – ол батыс оқымыстылары арасында бірінші болып өз кезегінде сыртқы әлемге беймәлім Қашқариға барған және ұлы ауызша шығармашылығындағы шығарма

– «Манас» эпосын жазған тамаша оқымысты-шығыс зерттеушісі. Қазақ мәдениетінің тарихында ұлы ойшыл-ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) ролі ерекше. Қазақтың

әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтың жазба әдебиетінің классигі, ол тек дарынды ақын ғана емес, шығыс, орыс және еуропа әдебиеттері шығармаларының

шебер аудармашысы.

42.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.АБЫЛАЙ (Әбілмансұр, Сабалақ)(1711-1781 жж.), ұлы мемлекет қайраткері, дипломат, саясаткер,

үш жүздің басын қосушы ұлы хан. Ханның аты атасының атымен ұқсас. Әкесі Уәли мен атасы Абылай мұсылманның қасиетті орталықтарының бірі Түркістанды билеген.

Абылай тарих сахнасына 18 ғасырдың 30-жылдарында көтерілді. Оның жасынан халқының азаттығы үшін ойраттарға қарсы күреске белсене қатысуы жергілікті тұрғындар

арасында беделін көтерді. Көреген саяси қайраткер ретінде қалмақтармен қатерлі соғыстардан шаршаған қазақтардың шиеленіскен ахуалын біршама бәсендету үшін

дипломатиялық жолдарды пайдаланып, қазақ-ойрат тартысының қарқынын басуға тырысты. Әбілкайырдың сыртқы саясаттағы, әсіресе Ресей тұрғысындағы шараларын

толық құптамаса да, онын басты бағытының саяси астарын түсіне білді. 1740 ж. тамызда Орта жүздің ханы Әбілмәмбетпен, тағы да баска 120 старшынның қатысуымен

Орынборға келіп, орыс үкіметінің қамқорына кіруге келісімін білдірді. Қазақ елшің тұтастығын сақтау мақсатында Цин империясымен де қарым-қатынастарын суытпады.

Қарапайым сұлтан болса да Пекинге елшілік аттандырып, қазақтардың, хал-ахуалын Ресейден тәуелсіз жағдайда шешуге ат салысты. Кытай мемлекетімен қарым-

қатынастарды бір жүйеге келтіру арқылы Ресей тарапынан саяси қауіпті бәсеңдетті. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде ерекше күшеюі 1738-1741 ж.

қалмақтардың жойқын шапқыншылығына қарсы күресте көзге түсті. Бір қақтығыста жекпе-жекте қалмақ қонтайшысы Қалдан-Сереннің (Цэреннің) баласы батыр Шарышты

өлтірген 19 жасар Абылайдың ерлігі халық арасына тарап кетті. Қалдан-Серен (Цэрен) Абылайды өлтіру үшін қазақ даласына арнайы қарулы жасауыл аттандырды. Өзінің

серіктерімен кездейсоқта қалмақтардың торына түскен Абылай ойраттардың қапасынан тек 1743 жылдың жазында құтылды. Оны бұгаудан босатуда басты орын алған

Ресейдің өкілі майор К. Миллердің миссиясы нәтижелі аяқталды. Екінші жағынан, одан өрі атақты сұлтанды қапаста ұстау қазақтардың қарсылығын тудыруы мүмкін еді.

Әбілмәмбет ханның Түркістан өлкесіне көшіп кетуі Абылайдың мемлекет қайраткері ретіндегі беделін арттыра тұсті. Шын мәнінде әлі ақ киізге көтерілмесе де, сұлтан

мемлекетаралық қарым-катынастарда, қазақ жұртының өз ішінде хан ретінде танылды. 18 ғасырдын 40- жылдарында Абылайдың көш-конысы Есіл өзені бойында,

Көкшетау өңірінде, Ертістің жоғарғы ағысында орналасты. Орта жүздің руларын бес саусағындай білген, шегедей кадағалап билеген Абылай тез арада Орталык Азиядағы

ең беделді қайраткер ретінде белгілі болды. 1745 ж. Қалдан-Серен (Цэрен) дүние салғаннан кейін жонғария елі әлсіреп, ішкі әр түрлі топтардын әуресінен өзінің бұрынғы

саяси куатынан айрылып қалды. Жоңғария әлсіреген сайын Абылайда Ресейден ығысып, Пекин сарайына жақындады. Кереген мемлекеттік қайраткер Ресейден төніп келе

жатқан кауіпті дер кезінде түсінді. Сұлтанның ендігі саясаты жонғар-қытай тартысынан қазақ елін алыстау ұстап, елдің дербестігін толық қалпына келтіріп, Шығыс

Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған жерлерді кайтадан қайтару еді. Осы мақсат үшін қытай әскерімен соғыскан Абылай дипломатиялык

айла-амалдарды ұтымды пайдаланып, өз максатына жетті.1771 ж. жасы келген Әбілмәмбет дүние салды. Қалыптасқан дәстүрге сай Орта жүздін ханы болып не

Әбілмәмбетгін інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілфайз сайлануға тиіс еді. Алайда басшы сұлтандардың, старшындардын, тіпті Әбілфайздың өзінін қолдауымен үш жүздің

өкілдері Абылайды тендесі жоқ қайраткер ретінде хан көтерді. Тарихи кұжаттарда аныкталгандай, Абылай бір жүздің емес, үш жүздің билеушісі ретінде танылды.

Абылайдың беделінің өсіп бара жатқандығынан біршама сескенген Ресей императрицасы II Екатерина «Бөліп ал да,билей бер» деген саясат ұстап, Абылайды үш жүздің

дара ханы ретінде танудан бас тартып, тек Орта жүздің ханы ретінде сый көрсетті. 1778 ж. акпан-мамыр айларында өзін үш жүздің ханы ретінде танытатын грамотаны алу

үшін ұлы Тоғым бастаган елшілікті Петербургке аттандырды. II Екатерина тағы да ресми түрде Абылайды қазақ жұртының бас ханы ретінде бекітпеді. Хаңдықтың белгілері

— алмас қылышты, кұндыз берікті, алтын зерлі шапанды, императрица берген басқа да сыйлықтарды Абылай қабылдаудан бас тартты. Ол сыйлықтар кейіннен Петропавл

бекінісінде сақталынды.1778 ж. қыста II Екатеринаның талабымен Көкшетаудағы ханның аулына жіберілген капитан Бреховтың миссиясы сәтті аяқталды. Абылай Ресейдің

сый-құрметінің астарын түсінді. Капитан Брехов Абылайды үш жүздін ханы, халық басын иген мемлекет қайраткері болғанын растады. Ырыктарына көнбей, өзінің хандық

билігін күшейте бастағанынан қауіптенген Ресей мемлекеті оны биліктен тайдырудың жоспарын ойластырды. Сібір шекаралык шебінің командирі генерал-майор Огарев

күш жұмсап, Көкшетау өңіріне әскер төгіп, хандыкты Абылайдан тартып алудың жоспарын ұсынды. Халықтың кең қолдауынын нәтижесінде ол залымдык пікір жүзеге

аспады. Абылайдың хандық мемлекеті барлық билеудің, басқарудын жүйесі қалыптаскан біріккен феодалдық ел болды. Қырғыздарды, қоқандыктарды, еділ қалмақтарын,

ойраттарды сан рет талқандауы оның ірі қолбасшылық, саясаткер қасиетін де айқындады. Ол бірнеше тілді білді, кытай тілінде жазды, еркін сөйледі. Абылай 69-дан аса

бергенде,1781 жылдың 23 мамырында дүние салды. Түркістанда жерленді. Абылай қазақ тарихындағы ең ұлы қайраткерлердің бірі. Оның ел үшін, жер үшін жан аямаған

күресі, жан тазалығы, батырлығы, дипломаттық өнері, көрегендігі қазақ елін сан рет әр түрлі қасірет, опаттан сақтап қалды. Абылай атымен көшелер, даңғылдар аталған,

ескерткіштер орнатылган. Абылай ұлы тұлға, Абылай халықтын аңызына айналған қасиетті перзенті.

43.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері,барысы, ерекшеліктері. Көтерілістің алғышарттары:-Кіші жүзде хандық биліктің

әлсіреуі.-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы.-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және Орта жүздің кейбір

өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы.-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.1782-1783 жылдарда жұт әсерінен

малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.•1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы

өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне

тыйым салынды.-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды.Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша

үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі.Көтерілісшілердің басты мақсаты:•Ғасырлар бойы

қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.•Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.•Нұралы хан мен оның сыбайластарының

озбырлығына шек қою.Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ

жасағын басқарған. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның

артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.•1778 жыл- орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.•1783

жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.•1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға

алды.Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан 1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды.•1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен

күресі басталды.Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты.•1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға

жетті.Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты.•1785 жылғы 17 ақпан көтерілісті басу үшін

генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді.(300 казак, 2000 башқұрт)Кіші жүздің далалық аймақтарына тереңдей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын

шабуылдап, 66 қазақты тұтқынға әкетті.•1785 жылғы 15 наурыз көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков және Пономарев аттанды. Бұл кезде Жем

өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым сарбаздары шөлейтті, тақыр жерлерге шегінді. Жем бойына барудан жүрексінген Колпаковтың

тобы Беріш және Адай руларын ойрандап, кері қайтты. Жазалаушылар мақсаттарына жете алмады. Премьер-майор Назаровтың басқаруымен Орал казактары 1785

жылдың наурызында Табын руына шабуылдады.Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал

қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті.Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы

феодалдық топтар арасында жік туғызды.Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі.•1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі

Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына

жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:-Байұлы.-Жетіру-Әлімұлы.Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі

отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.•1790 ж- Уфаға жер

аударылып, сонда қайтыс болды.Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске

асыруды ойластырған жоба ұсынды. Иг-м жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша

бекітті.Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың

баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.•1786 жыл- Орынборда шекаралық комиссия құрылды.•1787 жыл- Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі

сатылары ұйымдастырылды.Бұл тұста Сырым па та үкіметін қолдамады. Осы кезеңде Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық басталып, И-м реформасы уақытша

тоқтатылды.Көтерілістің уақытша өрлеіне түрткі болған оқиға- Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.Атаман Д. Донсков 1500 казактарымен қазақ ауылдарын

ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кетті. 1790 ж тамызда Төртқара руының өкілдері шетелдер коллегиясының мүшесі, граф А.А.Безбородкаға атаман

Донсков үстінен шағым түсірді. Императрица II Екатерина 1790 ж 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. Алайда ген-

губернатор А.А.Пеутлинг бұл нұсқауды өзінше түсініп, Кіші жүз даласына жазалаушылардың бірінен кейін бірін аттандырып, көтерілістің өршуін тездетті. Бейбіт ауылдарды

сақтау үшін 1791 ж наурызда Сырым Табын және Кердері руларына Мұғалжар тауларына қарай көшуді ұсынды.•Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:-Патша

үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.-Қазақ руларының басын біріктіріп,

патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру.Батыр екінші жолды таңдады.Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау

әсер етті(1791- 1794).•1792ж-Сырым ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және

батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске

Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791 ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы

орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.•1794-Ералы хан қайтыс

болды.•1795ж-Есім хан болып сайланды.(1795-1797).1796-97 ж-рдағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.•1797 жылғы

17наурыз- Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен

пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды.•1797 жылғы күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды

бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты, Алаш, Беріш, Адай т.б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.Сырым тобы Ойыл өзені

бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады.Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:-сұлтан, старшындардың бір

бөлігі-Қаратайды(Нұралының ұлы) қалады. -Сырым тобы-хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті.Барон И-м хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды

ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі 4 адамнан тұрды және құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды

өзіне жақындатуға тырысты.•1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды.Сырым

хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші

жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді.•1797ж- Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Хиуа хандығына өтіп

кетті.•1802ж-Хиуада қайтыс болды.Жеңілу себептері:•Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық.•Руаралық қайшылықтар.•Көтерілісшілердің

нашар ұйымдасуы.•Қару-жарақтардың аздығы.•Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.Тарихи маңызы: •Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы

қозғалыс.•Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.•Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайы

44. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері,барысы,ерекшеліктері. Еділ өзенінің Каспийге құятын аймағын

1635 жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны қазақтар қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі

қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босапан жерге 1801

жылдан бастап патша ұрықсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазақ қоныс аударды. Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды.

