Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

68. Жер бедер формалары мен элементтері.

Таулар немесе таулы аймақтар дегеніміз тектоникалық үрдістердің нәтижесінде пайда болған, тілімделген және биіктіктің шұғыл айырмашылықтарымен сипатталатын, жер бетінің биікке көтерілген үлкен аймақтары болып табылады.

Тау бөктері (предгорья) – таулар мен тау жүйелерінің шеткі аласалау өңірлері. Адырлы немесе таулы болады.

Шоқы ( пик) –үшкір шың

Шың – таудың ең биік нүктесі. Шыңдардың талай түрлері болады: шоқы, «ине», «тіс», «мүйіз», мұнара, пирамида, конус, күмбез, «үстел тау».

Тау массивы – биіктік айырмашылығы шамалы болатынтаудың бөлек тобы.

Тау жотасыұзынынан-ұзақ түзілген, ойпаттар және асулармен бөлінген тау шыңдарының тізбегі. Беткейлері сайлармен тілімделген.

Тау тізбегі – бірнеше ұзын тау жоталарының тобы.

Таулар тобы – басқа тау топтарынан терең және енді аңғарлармен бөлінген таудың дербес тобы.

Қырқа, жота – тау жотасының қарама-қарсы беткейлерін қосатын сызық. Жоталар үшкір, жайпақ, ара тәрізді (испан тілінде сьерра) болады.

Жартас мойнағы (перемычка) – екі шағын төбенің («жандармның», шағын шыңның) арасындағы жота бөлігі.

Асу – жотаның ең төмен жері, жотадан екі жаққа қарай төмендейтін аңғарларды қосатын, бір аңғардан екіншіге өтуге жеңілдеу жері.

Беткей – таудың жоғарыдан төмен қарай орналасқан кең жағы.

Таудың қыры – тау шыңы тұсындағы қысқа жон, негізгі жотадан басталатын екінші дәрежедегі жота.

Контрфорс – таудың немесе жотаның тік беткейінде орналасқан анық көрінбейтін қыр.

Иық (плечо) – жотаның жайпақтау, бүгілген жері, жотаның шыңның жанындағы кертпеш.

Шұғыл көтерілу (взлёт) – жота көлбеуінің күрт өсуі.

«Жандарм» - жота шыңыныңмаңындағы екінші дәрежедегі шағын шың, жартас.

Аңғар – екі беткейдің қосылатын жері (олардың қиылысы аңғар түбін қалыптастырады), жер бедерініңұзартылған оыйс формасы. Түбінде әдетте өзен немесе кеуіп кеткен су арнасы орналасады. Аңғар түбі көктемде немесе су асқыны кезінде суға толатын болса, оны жайылма дейді. Егер аңғар баткейі немесе түбі сатыларды құраса, ол террасалы аңғар болады.

Аспалы (висячая) аңғар – түбі негізгі аңғар түбінен әлдеқайда биік орналасқан және оның шеті жыра болып құлап жатқан сала болып келген аңғар.

Шатқал (ущелье) – тік беткейлі, профилі V-тәрізді аңғар.

Каньон – беткейлері тік, терең, тар шатқал, түбі тар, толығымен өзен суымен толтырылған.

Қазаншұңқыр (котловина) – тау арасындағы ірі шеңберлі немесе сопақ ойпат.

Кар – таудың шың маңайындағы тостаған тәрізді шұңқыр. Кейде кардың ішінде кар мұздығы немесе фирн жатады.

69-70Туристік саяхаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Сақтандыру және өзін сақтандыру

Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері:

1. Маршрут қатысушылардың қабілетіне сәйкес болуы керек.

2. Алдын ала жолды, жер бедерін, қауіпті жерлерін, су көздерін, маркировканы, маршруттан кетіп қалу жолдарын біліп алу қажет.

3. График қозғалыс тәртібін әзірлеу.

4. Дайындықсыз, акклиматизациясыз жолға шықпау.

5. Алдын ала ауа райы болжамын біліп алу.

6. Өте қолайсыз табиғи жағдайларда жолға шықпау.

7. Қараңғы уақытта жолды өте жақсы білгенде және құтқару жұмыстары кезінде ғана шығу.

8. Құрал-жабдықтарды, азықты, туристер денсаулығын мұқият тексеру, сырқаттанғандарды маршрутқа жібермеу.

9. Беделді жетекшісіз жолға шықпау.

10. Таңертең ерте шығу.

13. Аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау.

14. Киім, аяқ киім бүтін, кебу болу керек.

Қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

1. Топпен жүру.

2. Тәртіп. Кетсе тек қана сұранып кетуі керек.

3. Беделді, білгір жетекші.

4. Аса жылдам жүруге болмайды.

5. Режим. Ағза терморегуляциясы.

6. Бір біріне көмек беру.

7. Батып кету немесе суық тию қаупі бар суда шомылмау.

