Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен жєне адам ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтары: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарында Л. Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің барлық түрі кездеседі.

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрлері (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б қазба байлықтары мен түсті металдарынан күнделікті тұрмыста қолдануға түрлі тұрмыстық заттармен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.

Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста Ақтау мен Маңғыстауда мұнай, газ өндірсе, Шығыста Өскеменде фосфор, Орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді. Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалар екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі. "Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар әлемнің көптеген елдеріне экспортқа шығарылады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шетелдік компаниялалардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.

Тапсырмалар.

1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3. «Жер туралы», «Байлық туралы» мақал-мәтелдерді жазып, аударып, жаттап алыңыз.

4. Сынап, қорғасын, алтын, кµмір, м±най, болат, мыс, к‰міс, темір сөздерін аударып, асты сызылған сөздерді септеңіз.

5. Пайдалы қазбалар, жер қойнауы, түсті металдар, әшекей бұйымдар. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Электрқуатының екі түрі

Электрқуатының екі түрі бар: статикалық электрқуаты және ағын қозғалыстағы электрқуаты.

Статикалық электрқуаты тарихтағы электр түрлерінің бірі. Статикалық электрқуаты үйкеліс арқылы жасалады. Франклин – найзағайдың – статикалық электрқуаты екендігін, ол бұлттарда сұйықтың молекуларының қозғалысынан туындайтындығын және басқа бұлттарға немесе жер үстіндегі объектілерге ажыратылады. Қазір статикалық зарядтарды тікелей жерге жіберу үшін, үйлердің үстінде найзағайға қарсы құрылғылар орнатады.

Вольт, бірінші электртоғын шығарды. Ол 1799 жылы бірінші «құрғақ» элементті жасап шығарды, бұл элемент мыс дискіден тұзды су сіңірілген мата қабатынан және өзара сыммен бекітілген мырыш дискіден құралады. Осындай қосылу электртоқты берді. Қазір батарей элементтері вольт элементіне ұқсас принциптерімен жұмыс істейді.

Тапсырмалар.

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар

Мысалы. Мырыш дискі.

2. Мәтінді оқып аударыңыздар, үстеуді және есімдікті табыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

4. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар. Статикалық электрқуаты тарихтағы электр түрлерінің бірі.

5. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

6.Мәтіннен жалаң, жайылма,толымды,толымсыз сөйлемдерді тауып жазыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (6-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1 Қазақстанның пайдалы қазбалары тақырыбына слайд жасаңыз.

2.Менің елімнің байлығы тақырыбына реферат жазыңыз.

7-тақырып. Экономикалық тәуелсіздік. Радиотехника өнеркәсібі

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары. Аралық тест.

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]