Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Қазақстанның білім беру жүйесі

Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет .

Жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапасы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.

Міндеттері:

Іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамшыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;

Білім беру процесін демократияландыру жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;

Жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындарын дамытуға объективті жағдайлар жасау;

Жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу.

Жоғары оқу орындарында білім беру қызметін көрсетулердің сапасын басқару жүйесін және жекелеген бағдарламаларды, кадрлар даярлаудың бағыттарын, сондай –ақ жоғары оқу орындарын тұтастай халықаралық аккредиттеуді енгізуді ынталандыру.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің құрылымы бір-бірімен өзара келісілген бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы кадрлар даярлау жүйесіне берілетін болады.

Тапсырмалар.

  1. Мәтінді оқып аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша он сөзді аудармасымен жазыңыз.

  3. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

4. Бакалавриат, магистратура, докторантура сөздерін септеңіз. 1

5. Мәтіннен жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, жалғауларды ажыратыңыз.

Болашақ бағдарламасы жайында

Біз, осы заманғы білім беру жүйесін белсенді түрде дамытып, білікті мамандар даярлап шығаруымыз қажет. «Болашақ» бағдарламасының қол жеткізген табыстары негізінде, елімізге  шет елдің ең үздік деген мамандарын тартумен қатар, шетелде оқитын Қазақстандық студенттеріміздің білім алуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударуымыз керек.

Бізге Қазақстанды алға бастайтын, бүгінгі заман талабына сай білімді азаматтар қажет. Сонымен қатар, бізге әлемнің ең беделді оқу орындарын бітіріп, сол елдің тілін жетік меңгерген, халқымен еркін байланыс құра білетін түлектер керек. Олар еліміздің дамуы үшін жаңа технология жүйесін әкеледі. Бізге жаңа ғылым қажет, бізге білімді адамдар қажет. 21 ғасыр – бұл білім бәсекелесі, сондықтан мен тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ, «Болашақ» бағдарламасын құруды жөн деп шештім. Бүгінде 800 жуық жас қыздарымыз бен жігіттеріміз шетелдерден бітіріп келіп, еліміздің экономика саласында қызмет атқаруда.

Мемлекетіміз тарапынан қолдау көрсеткен жағдайда ғана, жастарымыз тұрақты, әрі өмірдегі орны мен бағытын  нақты анықтай алады. Жастарға өте сапалы шетелдік білім беруге жағдай жасау- мемлекеттік жастар саясатының басым бағыты болуы тиіс.

1993 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен халықаралық «Болашақ» шәкіртақысы бекітілді. Бұл бағдарламаны құрудың негізгі мақсаты-дарынды жастардың сапалы білім алуын қамтасыз етіп, шетелде алған білімдерін елдің жарқын

болашағы үшін жұмсауына мүмкіндік туғызу. 1994 жыл мен 2004 жылдары аралығында «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 800 шәкіртақы тағайындалды. Бұл «Болашақ» түлектерінің қызмет сатысындағы жетістіктері мен кәсіби шеберлілігін арттыруды қамтамасыз етті. Бұған бағдарлама бойынша оқуын бітіріп келген, бүгінде мемлекеттік қызметте, жергілікті және орталық қызмет атқару органдарында, халықаралық мекемелер мен өкілдіктерінде, түрлі ұлттық компанияларда, акционерлік және қаржы, білім саласында қызметін өткізуді ұйымдастыру шараларын, 2005 жылғы Елбасымыздың бүкіл халыққа арнаған жолдауын жүзеге асыру мақсатындағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №301 жарлығымен 2005 жылдың 4 сәуірінде құрылған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» қамтамасыз ете бастады. Алғашқы рет жоғарғы арнаулы білім мен бакалавриат дәрежесінде білім алғысы келетін үміткерлер үшін шәкіртақы бөлінді. Сонымен қатар, бірінші рет бағдарламаның білім беру аясы кеңейді. Үміткерлер енді АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Китай, Малайзия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария, Оңтүстік Корея мен Жапония жоғарғы оқу орындарында білімдерін жетілдіре алады.

Қазақстан Республикасы Президенті   Н.Ә. Назарбаев

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз:

білім беру жүйесі,

білікті мамандар, мемлекеттік бағдарлама,

заман талабына сай,

жетік меңгерген,

байланыс құру,

түлектер,

білім бәсекелесі, жастар саясаты,

дарынды жастар, кәсіби шеберлік.

3. Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар негізінде мәтінді ауызша баяндап беріңіз.

4. Мәтін мазмұнын түсінгеніңізді дұрыс жауабын «шын» немесе «жалған» таңдай отырып, дәлелдеңіз.

СӨЙЛЕМДЕР

ШЫН

ЖАЛҒАН

1

Біз, осы заманғы білім беру жүйесін белсенді

түрде дамытып, білікті мамандар даярлап шығаруы-

мыз қажет.

2

Бізге Қазақстанды алға бастайтын, бүгінгі заман талабына сай білімді азаматтар қажет емес.

3

Шетелде оқитын Қазақстандық студенттеріміздің білім алуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселесіне ерекше назар аудармауымыз қажет.

4

Мемлекетіміз тарапынан қолдау көрсеткен жағдайда ғана, жастарымыз тұрақты, әрі өмірдегі орны мен бағытын нақты анықтай алмайды.

5

Бұл «Болашақ» түлектерінің қызмет сатысындағы жетістіктері мен кәсіби шеберлілігін арттыруды қамтамасыз етті.

6

Жоғарғы арнаулы білім мен бакалавриат дәрежесінде білім алғысы келетін үміткерлер үшін шәкіртақы бөлінбеді.

7

2005 жылғы байқау қорытындысы бойынша, үміткерлердің жалпы саны 6698 адамды құрамайды.

8

Сонымен қатар, бізге әлемнің ең беделді оқу орындарын бітіріп, елдің тілін жетік меңгерген, халқымен еркін байланыс құра білетін түлектер керек емес.

9

Бұл бағдарламаны құрудың негізгі мақсаты - дарынды жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз етіп, шетелде алған білімдерін елдің жарқын болашағы үшін жұмсауына мүмкіндік туғызу.

1 0

Олар еліміздің дамуы үшін жаңа технология жүйесін әкелмейді.

5. «Болашақ бағдарламасы жайында не білесіз?» тақырыбына сұхбат құрыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]