8. Жолды қысқартам деп қауіпсіздікті бұзбау.

9. Тұман, қараңғы уақытта, нашар ауа райы кезінде жүрмеу. Жолдың үлкен жартысын таңертең өту.

10. Бос жатқан тастары бар беткеулер мен сайларда байқап жүру.

11. Ең қауіпсіз жолды таңдау.

12. Заттарды ұмытып қалмау, жоғалтпау.

13. Қар көшкіні қауіпі бар жерлерге бармау.

14. Спирт ішімдіктерін ішпеу.

15. Үсіп қалмауды бақылау.

16. Қатты жауын, бұршақ болса сая жерде тығылып, оның аяқталуын күту.

17. Көз бен ашық жерлерді күн радиациясынан қорғау.

18. Найзағайдан сақтану:

а) жотадан түсу;

б) темір-терсектерді жинап адамдардан алшақ (10м) қою;

в) бөлек тұрған ағаштың астында, су жағасында тұрмау;

г) жүгірмеу;

д) бір біріне жақындамау;

е) орман шетінде, ағын судың жанында тұрмау;

ж) металл сымдары бар жерде тұрмау;

з) мүмкіндікше изоляциялық материалда тұру;

и) жай адамға түссе міндетті түрде өлмейтінін білу қажет, дер кезінде жәрдем берілсе, аман сақтап қалуға болады;

19. Судан дұрыс тәртіппен өту;

20. Рюкзакты дұрыс толтыру, жолдасыңды жаралап алмау үшін үшкір заттар рюкзактан шығып тұрмау керек.

Ең алдымен таңдаған орын қауіпсіз болу қажет. Өзеннің аласа жағалауында, аралдарда, тартылып кеткен өзендердің арналарында, тар шатқалдар мен каньондардың түбінде су тасқыны қауіпі себебінен бивак орнатуға болмайды. Жай түсу (найзағай) қауіпі болғандықтан асуларда, жоталарда, шыңдарда тоқтауға болмайды. Бивак жанында кесіле бастаған, шіріген, тесіктері бар ағаштар болмау керек: жел соқса олар құлауы мүмкін.

Түнеу орнын қараңғы түспей орнату керек. Бір адамға 2х0,75 м жер болса ыңғайлы болады. Жылы маусымда ең оңай жасалатын баспана жіңішке ағаш пен матадан жасалған күрке болады. Мата не пленка болмаса құры ағаштан да жасауға болады. Шырша немесе қарағай бұтақтарын шифер сияқты салу керек, сонда су күркенің астына ақпай сыртына қарай кете береді.

71.Жорықтың медициналық қамтамасыздануы

Түтек (тау ауруы).

Белгілі биіктіктен бастап оттегінің жетіспеушілігі (гипоксия) басталады.

Таулы аймақтар шартты түрде үш сатыға жіктеледі.

  1. Аласа таулар – 800-1000 м.

  2. Орта таулар – 100-3000 м.

  3. Биік таулар – 3000 м-ден жоғары.

Гипоксиядан басқа да факторлар әсер етеді. Биіктеген сайын ауа температурасы әрбір 100 метрге 0,6 С төмендейді, ағзаның алмасу үрдістері қарқынды өтеді, жүрек-тамыр мен тыныс жүйелеріне ауыр жүк түседі. Ауа ылғалдылығы да төмендейді: 2000 м биіктікте теңіз деңгейінен екі есе төмен , ал 6000 метрде ауа мүлдем құрғақ, сусыз болады. Мұндай жағдайда терінің, тыныс органдарының барлық ылғалдығы булануға ұшырайды. Тыныс аурулары болуы мүмкін. Дененің ашық жерлерінде жаралар пайда болады. Жоғары биіктікте космос пен күн сәулеленуі өте жоғары. Бұл себептен әл құрып кетеді, дене қызады, бұлшық еттер қақсайды, бет терісі мен көз күйігі болады және т.б. Сондықтан мұздық, қарлы тауларда жүргенде арнайы мазь қолдану, марлямен оралу, арнайы қара көзілдірік кию керек.

Кері әсер тигізетін факторлардың ішінде қатты жел, күн мен түн температураларының үлкен айырмашылығын, ауаның жоғары ионизациясын да атауға болады.

Түтекті алғашқы болып монах Хосе Акоста Перу Андыларында 4500 метр биіктікке көтеріліп сүреттеп беріп бұл ауруды тау ауруы деп атапты (1950 ж). Швейцарлық Г. де Соссюр 1788 ж алғашқы рет Монбланға шыққаннан кейін бұл ауру оттегігің жетіспеуіне байланысты деп болжаған. Бірақ толық дәлелдемені француз ғалымы Поль Бэр жасаған (1878 ж).

