Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tarikh_ekzamen-1_1

.docx
Скачиваний:
83
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
200.39 Кб
Скачать

74. ХХ ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интелегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. Мәселен 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінле интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 жылдың 1 қаңтарына қарай үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту және 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 жылы Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың, атап айтқанда қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу ушін қызыл отаулар, жылжымылы кітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдаланылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа медициналық қызмет көрсетумен, орталық және республикалық биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияландырылған сипатта болды.Рас 20-жылдардың орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды.Мәселен ,1921 ж республиканың көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті.Атап айтқанда Бас саяси ағарту кеңесінің күш жігерімен «аштық» көрмелері ұйымдастырылды.Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды.Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі . Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңестер (желтоқсан,1921ж)Мәскеуде көрсетіліп ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталыққа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді.

75. 1937-1938жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары. Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын сүргін елге үлкен нәубет әкелді НКВД және ГУЛАГ қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Республиканың партия және кеңес басшы қызметкерлері түгелге жуық қуғын сүргінге ұшырады. 1937-1938жылдарда жазаланған «национал –фашистер» аталатындардың істері айғақтағандай Н.И.Ежов пен оның жандайшаптары оларға жала жабуда пәлендей бас қатырмады .Түрлі топтарға қатысқандардың ,ұлтжанды азаматтардың бұрынғы істері көтерілді,солардың қатарына кезінде республиканың мүдделерін қорғаған қазақ халқының 1931-1933 жылдарда жаппай кырылуына ашык ашық наразылық тудырған адамдар да жатқызылды .Маңызын асырып көрсету үшін РКФСР ХКК Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов ,КСРО БОАК хатшысының орынбасары Н.Нұрмақов ,Қазақ КСРОАК ТӨРАҒАСЫ Ұ.Құлымбетов бастаған «национал –фашистердің» «Қазақстанды КСРО –ДАН бөлуге және оны Жапонияның протектаратына беруге әрекет жасағандары»туралы болжам ойдан шығарылды және оларға жапон-герман ты4шылары деген жала жабылды. 1937-1938жылдарда осындай айыптаулардың негізінде Қазақстанның барлық көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері-Т.Рысқұлов ,Н.Нұрмақов ,С.Қожанов ,Ж.Сәдуақасов С.Сафарбеков А.Кенжин және басқалары жазаға тартылды .Қазақстанның ғылыми мен мәдениеті де орны толмас шығынға ұшырады.Ә.Бөкейханов ,А.Байтұрсынов ,М.Дулатов ,Х.Досмухамедов,М.Тынышбаев,М.Жумабаев,С.Сейфуллин ,Б.Майлин,С.Асфендияров,М.Жолдыбаев,Ж.Шанин,Т.Шонанов,К.Кеменгеров және т.б. қуғын сургінгіннің құрбандары болды.8.Республика өмірін соғыс салабына сай қайта құруЕң алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.ҚазКСР ХККжәне облыстардың жанынан жұмыс күшін бөлу жөніндегі бюро ,эвакуацияланған халықты шаруашылыққа орналастыру (кейбір облыстарда төтенше комиссиялар аталды),әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыстық жайғастыру ,әскери тапсырмалар және эвакуацияланған жабдықты құрастыру жөніндегі бөлімдер ұйымдастырылды.1944 жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық қалалық және облыстық кеңестердің атқарушы комитеттерінің жанынан көп балалы және жалғыз ілікті аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар бойынша бөлімдер құрылды. Соғыс жағдайларында Кеңестердің атқарушылық –өкілдік функциялары күшейді,

76. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері. 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек әскері құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазқстандыққарсыласуқозғалысынақатысты. ҰлыОтансоғысындағыерліктеріүшін 11600 адамғаКеңесОдағының батыры атағыберілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардыңішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде КеңесОдағының батыры атағы 19-танк дивизиясыныңкомандирі генерал-майор К.А.Семенченкоғаберілді, еңсоңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндайатақпанфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлынаберілді, ол 1941 ж. Мәскеутүбіндегіұрыстардаөзбатальоныменжауқоршауын 3 ретбұзыпшықты. СоғыстыБ.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштардивизиясыныңкомандиріболыпжүріпаяқтады. Ерекшеерліккөрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктерТ.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павловжәнеұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жауұшағынқұлатқан) КеңесОдағының батыры атағын 2 реталды. БатырлардыңқатарындапулеметшіМ.Мәметованың, мергенӘ.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, бронбұзушы П.К. Миллердің, минеметшіҚ.Сыпатаевтың, аттыәскерМ.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерініңкомандиріБ.П.Ущевтің, атқыштардивизиясыныңкомандиріҒ.Б.Сафиуллинніңесімдері бар. 110 қазақстандықДаңқорденінің 3 дәрежесіне де иеболды.1941 ж. маусымдағышайқасқаЛитваның Шауляй қаласының оңтүстігіне таман 219-атқыштар полкі қатысты

77. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын, мыс қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды.Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының, висмуттың, полиметалл рудалары мен қорғасынның жуығын өндірді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды. Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. Осы жылдары 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі ашылды. Атырауда мұнай айыратын зауыт салынды. Ал республика жеңіл өнеркәсіп өнімдері бойынша одақта РКФСР-ден кейін екінші орынға шықты. Қызыл Армия жауынгерлерін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуде республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қыруар жұмыстар атқарды. Ер-азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдыкорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. Жұмыс істеп тұрған электрстанциялар жүйесі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы энергетиканың жаңа ірі және орташа нысандарымен толықты. Темір жол құрылысы жалғасты. Елдің корғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға женіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары да бейімделді. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, тоқыма, тері, аяқ киім салалары жылдам дамыды. 1941 жылы Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды. Бүтіндей алғанда республика енеркәсібі өндірісі соғыс жылдары 37%-ға өсті. Бұл нәтижелерге үлкен қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді.

78. Қазақстанның-соғыстан кейінгі жыл ғы 1946-1964 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі .Соғыстан кейін Әкіммшіл-әміршіл басқарудың әдістеріне қоғам санасына дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Адам бостандығын аяққа таптау.•Еңбекшілерді еңбек құрралдарынан ажырату.•Еңбекшілерді саясаттан және биліктен ажырату.•Жеке басқа табыну үстемдігі.Мына жүйені таратып айтсақ халық санасын байлау еді.Комунитсік партияның жетекшілік рөлі артып, қоғамның түрлі салаларына араласты. 40-50 жылдары Сталинизм идеологиясы күшейді. Комунизм түсінігі Еуропа ғалымдары түсіндіруі боцынша Комунизм утопистік идея еді.Комунизмге өтудің нағыз ғылыми ойы болмады.Керісінше көз байлаушылыққа айналды.Себептері:•Ғылымға жат , тұрпайы пікірлермен алмастырылды.•Ел өндірісі статистика тек сандық көрсеткіштерге ұмтылды.50 жылдарда нақты комунизм өмірі көрінбегендіктен Сталин екінші ойды тұжырымдады: «Социялизм дамыған сайын – тап күресі күшейе түседі»«Халық жауларына» , «социялизм жауларына» қарсы әрекеттер үздіксіз жүргізіліп отырды. Соғыста тұтқынға түскендер қашқын болып есептеліп, өндірстегі апаттар кәсіби төмен мамандарды «халық жауларының» әрекеттері саналып, жазықсыз құрбандарға айналып отырды. Әсіресе осы жағыдай Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырданды ұзақ күн » шығармасында орын алды.50 жылдары «жылымық жылдарында » бірнеше ағымды әрекеттер болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады . Азық түлік тапшылығын шешу , астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды . 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко , екінші хатшылыққа Л.И Брежнев отырды. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп , оларға көптеген жеңілдіктер жасады.Ғалымдардың тың жерлерде осынша кең көлемде көп игеруі табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген болжамдары шындыққа айналды. Тың игерілген аймақтарда қазақ мектептері жабылып , қазақ халқының өз тілін ұмытуына әкеп соқтырды. Мал шығыны көбейді . Осыған байланысты 1955 жылы қаңтарда КОКП ОК Пленумы мал шаруашылығының ауыр жағдайын талдады . Сол бойынша малды бағып күтудің жаңа шаралары енгізілді.

79. Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, әлеуметтік- демографиялық салдары.Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең болды. Төртінші бесжылдық жылдары Қазақстанда астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болды. Ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі, жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы, басқарудың әкімшілдік күштеуі, экономикалық заңдармен есептеспеу. 1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Қаулының нәтижелері мынадай болды : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылуы. Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық аруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарын артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады. Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп, олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады. Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады.

80. 1965-1985 жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайы. 1964 ж қазанда жузеге асырылған партиялық аппарат төңкерісі Хрущевтік кезеңінде қарқын алған кереғар ізденістер мен пікірталасқа,ұстатпас уміт пен қайырсыз қиял атаулыға нүкте қойды. «Хрущевтік субъективті-волюнтаристік саясатын» мансұқ етіп,Л.И.Брежнев бастаған партиялық-мемлекттік иерархиялық сатылы лауазымының жаңа басшылары созылмалы кеселге ұшыраған әлеуметтік экономиканы сауықтыруға кірісті.КОКП ОК-тің наурыз және қыркуйек айларында өткен пленумдарында,партиялық құжаттарда көрсетілгендей «шаруашылық тетікті жетілдіру б\ша тарихи дерективалар» қабылданды.Осы дерективаларда «маркстік-лениндік экономика ғылымының» теориялық тұжырымдамалары көрініс тапты. Қаз\да индустрияландыру үрдістері 1965-1985 жж біршама екпінді журді.Еліміз КСРО дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды.Жалпы ішкі өнім көлемі б\ша республикамыз КСРО да үшінші орын алды.Cол аралықта импортта қарқындап өсті.Алайда бұл процестің кереғар жағы да болды.Мәселен орасан зор мөлшерде болат шығарған өнеркәсіптің өзі жоғары сапалы болатты қажетсінді.Демек егер өнімнің жалпы сұранысы сандық қатынастағы сұранысты қанағаттандырса,ал сапа жағынан өте артта қалды.Жоспардың баға көрсеткіштері де бұрмаландыАуыл шаруашылығына қаржы құюдың орасанүлкен көлемдері баламалы қайтарым бермеді.Жұмыс істеп тұрған ұйымдық шаруашылық құрылымдардың тетігі мультмилиондаған қаржы бөлуге қарамастан ұдайы тығырыққа тіреліп,жұмсалатын аса қомақты шығындарды қажетті нәтижеге бұруға дәрменсіздігін танытты.Осыдан келіп лажсыз жағдай туындады :құрылымдардың шұғыл алға ұмтылуы үшін кең ауқымды жеделдету процесін іске асыру қажет болды,ол ушін өз кезеңінде,басқалармен қатар орасан көп қаражаттар талап етілді,бірақ олар сол құрылымдарға тускен бойда,құрылымдардың өздері арқылы құрсауланып отырды.Сонымен,жылдан-жылға кеңейіп,қоғамның ғаламат қорын жұтып отырған,ауқымды да алуан түрлі шаралар кешені,арагідік экономикалық құрылымды «сілкіп қойғанымен»,оған алға жылжи түсудің жолын көрсете алмады.Бейнелеп айтқанда,ауқымды әлеуметтік эксперимент барысында құрылған құрылымдар өте күшті ырғақсыздыққа душар болды,ол инфаркт алдындағы қан қысымының жоғарылау кардиограммасын көрсетті.Нақ сол дағдарыс қоғамның жай-куйін белгіледі,жаңа утопиялық эксперименттерді дәйектеу және аяқтау үшін ресми насихат ойдан шығарған термин-тоқырау емес еді.

81. 1986 жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

82. ҚР Егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң. Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады.Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социолистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазанындағы санында Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтты.Тіл туралы заңда орыс тілі-Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылар оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды.Ғалымдар орыс тлін Қазақ КСР ІНДЕ ресми тіл деп жариялау қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен парапар екенін,озі көктеп,өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді.Декларация жобасы қызу талқылынды. Жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып,депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 1990 жылдың 15 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінен екінші сессиясында егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікір болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е,Асанбаев тарапынан «Демократиялық Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды.Оныңғ құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды.Декларациянвң негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді.Депутат С.Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлект азаматтық қоғамда, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмиді.Мәснелен, Англия құқықтық мемлекет.Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті.Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештене жоқ.Қазақ ұлты сонау ерте дәуірден тілі,діні қалыптасқан,кіндік қаны тамған өз атамекені бар халық қой.Енді келіп оны мүлдем сызып тастау мүмкін емес»-деген түсінік берді.Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазанда 18 сағат 55 минутта қабылдады.Декларацияда аса маңызды мәселе,республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды.

83. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері.Н.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.Сол күні Президент Резиденциясы мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы крнституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы-суретші Ш.Ниязбеков, елтаңбаның авторлары-Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі әнұран,мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде,мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды.Оған Қазақстан ақын, композитрлары қатысты.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуен кеңестік кезеңде М.Төлебаев, Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6 қаңтарыында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды.Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депуттар жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаев ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутарттары жаңа әнұранның авторлары Ж.Нәжмеденовпен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады.Ал әні бұрынғы қалпында қалды.2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді.Алғаш рет әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, АқмолаДА Президенттің Н.Ә.Назарбаевиың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды

84. Тәуелсіз Қазақстанның 1993-1995 жылғы Конституциясы. 1992 жылдың басында Н.Ә.Назрбаевтың бастамасымен ҚР Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін конституциялық комиссия құру туралы қаулы қаблдады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің басшылық ететін жоғарғы Кеңес депутаттарынан жамсақталған Конституциялық комиссия кемінде екі аптада бір рет үзбей бас қосып отырды. 1993 жылдың 28 қаңтарында мақұлданып, заңдық күшіне ие болды. Конституция қоғамда болып жатқан иөзгерістерге жауап беруге тиіс болғандықтан, лған да кезең-кезеңімен көптеген өзгерістер енгізуге тура келді.Конституция мазмұны «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» заңның ережелері мен ұстанымдарына сәйкес айқындалады. Конституцияның бірінші бөлімінде Қ азақстанның тәуесіз, құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім 21 тараудан тұрды.Қазақстан алағш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі ретінде жарияланды.Конституция елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға негізделіп жасалды.ҚР барлық азаматтарына теңдей құқық беру қамтамасыз етіліп , адамдардың міндеттері мен құқықтары және бостандықтары бекітілді1993 жылғы Конституцияны қайта қарау және Конституцияның қажеттілігі туралы пікір туындады. 1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай ғана жариялап қойған жоқ – онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі баянды етілді. Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан көрінеді.

85. Қ.Р. ғы қазіргі саяси партиялар ,қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған демократиялық өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан астам үстемдік құрған бірпартиялық жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Қазақстандағы демократиялық үдерістің дамуына кеңестер одағындағы Коммунистік партияға балама ретінде қалыптасқан саяси оппозиция мен бейресми қозғалыстардың ықпал еткені сөзсіз. Бейресми қозғалыс пен саяси оппозиция қатарында еліміздегі алдыңғы қатардағы зиялы қауым өкілдері, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы саяси диссиденттер, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен оны қолдаушылар болғанын айтуымыз қажет.Жалпы қазақстандық партиялар қызметіне таптық мүддені қорғаудан гөрі ұлт-азаттық мүддені бірінші орынға қою тән. Бiздiң ойымызша, қазақстандық саяси партиялардың ерекшелiгi отарлау саясатына күрес нәтижесiнде пайда болуында деп бiлемiз. Біздің бұл ұстанымымызды «Алаш» партиясының бағдарламасы да дәлелдей түседі, онда қазақ жерiнде завод-фабрика аздығына байланысты, жұмысшылар санының аздығы туралы айтылуы бекер емес.Сондықтан елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай, дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Олардың қатарында: азаматтық демократиялық «Азат» қозғалысы, «Желтоқсан» қоғамдық қозғалысы, 1991 жылы Қазақстан халық конгресі және 1992 жылы - Қазақстан халқының бірлігі одағы дүниеге келді. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын.Осы он сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі партиялар саны да бірде азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды. Ол графикте айқын көрінеді.Әрине, саяси партиялар сандық тұрғыдан ғана өзгерген жоқ, олардың қызметіндегі сапалық өзгерістерді де байқаймыз. Бұл өзгерістер бір жағынан, уақыт талабынан, яғни партиялар қызметінің заңдық-құқықтық негіздеріндегі өзгерістерге байланысты туындап отырса, екінші жағынан партиялардың есею кезеңін бастарынан өткеріп, жетілгендігінің де дәлелі. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]