Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tarikh_ekzamen-1_1

.docx
Скачиваний:
83
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
200.39 Кб
Скачать

34. 17 ғ Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Теуекел мен Есімнің Орта Азияга жасаған жорыктары кезiнде Тауекел Бухара каласының түбiнде жаралы болып қайтыс болады. Жазба деректерге қарағанда Тәуекелдің балалары жас болып, ел алдында танылмагандыктан, хандык билiктi iнici Eciм сұлтан алады. Eciм сол кездің өзiнде қазақтың көп санды әскер басшысы болған. Ташкент, Түркістан аймағын билеген, көрнекті сұлтан еді. Сондықтан да сұлтандардың көпшiлiгi Есімнің хан болуын жақтаған. Есім енді 1598 ж бастап 1628 ж шейін ел билейді. Алайда Есімге қарсы болған саяси топтар болды. Ол қатаған руынан шыққан Тұрсын Мұхаммед деген сұлтан еді. Ол 1613-1614 жылдардың шамасында өзiн хан деп жариялаған. Сөйтiп XVII ғасырдың алғашкы кезiнде қазақ хандығын екі хан билеген, содан саяси бытыранкылық болды. EciM хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, ал Тұрсын өзiн тауелсiз хан жариялап, Ташкент каласын өзінің астанасы ететi. Осы кезде бұхар хандығы мықты болып тұр еді. Бұхар хандығы Тәуекел ханның кезінде Айырылып қалған маңызды қалаларды қайтарып алу үшін соғыс ашады. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде (Самарқанд мағы) болып, бұл шайқастав Қазақ хандығы жеңеді. 1611 жылы бұхар әскерімен Ташкент түбiнде ұрыс болады. Қазақтың әскерін басқарган Есім хан жеңіске жетiп, Бұхар ханы келiсiм жасауға мәжбүр болған. Осы кезде Eciм мен Тұрсын арасында кайшылықтар туып, Eciм хан өз ордасына қайтады. Осы кезден бастап eкi қазақ хандарының арасындағы қайшылық шиеленiсе туседі. Eciм хан шамамен алғанда 1627-1628 жылдары Жетiсу жерiне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанған кезде Тұрсын хан өзінің әскерімен Түркістанға Есім ханның ордасына шабуылдаған Eciм ханның көптеген адамдарын өлтіріп, әйелiн, балаларын тұтқындап, Ташкентке кайтады. Eнді Тұрсын хан Eciм ханды өлтірмек болады Бул жағдайдың бәрiн естіген Eciм хан Ташкентке аттанады. Ташкент төңірегінде шайқас болған. «Бахр әл - асрардың» мағлұматына қарағанда Тұрсын қайтыс болған. 1628 жылы Тұррсынды өлтірумен бірге Есім хан қатаған руын да қырып тастаған. Махмұд ибн Уәлидің хабарларына қарағанда Есім хан 1628 ж қайтыс болған. Бірақ Есім хан 1643 ж дейін билік құрды деген мәліметтер бар. Есім хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. хХнның тұсында «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағы шығады. Түркістан қаласын Есім хан өзінің астанасы етті.

