Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Энергетика , телекоммуникация және автоматтандыру институты

Энергетика, телекоммуникация және автоматтандыру институты 1957 жылы құрылған. Бұл университетіміздің байырғы факультеттерінің бірі. Әр уақытта факультетті т.ғк., доцент О.В.Хорошев, профессор Е.Н.Шевцов, т.ғ.д. профессор А.Ф.Кичигин, т.ғ.д. профессор Б.Г.Климов, т.ғк., доцент Г.Г.Бернардов, прфессорлар Л.С.Ушаков, Ю.П.Галишников, А.Н.Шпиганович, т.ғ.к., доцент Қ.Б.Қызыров, т.ғ.к., Б.Н.Фешин, Б.А.Жаутиков басқарды. Қазіргі уақытта факультетті т.ғ.к.,аға оқытушы Лихачев В.В. басқарады. Факультеттің кафедралары 5000-нан аса жоғары білікті мамандар дайындап шығарды. Қазіргі уақытта факультетте 3 кафедра бар. ( Энергетика, Байланыс технологиялары және жүйелері, Автоматтандыру және басқару).

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып, аударыңыз,толықтырыңыз.

2. Мына сөздерден рай формаларын жасаңыз.Басқару, құру, дайындап шығару.

3. Университеттің институттарын айтып шығыңыз. Өз институтыңыз жайлы әңгімелеңіз.

4 .Институт ғимаратын, оның әр қабатын суреттеңіз.

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Институттың тарихын әңгімелеңіз.

  • Институтта қандай мамандықтар бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары: (12 -тақырып) [14,15,17,18,19].

  1. Энергетика, байланыс және автоматтандыру институтындағы мамандықтар жайлы слайд-лекция жасаңыздар.

  2. Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны туралы баяндама жасаңыз.

13-тақырып. Кәсіби бәсекелестік. Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы. Қазақстан – 2030 стратегиясы. Етіс категориясы.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Кәсіби бәсекелестік

ХХІ ғасырда тәуелсіз Қазақстанның болашағы білім мен ғылымда. Елбасы өзінің Жолдауында білім беру мәселесіне айрықша мән берген. Мемлекетіміздің инновациялық стратегиясын жүзеге асыруды – болашақтың бағдарламасы деп атаған. Қазақстанның халықаралық бәсе­кеге қабілеттілігін арттырудың мақсатты міндеттері бұл әлемдік сапа стандарттарына сай бәсекеге қабілетті білімді қамтамасыз ету талаптары болып табылады.

Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында да, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашуда. Жоғары білімді дамытудың негізгі мақсаты мамандар даярлау сапасын арттыру, инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады.

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – бұл әрбір қазақстандықтың, барша қоғамның және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі. Әрқайсымыз да бәсекелестікті үйренуіміз және бәсеке жағдайында жеңімпаз бола білуіміз керек.

Бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Мына сөз тіркестерін есте сақтаңыз: халықаралық бәсе­кеге, ұлттық бәсекелестік, еліміз егемендік алып, нұр­лы ақыл, ыстық қайрат, жылы жү­рек

3. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.

4. Осы тақырыпта сұхбаттасыңыз.

5. Сіз кәсіби бәсекелестікке дайынсыз ба? Өз пікіріңізді айтыңыз.

6. Білім, еңбек, оқу туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңде

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]