1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды. Бұған Исатайдың хан ордасына шақыртылуы себеп болды. Ол одан бас тартты. 1836 ж. 4

сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа бастапан жасағы келді. Көтерілісшілер қосынына Исатай бастапан 200-ге жуық жІгіттер келді. Нәтижесі екі

жақтың тарап кетуімен аяқталды. Исатайдың даңқы арта түсті. Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан

айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға

аттанады. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп

кетті. Исатай да шегінді. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша тікті. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838 ж.

қаңтарында Исатай жасағымен Үлкен Борсық құмындағы шекті руының қонысына келді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке

бастаған әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс

жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында

қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. Өлтірді.

45.1822-1824 ж.ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар. ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне

байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта

Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы

1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар

əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты

шараларды қолданды. 1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губернаторы

М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери губернаторы П.Эссен болған

«Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы

«Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық

билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады.

1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834

ж.), Көкпекті (1838 ж.). Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір

қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға

сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды.

Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір

округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды. Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын күйретті де –

рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті.

Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына,омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын

болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір əкімшілік

басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен уездері Том губерниясына берілді. 1822 ж. Жарғы

бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді: қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта,

билікке бағынбау); арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер); облыстық басшыға берілетін арыздар

бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.). 1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы»

Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке

бөлініп,Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. 1824 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже»

қабылданды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі

ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды. Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті,

яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы

басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының

территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жəне одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50

жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ

даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.

46.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы. Ресей империясының

қазақ даласындағы хандық билікті жою, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жлғастыруы, қазақ

қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиелінісуі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көт-ң шығуына себеп болды. Көт-ң мақсаты қазақ елінің патшалы Ресейдің

құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың

тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көт-с бүкіл үш жүзді қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көт-ң басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Сонымен қатар

ірі ақсүйектер де (80-нен астам сұлтан). Көт-ке әртүрлі ұлттардың өкілдері орыс, өзбек, қырғыз т.б. қатысып, көтерілісшілер саны 20-мыңға жетті. Көт-ке

Кенесары қолын басқарған атақты батырлар Иман, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, інісі Наурызабай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. 1837 ж қараша –

Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобын тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. 1838ж 26

мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді. 1841ж Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың

таралуынан жорық тоқтатылады. Ендігі кезекте патша үкіметі көт-ке қарсы шаралар ұйымдасытыра бастады: 1842ж Орынбор ген-губ Обручев, Сібірден

Сотников әскері жіберілді. 1843ж І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді, сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы,

полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасты.

1843 ж 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844ж шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының

тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Осы жеңістің нәтижесінде Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. Кенесарының

сонда қойған талабы, әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл, Нұра және Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845ж сәуірде Кенесары

ауылына орыс елшілері Долгов және Герн келеді. Бірақ екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 ж қазан,

қарашада көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қоған бекіністерін алады. Абылайдың баласы сұлтан сүйік Ресей билігін мойындаса, Үйсін, Жалайыр, Дулат

руларының көпшілігі көтелісішілерді жақтады. 1847 ж сәуір Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кіреді. әскерледің қырғыз ауылдарын тонауы

көтерілісшілердің Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызады. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының

жеңілісіне әсер етеді. Сол жылы Кенесары Бишкек маңындағы Майтөбе шайқасында 32 сұлтанмен қаза табады. Тарихи маңызы; үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі

көтеріліс, ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі, Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті, қазақ халқының

ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байданыстылығын көрсетті

47 . XIX ғғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері. Жанқожа 17 жасында Кіші

жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алғанҚылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып,

ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Қоқан

хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл

қамалға шабуыл жасауына себепкер болды.Созақта тұратын, Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап,

Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке

келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды.

Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан

хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның

батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның

озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен [[Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді.1836

жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас

сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі

шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы

қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа

бегі Уайыс-Нияздың әскеріАтанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.Осы жылдың тамыз

айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да

тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен

қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы

Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде

тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып

есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық

мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады.1856 жылы желтоқсанның соңғы

күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде

Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты

алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған

бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін

қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей,

көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған

жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар

жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс

тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз

кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді.

49 . Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.1865 жылыүкіметҚазақдаласынбасқарутуралы

«Ереженің» жобасындаярлауүшінДалалықкомиссияқұрды.Оның құрамына Ішкі істер министрліктің және жергілікті генерал-губернаторлықтардың өкілдері

кірді. Ресей Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесін түбірімен қайта құру міндетін алға қойды. Реформаны даярлау кезінде қалың бұқараның көңіл күйі на-

зарға алынбады. Ш. Уалиханов Қазақстанда халықтың өзін-өзі басқаруына негізделген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсынды. «Сот реформасы жөніндегі

жазбаларында» ол қазақ халқы үшін әлеуметтік-экономикалық жаңашылдықтарды аса маңызды деп есептеді.

1867 жылы наурызда Қазақ жерін, Орта Азия өлкесін әкімшілікбасқару реформасының жобасын түпкілікті құрастыру үшін әскери министр Д. А. Милютин бас-

таған ерекше комитет құрылды. Нәтижесінде II Александр патша 1867 жылы 11 шілдеде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ере-

жені», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.1867–

1868 жылдары реформаның негізгі мақсаты «Қазақ даласының XIX ғасырдағы Ресейдің басқа да бөліктерімен толық қосылуына қол жеткізу, Ресейдің қол ас-

тындағы халықтарды бір басқарманың астына біріктіру, жергілікті ақсүйектерді биліктен шеттету, рулық бастамаларды әлсірету» болды.Реформаның

негізіндеҚазақстан аумағы үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір, әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Қазақстан-

ның бүкіл аумағында 6 облыс құрылды, олардың екеуі – Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір, ал Орынбор

мен Торғай облыстары Орынбор генерал– губернаторлықтарының құрамына кірді. Әрбір облыс белгілі бір шамадағы уездерден тұрды.Әкімшілік басқарма

әскери сипатта болды. Облыстардың басында барлық әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарында шоғырландырған әскери губернаторлар

тұрды.1868 жылғы «Далалық облыстарды басқару» бойынша және 1867 жылғы Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша Ереже»

бойынша болыстық басқарманың қолына полициялық және нұсқау таратушылық биліктер берілді. Ол «тыныштық пен тәртіпті» сақтауды, салық төлеуді және

халықтың барлық міндеткерліктерін өтеуін бақылады. Оның міндетіне билер сотының шешімін орындату кірді. Ауыл старшындары өзінің құзырында болыстық

басқармалардың міндеттерін орындады.«Уақытша Ереженің» 210-тармағына сәйкес Қазақ жері Ресей империясының меншігі болып жарияланды. Сұлтан-

дардың барлық әлеуметтік-саяси және мұрагерлік құқықтары жойылды, ел билігі орыс шенеуніктерінің қолына шоғырланды.Ескі экономикалық және идеоло-

гиялық жағынан тұтас, туыстыққа негізделе біріккен әкімшілік-рулық ұжымдардың орнына «Уақытша Ережені» енгізудің нәтижесінде жасанды бірліктер пайда

болды. Осының бәрі қоғамдық билік жүйесінің дәстүрлі базасына әсер етті. Сондықтан тоқырауға ұшырады, оның маңызы, беделі және қажеттілігі төмендеді.

Реформа нәтижесі.

1)Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.

2)Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.

3)Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).

4)Отарлық басқару күшейді.

5)Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.

6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

50. 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер.1886 жылдың 2-маусымындағы Түркістан өлкесін

басқару туралы ереже. III Александр патшаның Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы 2 маусымда қол қойған Жарлығы кең-байтақ өлкені басқару-

дың бүкіл құрылымына реформа жасауды бастап берді. Жаңа ережеге сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына үш облыс: Сырдария, Ферғана, Самарқанд

кіргізілді. Кейініректе, 1897 жылы, Жетісу облысы да жаңа генерал-губернаторлықтың құрамына берілді. Облыстардың билігі әскери губернаторларға берілді.

Халық саны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шаршы шақырым болатын, көршілес Жетісу облысы 6 уезден: Верный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Пржевальский

және Жаркент уездерінен тұрды.1886 жылғы Ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мемлекеттің меншігіне беру болды, ол қазақтардың экономикалық әл-

ауқатының негізгі нысаны – мал шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. Жерді мемлекеттік меншік деп жариялап, жергілікті халықты жерін беймерзім жалға

берушілер деп қараған үкімет, соңғыларына «мал жаюға, топырақ және тас, балшық жинауға» құқық бере отырып (253-бап), номадтардан құнарлы алап-

тардың алып қойылуын тездетті, ол XX ғасырдың басында столыпиндік аграрлық реформалардың жүргізілуімен аяқталды. 1886 жылғы Ереженің отаршылдық

бағыты салық жүйесінен де өз көрінісін тапты. Ол 1867 жылғы Уақытша ереженің баптарын қайталады; әр түрлі міндеткерліктердің көлемін көбейтті. Мысалы,

шаңырақ алымы 4 сомға дейін көбейтілді. Сот құрылымындағы өзгерістер Ережеде көрсетілген жаңалықтардың іске асырылуын заң тәртібімен қамтамасыз

етуге тиіс болды және ол рыноктық қатынастарға тартылған әлеуметтік жіктердің мүдделерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инстанциясы – бітістіруші судья,

облыстық сот және үкіметтік Сенат отаршылдық тәртіптер енді ғана орныға бастаған жағдайларда қоғамның тіршілігін құқықтық жағынан қамтамасыз етуді

реттеген бұрынғы заң ережелерін жоққа шығарды. 1891 жылдың 25 наурызындағы Далалық облыстарды басқару туралы ереже. Өңдеуші өнеркәсіптің

ұлғаюы, кен өндіретін өнеркәсіптің біршама тез дамуы, жаңа темір жол желілерінің салынуы, урбанизация үрдісі, жұмысшы табының қалыптасуы – осының