35. 17-18ғ. басындағы Қазақ хандығы.Тәуке ханның реформалары.Тәуке хан. XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған еді. Ірі ақсүйектер мен феодалдардың арасындағы қырқысуларды пайдаланып, жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ хандарының бірі - Жәңгір Бұкар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасасуға көндірді. Жәңгір шебер саясатшы ғана емес, сонымен бірге өте батыл ержүрек жауынгер қолбасшы еді. Оның ерліктері туралы аңыз көп. 1643 жылы 600 жанкешті сарбаздарымен Жоңғар тауының бір қуысына ұтымды бекінген Жәңгір хан жоңғарлардың 50 мың әскерінің жолын бөгеп, қарсыластарын таптап өтпекші болған жау әскеріне бас көтертпей соққы берді. Оның 10 мың адамын шығындады. Шайқас қызып жатқан кезде Жәңгірдің шақыруымен 20 мың әскерімен көмекке жеткен Кіші жүздің Жалаңтөс батыры екеуі соғыстар тарихында бұрын болмаған жеңіске жетті. Жәңгір хан өз өмірінің денін жоңғарлармен соғыста өткізіп, оларға қарсы жорықта жүріп 1652 жылы қаза тапты. XVII ғасырдың 90-шы жылдарында жоңғар феодалдарының қазақтардың жеріне шабуылы бәсендеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы жоңғар феодалдарының арам ойын іске асырмады. 1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың, ел силаған билердің қолдауына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінін туын жоғары ұстады. Тәуке хан 1687-1688 жж. Бұхара ханы Сұбхан- Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген, тіпті қаланы алуға әрекеттенген. Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан қаласы оның астанасы болған. XVII ғ. 90-шы жылдарында, яғни Тәуке ханның тұсында жонғар феодалдарының қазақтардың жеріне қысымы босаңсыды. Өйткені бұл кезде қазақ, кырғыз, оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады. Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тыйып, үш жүздің үшеуінде де тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мыңдай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жаулармен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында "Жеті жарғы" деген атаумен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға, жүзге беліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы мақсатта ол қазақ мемлекетінің саяси-құқық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа шақырды. Тәуке хан өз төңірегіне ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізді. Бұл оның халыққа кең тараған "Жеті жарғысымен" байланысты еді. Ол тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халкының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш.

36.17-18ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастары. 1723ж Жоңғар шапқыншылығы XVIII ғасырдың басында Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. 1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.Күзде Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің маңында жауға үлкен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды. Бұл шайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727-1745 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қаупін күшейтті. Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қала берді.

37. «Ақтабан шұбырынды-Алакөл сұлама». Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді. 1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды. «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқасы. Орбұлақ шайқасы — қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарғанЖәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтті. Ол жайлы мәліметті алғаш айтқан – тарихшы И.Э. Фишер. Осы шайқас жайында орыс тарихшылары А.И. Левшин, И.Я. Златкин, А.П. Чулошников, Гуревич, В.А. Моисеев, қазақ ғалымдары М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров, С.Сейфуллин жазғанымен, бірақ олардың бірде-бірі ұрыс өткен жерді нақтылап айтпайды. Тау қойнауында өткен шайқас туралы тұңғыш деректі жазып қалдырушы – Тобыл әскербасшысы Р.С. Куракин, ал оған бұл соғыс жайындағы мәліметті жеткізушілер Тобылда қызмет еткен, Ресейдің Жоңғарияға барған елшілері Г.Ильин мен К.Кучелев (Кучембердейке). Олардың 1644 жылғы хабарламасында: “Біз барғанда қонтайшы ұлысында болған жоқ… 50 мың әскермен Қазақ ордасының Жәңгір сұлтанымен, Жалаңтөспен және Алатау қырғыздарымен соғысуға кеткен екен”, – деп жазылған. Есім ханның ұлы Жәңгір шығыстан төнген жойқын қатерді көзімен көріп, қазақ руларын біріктіруге, басқыншыларға бірлесе тойтарыс беруге ұмтылды. Бұхара әміршісі, алшын (Кіші жүз) батыры Жалаңтөс баһадүрге хабарласып, көмек сұрады. Бірақ халха билеушісі Алтын ханның ұлы Омбы–Ерденемен, хошот билеушілері Үшүрті (Сесенхан) қонтайшымен және Шокур, Солжан тайпаларымен одақ құрған Батыр қонтайшы Жәңгірдің қазақтарды біріктіру жоспарын жүзеге асырмау мақсатында 50 мың қолмен жедел жорыққа шықты. Жолшыбай жоңғар шеріктері Алай және Тоқмақ қырғыздарының аумағын, бірсыпыра қазақ ауылдарын шапқыншылыққа ұшыратып, 10 мың адамды тұтқындағаны туралы хан ордасы –Түркістанға хабар жетті. Жәңгір шұғыл әрі батыл шешім қабылдап, қазақ жеріне ішкерілеген жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанды. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырады. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырады. Осы кезде Самарқандтан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып, күйрей жеңілген жоңғарлар кері шегінеді. Ұлы жеңіске арғын Ағынтай, Қомпай, найман Көксерек, Бөдес, шапырашты Қарасай, тана Жиембет жырау, қаңлы Сарбұқа, суан Елтінді, дулат Жақсығұл, қырғыз Көтен мен Табай, т.б. батырлар үлес қосқан. Бұл ұрыс қазақ қолбасыларының стратегиялық та, тактикалық та қабілетті болғанын, жауды алдын-ала зерттеп, барлап барып соғысқанын көрсетеді. Соның арқасында аз күшпен өзінен әлдеқайда көп әскерге тойтарыс беріп қана қоймай, оның 10 мыңнан асаәскерін жойып жіберген. Бұл Еуразия кеңістігіндегі жас мемлекет – Қазақ хандығының тәуелсіздігіне төнген қауіп-қатерді бірнеше жылға кейін шегерген жеңіс еді. Отандық тарихнамада Орбұлақ шайқасы өткен жер туралы бір-біріне қарама-қарсы пікірлер бар. Қазақ халқының орта ғасырлардағы тұрмысын зерттеп, тарихи шығармалар жазған қаламгер М.Мағауин “Қазақ тарихының әліппесі” атты еңбегінде ойрат-халха шабуылының хронол. өрбу тізбегін, географиялық орналасу ретін негізге ала отырып, Орбұлақ шайқасы Қазақ хандығының құрамына кірген өңірде,қазіргі Қырғыз Республикасының шегінде өтті дейді.

