Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Ұлттық теңгеміз туралы

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді.

Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді.

Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.

Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдғы үлкен жетістік.

Тапсырмалар.

  1. Мәтінді оқып аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

ҚР мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

Ұлттық теңге қай жылы қай айда дүниеге келді?

Теңгенің авторлары кімдер?

Теңге ненің белгісі?

  1. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Өткізгіш және оқшаулатқыш

Электртоқты таситын немесе электрқуатқа олардан өтуге жол беретін заттарды өткізгіш деп атайды. Электртоқты өткізбейтін заттарды оқшаулатқыш деп атаймыз.

Өткізгіштер өздерінің өткізгіштігімен анықталады. Жақсы, орташа және жәй өткізетін материалдар болады. Электрқуатымен адамдар жұмыс істеп отырса, ол бақылауда болуы тиіс. Электрқуаты өтетін өткізгіш болады, сонымен қоса өткізгіштен электрқуатын сыртқа шығармайтын оқшаулатқыш болуы тиіс. Барлық заттар өткізгіштер мен оқшаулатқыштарға бөлінеді.

Барлық заттар атомдардан құралады, әр атом оң және теріс зарядтардан құралады. Теріс зарядтар электрондар деп аталады. Күміс және мыс сияқты жақсы өткізгіштерде электрондар жеңіл қозғалады. Егерде шыны немесе слюдадан жасалған материалда электрондар тығыз орналасса, онда оларды атомнан атомға жылжытуға болмайды. Негізінде өткізгіштер сым түрінде мыстан жасалады. Күміс мысқа қарағанда жақсы өткізгіш, бірақ ол табиғатта аз. Мыс сымдары оқшаулатқыштың диаметрі мен түрі жағынан ерекшеленеді. Сымның диаметрі қашналықты көп болса, сонша ол тоқ күшін таси алады. Пайдалануына қатысты оқшаулатқыштың көп түрі бар.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар

Мысалы. Оқшаулатқыштың диаметрі.

2. Мәтінді оқып аударыңыздар, көптік жалғаулы сөздерді, есімдікті және үстеуді табыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

4.Мына сөйлемдерден сөйлем мүшелерін табыңыздар. Барлық заттар атомдардан құралады, әр атом оң және теріс зарядтардан құралады. Заттар өткізгіштер мен оқшаулатқыштарға бөлінеді.

5. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (9-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1.Әлем валюталары тақырыбына реферат жазыңыз.

2.Ұлттық теңге тақырыбына слайд-лекция дайындаңыз.

3. Өткізгіш және оқшаулатқыштың қызметі тақырыбына сөзжұмбақ жасаңыздар.

10-тақырып. Қазақстанның географиялық орны. Қазақстан климаты. Жарық реттегіш. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]