Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

57. Мұз беткейлерімен жүру техникасы мен тактикасы

Мұз.Мұз беткейінде жүру ережелері:

  • Қажетті құралдар: мұзшапқыш, кошкалар, мұз ілгектері (крючья) болу керек.

  • Басты жүк сирақ пен табан-өкшелерге түседі. Егер олар шынықпаған болса, мұз маршрутына бармаған жөн

  • Вибраммен (тайғанамауға арналған протекторы бар аяқ киім) маршрутқа шықса да, кошкалар бірге болу қажет.

  • Алдымен мұздықты қарап, жолы мен жүру әдісін жоспарлау қажет.

  • Кошкалардың тістері үшкір болу керек, сондықтан оларды жолдың алдында қайрау қажет.

  • Кошка тістерінің барлығын мұзға бірден, қайталамай кіргізу керек, себебі – соққыны қайталаса, мұз үгіле бастайды. Үлкен қадам жасамау (екінші аяқты қағып кетпеу үшін)

  • Үнемі екі тіреуден кем болмау керек, үш есепке жүру қажет: мұзшапқыш – аяқ – аяқ..Жүрген кезде әрқашан мұзшапқышпен беткейге тіреліп жүру керек.

  • Кошкалармен жүрген кезде мүмкіндікше беткейдегі тегіссіздіктерді – жарықтарды, қуыстарды, дөңестерді қолдану қажет: аяқ пен сирақты аздап жеңілдетеді.

  • Әл біткенше жүруге болмайды, алда келе жатқан адамды, әсіресе баспалдақ жасап жүрсе, кезекпен ауыстырып тұру керек.

  • Қозғалыс бағытын жер бедеріне, тіректер мықтылығына орай және күш сақтау мақсатымен таңдау керек; өрге 45-60 диагональ арқылы көтеріліп, түскен кезде – су ағуы бағытымен тура жүрген дұрыс.

  • Кошка кисең секірмеуге тырыс.

  • Мұз беткеймен жүрудің негізгі әдісі – кошкалармен жүру, сондықтан баспалдақ жасауды өте сирек қолдануға тырысу керек.

  • Баспалдақ жасағанда ең маңызды нәрсе – шапқыш соққысы күшінің дәл болуы. Соққы күші қол күші емес, мұзшапқышқа берілген инерцияға байланысты. Жайпақ мұз беткейі (20-25дейін). Кошкасыз-ақ жүреді. Тайғанақ болса кошкаларды кию қажет.

Тік емес өр (25-30). Кошкамен тура жүру керек. «Шырша» әдісін қолдануға болады.

Орташа өр (30-40 ). Қиғаштап, айқыш-ұйқыш жүріп өрмелеу қажет.

Бұрылу.

Тік өр (40-60). Тура, кошканың алдыңғы төрт тістеріне салмақ түсіріп жүрген дұрыс. Тізені бүгіп, бақайын төмен ұстап, мұзшапқыш тұмсығынан тартылуға болмайды – аяқпен көтерілу керек.

Тік өр (50-60). Кәдімгі (тістері бірдей) кошкалар, қысқа кесінділерде беткейге арқасымен бұрылып жүреді. Тізе бүгілген, қадамдары шағын, мұзшапқыш ұшымен арт жағына тіреліп жүреді.

58. Мореналар, тас шөгінділер, жартастар үстімен жүру техникасы мен тактикасы

Шөгінді үйінділер, мореналар. Шөгінді тас үйінділері жоғарыдан төмен құлаған тастардан тұрады. Олар бірте-бірте таудың етегінде жиналады. Морена дегеніміз мұздықтың сырғытып әкелген тастардан тұратын ірі үйінді болады.( Морена – мұздық тасымалдаған тастар үйінділері.)

Жүрген кезде өте сақ болу керек: кейбір тастар шайқалып тұрады, кейбіреулері тайғанақ (әсіресе жаңбырдан кейін немесе үстінде қырау, мүк, қына болса) болады. Тасты қар басып тұрса, арасындағы қуыстар көрінбей қалады да, аяқты мертіктіріп алу ғажап емес.

Жүрген кезде, түнеуге тоқтаған жағдайда тас құлайтын жерлерден аулақ болу керек. Мықты жатқан тастар күңгірт, үстінде қына өскен тастар болады – бұл қауіпсіздіктің белгілері. Ал жаңадан құлап жатқан тастар ақшыл, кескінді болып көрінеді. Мұндай жерде түнеуге, тіпті ұзақ уақытқа тоқтауға да болмайды. Тас құлағанда қатты айғайлау керек.

Жартастарда жүру ережелері:

  • Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.

  • Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдау орындарын көздеп табу керек. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.

  • Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап немесе ұрып.

  • Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалануға болады.

  • Үнемі үш тіреу болу керек, жүогенде тек бір мүшені ғана жылжыту керек.

  • Көбінесе аяқтап жүрген жөн, ал қолды тірек ретінде қолдану керек. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін салмақ ауырға түседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.

  • Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет

  • Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.

  • Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]