Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Қоңырау

Қоңырау, электр қоңырау, ішкі дыбыс беру үшін пәтердің кіре берісіне орнатады. Қоңырау көбінесе электр магнитті болады. Ол электр магниттен, балғашалы якорьден, металл табақшадан (немесе пластинкадан, не қоңыраудан) тұрады. Қоңыраудың түймесін басқан кезде электр тогы электр магнитінің орамдарынан өтіп, балғашалы якорь арқылы қоңыраудың металл пластинасына соғылады. Қоңырауды құрастырғанда оның дыбысын реттеу қарастырылмайды. Дегенмен, егер қажет болса, қоңырау табақшасына бірнеше қабат изоляциялаушы лентаны желімдеп оның дыбысын бәсендетуге болады. Қоңырау кернеуі 127 және 220 в болатын айнымалы ток арқылы жұмыс істейді. Пайдалану кезінде қауіпсіз болуы үшін әдетте қоңыраудың өзіне электр қуатының күшін бәсеңдеткіш трансформатор қойылады. Қоңырау өнеркәсіп орындарына қарап ажыратылады. Кейде қоңырауға жарығы әлсіз шырағдан бірге құрастырылады.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар

Мысалы. Бәсеңдеткіш трансформатор.

2. Мәтінді оқып аударыңыздар, шылау сөздерді және етістерді табыңыздар, түрлерін ажыратыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

4. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Кейде қоңырауға жарығы әлсіз шырағдан бірге құрастырылады.

5. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1 Қазақстанның білім беру жүйесі тақырыбын толықтырыңыз.

2.Қоңыраудың тұрмыстағы қолданысы туралы әңгіме жазыңыз.

6-тақырып. Ұлттық байлық. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Электрқуатының екі түрі. Жай сөйлем.\

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Ұлттық байлық

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та (Америка құрама штаттарында) 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле басталды. Біздің Қазақстанда ше? Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің орның айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері Ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды. Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған мұрасы;

ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі.

Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құның анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. «Ұлттық» деген сөзбен тіркесетін басқа сөзді атаңыз.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Антиквариаттар ұлттық байлыққа жата ма ?

Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата ма?

Біздің елімізде ұлттық байлықтарымыздың құны есептелген бе?

Сіздің үйде ата-бабаларыңыздан қалған қасиетті мұралар бар ма?

Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма ?

4. Соңғы сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

5. Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.

6. Мәтіннен етістерді теріп жазыңыз және түрін анықтаңыз.

7. Тұңғыш, алғаш сөздерінің синонимдерін жазыңыз.

8. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден ырықсыз етіс жасаңыз: көрсет, бар, анықта, тұр, сана, қос, пайдалан, шығар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]