38. XVI-XVIIIғғ Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.Қазақ хандығы тұсында қазақ халқы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды: ақсүйектер және қарасүйектер.Ақсүйектер әлеуметтік тобына Шыңғыс хан ұрпақтары-сұлтандар, төрелер және Мұхаммед пайғамбардың үрім –бұтақтары қожалар жатқан.Олар ешбір руға жатқан жоқ бірқатар ерекшеліктері болды., Қарапайым халық қарасүйектер деп аталды. ХандарҚазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан таралғандар ғана отыра алатын еді.Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, кейде бір жүздің өзін екі немесе одан да көп билеушібасқарды.

Хан тағына отыратын адамды сұлтандар қатарынан сайлаудың өзіндік ерекше тәртібі болды. Ол үшін құрылтай жиналысы шақырылатын. Оған сұлтандар , билер, батырлар және рубасылары жиналатын. СұлтандарШыңғысханның бүкіл ұрпақтары сұлтандар деп аталды. Халық арасында оларды төрелер деп атады. Төрелер жеке әлеуметтік артықшылықты топты құрады.. Сұлтандардың айрықша артықшылық жағдайы қазақтардың дәстүрлі әдет заңында нақты кәрініс тапты. Сұлтандардың ісін билер соты қарай алмайтын. Олардың ісі тек хан сотында ғана қарала алатын. Сұлтанды өлтіргені үшін құнның мөлшері қатардағы жеті қарапайым көшпелілердің құнына тең болатын. Олар өздерінің қыздарын әдетте тек сұлтандар мен қожаларға ғана ұзататын. «Қара сүйектен» қыз алып некеге тұрғандар қарамандар деп аталатын. Сұлтандар жеке-жеке ауыл болып, көшіп-қонып жүретін.

