Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

47. Тау туризмінде кездесетін кедергілер және олардан өту

Тау, жаяу туризміндегі табиғи кедергілер. Асу, су кедергілері, шатқалдар, каньондар, ну орман, үйінділер, мұздықтар, қар, фирн, жартастар.

Техникалық табиғи кедергілер туризмнің әрбір түріне бөлек анықталады.

Жаяу туризмінің кедергілері: батпақтар, ну орман-тоғайлар, өзендерден өту, шөпті беткейлер.

Тау туризміндегі негізгі кедергілер – асулар мен мұздықтар. Сонымен қатар, қар, фирн, жартастар, су кедергілері және т.б.

Соқпақпен жүру ережелері. Жүрген кезде бір ырғақты сақтау керек. Тамыр соғуы тоқтағаннан кейін (5-6 мин) қалпына келуі тиіс, шынықпаған адамдікі – 8-10 мин. Жазық жерде рюкзакпен жүргенде жылдамдық 3,5-4 км/сағ болады. Топ созылмау керек. Жүріс жылдамдығы ең артта қалатындардың жылдамдығынан аспаған жөн, сондықтан алда келе жатқан кісі қатты асықпауы қажет және де дәл жетекшінің соңында топтың ең әлсіздерін қою керек. Топ қатты созылып кетсе, тоқтап, арттағыларды күту керек.

Шөпті беткей. Қаүіптер: тас құлауы, тайғанақ жол. Тар шатқалда келе жатқанда тас көшкіні болатын жерлерді анықтау керек. Өте қауіпті болса, алдында байқаушы тәжірибелі адамды қою керек. Көшкін басталса немесе тас домалап келе жатса, қатты дауыстап: «Тас!» – деп айқайлайды.

1. Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды

2. Беткейге еңкеймей тұру керек.

3. Тәңертең жүрген жөн.

4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау керек.

5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу керек.

6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы күшейту керек.

7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.

8. Алдағы келе жатқан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.

9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек. («Кошки» деп мұздың үстімен тайғанамай жүруге арналған аяқ киімге киілетін ұштары үшкір құрал аталады)

10. Бірінші болып жол салып келетін адамды жиі-жиі кезекпен ауыстырып тұру керек.

11. Көлбеуі 30аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады – өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады. Ол үшін топ мүшелері тізбекпен, арқан қолданып жүргшені дұрыс.

12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға (глиссаж жасауға) болмайды.

48. Асулардың қиындық дәрежесіне қойылатын талаптар

Асу дегеніміз тау жотасындағы төмен жері, бір аңғардан екіншіге өту үшін ең қолайлы жер. Асулар қиындығын бағалау үшін 4 негізгі көрсеткіш қолданылады: 1) жолдағы ең қиын жерлердің сипаттамалары; 2) асудан өтуге қажетті қозғалыс техникасы мен тактикасы және түнеу жерлерінің ерекшеліктері; 3) маршруттың сандық сипаттамалары (жалпы қажетті уақыт, жалпы қозғалыс уақыты, сақтандыру қолданып қозғалу уақыты, сақтандыру нүктелерінің саны); 4) қажетті арнайы құрал-жабдықтар. Асу қиындығы осы төрт көрсеткіштерінің жиынтығымен анықталады. Ереже бойынша, қатысушылар жорыққа дейін бұдан төмен жартылай категориялы асудан бұрын өткен болуы қажет, ал жетекшісі дәл осы жартылай категориядан бұрын қатысушы ретінде, одан төменгі категориялы асудан жетекші ретінде бұрын өткені қажет. Қиындығы үшінші категориялы асуларды басқару үшін одан бұрын бір емес, екі рет жетекші ретінде асулардан өту қажет. Туристік жорықтың қиындығын бағалаған кезде биіктігі мен осы биіктікте болу уақыты ескерілуі қажет. Қойылатын талаптар мынадай: 5000 м-ден биік асулары бар жорық қатысушылары бұдан бұрын жаңа маршруттағы максималды биіктіктен 1000 төмен болу тәжірибесі болуы қажет. Асулардың қиындық дәрежесін төрт негізгі көрсеткіш бағалайды: 1) жолдың ең күрделі кесінділерінің сипаты; 2) асудан өту үшін қажетті техника мен тактика, түнеу орындарының ерекшеліктері;

3) маршруттың сандық сипаттамалары (асудан өтуге қажетті жалпы уақыт, жалпы жүру уақыты, сақтандыру қолданып қозғалу уақыты, сақтандыру нүктелерінің саны); 4) қажетті арнайы құрал-жабдықтар.

Асудың қиындық дәрежесі төрт көрсеткіштің барлығының жиынтығымен анықталады. Жоғары категорияның кейбір көрсеткіштері кездесетін болса, оларды өтуді қиындататын фактор ретінде белгіленеді, бірақ асудың қиындық дәрежесін жоғарылатпайды.

Классификациялық көрсеткіштерге қаүіп кірмейді (қар, тас көшкіндері, т.с.с.) Туристік жорықтар қиындығы (күрделілігі) бойынша алты дәрежеге бөлінеді. Жорықтың күрделілік дәрежесі (категория сложности похода) үш классификациялық көрсеткіштер жиынтығымен анықталады: 1) ұзақтығы; 2) қашықтығы; 3) маршруттың техникалық күрделілігі.

49. Тау туризмінің бірінші қиындық дәрежесіндегі жорықты ұйымдастыру тактикасы мен техникасы.Кеңес Одағында маршруттардың қиындығы бойынша жіктелуі соғысқа дейін басталды. 1990 жылы классификацияға 4000 маршрут болған. Альпинизмде маршруттар жер бедері бойынша жартасты, қар-мұз және түйдектелген (комбинированные) болады. Шыңға шығумен бірге траверстер де жіктеледі. Траверс дегеніміз – кезегімен екі немесе одан көп шыңға бірінен кейін бірі шығу. Шыңдарға шығу мен траверстер 11 дәреже (категория) бойынша бөлінеді: 1б; 2а; 2б; 3а; 3б; 4а; 4б; 5а; 5б; 6а; 6б. Батыс елдерінде 20-жылдарда 6 сатылы Вельценбахтың қиындық шкаласы (Мюнхендік классификация) пайда болды. Ол жалпы түрде қазіргі UIAA халықаралық альпинизм одағының классификациясына сәйкес. Альпі тауларында 1947 жылдан бастап қабылданған классификация алты рим цифрларымен белгіленетін категорияларға бөлінеді. ІІІ категориядан бастап дәлдік үшін қосымша «+» (плюс) және «-» (минус) белгілері енгізіледі. Кедергілердің қиындық дәрежесі дегеніміз – белсенді туристік саяхаттағы кедергілерді сипаттайтын көрсеткіш. 1989 жылдан бастап тау жорықтарына шыңдарға шығу мен траверстер де енгізілетін болды. Мұндай элементтер саны екіден аспау керек, ал қиындығы маршрут күрделілігін анықтайтын асулар қиындығынан аспау керек. МКК өз еркімен шыңға шығумен траверстері бар жорықтарын қабылдау үшін қажетті асулар санын қысқартуға қақысы бар. Күрделілігі 1-ден төмен жорықтар дәрежесіз болып есептеледі. Әрбір жорықта қандай да болсын қиындық дәрежедегі кесінділер кездесуі ықтимал. Осындай жорықтарға қатысқан адамдар тәжірибесі сондай кесінділерге сәйкес келу қажет. Ондай дәреже болса, қатысуға рұқсат беріледі. Бірақ спорттық дәреже берілгенде есептелмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]