Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

59.Су кедергілерінен өту техникасы мен тактикасы

Су туризміндегі негізгі кедергілер.

Су туризміндегі кедергілерді табиғи және жасанды кедергілерге бөлуге болады. Табиғи кедергілердің ішінде табалдырықтар, қайраңдар, қатты ағыс, және туризмнің басқа түрлерінде кездесетін кедергілерді атауға болады.

Қатты ағыс (быстрина). Өзендердің ирек-ирек жерлері қаүіпті болуы мүмкін. Егер алдын ала кемені ағыс ортасына шығармаса, ол ойыс жағаға жақындап кетіп, тоқтап немесе қирап қалуы мүмкін. Қатты ағыс арнаның тар жерлерінде пайда болады. Өткен кезде фарватерді (кеменің судағы жолы) байқау керек, әсіресе құздардың жанында. Осындай жерде ең тез ағысы жағалауға өте жақын орналасады.

Табалдырықтар – өзен арнасыныңқұлауы тік жерлерде, өзен суы жартастан, тас үйінділерінен өтетін жерде болады.

Табалдырықтардан өту ережелері:

  • жағалаудан алдын ала қарап табалдырықтан өту әдісін табу немесе тіпті одан өтпеу шешімін қабылдау;

  • қолайсыз болса да ең қаүіпсіз жолмен өту;

  • бағытты таңдаған соң оны есте сақтап, командаға көрсету, жағалаудағы жақсы көрінетін бағдарларды тауып есте сақтау;

  • таңдап алған жолды тек апат жағдайында ғана өзгерту;

  • қайықтар жақсы күйде, құтқару құралдары қол жетерлік болу қажет, байдаркада фартукті жақсылап бітеп қою керек;

  • бұйрықтар қысқа және анық болу қажет, басқалармен үйлесе қоймайтын ескекшілермен алдын ала репетиция жасау керек;

  • жорық топ түрінде өтсе, кемелер табалдырықтан кезекпен өтеді, бірінші болып жетекші өтеді;

  • егер тым қаүіпті болса, жағалаумен айналып өту керек.

Ағысқа қарсы өтілсе арқан, сырғауыл қолданады.

Қайраң суы терең жерлерге қарағанда сарғылт болып келеді. Қайраңнан өткенде түбіне отырып қалмау үшін өз қимылын сақтап тұру керек. Отырып қалса, түсіп, қайықты терең жеріне итеру керек. Егер отырып қалу жолды дұрыс таппаудан болса, қайықты шегіндіріп дұрыс фарватерге түсіру керек.

Батып кеткен ағаштар мен бөлек тастар судың астында болса, судағы шеңберлер мен кедергіден төмен орналасқан судың қайнап айналып тұруынан білуге болады.

Өзенге жақын құз (прижим) - өзеннің тік жартасты жағалауның жанындағы кесіндісі. Су осы жерге айдалып тұрғаннан деңгейінің жергілікті көтерілуі байқалады. Жағадан өзен ортасына бағытталған үстінгі ағыс қайықты жағаға жібермеуі мүмкін.

Үйінділер – суда жатқан, суға еңкейген ағаштар, тастар, қоқыс сияқты кедергілер. Үйінділер адамдарды соғып кетуі, қайықты қиратуы, т.б. зиян келтіруі мүмкін. Үйіндіні жағасымен айналып өтеді. Ондай мүмкіндік болмаса, ағаштарды шауып немесе кесіп өту керек.

Жасанды кедергілер.

Аласа көпірлер

Ағаштарды өзен суымен тасымалдау (молевой сплав).

Егер осындай кедергі кездессе, бір спортшы жүзіп келе жатқан діңдерді итеріп тұрады. Көп ағаштардың ортасына кіріп кетуге болмайды. Ағысқа қарсы келе жатса, ағаштар арасында өтуге болмайды, олар өткеннен кейін ғана қимылдауға болады. Залом – тасымалданатын ағаштар өзенге көлденеңінен үйіліп қалған жері.

Запань – тасымалданған ағаштарды тоқтатуға арналған біріне бірі мықты байланған бөренелерден жасалған бөгет. Закол – шарбақ сияқты балық аулау үшін жасалған жағадан жағаға дейін өзен түбіне қазылған және бұтақтармен үйірілген құрылыс.

Бөгеттерді айналып өту керек.

Шлюз дегеніміз кемелерді бір деңгейден басқа деңгейге көтеру немесе түсіруге арналған гидротехникалық құрылыс. Шлюздан өту үшін арнайы рұқсат қағаз болуы керек.

Айналып өту техникасы. Ең алдымен жолды барлау қажет. Жол (соқпақ) болмаса оны жасау керек. Қайықтарды ені 12-15 см кесілген және бұтақтары шабылған ағаштар үстімен сүйреуге болады. Жүгі жоқ байдарканы екі адам таси алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]