Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Ххі ғасырдың жетістіктері астана – қазақстан республикасының бас қаласы.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана. Ол – бұрынғы Ақмола қаласы. Қала 1824 жылы салынған. 1961 жылға дейін қала – Ақмол, 1961 жылдың 24 сәуірінен бастап Целиноград деп аталады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан республикасының жаңа астанасы болып жарияланды. Ал Президенттің 1998 жылдың 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.

Қала Сарыарқада, Есіл өзенінің екі жағасында орналасқан. Ертеден Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған ірі тасымал торабы.

«Астананың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі» деп аталатын бағдарлама бойынша бой түзеген көрікті үйлер, «Океанариум», «Дарын орталығы», «Салтанат сарайы», «Бәйтерек», Астана әуежайы, Елбасының резиденциясы - Ақорда осының бәрі ғажайып ертегілерді еске салады.

Қазір Астанада С.Сейфуллин атындағы аграрлық университеті, Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана мемлекеттік медицина академиясы, педагогикалық, медициналық колледждер, бірнеше кәсіптік білім беретін оқу орындары бар.

Астана ХХ ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Астана. бұрынғы қай қала?

  • Қай жылдан бастап Ақмола Астана қаласы болды?

3. Мәтіннен етістіктің түрлерін анықтаңыз.

Тоқтар оңғарбайұлы әубәкіров

Сынаушы ұшқыш, СССР Қорғаныс министрлігі әскери-әуе күштерінің Микоян атындағы конструктор бюросының қызметкері, Совет Одағының Батыры атағын 1988 жылы алған.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарқаралы ауданындағы «1 Май» совхозында туды. Ол ауыл мектебінен сегізжылдық білім алды, мектепте алғыр, пысық оқушы ретінде көзге түсті.

Тоқтар жас кезінен-ақ ұшқыш болуды армандаған еді. Тіпті оның балалық ойындарының өзі тәуекелге толы, қиын да күрделі жағдайлардан тайсақтамайтын болған. Ұшқыштар даярлайтын оқу орнына түсудің оңай емес екендігін білген арманшыл бала өзін осы кәсіпке жасынан дайындады. Бірақ тағдыр адамның айтқанымен жүрмейді ғой. Ол он бес жасында еңбекке араласты. Тұрмысы қиындап, Теміртаудағы әпкесінің үйіне көшіп келді.

Теміртауда Тоқтар әуелі асханада жүкші болды. 1962 жылы құю механикалык заводқа шәкірт болып еніп, аз уақатта танымал шебер дәрежесіне көтерілді.

1963 жылы Тоқтар заводта жұмыс істей жүріп кешкі мектепте оқыды. Оның үстіне Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы аэроклубта дәріс алды.

1965 жылы ол Теміртау қалалық эскери комиссариатына өтініш беріп, Армавирдегі әуе училищесіне окуға кетті. Оны 1969 жылы инженер-ұшқыш мамандығы бойынша лейтенант шенімен тәмамдады. Бұдан кейін Қиыр Шығыста әскери бөлімдерде қызмет етті.

Тапқыр да табанды, білімді әрі жүректі жігіт жолдастарының көзіне бірден түсті, 1976 жылы сынаушы-ұшқыш - мектебін бітіргеннен кейін Қорғаныс министрлігінің Микоян атындағы конструктор бюросына жұмысқа шақырылды. Қазір сонда жұмыс істеп жүр.

1988 жылдың қараша айында «Правда» газетінде бүкіл облыс жұртшылығына қуаныш әкелген хабар шықты. Онда Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың Кремльде Совет Одағы Батырының Алтын жұлдызы мен Ленин орденін алғаны жазылған.

Қазір сынаушы-ұшқыш, біздің жерлесіміз Әубәкіров тағы да талай маңызды тапсырмаларды орындау үстінде...

Тапсырмалар:

1.Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

2.Сөздерді оқып, аударыңыз. Айтылуына, жазылуына көңіл бөліңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары: (10 -тақырып) [14,15,17,18,19].

1. Қазақстан және ғарыш.слайд.

2.Қазақстанның 21 ғасырдағы жетістіктері. Сұхбат.

11-тақырып. Азаматтық қалай анықталады? ҚР-ның Конституциясы (Ата заңы). Мен Қазақстанның азаматымын. Етістіктің шақтары.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]