Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

44.Қозғалыс пен демалып тоқтау тәртібі. Жетекші, соңынан жүретіндер, қатардың соңында жүруші.

Тау өзендерінен өту ережелері.

  1. Жағалауды, арна бедерін, су ағысын, тереңдігін алдын ала қарап алу керек. Тіректерді, құрал-жабдықтардың бар-жоғын, оларды қолдану мүмкіншіліктерін анықтау.

  2. Топ қабілетіне байланысты судан өту әдісін таңдау.

  3. Өту орны мен уақытын анықтау.

  4. Өтуді бақылау мен басқаруға қолайлы орын табу.

  5. Өзен бойымен төменірек жерде ұстап қалу пунктін ұйымдастыру. Ол үшін ең күшті, тәжірибелі адамдарды қою керек.

  6. Қиын жағдайда тек қос сақтандыруды қолдану қажет.

  7. Топ жетекшісі арқан, карабиндер, байлаулардың дұрыс қолдануын тексеруі қажет.

  8. Судан өтудің алдында бекіту нүктелерін, арқан мен карабиндердің сау күйін тексеру қажет.

  9. Әрекет реті мен әдістерді дұрыс қолдану жөнінде инструктаж жасау керек.

  10. Бірінші болып ең тәжірибелі, білікті спортсмен жүреді.

  11. Өткен кезде ағысқа қарсы қиғаштап жүру, міндетті түрде екі жерден сақтандыру жасау қажет («усы»).

  12. Сырғауыл қолданып өткенде таяқты жоғары жақта тіреу қажет.

  13. Арқан (перила) қолданса, оны төмен жағынан ұстап өту керек.

  14. Ұстап қалу бауын қолдануға болмайды.

  15. Екі және одан көп адам қиын жағдайда бірге өтпейді.

  16. Жағалары алыс болса, тек қос арқан қолданылады.

  17. Ілме өткел болса карабин арқылы жіппен тек алдына қарап өтуге болады, басқа жағалауда басын соғыл алмау үшін.

  18. Ілме өткелде жүк бөлек, адамдар бөлек көшіріледі.

  19. Тәртіп сақтау қажет, өткелге шақырылу алдында спортсмен қаүіпсіз жерде тұру керек.

  20. Ұйымдасырушылар мен сақтандырушылар сенімді өзін өзі сақтандырып тұруы керек.

Батпақтар, ну орман. Ескі суаттарда пайда болған батпақтар ең қаүіпті. Сырғауыл ұстап, абайлап жүру қажет. Батпаққа батып бара жатса, оған жақындамай, ұзын таяқ немесе арқан ұшын беру керек.

Қалың орман ішінде жүргенде, адасып кетпеу үшін компас, басқа да бағыт анықтаушы әдістерді қолдану керек. Аю сияқты ірі жыртқыштар бар жерде шулап, дауыстап жүрген дұрыс. Орманның ішінде өртке қарсы шараларды мүлтіксіз орындау керек. Ұсақ жәндіктерден, жыланнан қорғану үшін сырты жабық киім кию, әртүрлі арнайы химиялық құралдарды қолдану керек. Кенеден сақтану өте маңызды: кене қауіпті энцефалит ауруын тарататын жәндік.

46. Тау туризм жорықтарына қойылатын талаптар

Кеңес одағында маршруттардың қиындығы бойынша жіктелуі соғысқа дейін басталды. 1990 жылы классификацияда 4000 маршрут болған. Альпинизмде маршруттар жер бедері бойынша жартасты, қар-мұз және құрамалы (комбинированные) болады. Шыңға шығумен бірге траверстер де жіктеледі. Траверс дегеніміз кезегімен екі немесе одан көп шыңға бірінен кейін біріне шығу. Шыңдарға шығу мен траверстер 11 дәреже (категория) бойынша бөлінеді: 1б, 2а, 2б, 3а, 3б, 4а, 4б, 5а, 5б, 6а, 6б. Батыс елдерінде 20-шы жылдарда 6 сатылы Вельценбахтың қиындық шкаласы (Мюнхендік классификация) пайда болды, ол жалпы түрде қазіргі UIAA (Union Internationale des Assotiations dAlpinisme), Халықаралық альпинизм одағының классификациясына сәйкес. Альпі тауларында 1947 ж. бастап қабылданған классификация алты рим цифраларымен белгіленетін категорияларға бөлінеді. ІІІ категориядан бастап дәлділік үшін қосымша «+» (плюс) және «–» (минус) белгілері енгізіледі.

Кедергілердің қиындық дәрежес і( категория трудности) дегеніміз белсенді туристік саяхаттағы кедергілерді сипаттайтын көрсеткіш (саяхаттың өзін сипаттайтын күрделілік дәрежесімен (категория сложности похода) шатастырмау керек).

Асулардың қиындық дәрежесін төрт негізгі көрсеткіш бағалайды:

1) жолдың ең күрделі кесінділерінің сипаты;

2) асудан өту үшін қажетті техника мен тактика, түнеу орындарының ерекшеліктері;

3) маршруттың сандық сипаттамалары (асудан өтуге қажетті жалпы уақыт, жалпы жүру уақыты, сақтандыру қолданып қозғалу уақыты, сақтандыру нүктелерінің саны);

4) қажетті арнайы құрал-жабдықтар.

Асудың қиындық дәрежесі төрт көрсеткіштің барлығының жиынтығымен анықталады. Жоғары категорияның кейбір көрсеткіштері кездесетін болса, оларды өтуді қиындататын фактор ретінде белгіленеді, бірақ асудың қиындық дәрежесін жоғарылатпайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]