бәрі жинақтап алғанда әлеуметтік-экономикалық факторлардың бүкіл жүйесінің өзгеруіне әкеп соғып, Қазақстанды отарлық шет аймаққа айналдырды, барған

сайын нығайып келе жатқан рыноктық кәсіпкерлікті заң арқылы қамтамасыз етті.Ерекше Комитеттің пікірі бойынша, «бірінші алғашқы ереженің» барлық

өзгерістері «оның уақытша сипатын жоюға» және оны жүзеге асыру барысында «іс жүзінде кездестірілген» алауыздық атаулыны неғұрлым «дәл редакци-

ялау» арқылы жоюға, сондай-ақ «империяның басқа бөлімдеріне неғұрлым қолайлы келуі мүмкін негіздерде» басқару және сот жүйесін дамытуға, толықты-

руға тиіс болды. Ұсынылып отырған «Ереже» капитализмнің «кеңейе» дамуына байланысты өзгерістерді ескеру негізінде Қазақстандағы Ресей әскери-

әкімшілік өкіметін орнықтыру үрдісін аяқтауға тиіс болды. Сонымен, 1891 жылдың 25 наурызындағы патша жарлығын Қазақстанның әр түрлі тілде сөйлейтін

халқының өмірін қайта құруға нысаналы түрде жасалған әрекет деп қарау керек. Жаңа реформаны қабылдау уақыты империя халқының саяси белсенділігінің

жандануымен, азаттық қозғалысының өрістеуімен ерекшеленді. Облыстарды басқару жүйесі тәртіпке келтірілді: патшаның қалауы бойынша арнаулы «патша

жарлығымен» тағайындалатын және босатылатын, далалық генерал-губернаторына бағынатын Ақмола, Семей және Жетісу облыстарының Бас басқармалары

құрылды. 1891 жылғы ережеде далалық облыстардағы сот құрылысына елеулі толықтырулар мен нақтылаулар жасалды. Ең алдымен онда «Уақытша ере-

женің» көшпелілерді де, отырықшыларды да Ресейдің ішкі губернияларының селолық тұрғындарына теңестіру туралы бабы нығайтылды.Үкіметтің бұрынғы

сот жүйесін қатты өзгертуіне себеп болған негізгі міндет ислам шариғатын уағыздаушы билерді және құқықтық жүйені ығыстырып шығару, олар ондаған

ғасырлар бойы пайдаланып келген жеңілдіктерді жою болды. Жаңа ереже билер сотын жойып, халық соты деген жалпы атаумен құқықтық құрылыстың жаңа

құрылымын енгізді.Жалпы алғанда 1886–1891 жылдардағы Ереже XIX ғасырдың аяғындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жағдаяттарын

көрсете отырып, XIX ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ басталған жаңалықтардың жалғасы және аяқтаушы кезеңі болды.Тұтас алғанда 1886-1891

жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

51.1867-1870 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардыңкөтерілістері . Орал, Торғай облыста-

рындағы көтеріліс (1868–1869 жж.)«Уақытша ереженің» енгізілуі Орта жүзде қарсылыққа кездеспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қамтыды. Зерттеуші

Н. А. Середа Орал облысындағы ашу-ызаның себебі «халық пен реформаларда» емес, қазақтарды сұлтандар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі ха-

лықтың ашу-ызасын туғызған факторлардың бірі үкіметтің фискалдық саясатының қатайтылуы еді. Оның үстіне қатардағы көшпелілер мен ауқатты отбасылар

бірдей міндеткерлік атқарды. Мұның өзі патша өкіметінің қазақ қоғамының артықшылықтары, топтары жөніндегі қамқоршылық саясатының көрінісі болды; са-

лықтар мен басқа да міндеткерліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай облыстарында халықтық бой көрсетулердің басталуына түрткі болды.Патша «Уақытша

ережені» мақұлдағаннан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзеге асырыла бастаған салық саясатына қазақтардың наразылығы 1868 жылғы қарашаның аяғына

қарай қарулы қарсылыққа ұласты. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын тамаша білген көтерілісшілерге қарсы қимылдаған шағын казак шолғыншылары

олардың тегеурінін әлсірете алмады.Жазалаушылардың неғұрлым ұйымдасқан қимылдары 1869 жылдың көктемінен басталады. Наурыз айының басында

Орынбордан Жем ауданына екі жүздік казак отряды жіберілді. Бірақ далада келе жатқан кезінде отряд үкіметтің әлі де реформа енгізуге батылы бармай

отырған Қобда және Елек өзендерінің бойында қимыл жасап жүрген «қазақтар қарақшыларының» шабуылына ұшырады. Көтерілісшілердің бұл тобы біріне

Ханғали Арсланов сұлтан, екіншісіне Ықылас Досов басшылық еткен екі жасақтың біріккен күші болғаны анықталды.

Көтеріліс Орал облысының солтүстік-батыс аудандарын, атап айтқанда, бұрынғы халық көтерілістері бойынша да отаршылдыққа қарсы қозғалыстарға белсене

қатысқаны аңғарылған жауынгер табын, шекті руларының қоныстарын кең қамтыған. Бұл жолы да табындар реформадан кейінгі кезеңдегі отаршылдыққа

қарсы күреске елеулі үлес қосты.

Маңғыстаудағы көтеріліс (1870 ж.)

«Уақытша ереже» Маңғыстауда 1870 жылы енгізілді. Патша әкімшілігі Маңғыстаудың негізгі халқы – адай руы «Уақытша ережені» күрессіз қабылдамайды деп

қауіптенді және оны жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды күтті.

Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869–1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа та-

рифке сәйкес дереу енгізуді талап етті; көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшы жатақтары Рукиннің талабын орындаудан бас

тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатуға тырысқан Рукиннің ойланбай жасаған әрекеттері жер-жерде көтерілістің басталуына себеп болды.

Көтерілісшілердің жетекшісі Иса Тіленбаев қалың бұқараға басшылық етуде шеберлік және жазалаушылармен келіссөздерде дипломатиялық әдептілік таныт-

ты. Көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станицасына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда олар сәтсіздікке ұшырады. Патшалық

өкімет орындарын көшпелілердің батылдығы қорқытты, мұның өзі оларды қосымша әскери көмек сұрауға мәжбүр етті; Кавказдан тың күштердің келуі

күштердің арақатынасын өзгертті. Қозғалысты басуға басшылық жасау қолына шоғырландырылған граф Кутаисов «ең жабайы, дөрекі және жауынгер

қазақтарды» тыныштандырудың өз жоспарын ұсынды. Графтың жоспарында «елдің ішіне тереңдей еніп, онда жергілікті адайлар өздерінің көшуі үшін қажет

болған кезде айналып өте алмайтындай бекіністерді алдын ала басып алып», сол арқылы олардың шегінетін жолына кедергі жасау, «бағынуға мәжбүр ету»

көзделді. Орыс отрядтарының алуы үшін қолайлы бекіністер ретінде Кутаисов Маңғыстаудың Киндері шығанағынан және Үстірт қыратының солтүстік

бөлігінде, Орынбор даласымен «көршілес» жатқан Сағым алқабынан жүз шақырым жердегі Бесақты шатқалын таңдап алды. Графтың жоспары сәтсіздікке

ұшыраған жағдайда Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы Н. А. Крыжановский жергілікті тұрғындардың Үстіртке, «бейбіт ауылдарға өздерінің шегіне кірер

жолын жауып тастауды ұсынды». Қозғалыс жетекшілерінің Хиуа хандығына оның тарапынан сырттай қолдауды қамтамасыз етуге үміт артып делегация жібе-

руі жергілікті өкімет орындарын тағы да мазасыздандырды. Оның үстіне патша өкіметі оңтүстік аймақты басып алғаннан кейін Хиуаның Ресей сияқты құдіретті

әскери державамен жанжалға баруы екіталай болатын. 1870 жылдың желтоқсанында қозғалыстың жетекшілері Досан Тәжиев, Ержан, Ертімбет Құловтар, Иса

Тіленбаев және олардың көптеген серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығының шегіне өтті.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары өз қатар-

ларын берік біріктіруге қол жеткізе алмады, мұның өзі саны жөнінен болмашы жазалаушы отрядтардың халық қарсылығының негізгі ошақтарын тұншықтыру-

ына мүмкіндік берді; қазақ шаруаларының рулық тар өрістері мүдделері отаршыл империяның әскери құрамаларының өзінің ұйымдасуы жағынан едәуір кем

түскен көтерілісшілер жасақтарындағы тұрақтамаушылықты туғызды. Көтеріліс шағын сипатта болғанымен, оның географиялық шеңбері тым ауқымды болды

– бүкіл дерлік Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның бір бөлігі қазақ шаруаларының бой көрсетулерімен қамтылып, «Уақытша ереженің» жүзеге асырылу-

ын қиындатты.

53) ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. «Зар заман мектебі» Д.Бабатайұлы,Ш.Қанайұлы,М.Мөңкеұлы,т.б. еңбектері. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді. Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының ( 1843 – 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады. Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.Заманның бұзалғанына назары болған ақын «әуелгі заманның » енді қайта келмейтіндігіне « құдасы жоқ құлдың , қонысы жоқ байдың » озатынына , « байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай » өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. « заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің » деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады (4,29).Елде ұрлық пен парақорлықтың , өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған , атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының » жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша , «ақырзаман »бұрынғы әдет – ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы , орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың , майыр сынғаның болды », «кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында , қазылған қара көріндей » (5,60 ) деп сақтандырады.Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874). (6,169).Зар – заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан , « Поэты Казахстана » жинағында - (құрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. ) Зар – заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді. ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар – заманның тарихи сипаты , Зар – заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар –заман ақындарының уақыт тағдырын дұрыс түсінгені және оны әділ бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғаны мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ.