Қожалар.өздерінің арғы аталарын Мұхаммед пайғамбардың туыстарынан тараған деп есептеді. Қожалар көшпелі қо- ғамның рухани өмірінде өте үлкен рөл атқарды. Олар ислам дінін насихаттады, оның негізгі қағидаларын уағыздап түсіндірді. Қожалар ағартушылық қызмет те атқарды. Іс жүзінде барлық салттық жоралар — балаларды сүндетке отырғызу, неке қию, үйлену, қайтыс болған адамдарды жерлеу, аруақтарға арнап ас беру міндетті түрде солардың қатысуымен өткізілді. Қожалар қатардағы қарапайым қазақтарға қыз бермейтін, некесін қидырмайтын десе де болаты

БилерҚазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды. 15- ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды.БатырларҚазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай-ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді.. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын.

Еркін көшпелілер («Қара сүйектер»)атардағы қарапайым көшпелілердің негізгі бөлігін еркін қауымдастықтың «Қара сүйектер» деп аталатын қалың бұқарасы құрады. Олар жеке бастарының өз билігіне өздері ие еркін жандар болатын. Өз руының құрамында мал жайылымының ыңғайына қарай көшіп-қонып жүрді. Қаншама көп мал ұстаймын десе де, егіншілікпен немесе басқа да кәсіп түрлерімен айналысамын десе де ерікті болды. Соғыс кезінде олар қазақтардың атты әскерінің негізгі бөлігін құрады.

ҚұлдарБас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды.

39. 17-18ғ. Қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түссе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында орналасқан. Ертеден қалыптасқан тіршліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге Жетісудан басқа жерлерде көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайлары мен тарихи дәстүрлерге, саяси жағдайға байланысты.мал бағу ауыр еңбекті,төзімділікті және өмірге икемділікті талап етеды.Қыс сұралып қатты болғанда жылдары малдың жаппай қырылуы жҰт жиі кездеседі.көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін,киім-кешек пен аяқ-киім, үй-жабдықтары,көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскер жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, ясы базарларына апаратын,соның ішінде арбалар, төсектер жеткізетін болған.Малшылар бұл өнімдерді айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарларды: мақта,жібек,бұйымдар,дайын киімдер,орамалдар,бас киімдер,сондай-ақ әр түрлі үйге керек заттар алатын.көшпелілердің астық өнімдеріне-бидай,тары,арпаға,жеміс-жидекке сұраныс өте қатты болған. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыған. Археологиялық зерттеулер ғ Отырар, Түркістан,Сауран маңындағы егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді.Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды.

40. 17-18ғ. Қазақтардың материалдық мәдениеті. Қазақ халқының тіршілік-тұрмы¬сын¬да қолөнер кәсібі үлкен маңыз¬ды орын ал¬ды. Өй¬ткені мал ша¬ру-ашы¬лығы не¬месе егіншіліктің да¬муы қолөнер кәсіпшілігімен тіке¬лей бай¬ла¬ныс¬ты бол¬ды. Мал ша-ру¬ашы¬лығы үшін ер-тұрман, ат әбзел¬дері, мал¬ды ұстай¬тын, бай¬лай¬тын жаб¬дықтар, егіншілік үшін жер жыр¬та¬тын және тыр¬ма¬лай¬тын, ас¬тықты жи¬най¬тын және өңдейтін құрал¬дар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайын¬далды. Бұл кез¬дегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қара¬байыр ша¬ру¬ашы¬лық еді. Үй-де істе¬летін кәсіп бұйым¬дардың көпшілігі та¬уарға ай¬нал¬май¬тын, өндірушінің өз от¬ба¬сын ғана қанағат-танды¬руға пай¬да¬ланы¬латын. Ха¬лық өнері, әсіре¬се, киіз үйдің жаб¬дықта¬рын, жиһаз¬да¬рын жа¬са¬уда ерек-ше өрістеді.

