Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Электрмагнитті жүйе

Электрмагнитті тасымал жүйесінің жобасын Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының кен істері институтының мамандары ұсынған болатын. Электрмагнитті тасымал жүйесі цехтарда жасалған бөлшектерді қоймаларға жеткізуге арналған. Ұзындығы 100 метрге жететін жүйе бір тоннадан артық жүк көтеріп, секундына 6 метр жылдамдықпен жүре алады. Бұл контейнерді рельсте пайда болатын магнит өрісі қозғалысқа келтіреді. Ол руда, көмір сияқты жүктерді де таси алады. Мамандардың есептеуінше, электрмагнитті тасымал жүйесі әрі қолайлы, әрі арзанға түседі.

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар. Мысалы. Тасымал жүйесі.

  2. Мәтінді оқып аударыңыздар.

  3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

  4. Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар. Ол руда, көмір сияқты жүктерді де таси алады. Электрмагнитті тасымал жүйесі цехтарда жасалған бөлшектерді қоймаларға жеткізуге арналған.

  5. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.

  6. Көсемшені және есімшені табыңыз.

  7. Жоба, бөлшектер, қойма, жылдамдық, өріс, тасымал сөздерімен сөйлем құрастырыңыз.

  8. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1.Салауатты өмір салты тақырыбына әңгіме жазыңыз.

2.Адам және қоғам тақырыбына шығарма жазыңыз.

3-тақырып. Жеке адам, топ және ұжым. Менеджер және ұйым. Радиотелефон байланысы. Үстеу. Мекен, мезгіл, күшейткіш үстеулері.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Жеке адам, топ және ұжым

Ұжым – күрделі оркестр, онда әркімнің өз аспабы болады, сол аспабымен ойнайды.

В.А.Сухомлинский

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады.Жеке адамның қалыптасуы қоғамның дамуымен байланысты қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған ұйқы демалу, киім-кешек, баспана қандай қажет болса, қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Қарым – қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады.

Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат – мұратына жете алмайды ол ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі.Ал топтың түрлері сан-алуан, шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді.Топтағылар ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде бір-бірімен араласып іс-әрекет жасайды.

Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі- ұжым (коллектив) деп аталады.

А.С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар, студенттер ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.

А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:

  • Ұжым алдындағы айқын мақсат;

  • Ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс -әрекет жасауы;

  • Ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

  • өз арасында міндеттер белгілеуі;

  • белгіленген міндеттерді орындау;

  • қатаң тәртіптің болуы;

  • өз мүшелері үшін ұжымның жуапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым – қатынастың болуы.

Тапсырмалар:

1. Адам неге қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?

2. Қоғамның бастапқы ұясы болып табылатын ұйым?

3. «Ұжым » деген ұғымды қалай түсінесіз?

4. Топ пен ұжымға мысал келтіріңіз....

5. Шын немесе жалған екенін көрсетіңіз

Иә

Жоқ

Жеке адамның қалыптасуы қоғам дамуына байланысты емес.

Топтың екі түрі бар.

Топтағылар бірігіп іс - әрекет жасайды.

Ұжым мүшелері қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасайды.

Сіз ұжымда оқисыз.

Сіз топта оқисыз.

Сіздің деканыңыз ұжымда жұмыс істейді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]