54 )Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б.XIX ғ. 60-жыл­да­ры Қазақстан­да бас­та­уыш мек­тептердің ашы­луы Ы. Ал­тынса­риннің есімімен тығыз бай­ла­ныс­ты. 1867–1868 жыл­дардағы ре­фор­ма­лар­дан кейін мұндай мек­тептер Қазақ өлкесінің көпте­ген ай­мақта­рын­да жұмыс істей бас­та­ды. 1868–1869 жыл­дарды Орал об­лы­сын­да 24 орыс-қазақ мек­тебі, 2 екі сы­нып­тық, 6 се­лолық 1 сы­нып­тық, 14 жоғары сы­нып­тық мек­теп және 2 же­кеше учи­лище бол­ды. 1877 жылға қарай Орал ка­зак әскерінің 47 мек­тебінің бе­сеуі қыз­дар мек­тебі еді. Об­лыста 70-жыл­дардың ба­сынан бас­тап мек­теп ісі едәуір жан­да­на түсті. Ер ба­лалар және қыз­дар гим­на­зи­яла­ры мен про­гим­на­зи­яла­ры, мұғалімдер да­яр­лай­тын се­мина­рия, ер ба­лалар оқитын уездік при­ход учи­лище­лері, ок­ругтік әске­ри учи­лище, ста­ница­лық және басқа да оқу орын­да­ры ашыл­ды. 1883 жы­лы қазақ ба­лала­рын оқытуға ар­налған ер ба­лалар ин­терна­ты об­лыс ор­та­лығы Се­мей­де, уездік қала­лар Пав­ло­дар­да, Өске­мен мен Зай­сан­да жұмыс істеді, ал қазақ қыз­да­рын оқытуға ар­налған ин­тернат­тар Се­мей мен Пав­ло­дар­да ғана бол­ды. Сыр­да­рия об­лы­сын­дағы орыс­тарға ар­налған алғашқы мек­тептер 1860 жы­лы Райым (Қаза­лы) бекінісінде және Пе­ровскіде (Қызы­лор­да) ашыл­ды. Жетісу об­лы­сының аумағын­да алғашқы мек­тептер 1868 жыл­дан бас­тап ашы­ла бас­та­ды. Вер­ный және Қапал бекіністерінде при­ход мек­тептері құрыл­ды. Об­лыстың қалған уез­дерінде 12 ста­ница­лық және по­сел­келік бас­та­уыш мек­теп болған еді.XIX ғ. Екінші жар­ты­сын­да бо­лыс­тар мен ауыл­дардағы қазақ ба­лала­ры әдет­те мұсыл­ман мек­тептері мен мед­ре­селер­де оқыды. Пат­ша үкіметі Қазақ да­ласын­да мұсыл­ман мек­тептерінің ашы­лу­ына жол бер­меу үшін ша­ралар қол­данды. Ол жергілікті отар­лық ор­гандар мен оқу бас­тықта­рына мұсыл­ман мек­тептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ере­желер жіберді. Қан­дай да бол­ма­сын шек­те­улер­ге қара­мас­тан жер-жер­де, әсіре­се Қазақстан­ның ис­лам дінінің ықпа­лы күшті болған оңтүстік об­лыста­рын­да мұсыл­ман мек­тептері ашы­ла берді. Қазақ ба­лала­ры жаз­дыгүні киіз үй­лер­де, ал қыс­тыгүні жертөле­лер­де оқыты­латын. Бұл ке­зеңнің оқу құра­лы «Ша­ри­ат-ул-иман» не­месе «Иман-шарт» бол­ды. Құран оқумен бірге, та­тар және араб тілдеріндегі кітап­тар бойын­ша ис­ламның негізгі қағида­лары мен бас­ты ғұрып­тық ере­желер оқытыл­ды. Мек­тептер­де көбіне­се 8–17 жасқа дейінгі ба­лалар білім ал­ды. Мед­ре­селер­де мек­тепте білім алған және өз білімін те­реңде­туге тілек білдірген адам­дар оқыды. Мед­ре­сеге түскен­дер «та­либ-улам» (білімге ұмты­лушы­лар) не­месе шәкірттер деп атал­ды. Олар Ор­та Азияға және Еділ та­тар­ла­рына жал­пы белгілі оқулықтар мен оқу құрал­да­ры бойын­ша араб фи­лоло­ги­ясын және мұсыл­ман діні құқығын, сон­дай-ақ діни фи­лосо­фияға қатыс­ты басқа да бірқатар пәндерді оқыды. Мед­ре­селердің «мұғалімдеріне» ке­летін бол­сақ, олар негізінен алған­да дін жо­лын ұста­нушы­лар­дың ұсы­нысы бойын­ша тиісті үкіметтік ор­гандар бекітіп, тағайын­даған мол­да­лар бол­ды. Бұл мол­да­лар мешіттер­де діни қыз­мет атқара жүріп, мед­ре­селер­дегі істерді басқар­ды және шәкірттерді оқыту­мен ай­на­лыс­ты.XIX ғасыр Қазақстан­ның мәде­ни өміріндегі ағар­ту­шылық ғасыр деп ата­лады. Білім мен мәде­ни­еттің да­му­ына ал­дыңғы қатар­лы орыс зи­ялы­лары үлкен ықпал жа­сады. 1847–1857 жыл­дарда ук­ра­ин ақыны Т. Г. Шев­ченко Қазақстан­да ай­да­уда бол­ды. Қазақстан Орыс ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы бөлімше­лерінің зерт­теу обьектісіне ай­нал­ды, мұнда мәде­ни-ағар­ту ме­кеме­лері мен ста­тис­ти­калық ко­митет­тер жұмыс істеді; өлке­тану мұра­жай­ла­ры ашы­лып, ер­те­дегі ес­керткіштер, ха­лықтың ауыз­ша шығар­ма­шылығы және құқықтық заңдар, со­ның ішінде қазақтар­дың дағды­лы құқығы зер­де­ленді; орыс-қазақ мек­тептері мен кітап­ха­налар ашыл­ды. Қазақтар өз ба­лала­рына білім бе­руге ұмты­лыс жа­сап, ба­лала­рын ка­дет кор­пуста­ры бар Ом­бы мен Орын­борға жібе­ру үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға де­ген жап­пай ұмты­лыс пен ықылас жағдайын­да Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнан­ба­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин бас­таған қазақ ағар­ту­шыла­рының то­бы қалып­тасты.Шоқан Уәли­ханов (1835–1865). Аса көрнекті ағар­ту­шы, ғалым және зерт­те­уші Ш. Уәли­ханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жа­сына дейін Шоқан Құсмұрын­дағы же­ке меншік мек­тепте оқып, мұсыл­ман діні ілімімен та­ныс­ты. 1847 жыл­дың күзінде Шоқан Ом­бы ка­дет кор­пу­сына оқуға түсті. Ка­дет кор­пу­сын­да Шоқан Уәли­ханов белгілі ғалым, ге­ог­раф және Ази­яны зерт­те­уші Г. Н. По­танин­мен бірге оқып, дос­та­сып кетті. Ол орыс тілін та­маша меңгерді. Дос­то­евс­кий мен Ш. Уәли­ханов­тың дос­тық қарым-қаты­нас­та­рын олар­дың түрлі уақыт­та жа­зысқан хат­та­ры дәлел­дейді. Ф. М. Дос­то­евс­кий өзінің хат­та­рын­да дос ретінде Шоқанға пай­да­лы кеңес­тер беріп, ру­хын көтеріп, оның ал­ды­на аса зор игі міндет­тер қояды. 1853 жы­лы Шоқан ка­дет кор­пу­сын бітірген­нен кейін Сібір ка­зак әскеріне қыз­метке жіберіледі. Көп ұза­май Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы Гас­форт оның қабілеттілігіне на­зар ауда­рып, 1854 жы­лы Шоқан оған адъютант бо­лып тағайын­далды. 1855 жы­лы Ш. Уәли­ханов Гас­форт­тың Ом­бы­дан Іле Ала­та­уына дейінгі са­пары­на қаты­сады. Бұл са­пар қара­пайым ха­лықтың өмірін та­нып-білудің ба­сы бол­ды, олар­дың та­рихи аңыз-әңгіме­лері мен жыр­ла­рын жа­зып алуға мүмкіндік берді. 1856 жыл­дың көктемінде бо­лашақтағы Шығыс зерт­те­ушісінің өмірінде өшпес із қал­дырған ай­ту­лы оқиға бол­ды – ол аса көрнекті ғалым, белгілі ге­ог­раф П. П. Се­менов-Тянь-Шанс­кий­мен та­ныс­ты. Сол жы­лы Шоқан Уәли­ханов екі экс­пе­дицияға қатыс­ты – біреуі Ор­та­лық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыс­тықкөлге дейінгі; екіншісі дип­ло­мати­ялық тап­сырма бойын­ша Құлжаға са­пар. 1857 жы­лы Уәли­ханов ала­тау қырғыз­да­рына тағы да са­пар ше­геді, он­да көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмы­сымен бұрынғыдан да жақсы та­нысып, оның та­рихын, эт­ногра­фи­ясын және ха­лықтық по­эзиясын те­реңірек зерт­те­уге мүмкіндік ал­ды. Осы жо­лы ол қырғыз халқының эн­цикло­педи­ялық дас­та­ны «Ма­нас­ты» жа­зып ал­ды. Ш. Уәли­ханов­тың ғылы­ми қыз­метінің жаңа ке­зеңі 1858 жылғы Қашғарияға құпия са­пары бол­ды. 1859 жыл­дың күзінде Шоқан Әске­ри ми­нистрліктің шақыру­ымен Пе­тер­бург­ке са­пар шекті. Оның «Қыр­дағы мұсыл­маншы­лық ту­ралы», «Қырғыз­дардың көші-қон­да­ры ту­ралы», «Сот ре­фор­ма­сы ту­ралы» жаз­ба еңбек­тері бар. 1864 жыл­дың көктемінде Уәли­ханов Чер­ня­евтің Оңтүстік Қазақстан аумағын Ре­сей­ге қосып алу­ды мақсат ет­кен әске­ри жо­рығына қаты­сады. 1864 жыл­дың жа­зын­да Вер­ныйға қай­та­ды. Со­дан соң ал­бан ру­ының аға сұлта­ны Те­зек төренің ауылы­на ба­рып тұра­ды. Төренің қарын­да­сына үй­ле­неді. Сол кездің өзінде Шоқан өзін на­шар сезініп, жо­рықтағы өмірдің ауырт­па­лықта­рын көте­ре ал­ма­са ке­рек. Ол 1865 жыл­дың сәуірінде Ал­ты­немел жо­тасы­ның етегіндегі Көшен-тоған де­ген жер­де Те­зек сұлтан ауылын­да қай­тыс бол­ды.Ыбы­рай Ал­тынса­рин (1841–1889). Аса көрнекті ағар­ту­шы Ыбы­рай Ал­тынса­рин 1841 жы­лы 20 қазан­да Қос­та­най об­лы­сын­да туған. Әкесі ер­те­рек қай­тыс бо­лып, ата­сы – Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның әске­ри стар­ши­насы Балғожа (Жаңбыр­шин) бидің қолын­да тәрби­еленді. 1850 жы­лы Ыбы­рай ше­кара­лық ко­мис­сия жа­нынан қазақ ба­лала­рына ар­нап ашылған мек­тепке түсіп, оны ал­тын ме­даль­мен бітірді. Мек­теп бітірген­нен кейін Ал­тынса­рин үш жыл­дай (1857–1860) ата­сының қолас­тында кеңсе қыз­меткері, со­дан соң 1859 жыл­дың 1 та­мызы­нан бас­тап Орын­бор басқар­ма­сын­да тілмаш бо­лып қыз­мет етті. 1860 жы­лы об­лыстық басқар­ма оған Орын­бор бекінісінде (Торғай) қазақ ба­лала­рына ар­налған бас­та­уыш мек­теп ашу­ды тап­сырды да, өзін сол мек­тепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайын­да­ды. 1864 жы­лы 8 қаңтар­да мек­теп сал­та­нат­ты түрде ашыл­ды. 1868 жы­лы Ал­тынса­рин Торғай уездік басқар­ма­сына іс жүргізуші ретінде қыз­метке ор­на­ласып, со­дан соң уезд бас­тығының аға көмекшісі және уақыт­ша уездік судья міндет­терін қатар атқар­ды. Ал­тынса­рин пат­ша өкіметінің са­яса­тына қар­сы бол­ды. 1879 жы­лы Ал­тынса­рин Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры бо­лып тағайын­далды. Қазақстан­да қыз ба­лаларға білім бе­рудің бас­та­луы да Ы. Ал­тынса­риннің есімімен бай­ла­ныс­ты. 1888 жы­лы ол Ырғыз қала­сын­да қазақ қыз­да­рын оқыта­тын, ин­терна­ты бар мек­теп ашып, пат­ша әкімшілігінен ин­тернат­та­ры бар қыз­дар учи­лище­лерін ашуға рұқсат ал­ды. Ал­тынса­рин көзінің тірі кезінде төрт екі сы­нып­тық ор­та­лық «орыс-қазақ» учи­лищесін, бір қыз­дар учи­лищесін, бес бо­лыс­тық учи­лище, орыс ша­ру­ала­рының ба­лала­рына ар­налған екі учи­лище аш­тырды. Ол орыс-қазақ мек­тептерінің оқушы­лары­на ар­нап «Қырғыз (қазақ) хрес­то­мати­ясы» және «Қырғыз­дарға (қазақтарға) орыс тілін үй­ре­туге алғашқы бас­шы­лық» ат­ты екі оқу құра­лын жаз­ды, олар­ды Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры қыз­метіне тағайын­далған­нан көп бұрын бас­тап, 1869 жы­лы аяқта­ды.Абай Құнан­ба­ев (1845–1904). Абай Құнан­ба­ев 1845 жы­лы 10 та­мыз­да Се­мей об­лы­сының Шыңғыс та­уын­да туған. Абай­дың әкесі Құнан­бай то­бықты ру­ының стар­шы­ны бол­ды. Алғашын­да ауыл мол­да­сынан са­бақ алған Абай­ды әкесі Се­мей­дегі имам Ах­мет-Ри­за мед­ре­сесіне оқуға жіберді. Алай­да­Абай­дың қала­дағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қай­та­дан ауылға шақыр­тып алып, бірте-бірте дау-шар­ды тек­серіп төрелік ай­туға, ке­лешек­тегі ру­басы­ның әкімшілік қыз­метіне үй­ре­те бас­та­ды. Абай ше­шендік өнерінің түрлі тәсілдерін ше­бер меңгерді. Сот ісі қазақтар­дың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан дағды­лы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тар­ты­сына еріксіз ара­ласқан Абай да­улы мәсе­лелерді ше­шу ба­рысын­да жөнсіздікке, әділетсіздікке және қаты­гездікке, би­ле­уші топ пай­да­сын көзде­ген та­лап, мүдде­ге қар­сы­лық білдіріп отыр­ды. 1886 жыл Абай­дың өміріне үлкен өзгеріс әкел­ген жыл бол­ды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жа­зып, көркем шығар­ма­шылыққа то­лығымен ден қояды. Абай қала­мынан өлеңдер­мен қатар, қара сөзбен жа­зылған ғиб­раттар, «Ес­кендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дас­танда­ры дүни­еге келді. Абай­дың мол әде­би мұра­сын­да аудар­ма­лары еле­улі орын ала­ды