Бұл кез¬де оңтүстік Қазақстан қала¬лары¬ның, Ор¬та Ази¬ямен, Шығыс Түркістан¬мен, Орыс мем¬ле¬кетімен са¬уда-сат¬тық бай¬ла¬нысы жан¬данды. Осы¬ның арқасын¬да көшіп-қону¬шы және оты¬рықшы ха¬лық топ¬та¬рының эко¬номи¬калық, мәде¬ни-әле¬уметтік қарым-қаты¬насы кеңейе түсті. XVI-XVI¬II ғасыр¬ларда «Ұлы жібек жо¬лы» бойын¬да ор¬на¬ласқан Сығанақ, Са¬уран, Оты¬рар, Түркістан, Сай¬рам, Жент т. б. қала-лар¬дың тез¬деп өркен¬деуі, қазақ халқының біртұтас ел бо¬лу¬ына, же¬ке хан¬дық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Оты¬рар, Та¬раз, Сай¬рам және тағы басқа қала¬лар¬дан та¬былған күміс теңге¬лер мен мыс ақша¬лар Қазақ хан¬дығы тұсын¬да са¬уда-сат-тық өркен¬деп, ақша ай¬на¬лымы да¬мыған¬дығын көрсе-теді.

Сығанақ пен Са¬уран¬ның, Ясы мен Оты¬рар¬дың ар¬хи-тек¬ту¬ралық комп¬лек¬стері, Жәнібек пен Қасым¬ның Са¬рай¬шықтағы, Қазанғап¬тың Ұлы¬тау жеріндегі ке-сене¬лері, Маңғыс¬та¬удағы, Сыр¬да¬рия алқап¬та¬рын¬дағы және Қара¬тау қой¬на¬ула¬рын¬дағы ма¬зар¬лар өзіндік сәулет-си¬паты¬мен, ар¬хи¬тек¬ту¬ралық фор¬ма¬лары¬ның жи¬нақылық әрі айқын¬шы¬лығымен ерек¬ше¬ленді.

Ұлан бай¬тақ кең да¬лада мал бағып, күндерін та¬биғат құшағын¬да мал өрісінде, түндерін жұлдыз¬ды ас¬пан ас¬тындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлем-дегі та¬биғат құбы¬лыс¬та¬рын үнемі бақылап отырған. Қазақ халқы ас¬пан әлемін бақылау арқылы «құс жо-лы», «құй¬рықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайын¬да ұғымын кеңей¬тті

17-18ғ. Қазақтардың рухани мәдениеті. XVI-XVII ғасыр¬ларда қазақтар ара¬сын¬да ис¬лам діні кеңінен та¬рады. Оны та¬рату¬да Сығанақ, Түркістан, Хо¬резм, Бұха¬ра, Са¬марқанд сияқты қала¬лар ай¬рықша рөл атқар¬ды. Ис¬лам діні көшпелі ха¬лық ара¬сын¬да те-рең та¬мыр жайған жоқ. Оған се¬беп қақтығыс¬тар, соғыс¬тар және түрлі са¬яси қара¬ма-қай¬шы¬лықтар еді. Сон¬дықтан ха¬лықтың әсіре¬се көшпелі бөлігі ис¬лам дінін көпке дейін қабыл¬да¬май, тәңірге, күнге, ас-панға, жер¬ге, суға та¬бынуға негіздел¬ген на¬ным¬ды ұста¬ды. Қазақтар өмірінде от¬ты қаси¬ет¬теу үлкен рөл атқар¬ды.

XVI-XVI¬II ғасыр¬ларда қазақ халқының ара¬сын¬да тақыры¬бы мен жан¬ры жағынан алу¬ан түрлі ауыз әде-би¬еті кең өріс ал¬ды. Қазақ халқының по¬эзиясын¬да жы¬ра¬улар¬дың ор¬ны ерек¬ше бағалан¬ды. Жыр толғаула¬рын¬да қанат¬ты сөздер, ғиб¬ратты нақыл¬дар кең орын ал¬ды. Сол кез¬дегі қазақ по¬эзиясы¬ның аса ірі тұлғала¬ры – Шал¬киіз (XV ғ.), Дос¬памбет (XVI ғ.), Жи¬ем¬бет (XVII), т. б. жы¬ра¬улар.

