Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Мамандық әлемінде

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер, т.б.

Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз.

  3. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.

  4. «Мамандық» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

  5. Оқып, аударып, жаттап алыңыз.

Он маман

Бір баламыз – бақташы,

Екіншісі - егінші,

Үшіншісі – үлгіші,

Төртіншісі – теңізші,

Бесіншісі – балташы,

Алтыншысы – аспазшы,

Жетіншісі – жылқышы,

Сегізіншісі – сырнайшы,

Тоғызыншысы – тігінші,

Оныншысы – орманшы.

(Ермек Өтетілеуұлы)

МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірінде бір мамандықтың иесі болуға тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек. Ең алдымен өз мамандығының қыр-сырын үйренуге міндетті. Қай мамандық болсын, адамға көптеген талаптар қояды. Жақсы маман, яғни инженер, экономист, ғалым, менеджер,энергетик, сәулеткер, маркетолог, есепші, аудитор, оқытушы болу үшін жақсы оқу қажет. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы, металлург, жүргізуші, балташы, тоқымашы, тігінші болу үшін, өндірісте жақсы істеу керек. Ауыл шаруашылығында жұмыс істесең, онда сенің бақташы, диқан, шопан, сауыншы, бағбан, омарташы атанарың анық.

Қазіргі заманда болашақ мамандарға қойылатын талаптардың бірі оның теориялық білімі мен іскерлік қасиеттерін ұштастыра білуі. Сонда ғана ол жақсы жұмысқа орналасып жұмыссыз қалмауы мүмкін.

Өзім энергетика, телекоммуникация және автоматтандыру институтында оқимын. Болашақ мамандығым өзіме ұнайды. Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша білім алудамын. Алғашқы екі курста біз жалпы пәндерді оқимыз. Жоғары курстарда мамандық пәндері басталады. Бірінші курсты аяқтап, шілде айында біз өндірістік практикаға барамыз. Біздің практикамыз өндіріс орындарында өтеді. Ол жерде біз әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргіземіз, аспаптармен жұмыс істейміз.. Осы мамандықты қалағаныма өкінбеймін, өйткені оның болашағы зор. Университетті бітіріп жақсы маман болып, алған білімімді Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер арасына кіруіне өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Қарамен жазылған сөздерді

сөз құрамына талдаңыз.

2. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Қандай мамандықтарды білесің?

  • Сенің туыстарың кім болып істейді?

  • Өзің қай жерде оқисың?

  • Сенің болашақ мамандығың қандай?

  1. Мәтіндегі сын есім түрлерін мағынасына қарай ажыратыңыз.

  2. Мәтін бойынша ауызша сұхбат дайындаңыз.

  3. Жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек? Осы тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

  4. Өнер туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

  5. Мына етістіктерді жіктеңіз: алу, бару, өту, аялау, жүргізу.

  6. Келесі сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Бұл практика біздің мамандығымызға деген үлкен қызығушылығымызды арттырады.

  7. Төмендегі сөйлемдерді бұйрық рай формасында жазыңыз: Алғашқы екі курста біз жалпы пәндерді оқимыз. Ол жерде біз әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Университетті бітіріп жақсы маман болып, алған білімімді Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер арасына кіруіне өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]