55 ) ХХғ.басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.Қазақ ұлт зиялы.ң қоғамдық саяси қызметтеріндегі белсенділігі де арта түсті,олар 1905 ж. Желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын Ресей конс.қ демократиялық партияның бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын.Ондағы мақсат-берген бостандықтар шеңберінде Қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.Қаз.ң барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану,ұлттық мектептер ашу т.б талаптар енгізілді. Олардың басында,Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Тынышбаев,М.Шоқаев,М.Дулатов Б.Қаратаев,және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Қазақстан халқының саяси ой өрісінің дамуында мем.к Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды роль атқарып,онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметтермен көрінді. Мыс:1905 ж. 6 тамызында мем.к Дума жөніндегі патша монифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығына ие болды.Сөйтіп,Қазақстаннан 1-ші мем.к Думаға барлығы 9 депутат;оның ішінен 4млн.қазақ халқының 4депутат;Ә.Бөкейханов,А.Білімжанов,А.Қалменов,Б.ҚҰлманов сайланды.Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты.Ал барлығы 72 млн. Ғана жұмыс жасаған мемлекеттік Дума 1906ж. 9шілде күні үкімет шешемімен таратылды.2-мем.к Думаны сайлауына келер болсақ,ол 1905 ж.6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдарын негізінде өткізілді. Думаға Қаз.ң 14 депутат,олардың 6 қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов-Ақмола обл.Б Х.Нұрекенов –Орал обл. Сот тергеушісі А.Бірімжанов-Торғай обл.Т.Алдабергенов-Сырдария обл.Қатынас жолдары инженері-Жетісу обл. сайланды.Патша үкіметі 1907ж. 3 маусымында шығарған заңымен II мем.Думаны да таратып жіберді.Қазақ депутаттары қатынасқан I-ші және II Думалар қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындайешқандай заңдар қабылдаған жоқ «3-маусым Заңының»өмірге келуімен бірге, қазақ зиялы.ң Думаға артқан үлесті де біржола жойған еді.Бірақ олар қазақ жеріндегі отарлау саясатына,3-маусым заңына қарсы әрекеттерін тоқтатпады.Ал,жалпы алғанда сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бұрын таратылған патша үкіметінің I-ші және II-ші Дума жұмысына және оларға қатысты саяси шараларға қатысуы әрине,олар ушін үлкен өмір мектебіне айналып,белгілі деңгейде өзіндес із қалдырды.

56) 1916 ж .ұлт-азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылық өсе түсті.Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда,оның ішінде Қазақстанда де ерекше сезіле бастады.Ол жұмысшылардың ереуілдері мен басқа да бой көрсетулерінен көрінді.Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкеп соқпай қоймайтын еді. 1916ж 25маусым күні орыс емес «бқратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді. Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыстарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтардышақыру қоеыс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалықөкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді. Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы.Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б. бастаған ірі орталықтары пайда болды. Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды талқандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды.Антифеодалдық сипаты да бар еді. 1916 жылғы көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды.Отарлық езгінің көп жылдарынан соң олар өздерін бірінші рет Ресей самодержавиесінінің отарлық экспансиясына қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш ретінде сезініп,ұлттық мүдделердің ортақтығын түсіне бастады.

57-58) 1917ж. Ақпан рев.нан кейінгі Қазақстан. 58 .Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері. Ақпан рев.ң жеңісінен кейін Қаз.да қоғамдық саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдіңсаяси партиялары әсіресе олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді.Тарихта «Алаш» парт.ң саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 ж. 21-28 шілде аралығында өткен I Бүкіл қазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде Қазақ даласының алты обл.нАқмола, Семей,Торғай Орал,Жетісу,Ферғана,Бөкей ордасынан делегаттар қатысты.Съеэде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды:Мемлекеттік басқару жүйесі, Қазақ обл.ң автономиялылығы туралы,жер мәселесі,халық милициясын ұйымдастыру,земства туралы,халық ағарту ісі сот ісі,дін мәселесі,әйелдер мәселесі,қазақтар обд.да құрылтай жиналысына делегаттар сайлау,бүкілресейлікмұсылман съезі туралы,қазақ саяси партиясын құру туралы, т.б .Осылардың ішінде саяси мазмұны жағынан ұлттық автономия,жер мәс.мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінше кезекте,өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды.Съезд Қаз.ң барлық аймақтары мен бұхара,Ферғана,Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиынына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады.Олардың арасында «Қазақ»газетінің жетекшілері,қазақ ұлттық либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов,Ж.Х. Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып,шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды.Сонымен съездің қарарында «Қазақ обл.ыаумақтық ұлттық автономия құқығын алуы тиіс»деп жазды. Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 ж 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей мекендеген аудандарының өкілдері қатысты. Съезде Байтұрсынов пен Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды, ал Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық - территориялық автономиясы болуын қолдады. Съезде құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті және съезд қарарларында Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысын мекендейтін қазақтар үшін жеке муфтиат құру қажеттілігі айтылды. Бірінші жалпықазақ съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды.Партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш Автономиясы атанған ұлттыұ мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен Екінші Жалпықазақ съезін (1917,желтоқсан)дайындап өткізді.Осы съезде Алашорда-ұлттық кеңес үкіметі өмірге келгені мәлім.Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін « Алаш» партиясының мүшесі санағаны күмән тудырмады .Сонымен бірге Дулатовтың 1917ж желтоқсанда болып өткен Екінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылған соң , « Алаш» партиясы екінші дәрежеде қалып қойды деген пікірінде де тарихи шындықтың табы бар екені даусыз . Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметінің басқада шет аймақтардағыдай Қазақс-да да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия ,зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді

59 ) Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынанкейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастырубюросыкүн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».

«Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.

Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.

«Алаш» партиясының бағдарламасы:  -Басқару.түрі;  -Автономия;  -Азаматтың негізгі құқықтары;  -Дін ұстану туралы мәселе;  -Соттар.туралы;  -Қорғаныс;  -Салық;  -Жұмысшы.мәселесі;  -Халық.ағарту;  - Жер мәселесі.

Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазак жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс..

1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазак комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазак елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. 

62) 1917 ж. Қазан төңкерісі. Қаз-да Кеңес өкіметінің орнатылуы.1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқ- санда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады. 1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі. Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті. Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды.

63) Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекетіқұрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесініңқұрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар бола¬тын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітгі. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға ша¬қырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жер¬гілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету бас-ты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев,  Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды.1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Стамбулға аттанады. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді.

64) 1917 ж. екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі - ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және

халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан ясыБөксейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының 6 облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару

жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы, жер мәселесі; земство туралы; халық ағарту ісі туралы; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; Бүкілресейлік мұсылман съезі туралы және Қазақ саяси партиясын құру туралы. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саями маңызы жағынан ұлттық автономия жер мәселесі мен құрылтай жиналысына дайындық мәселесі бірінші кезекте өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Съезд қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана. Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандитаттын 78 депутат деп сайлады. Олардың арасында қазақ газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық либералдық көсемдері Бөкейханов, Байтұрсынов, аймақтардан А. Ермеков, Х. Ғаппасов, Досмухамедовтар, М. Тынышбаев, М. Шоқай, С.Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болды. Жалпы Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі Алаш қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды.Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды.

65) Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,адам күштерін барынша жұмылдыру,қалаларды,өнеркәсіп жұмысшыларын,Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету,елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм»саясатын енгізді.Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғанудың қажеттілігінен туған еді.»Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді.Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлары астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды,бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді,ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауға көбейтуге,Қызыл Армияны,жұмысшыларды азық-түлік қамтамасыз етуге,ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.»Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді.Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.Қазақстанда»әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру,оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды.1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария,Жетісу облыстары,Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсыпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

66) Қазақ АКСР-ның құрылуы.Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар : 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру. Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті. Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды. ҚазАКСР құрамына енгізілген аймақтар: Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау,Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері. Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі. Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі. Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар. Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.). Нәтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды. Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша). Сонымен бірге, осы жылдары (1921 – 1928 жж.) қоғамда партияға тәуелділік арта түсті. Ф. Голощекин мен оның төңірегіндегілер әміршіл - әкімшіл басшылық стилі мен ойлау әдісін орнықтырды, партиялық – мемлекеттік машинасы «жау бейнесін» ойлап тапты. Т. Рысқұловқа, С. Сейфуллинге, С. Мендешевке, С. Садуақасовқа және т. б. «ұлтшыл» деген айдар тағу нақ сол жылдары тәжірибеге енді. Жеке меншікті, көп укладтылықты, товар айналымын жою, идеологияның экономикадан басым болуы - осының бәрі казармалық социализм негіздерінің орнығуына әкеп соқты.

67) Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері. Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты- 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды. Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып».

68) 1924 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу. Ұлттық және территориялық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР – інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз болігі Қазақ АКСР – інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды ҚАКСР – інің кіметі құрған. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР – іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекаралырын нақтылау одан әрі жүргізілді. Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылығы ақпанда Төркүде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР құрамына енгізілгені заңды түрде рәсімделді. Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкен уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент жіне Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар ҚАКСР –іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезнің Гиоргиев, Шу, қаранөкіс болыстыры қосылды. 1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті.Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қортындылыары шығарылды.Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті.Олардын құрамын жергіліктендіру іске асырылды.Бөкей,Орал,Ақтөбе,Семей губернияларында болытық атқару комитетері сайлануынын кейін,деппутатардың жартысынан астамы қазақтар болды.Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.ҚАКСР Орталық Атқару комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә.Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты.9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37ауылында,сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды.126 жиын, 420 әнгіме өткізді.Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды.Мұнның озі ұлттық мемлекеттік нығайтуға ықпал етті.Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық –мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу респулика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСРнің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері ҚазақАКСРіне қарайтын болды.Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы 1 млн 468724 мың адамға өсті.Тұрғындары негізінен орыстар болып келетін Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді.Республика астанасы Қызылордаға (Ақмешітке) көшті.Қазақ жері мен халқын біртұтас қлт тық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.1925 жылы ақпанда жаңа өазақ жерлерінің бірігуіне байланысты Қазақстан облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды.

69) Ірі байшаруашылықтарынтәркілеу: саяси және экономикалық салдары.1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде әзірлейтін арнайы комиссия құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды.Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика көлмінде барлығы 696 бай-феодал тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады,барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана .Оның себебі алдын-ала жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз

құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды.

70) Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары. Қазақстанды индустриаланырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды ,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес ,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті .Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша ,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың ,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі ,Мәскеудегі ,Ленинградтағы,Донбастағы ,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған ,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты .Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп ,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды .4.Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанла ауыр өнеркәсіп ,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып ,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті.

71) Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары. 1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды. Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3.Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы» қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу» бағыты белгіленді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай ұжымдастыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрұ жолында жүргізілген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарац дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.

72) 1929-1931 жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аумақты түгел қамтығанын , бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30 дан астам үлкенді кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара, көтерілістері жатады. 1929 – 1930 жылдыр аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 – 1931 өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып,олрға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтың себебі байлар мен дінбасыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды. Көтерілістер мен оған қатысқан адам-дардың саны ресми мәліметтерден қа-рағанда әлдеқайда көп. Демек, бірнеше оқиғалар ресми тіркеуге алынбастан жабылған. Оның себебі, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілгендер саны көп болды. Сонымен бірге, бұндай ішкі алауыздықтар Кеңес үкіметінің сыртқы «келбетіне» кір келтіретін еді. Күллі әлемге коммунизмді таратқысы келген Кеңес үкіметі, алдымен бұл идеяны өз халқына мойындатуы керек болатын. Сыртқы күштерге қарсы тұру үшін өз халқының кеңестік режимге риза екендіктерін танытуы тиіс болды. Яғни, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістердің санын аз етіп көрсету осы мақсаттан туындаған еді.Мемлекеттік қызметкерлер де жо-ғары жаққа көтерілістердің санын аз етіп көрсеткенін аңғару қиын емес. Мысалы, 1931 жылы желтоқсан айында Ф.И.Голощекин Сталинге жазған ха-тында: «Тап күресінің өрістегенін ГПУ-дің төмендегідей анықтамасынан білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың 34000-дай адамы қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы екі жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылып және оған қатысқан 7500 кісі қолға түсті…» деп жазды.Көтерілістердің орын алуының бірден- бір себебі Кеңес өкіметінің саясаты еді. Көтерілістердің басты себептерінің бірі 1929 жылы қолға алынған күштеп колхоздастыру саясаты болды. Сталин 1928 жылы Лениннің жаңа экономикалық саясатын қорытындылап, 1-бесжылдықты бастап, жоспарлы экономиканы жүзеге асыра бастады. Ал мәселеде өзіне қарсы келген Л.Д.Троцкий секілді тұлғаларды саясаттан қуғындады .Әсілі, бұл саясаты 1925 жылдың жел-тоқсан айында коммунистік партияның ХІV съезінен бастау алды. Сталиннің директивасымен қабылданған шешім бойынша ауыл шаруашылығын ұжым-дастыру жөнінде қарар алынды. Қарар негізіндегі жоспар бойынша қауым басшыларынан билік алынып, жер қазақ шаруаларының қолына берілуі керек болды. Бірақ, бұл Кеңес үкіметінің айтқанындай болмады. Айтылған мен жа-салынған іс-әрекеттер бір-біріне қарсы келді. Ауыл шаруашылығында ұжымдық шаруашылыққа күшпен біріктіру белең алды. Осы себептен де А.Байтұрсынов секілді зиялылар бұл реформаға қарсы шықты. Алайда, Кеңестік үкімет ре-формаға қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Көптеген адамдар мемлекеттік қызметтен қуылды.Алғашқы бес жылдық жылдары (1928-1932 жж) ауылда жекеменшік жойылып, колхоз бен совхоздар құрылды. Осы реформаның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайы теңестіріліп ұжымдастырылды. Реформа Кеңестік идeология мен жүйені жүзеге асыруды жеңілдетті. Осылайша, халық мемле-кеттің қатаң бақылауына алынды

73) 1931-1933 жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары. Демографиялық салдарына бүкілодақтық халық санағы деректері бірден бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашақтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінің шыңы 1932-1933 жылдың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санағының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткенне кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ осындай алдыңғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыңы екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллион адамынан айырылды. Осыдан келіп тарихшы-демографтар мынандай қорытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысы аурулардың салдарынан аталған жылдары республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42%-ы құрбан болды.

74)ХХ ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интелегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. Мәселен 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінле интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 жылдың 1 қаңтарына қарай үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту және 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 жылы Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың, атап айтқанда қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу ушін қызыл отаулар, жылжымылы кітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдаланылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа медициналық қызмет көрсетумен, орталық және республикалық биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияландырылған сипатта болды.Рас 20-жылдардың орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды.Мәселен ,1921 ж республиканың көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті.Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды.Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі . Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңестер (желтоқсан,1921ж)Мәскеуде көрсетіліп ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталыққа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919 ж Орынбор РГО бөлімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырған өлкетанушылардың бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи –статистикалық бөлімінің жанынан тарих .этнография ж2не жаратылыстану –география секцияларын ұйымдастырды. 20-30жж. Мәдениеттің жағымды жағы: Саустсыздықты жою жоғарғы қарқынмен жүргізілді.Бастауыш білім беру жүзеге асырылды.Жоғарғы оқу орындары мен техникумдар ашылдыЗиялылрдың жаңа топтары қалыптасты. 20-30жж. Мәдениеттің тиімсіз жағы: Қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұсқан келтірді.

75) 1937-1938жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын сүргін елге үлкен нәубет әкелді НКВД және ГУЛАГ қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Республиканың партия және кеңес басшы қызметкерлері түгелге жуық қуғын сүргінге ұшырады. 1937-1938жылдарда жазаланған «национал –фашистер» аталатындардың істері айғақтағандай Н.И.Ежов пен оның жандайшаптары оларға жала жабуда пәлендей бас қатырмады .Түрлі топтарға қатысқандардың ,ұлтжанды азаматтардың бұрынғы істері көтерілді,солардың қатарына кезінде республиканың мүдделерін қорғаған қазақ халқының 1931-1933 жылдарда жаппай кырылуына ашык ашық наразылық тудырған адамдар да жатқызылды .Маңызын асырып көрсету үшін РКФСР ХКК Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов ,КСРО БОАК хатшысының орынбасары Н.Нұрмақов ,Қазақ КСРОАК ТӨРАҒАСЫ Ұ.Құлымбетов бастаған «национал –фашистердің» «Қазақстанды КСРО –ДАН бөлуге және оны Жапонияның протектаратына беруге әрекет жасағандары»туралы болжам ойдан шығарылды және оларға жапон-герман ты4шылары деген жала жабылды. 1937-1938жылдарда осындай айыптаулардың негізінде Қазақстанның барлық көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері-Т.Рысқұлов ,Н.Нұрмақов ,С.Қожанов ,Ж.Сәдуақасов С.Сафарбеков А.Кенжин және басқалары жазаға тартылды .Қазақстанның ғылыми мен мәдениеті де орны толмас шығынға ұшырады.Ә.Бөкейханов ,А.Байтұрсынов ,М.Дулатов ,Х.Досмухамедов,М.Тынышбаев,М.Жумабаев,С.Сейфуллин ,Б.Майлин,С.Асфендияров,М.Жолдыбаев,Ж.Шанин,Т.Шонанов,К.Кеменгеров және т.б. қуғын сургінгіннің құрбандары болды.8.Республика өмірін соғыс салабына сай қайта құруЕң алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.ҚазКСР ХККжәне облыстардың жанынан жұмыс күшін бөлу жөніндегі бюро ,эвакуацияланған халықты шаруашылыққа орналастыру (кейбір облыстарда төтенше комиссиялар аталды),әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыстық жайғастыру ,әскери тапсырмалар және эвакуацияланған жабдықты құрастыру жөніндегі бөлімдер ұйымдастырылды.1944 жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық қалалық және облыстық кеңестердің атқарушы комитеттерінің жанынан көп балалы және жалғыз ілікті аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар бойынша бөлімдер құрылды. Соғыс жағдайларында Кеңестердің атқарушылық –өкілдік функциялары күшейді.Жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды адамдарды жұмылдыру ,автомобиль-ат көлігі міндеттілігін енгізу туралы міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдау кеңінен пайдаланылды .Қалаларда тұратын халық та аэродромдарды тазалау ,өндірілген отынды тасу сияқты жұмыстарға тартылды.1941 жылы күзде Кеңестер аткомдары барлық еңбекшілердің оқу және ӘШХҚ НОРМАЛАРЫН тапсыру мерзімдерін белгіледі.Мұрағаттардың жұмысы Кеңестердің айрықша бақылауына алынды.Кеңестер аткомдары санитарлық –профилактикалық ісшаралардың кешенін жасады,соның ішінде қалаларды абаттандыру ,елді мекендердің санитарлық жай- күйін жақсарту шаралары бар.Жергілікті Кеңестер азаматтары есепке алумен оларғатұрғын үй берудің жан басына шаққандағы азайтылған санитарлық нормасы енгізілді.Қызыл әскерлердің ,қызыл флотшылардың ,эвакуацияланғандардың ,әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің шағымдары кеңестердің және солардың басшыларының ерекше бақылауында болды.

76. Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.Соғыс жылдары Қазақстанда Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы,7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып,майданға аттандырылды.Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап ерлікпен шайқасты.Әсіресе,Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды.Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі-Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк,моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады.Мәскеу түбіндегі шайқаста,әсіресе Саяси жетекші Ключков басқарған бөлімше -28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп,асқан ерлік көрсетті.1941 ж.17 қарашада дивизияға 8-гвардиялық деген атақ беріліп,кейінірек Қызыл Ту,Ленин ордендерімен,ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонмен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен,9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.Белгілі орыс жазушысы А.Бектің *Волоколамское шоссе* повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне айналды.Сөйтсе де,Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай,тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді.Алғашқы кезден соғысқа сұранып,әскери комиссарияттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды.Қазақ арулары түрлі әскери болып,ерен ерлік үлгісін көрсетті.Қолдарына қару алып,майданға аттанған қазақ жұлдыздары-Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын паш етті.Авияция саласын меңгерген қазақ қызы-Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры Раскова басқарған әйелдер авияциясының құрпмында авияция штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004ж Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті.Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Олар-Андреев,Беда,Брилин,Абилов,Кутурга т.б.

Словакия аумағын жаудан азат етуге 4- Украина майданы құрамында қазақстандық 8- атөыштар дивизиясы қатысты.Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының құрамындағы 62- артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен,151- Кармат полкі 3- дәрежелі Кутузов орденімен,310- атқыштар полкі 3- дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2,8,5- әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты.Шайқастардағы ерлігі үшін Батеньков пен Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.Қорыта келе,Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық.Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2млн адам тұрды.Соғыс жылдары қолына қару алып,майданға 1,9млн адам аттанды. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың,оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы-ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.

77. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.Майдандардағы жеңіске еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғысанақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, əйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, əйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде əйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздармен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдараралығында республика ауылшаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні- түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұлкөрсеткіш 1940 жыл мен салыстырғанда 24 млн. пұт қа артық. Колхозшыларменсовхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Əрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Əйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түніжұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам ең бек етсе, соғыс жылдары олардың саны əйелдер, қариялар жəне балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.ОңтүстікҚазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – АнарСадықова – жұмыс істесе, Семейоблысы, Абайауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады.1942 жылы 450 мың гектар тың жəне тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер Ауданы 17%-ке өсті. Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды.Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жауданазат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті.

78.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж) Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшілік-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті.Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.Адамның табиғи құқығынан шектеу,ұлттық мүддені ескермеу,мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды.Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып,мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты.Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКПб Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы *Звезда*және *Ленинград* журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады.Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.1948ж *космополитизммен*,яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды.Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай,Шәңгерей,О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып,ал кейінгі кеңес әдебиетшілері-Б.Кенжебаев,Т.Нұртазин,Ә.Қоңыратбаев ұлтшылдар ретінде қудаланды.Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев*Едіге батырға*алғысөз жазғаны үшін *ұлтшыл*атанса,М.Әуезов 1945ж жарық көрген *Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі*еңбегінде Абайды *феодалдық ақындар Шортанбай,Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегіні үшін* қудаланды.Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін,Мәскеуге қоныс аудару мәжбүр болды.Сонымен қатар 1946ж А.Мәметованың *Абай Құнанбаев*атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кінә тағылып,басылымнан алынды.Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады.1953ж Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады.Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих,археология,этнография институтын,Кеңестік жазушылар Одағын *ұлтшылдардан*тазалау саясаты тоқтатылды.1953ж мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар ,жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі,Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегіндегі алғашқы пікірлер айтыла бастады.Кезінде ОГПУ,НКВД-ні басқарып,әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді.*Үштіктер*,*Бестіктер*,*Ерекше кеңес* жойылып,ГУЛАГ МҚК-не берілді.Л.П.Берияның қылмыстық іс әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды.Бірақ бұл-әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.1956ж 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX сьезі өтіп,онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды.КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп,талдау жасауға тырысты.Н.С.Хрущевтың XX сьездегі *Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерлеу*туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989ж жарық көрді.Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты.Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстаға берілді.Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп,тікелей Мәскеуге бағындырылды.Ақмола-Целиноградқа,Батыс Қазақстан-Орал облысына айналды.Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында,әсіресе,зиялылар мен жастар арсында түрлі наразылықтар туғызды.Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып,бүркемеледі.Осылайша Теміртаудағы толқу-тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды.1963ж Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов,С.Ақатаев,М.Тәтімов,М.Әуезов бас болып *Жас тұлпар*атты ұйым құрды.Мақсаты-қазақ жастарының ұлттық санасын ояту.Н.С.Хрущев мемлекеттің *коммунизмге өтуіне байланысты* жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін,1961ж Конституциялық комиссия құрылды.Конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады.ҚазКСР Жоғары Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды.Конституция тәуелсіз деп көрсетілгенімен,құқық қорғау,прокуратура органдары да орталыққа бағынды.Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді.Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді.Дауыс беру тек іс жүзінде жүргізілді.Депутатарды халық таңдамады,жергілікті әкімшілік органдар*тағайындады*.Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964ж қазан айында аяқталды.КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И.Брежнев сайланса,ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды.Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1-хатшысы болып Д.А.Қонаев сайланды.

79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.БұрынғыКеңестерОдағы,оныңішіндеҚазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 3) 1959-1965 жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Тыңигеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Əміршіл-əкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылындағана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-гежетті.Ал 1958 жылдың ақпанайынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-таржөндеу станцияларына айналдыра бастады. Тыңигерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліпəкелініп, Қазақстанда 18 млн. га. тыңжер, немесе бұрынғы Одақтағыжыртылған жерлердің 60,6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн. гектарға жетті.Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең болды. Төртінші бесжылдық жылдары Қазақстанда астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болды. Ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі, жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы, басқарудың әкімшілдік күштеуі, экономикалық заңдармен есептеспеу. 1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Қаулының нәтижелері мынадай болды : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылуы. Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық аруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарын артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады. Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп, олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады. Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады. 1960ж аяғына қарай астық өндіру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда 3,8 есеге артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруден Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.. Тың игерудің пайдасымен қатар Қазақстанға тигізген зияныда көп болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келген адамдар саны тым көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде орыс мектептері ашылып, қазақ балаларына мәңгурттену қаупі туды. Жер-су аттары орыс тіліне көшіріліп, орыстандыру саясаты ашық түрде жүргізіле бастады. 1953-62 жылдар аралығында Қазақстанда 25,5 млн гектар жер игерілді.

80.1965 – 1985 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.1964 ж қазанда жузеге асырылған партиялық аппарат төңкерісі Хрущевтік кезеңінде қарқын алған кереғар ізденістер мен пікірталасқа,ұстатпас уміт пен қайырсыз қиял атаулыға нүкте қойды. «Хрущевтік субъективті-волюнтаристік саясатын» мансұқ етіп,Л.И.Брежнев бастаған партиялық-мемлекттік иерархиялық сатылы лауазымының жаңа басшылары созылмалы кеселге ұшыраған әлеуметтік экономиканы сауықтыруға кірісті.КОКП ОК-тің наурыз және қыркуйек айларында өткен пленумдарында,партиялық құжаттарда көрсетілгендей «шаруашылық тетікті жетілдіру б\ша тарихи дерективалар» қабылданды.Осы дерективаларда «маркстік-лениндік экономика ғылымының» теориялық тұжырымдамалары көрініс тапты. Қаз\да индустрияландыру үрдістері 1965-1985 жж біршама екпінді журді.Еліміз КСРО дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды.Жалпы ішкі өнім көлемі б\ша республикамыз КСРО да үшінші орын алды.Cол аралықта импортта қарқындап өсті.Алайда бұл процестің кереғар жағы да болды.Мәселен орасан зор мөлшерде болат шығарған өнеркәсіптің өзі жоғары сапалы болатты қажетсінді.Демек егер өнімнің жалпы сұранысы сандық қатынастағы сұранысты қанағаттандырса,ал сапа жағынан өте артта қалды.Жоспардың баға көрсеткіштері де бұрмаландыАуыл шаруашылығына қаржы құюдың орасанүлкен көлемдері баламалы қайтарым бермеді.Жұмыс істеп тұрған ұйымдық шаруашылық құрылымдардың тетігі мультмилиондаған қаржы бөлуге қарамастан ұдайы тығырыққа тіреліп,жұмсалатын аса қомақты шығындарды қажетті нәтижеге бұруға дәрменсіздігін танытты.Осыдан келіп лажсыз жағдай туындады :құрылымдардың шұғыл алға ұмтылуы үшін кең ауқымды жеделдету процесін іске асыру қажет болды,ол ушін өз кезеңінде,басқалармен қатар орасан көп қаражаттар талап етілді,бірақ олар сол құрылымдарға тускен бойда,құрылымдардың өздері арқылы құрсауланып отырды.Сонымен,жылдан-жылға кеңейіп,қоғамның ғаламат қорын жұтып отырған,ауқымды да алуан түрлі шаралар кешені,арагідік экономикалық құрылымды «сілкіп қойғанымен»,оған алға жылжи түсудің жолын көрсете алмады.Бейнелеп айтқанда,ауқымды әлеуметтік эксперимент барысында құрылған құрылымдар өте күшті ырғақсыздыққа душар болды,ол инфаркт алдындағы қан қысымының жоғарылау кардиограммасын көрсетті.Нақ сол дағдарыс қоғамның жай-куйін белгіледі,жаңа утопиялық эксперименттерді дәйектеу және аяқтау үшін ресми насихат ойдан шығарған термин-тоқырау емес еді.

81.1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.

82.ҚР егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады.Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социолистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазанындағы санында Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтты.Тіл туралы заңда орыс тілі-Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылар оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды.Ғалымдар орыс тлін Қазақ КСР ІНДЕ ресми тіл деп жариялау қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен парапар екенін,озі көктеп,өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді.Декларация жобасы қызу талқылынды. Жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып,депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 1990 жылдың 15 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінен екінші сессиясында егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікір болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е,Асанбаев тарапынан «Демократиялық Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды.Оныңғ құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды.Декларациянвң негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді.Депутат С.Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлект азаматтық қоғамда, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмиді.Мәснелен, Англия құқықтық мемлекет.Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті.Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештене жоқ.Қазақ ұлты сонау ерте дәуірден тілі,діні қалыптасқан,кіндік қаны тамған өз атамекені бар халық қой.Енді келіп оны мүлдем сызып тастау мүмкін емес»-деген түсінік берді.Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазанда 18 сағат 55 минутта қабылдады.Декларацияда аса маңызды мәселе,республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация-еліміз Конституцияның негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі.Бұл құжатта «халқаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге,халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды.Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті.Егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса,

83) ҚР мемлекеттік рәміздері.Н.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.Сол күні Президент Резиденциясы мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы крнституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы-Ш.Ниязбеков, елтаңбаның авторлары-Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуен кеңестік кезеңде М.Төлебаев, Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6 қаңтарыында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды.Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депуттар жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаев ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутарттары жаңа әнұранның авторлары Ж.Нәжмеденовпен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. 2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді.Алғаш рет әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, АқмолаДА Президенттің Н.Ә.Назарбаевиың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.

84) Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.Конституция қоғамда болып жатқан өзгерістерге жауап беруге тиіс болғандықтан, оған да кезең-кезеңімен көптеген өзгерістер енгізуге тура келді.Конституция мазмұны «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» заңның ережелері мен ұстанымдарына сәйкес айқындалады. Конституцияның бірінші бөлімінде Қазақстанның тәуесіз, құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім 21 тараудан тұрады.Қазақстан алғаш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі ретінде жарияланды.Конституция елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға негізделіп жасалды.ҚР барлық азаматтарына теңдей құқық беру қамтамасыз етіліп , адамдардың міндеттері мен құқықтары және бостандықтары бекітілді. Конституция бойынша Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып беітілді, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды. Конс. Бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің біріңғай жүйесі мәртебесіне қарай атқаушы биліктің қызметін атқармайды. 1993 жылғы қабылданған Конституцияның Қазақстандағы шынайы әлеуметтік экономикалық және саяси үрдістерден алшақтығы мемлектет тұрғындарының тіл мәселесі,меншік нысандыры, жерге ,азаматтыққа, мемлекетке қатысты сәйкессіздіктерден туындатты. Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін тетіктер болмады. Мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қайшылық күшие түсті. Үкімет биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті басқарудың мүдделеріне қауіп төндірді.Осы себептерге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта қарау және Конституцияның қажеттілігі туралы пікір туындады. 1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Конституция жобасының 99 бабының 55-і өзгерістерге ұшырады.1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.

Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. 1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.

85) ҚР-ғы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы – О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М.Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болдыКез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.

87) Астана – Қазақстан Республикасының астанасы. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Жарлығы бойынша “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.

88) Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары..Қазақстан экономикалық реформаларды және сыртқы саяси басымдықтарды жүзеге асыру мәселелерінде Орталық Азиядағы көшбасшы ел. Бүгінгі күні елімізде 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді.Тек биылғы жылдың өзінде Астанада шетелдердің 12 елшілігі ашылды. Осындай басымдықтардың бірі Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады.ҚХР-мен стратегиялық байланыстар тереңдей түсуде.Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттыру қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып қала бермек.АҚШ-пен стретегиялық әріптестік кеңейтілмек.Еуропа елдерімен және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Президенті ағымдағы жылы «Еуропаға жол»мемлекеттік бағдарламасын бекітті.Н.Назарбаев ислам әлемінің ажырамас бөлігі болыптабылатын Қазақстан Шығыстың араб және мұсылман мемлекеттерімен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беретінің атап өтті.Жапония,Үндістан,Бразилия,Түркия,Корея Республикасы т б мемлекеттерімен әріптестікті дамыту Қазақстанның басты назарында болмақ.».ТМД қызметі бұрынғыша өзекті болып отыр.Қазақстан 2011 ж.Ислам Ұйымы конференциясы министрлер конференциясына төрағалық етуді осы ұйымның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі ретінде ғана емес,сондай-ақ Шығыс пен Батысың әртүрлі өркениеттерді мен діндері арасындағы ашық үнқатысуды кеңейту мен тереңдетудің бірегей мүмкіншілігі ретінде қарастырады.

89) ҚР қазақ тілінің мәртебесі. 1996 жылы 4 қарашадан ҚР Президенті қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін айқындайтын . «ҚР-ның тіл саясаты тұжырымдамасын» бекітті. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіледр туралы» Заң қабылданды. Аталған заңның І тарауының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» болып бекітілди.Осы заңды жүзеге асыру мақсатында 1998 жылды 14 тамызында қабылданған «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» қаулыда іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы айтылды. Мемлекеттік тілді дамыту және іс шараларды ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бірнеше ресми органдар құрылды. Мәселен, ҚР Үкіметінің 1999 жылы «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны ашылды. Бүгінгі ҚР да Елбасының тікелей араласуымен мемлекеттік тілді жан жақты дамыту және мемлекеттік тіл бүкіл қазақстандықтардың айналуы үшін қыруар жұмыстар жүргізілуде. Елімізде мемлекеттік тілді тиімді оқытуды арттыру мақсатында 16 аймақтық, 15 қалалық, аудандық қазақ тіліне оқыту орталықтар жұмыс істеді. Қазақ тілінің мемелекеттік мәртебесінің дамып, қалыптасуында Елбасының еңбегі орасан зор.

91) Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет дамуы. Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету.Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі. Бірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды.. Егемендік алған кездің алғашқы жылдарындағы өзге ұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің біздіңше мынадай себептері де бар.Біріншіден, бұрынғы КСРОсияқты үлкен мемлекеттің ыдырауы ұлттық жаңа құрылған мемлекеттер жағдайында ұлттардың арасында болашағына деген белгілі бір сенімсіздік туғызды. Сондықтан басқа ұлт өкілдері өз мемлекеттілігі бар елге көшті.Екіншіден, ұлттық мемлекеттіліктер құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің санасында этноцентристік пиғылдар уақытша болса да күшейді.Үшіншіден, сана бодандығынан құтылған азаматтарда өз тарихи Отанына қайту пиғылының күшеюі заңды құбылыс еді.Екінші кезең. Қазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде емес, жалпыазаматтық негізде құрылатындығы баяндалды.Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл — Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке айналдыру. Бұл — этностық мәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, «Мен қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру.

93) Тәуелсіз ҚР құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ рөлі мен қызметі. Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88.23% - ы дауыс беруге қатысып олардың 98.78%-і Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, ҚР-ның халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті. Содан бері бүршама істер атқарылды.

94)Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан Қаз.мемлекетінің мәселелері туралы. 2012 жылғы желтоқсанның 14-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды. Оның негізгі міндеттері атап өтілді.Жолдауда табиғат ресурстарын берекелі пайдалану жолы арқылы қоршаған ортаны сақтау сұрақтарына ерекше назар аударылған, сол үшін табиғат ресурстарын басқарудың принципиалды жаңа жүйесі енгізіледі және еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет деп атап өтілді. Осы мәселе бойынша Президент былай деді: «Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің қағидатты маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек» . Президент индустриялау және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту туралы өндіріс экологиялық таза, барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс деп атап өтті. Біздің ең асыл табиғи байлығымыз – суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет. 2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиіс. Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай – тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін ұзақмерзімді бағдарлама жасауды тапсырды. Конституцияның 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi» деп көрсетілген. Президент өз Жолдауында: «Қоғамымыздағы ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Біздің ең асыл табиғи байлығымыз – суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет» деп, барлық азаматтарды табиғат және энергетикалық ресурстарды берекелі пайдалануға шақырған. Шын мәнінде, бүгінгі күні өңіріміз үшін экологиялық мәселенің бірі-су ресурстарының тапшылығы және судың ластануы. Біздің облысты сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Есіл өзені. Одан басқа, облыс аумағында 1186 көл бар, оның 1008-і тұщы, 178-і ащы-тұзды көл. Көлдердің ерекшелігі олар мезгілімен кебеді және толады. Жылсайын табиғат қорғау прокуратурасымен су заңнамаларын қолдану, оның ішінде реттеу, пайдалану және табиғат ресурстарын пайдалану, суды қорғау белдеулері мен аумақтары шекарасы шегінде заңсыз қызметпен айналасу, облыстың су объектілерінде суды заңсыз пайдалану бойынша тексеріс жүргізіледі. Мысалға, 2012 жылдың аяғында жүргізілген тексеріс барысында жерді өз бетімен иемдену, жылқыларды заңсыз бағу, жерлерді жырту, су мотоциклінің тұрағы үшін пирс құрылысы, тастан қалап айлақ салу, Есіл өзенінің жағалауында суды қорғау белдеуінде машина тұрағы үшін эстакада салу фактілері анықталды.Су және жер заңнамаларын тексеру қорытындылары бойынша өкілетті органдарға барлығы 5 ұсыныс енгізілді, заңнаманы бұзғандықтары үшін 12 жеке және заңды тұлға сомасы шамамен 500 мың теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз салынған құрылыстарды мәжбүрлеп сырып тастау туралы сот қаулылары заңды күшіне енді, қазіргі уақытта орындалуда.«Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған барлық міндеттер біздің еліміздің әрбір азаматының өмірін жақсарту мақсатында қабылданған. Ал әрбір азаматтың міндеті Елбасының Жолдауында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Соған байланысты, табиғат қорғау прокуратурасымен алдағы уақытта да біздің өңіріміздің табиғат байлықтарын қорғау бойынша және Президент Жолдауын жүзеге асыруда шаралар қабылдана бермек.

95)Қазақстан – 2050 стратегиясы, ХХІғ жаһандық мәселелері. ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРІ. Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.Бірінші сын-қатер- тарихи уақыттың жеделдеуі.Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады. Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті.Бүкіл әлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын.Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық.Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда.Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс.Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік. Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд - адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне сөзсіз әкеледі.Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.Біз Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарықтарын тұрақсыздыққа әкелген елдің жекелеген өңірлеріндегі көші-қон қысымымен бетпе-бет келіп отырмыз.Біз таяу болашақта кері процеспен - елдің шегінен тыс жерлерден бізге келетін еңбек иммиграциясымен бетпе-бет келуіміз әбден мүмкін екенін түсінуге тиіспіз. Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас - 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар.Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің әрқайсымыздың өзіміз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз бар. Бұл - біздің үлкен жетістігіміз.Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастап келемін, онда жұмыссыздар жай ғана жәрдемақы алушылар емес, олар жаңа кәсіптерді меңгеретін болады, мүгедектер жасампаздық қызметпен белсенді түрде айналыса алады, ал корпорациялар мен компаниялар олардың еңбегі үшін лайықты жағдай жасай алады. Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр.Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек.Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар.Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз.Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы.Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр.Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр.Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда.Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз. Бесінші сын-қатер- жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда.2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді.Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр.Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады. Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы. Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдерістерді үдете түседі.Біздің еліміз бірқатар артықшылықтарға ие. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. Басқа елдер мен халықтарға біздің ресурстарымыз қажет болады.Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек.Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция. Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі - күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі - әлеуметтік теңсіздік.Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр.Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық. Оныншы сын-қатер -әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі еңсере алмай отырған 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың жалғасы. Жаһандық экономикалық жүйе 2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды.ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецессия дамыған елдердің шикізат ресурстарына қажеттілігін төмендетуге әкелуі мүмкін.Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің ықтимал дефолты «домино әсерін» тудырып, біздің халықаралық резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің тұрақтылығына күмән туғызуы мүмкін.Валюталық резервтердің қысқаруы валюталық бағамдар мен инфляцияның қысымын күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер етуі мүмкін.Осыған байланысты біз халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтарының, мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз.

96)Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты. Бұл Жолдау Тәуелсіздік қарсаңына қарсы қабылданып отыр. Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз. Біздің ортақ күш – жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгерді. Біздің алғы шепті алуымыз қиынға түсті. Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Біздің ендігі міндетіміз - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, хх! Ғасырда орнықты дамуды жалғастыру. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Бұл - еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдау. Бұл - жаңа саяси бағыт. 1.Қалыптасқан Қазақстан - мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы. 2. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын - қатері. Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын –тегеуріндермен бетпе – бет келуде. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. 3.« Қазақстан - 2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты. Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]