Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

55. Мұздықтар.

Мұздықтар жауын-шашынның қатты түрлерінің жинақталуынан пайда болады. Қардың жоғарғы қабатының қысымы мен су буының булануына әуелі фирнге, кейін фирн мұзына айналады, ал нәтижесінде көкшіл тығыз глетчерлік мұз болып кетеді. Тау беткейлерінде орналасқан мұз төмен қарай ағып мұздықтарды қалыптастырады. Тау мұздықтары жылына 10-300 м жылжиды. Мұздық екі негізгі бөліктен тұрады: фирн-қар алабы немесе қоректеу зонасы және еру (абляция) зонасы – мұздықтың тілі. Қар сызығы дегеніміз ерімейтін, фирнге айналып жататын қар сақталатын шекара. Мәңгі қар дегеніміз қар сызығынан жоғары орналасқан қар мен мұз, мұнда қар келуі қар шығынынан асып түседі.

Мұздық түрлері:

Мұз жамылғысы – мұз толығымен дерлік астындағы жер бедерін жауып тастайды. Қоректену зонасы мұздықтың орталық тұсында орналасады, осы жерден басталып мұздық жан-жаққа тіл сияқты түрде ағып тарайды (мысалы, Эльбрус мұздықтары).

Баффин Жеріндегі мұз жамылғысы

Кар мұздығы тау беткейіндегі кар немесе мульда түбінде жатады. Мұз тілі кар шетінен аспайды.

Кар мұздығы

Аспалы мұздық (висячий) таудың жотаның тік беткейінде орналасады.

Мак-Кинлидегі Харпер аспалы мұздығы

Жаңартылған (возрождённый) мұздық аңғар мұздығының сынықтарынан пайда болады. Аңғар мұздығының сынықтары төмен қарай жырадан құлайды да түбінде жаңа мұздық қалыптастырып бірге қатып қалады.

Аңғар мұздығының ап-анық қоректеу зонасы мен аңғарға жылжитын тілі бар. Бірнеше саласы бар мұздық күрделі мұздық деп аталады.

Памирдегі Федченко аңғар мұздығы

Жан-жаққа ағатын (перемётный) мұздық екі жаққа бөлініп ағады, ал қоректену зонасы ортақ болады. Мұз жер бедерінің формалары.

Қар кертпеші – желбағыты жағына асылып тұрған қар кертпеші.

Қарлы беткей.

Қар көшкінінің науасында жиі-жиі көшкіндер болады.

Көшкін конусы – көшкін жиі ағатын сайдың төменгі тұсындағы конус тәрізді, тығыздалған қар.

Қар өрісі (снежник) – күннің көзі мен жел жетпейтін жерде орналасқан қимылсыз жатқан қар жинақталуы. Мұздықтың қоректеу зонасы болып табылады.

Қар үстірті – тау арасында орналасқан жайпақ, қарлы-фирнды өріс.

Мұздық тілі – қоректену зонасынан тыс аңғар мұздығының өзі.

Тау астындағы жарық (бергшрунд) мұздықтың қоректену зонасында болады. Жартасқа жабысып қатып қалған фирнның шетінде болады.

56. Қар, фирн үстімен жүру техникасы мен тактикасы

Қартүрлері өте көп: дымқыл қар, үлпілдеген жұмсақ қар, біраз жатып тығыздалған қар және т.б. Бірнеше жыл жатқаннан кейін қар қатты тығыздалады, оның құрылымы өзгеріп ол фирнге айналады.

Фирн – мұзға әзірше айналып кетпеген қардың тығыздалып өзгерген түрі болып табылады. Фирн таудың биік жерлерінде, мұзды, өңірінде қалыптасады.

Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:

1. Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды

2. Беткейге еңкеймей тұру керек.

3. Тәңертең жүрген жөн.

4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау керек.

5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу керек.

6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы күшейту керек.

7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.

8. Алдағы келе жатқан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.

9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек. («Кошки» деп мұздың үстімен тайғанамай жүруге арналған аяқ киімге киілетін ұштары үшкір құрал аталады)

10. Бірінші болып жол салып келетін адамды жиі-жиі кезекпен ауыстырып тұру керек.

11. Көлбеуі 30аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады – өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады. Ол үшін топ мүшелері тізбекпен, арқан қолданып жүргшені дұрыс.

12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға (глиссаж жасауға) болмайды.

Қарлы жер бедерімен қозғалу қар күйіне байланысты. Ең қолайлысы – тәңертең жүру. Күндіз, қар еріген кезде өте қиын болып кетеді. Дәл осындай жағдай – жаңа қалың қар түссе де болады.

Мұздықтың үстінде қар жатпаса оны ашық мұздық дейді. Мұздың үстінде қар жамылғысы болса ол жабық мұздық. Мұздық үстімен жүріп келе жатқанда қар астында көрінбеітін жарыққа құлау қаүіпі бар.

Мұз жарығының үстіндегі жұқа қардың үстімен жүру үшін алдымен мұзшапқышпен оның мықтылығын байқау керек. Егер әрең кіріп, қардан өтпесе, мықты, аяқты дәл бір бірінің ізіне салып, міндетті түрде сақтандырумен өтуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]