Қазақтың ба¬тыр¬лар жы¬ры эпосқа тән аңыз сияқтанғаны¬мен, олар¬дың бәрі дерлік та¬рихи оқиғаларға құрылған. Мәсе¬лен, Қобы¬лан¬ды, Ал¬па-мыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қам¬бар дас¬танда¬ры та-рих шын¬дығымен қабы¬сып жатқан шығар¬ма¬лар. Қазақтың әле¬уметтік-тұрмыс¬тық дас¬танда¬ры да («Қозы Көрпеш-Ба¬ян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) фе-одал¬дық-ру¬лық қоғам¬ның өмірін үлкен ше¬берлікпен көрсе¬теді.

Бұл кез¬де Қазақ хан¬дығының мем¬ле¬кеттік құры¬лысы мен ха¬лық өмірінің ерек¬ше жағдай¬ла¬рын өзіндік өзге¬шелігімен қам¬ти¬тын қоғам¬дық ук¬лад «би¬лер сөзі», «би¬лер ай¬ты¬сы», «би¬лер да¬уы», «төрелік ай-ту», «ше¬шендік сөздер» деп ата¬латын көркемдік мәде¬ни¬еттің біре¬гей түрін туғыз¬ды. Әде¬би¬еттің бұл түрін шығару¬шылар негізінен XVI-XVI¬II ғасыр¬ларда қазақ қоғамын¬да сот ісін жүргізу¬мен ғана ай¬на-лысқан жоқ. Би¬лер хан кеңесінің мүше¬лері бо¬лып, мем¬ле¬кеттік істер¬ге бел¬се¬не ара¬лас¬ты. Со¬нымен бірге атақты би¬лер тай¬па¬лар мен ру¬лар¬дың бас¬шы-лары бо¬лып, ел басқар¬ды, жи¬ын¬дарда со¬лар¬дың аты-нан сөз сөй¬леп, ай¬тыс-тар¬тыстар кезінде олар¬дың мүдде¬лерін қорғады.

Қазақтың атақты би¬лері по¬эти¬калық та¬лан¬ты зор және су¬ырып сал¬ма ай¬ту мен ше¬шендік сөз арқылы өза¬ра ай¬тыс¬тың та¬маша ше¬бер¬лері болған. XVI-XVI-IIғасыр¬ларда би-ше¬шен¬дер ара¬сын¬да мем¬ле¬кеттік және қоғам¬дық қыз¬метінің маңыз¬ды¬лығы, ше¬шендік өнерінің күшімен по¬эти¬калық ше¬берлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазы¬бек Келдібекұлы (1665–1765), және Әй¬те¬ке Бай¬бекұлы (1682–1766) ерек¬ше орын ал¬ды. Олар тек Қазақстан-да ғана емес, со¬нымен қатар Ре¬сей¬де, Хи¬уада, Жоңғария мен Қытай им¬пе¬ри¬ясын¬да та¬нымал болған.

Бұл кез¬де қазақ тіліндегі жаз¬ба әде¬би¬ет¬тері діни және аңыз¬дық мазмұндағы кітап¬тар түрінде та¬рал¬ды, сон¬дай-ақ та¬рихи шығар¬ма¬лар мен ру¬лар та¬рихы (шежіре) жа¬сал¬ды. Олар¬дың ішінен За¬хир-ад-дин Ба-быр¬дың «Ба¬быр¬на¬масын», Ка¬малад-дин Би¬най¬дың «Шай¬ба¬ни-на¬месін», Мұхам¬мед Хай¬дар Ду¬латидің «Та¬рих-и Ра¬шидиін», Қожамқұл бек Ба¬хидің «Та¬рих-и-Қып¬шағын», Қадырғали «Жа¬ми-ат-та¬вари¬хын» және басқа да шығар¬ма¬лар¬ды ар¬найы бөліп көрсе-туге бо¬лады.

41. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы. XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]