Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.

Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.

Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.

Тапсырмалар:

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

  • Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба?

  • Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

  • Әр күнге жоспар құрасыз ба?

  • Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?

  • Уақыт – алтыннан қымбат дейді.

2. ХХ ғасыр ғажаптарын атаңыз.

Мысалы:

а) адам ғарышқа ұшты; в)

ә) медицина жақсы дамыды; г)

б) техника өте жақсы дамыды; ғ)

3. Мәтіннен сөз таптарын тауып ажыратыныз.

МЕНІҢ КҮН ТӘРТІБІМ

1. Мен ылғи таңғы сағат жетіде (700) тұрамын.

2. Мен жуынамын, тісімді тазалаймын. Таңертеңгі асымды жеті сағат отыз минутта (730-да) ішемін.

3. Одан кейін таңертеңгі сағат сегізде (800-де) автобуспен университетке кетемін, өйткені бірінші сабақ сағат тоғызда (900-де) басталады.

4. Сабақ кестесі бойынша біз аптасына алты күн, күніне бес сабақтан оқимыз,

5. Мен кешкі сағат бесте (500-де) келесі күннің тапсырмасын орындауға кірісемін.

6. Мен сағат жетіде (700-де) жолдастарыммен кездесу үшін аулаға шығамын.

7. Кешкі астан кейін мен шамалы ата-анама көмектесемін. Содан кейін теледидар көремін.

8.Сағат он бірде жататын бөлмеме барамын, ұйықтардың алдында аздап кітап оқимын.

Мен бос уақытымды қалай өткіземін?

Мен университетке аптасына алты күн барамын, сондықтан менде тек бір күн ғана демалыс – жексенбі. Жексенбі күні басқа күндерге қарағанда кешірек тұрамын.

Қыста мен таңертеңгі астан соң-ақ шаңғы тебуге кетемін. Мен шаңғыны үйімнің жанындағы паркте тебемін. Мен серуеннен түскі асқа бір ақ ораламын. Түскі астан кейін дем аламын.

Күнде кешке жолдастарыммен кездесіп тұрамын. Біз музыка тыңдаймыз немесе бейне таспа көреміз.

Көктем мен жазда мен демалысымды таза ауада өткіземін. Сенбі күні кешке мен ата-анам тұратын саяжайға кетемін. Онда үйдің жанында өзен бар, мен сонда жүземін. Өзеннің қос жағалауында тоғай бар, мен сонда барып саңырауқұлақ, жидек теремін. Егер көшеде жауын жауып тұрса, мен үйден шықпай, кітап оқып, теледидар қараймын.

Күздің басында мен бірге оқитын жолдастарыммен серуенге шығамын. Біз күндіз сенбі күні кетіп, жексенбінің кешінде ораламыз.

Біз орманда от жағуды, тамақ пісіруді үйренеміз, орманнан су іздейміз. Біз шатырда түнейміз, келесі күні үйге жаяу ораламыз.

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздерді оқып, сөз тіркесінде қолданыңыздар.

  2. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

  3. Мәтіннен сын есім сөздерді тауып оқыңыз.

  4. Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.

  5. Бос уақытыңызды қалай пайдаланатыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

6.Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар.

а) Уақытты басқару дегеніміз не?

ә) Уақытты меңгеру не үшін қажет?

б) Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз?

Даналар сөзін тыңдайық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]