Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Электр желі

Электр желі (пәтердегі) көпшілік тұрғын үйлерде сенекке орналасқан бөлу қалқанынан таратылады. Қалқандағы жалпы ажыратқыдан пәтерге 2 не 3 см тартылады. Олардың бірі төбедегі жарық көзін, екіншісі штепсельдік розетканы, ал үшіншісі электр плиталарын (кейбір үйлерде) токпен қоректендіреді. Әр желінің автоматты айырғысы не токқағары болады; желінің бірі қысқаша тұйықталғанда қажетті токқағар іске қосылады да үй басқа сау торапқа (мысалы, штепсельдік розетка желісі) қосылатын жарықтандырғыштан қуат алады. Электр желісінің екі сымының біреуінде фазалық сым деп аталады кернеу болғандықтан, осы сым мен екінші (нөлдік) сымның арасында қауіпті 220 в не 127 в кернеу пайда болады. Дәл осындай кернеу фазалық сым және жермен электрлік контактіде болатын (мысалы, су құбыры), электр тогын жақсы өткізетін кез келген заттың арасында да кездеседі. Сондықтан, электр желісінің изоляцияланбаған тұсына шам патронының не айырғының контактілеріне қол тигізуге болмайды, ондай жағдайда ток соғуы мүмкін. Ол адам өміріне өте қауіпті.

Пәтердегі электр желісімен жұмыс кезінде міндетті түрде қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн; автоматты айырғының не тығынды токқағардың дұрыстығын, сондай-ақ электр сымдарының изоляциясын қадағалап отыру керек.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар

Мысалы. Жарық техникасы.

2. Мәтінді оқып аударыңыздар, күрделі етісткті және етісті табыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

4. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Электр желі көпшілік тұрғын үйлерде сенекке орналасқан бөлу қалқанынан таратылады.

5. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (11-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1.Көркем табиғат тақырыбына әңгіме жазыңыз.

2.Электр желілерінің қауіпсіздік шаралары тақырыбына әңгіме дайындаңыз.

3.Қазақстанның экологиялық аймақтары.

12-тақырып. Жер құнары-өмір нәрі. Ақ бидай.Трансформатор.

Сабақтас құрмалас сөйлем (мезгіл, мекен, мақсат).

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Жер құнары - өмір нәрі

Жер деген - әркімнің туған анасы тәрізді. Жалпы адамзат баласының өмір сүрген ортасы жер планетасы болғандықан, жерде өсетін өнімдер түрлі жеміс-жидек көкөністер мен олардан бөлінетін дәрумендер адам организміне өз пайдасын тигізеді. Жердің құнары – адам өмірінің нәрі. Егер жерді сүйсең, сырын білсең, ол саған құнары мен нәрін береді. Жер – ана тәрізді, жыламасаң, еңбек етіп тер төкпесең, ештеңе бермейді. Жер еңбек еткенді сүйеді. Еңбек оны түрлендіреді. Еңбек жердің қасиетін, құдіретін аңызға айналдырады. Біздің осы көп өнім алып жүрген жеріміз күнделікті түрлендіріп, гүлдендіріп бағып - күтуді талап етеді.

Мұндай жерден өнімді тыңайтқыштың күшімен және еңбектің, мына қолдың күшімен алып келеміз. Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал-мәтелдерде осының дәлелі. Сол себепті «жердің қасиетін арпа,бидай дән егіп, оны орған біледі» демекші, күнделікті өмірде тұтынатын тағамдар мысалы, нанның өзі жерден өсіп шығатын арпа, бидайдан алынатынын білеміз.

Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны баптап, аялай білу керек. Жерді білу дегеніміз – оның қасиетін, топырағының қасиетін, білу деген сөз.

Тапсырмалар.

1.Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2.Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3.«Жер туралы», «Еңбек туралы» мақал-мәтелдерді дәптерлеріңізге жазып жаттап алыңыз.

4.Жер, өнім, өмір, еңбек, аяла сөзерін қатыстырып сөйлем құрастырып жазыңыз.

5.Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны баптап, аялай білу керек. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]