Тау ауруын болдырмау немесе салдарын азайту үшін акклиматизация қолданылады. Акклиматизация деп ағзаның белгілі бір қиын жағдайларға, оның ішінде биіктікке лайықтануын айтамыз. Акклиматизация бірте-бірте, саты түрінде жүргізілуі қажет. Мұндай әдіс «ара тілдері» әдісі деп аталады. Оның мағынасы – биіктікке бірте-бірте көтерілу. Келесі түнеу орны кешегісінен жоғары орналасады, ал күндіз бұл түнеуден биік жерге көтеріліп түсу қажет. Солай күнде жететін, түнде түнейтін биіктікті жоғарылатады.

Қажалу - өте жиі кездесетін сырқат. Ең көп қажалатын жерлер – аяқ, бел, арқа. Аяқ қажалмау үшін аяқ киім мен шұлықтарды дұрыс таңдау керек. Аяқ киім сәл үлкендеу болғаны жақсы: онда жылы шұлық аяқ киімді тар қылмайды. Жорыққа судай жаңа аяқ киім киіп шықпау керек. Шұлықтарды тоқтаған сайын түзеп тұру керек, аяқ киімді шешіп демалдыру қажет. Оттың жанында аяқкиім мен шұлықтарды кептіруге болмайды. Аяқ пен шұлық таза болуы керек.

Арқа мен бел қажалмау үшін рюкзакты дұрыс арту керек: арқа жағы жұмсақ, ауыр жүк түбінде, рюкзак тығызданып тұру керек.

Қажалып қалса «Спасатель», «Құтқарушы» т.б. мазь, пластырь қолдану керек. Көпіршікті инемен тессе, әрі жүруге болмайды, сондықтан мұндай операцияны жатар алдында жасау керек.

Күн өтіп кету. Белгілері: әлсіздік, бетінің қызаруы, бастың ауруы, айналуы, қан соғуы мен тыныстың жиілеуі. Ауруды көлеңкеге апарып, киімін шешеді, басын суық сумен сулайды. Талып қалса 1-2 мл 20 % кофеин ертіндісін немесе 1-2 мл кордиамин терінің астына егеді. Жатқызып немесеотырғызып тасымалдау керек.

Күйік. 1 дәреже: күйген жері дененің 5 % аспайды. Тері қызарады, ісіңкірейді, күйік сезінеді. Дәреже: осылармен бірге көпіршіктер пайда болады. Күйік дененің үлкен бөлігін алса, шок боуы мүмкін. Арнайы күйікке қарсы зат жағады. Болмаса, спирт, калий перманганатын жағып асептикалық бума жасайды. Шокқа қарсы шаралар қолданылады.

Үсік. 4 дәрежесі бар. І дәреже: дененің көгеруі, одан кейін қызаруы, ісіңкіреуі. ІІ дәреже: эпидермистің қатпарлап түсуі, көпіршіктердің пайда болуы. ІІІ дәреже: терінің, еттің өлімсіреуі. ІV дәреже: ілімсіреу, оның ішінде сүйектің өлімсіреуі. Тауда дірілдеп-қалтырау, ұйқышылдық, апатия, есінен тану, қан соғуының әлсіз болуы байқалады. Усіп кеткен адамды палаткаға, үңгірге жеткізеді. Денесі мен үскен жерін спиртпен, жұмсақ жүн шүперекпен, алақанмен уқалайды. Қармен уқалауға болмайды. Одан кейін жылы киіндіреді (әсіресе қол-аяғын), ыстық тәтті шай мен аздап алкоголь береді. Уқалаған кезде инфекция кіргізіп алмау керек. Мазь жағып асептикалық орау жасау керек.

Көздің күйіп кетуі. Белгілері: көздің уақытша көрмей қалуы, көздің түйіліп ауруы, көз бен қабақтың қызаруы, ісінуі. Көзді калий перманганат ерітіндісімен немесе бор қышқылы ерітіндісімен немесе суық шаймен шайып асептикалық бума тағу керек.

Өкпенің қабынуы (пневмония). Тауда жиі кездеседі және өте жылдам асқынып кетеді. Қабыну факторлары: гипоксия, әлсіздеу, тоңу, түтек, аштық. Белгілері: дірілдеп-қалшылдау, дененің қызуы (38-39 ), тотығу, әлсіздік, кеуденің қақсауы, қақырып жөтелу. Сульфаниламидтік дәрілерді беру, әсіресе антибиотиктерді: пенициллин, стрептомицин, тетрациклин. Жөтелге қарсы дәрілер , оның ішінде кодеин, дионин.

Тонзиллит (ангина). Әлсіздік, дененің қызуы, жұтқанда тамағы ауырады, жұтқыншақ пен көмекейі қызарады. Дезинфекциялайтын ерітіндімен шаю (калий перманганаты, натрий гидрокарбонаты, риванол, фурацилин), тамағын жылтатын компресс жасау, тәулігіне 4-6 рет 0,3 г стрептоцид ішу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]