Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Қазақстанның географиялық орны

Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.

Қазақстан Евразия материгінің ортасында орналасқан.

Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шектеседі. Республика шығысында Қытай мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі.

Жерінің көлемі 2724,9 мың шаршы км. Республиканың оңтүстік-батысында Маңғыстау түбегі орналасқан. Қазақстанның оңтүстік –шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.

Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Сарыарқада Қарқаралы, Ұлытау тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетпақдалаға ұласады.Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу деп аталады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

3. Мәтін бойынша сөздік жасаңыз.

4. Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз: тау массиві, үлкен

аймақ,Сарыарқа даласы,әдемі табиғат, ұлан-байтақ дала, биік тау

Қазақстан климаты

Қазақстан климаты шұғыл континентті құрғақ келеді, сондықтан өзен торы, әсіресе орталық бөлігінде аз.

Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл бүкіл жыл бойына мол су деңгейлерін сақтайды. Қазақстан көлдерінің гидрологиялық ерекшелігі – деңгейлерінің маусымдық және жылдық ауытқу мөлшерінің өте жоғары болуы. Шағын көлдер қуаң жылдары түгелдей тартылып, құрғап қалады. Басты көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті. Орта ендіктерде орналасуына байланысты Қазақстанда қоңыржай белдеудің табиғат зоналары таралған. Қиыр солтүстігінде орманды – дала зонасы қалыптасқан; бұл оңтүстікке қарай далаға, шөлейтке және шөлге ауысады. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде биік таулы аймақтар алып жатыр. Бұл өңірлердегі тау массивтері жер асты су қорына бастау беретін ылғалдың қуатты конденсаторы болып есептелінеді. Қазақстан жер аумағының 3,3 бөлігін орман алып жатыр. Ормандарда негізінен жапырақты және қылқан жапырақты ағаш алқабы басым өседі.

Тапсырмалар.

  1. Мәтінді оқып аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша 20 сөздік құрастырыңыз.

  3. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

Жарық реттегіш

Бұл лампа қуатын қажетіне орай реттеуге мүмкіндік беретін тетік. Лампаның сәуле таратуын жарық реттегіштің көмегімен әркім өз қалауынша қажетіне қарай өзгертуіне, атап айтқанда үйдегі жарықтың деңгейін, телевизия хабарын көргенде көзге қолайлы болатындай бәсеңдетіп қоюға болады. Жарық реттегіш лампаны адамның көңіл - күйін көтерерліктей жарқырата жағуға немесе тынығуға жайлы жағдай жасау үшін күңгірттендіріп қоюға мүмкіндік береді. Жарық реттегішті пайдалану үй ішіне қолайлы жарық түсуіне және электр энергиясын үнемдеуге себепші болады. Жарық реттегіш тұрақты және тасымалды болып екіге бөлінеді. Тұрақты жарық реттегішті электрлік ажыратқыштың орнына орнатады. Жарық реттегіштің тұтқасын сағат тілінің жүрісі бойынша немесе оған қарама-қарсы бұру арқылы лампаның сәуле таратуын арттыруға немесе кемітуге болады. Тұтқаны бұраса, лампа жанады немесе сөніп қалады. Тасымал жарық реттегіштің электр желісіне қосуға арналған шнуры (бауы), сондай-ақ лампаны қосуға арналған розеткасы болады.

Өнеркәсіп орнында жасалатын «Светон-300» типті жарық реттегіштер айнымалы ток желісіндегі (жиілігі 50 гц кернеуі 220 в) электр энергиясын пайдалануға арналған.

Тапсырмалар:

1.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар

Мысалы. Сәуле тарату.

2. Мәтінді оқып аударыңыздар, табыс септікте тұрған сөздерді және тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

4. Мына сөйлемге және морфологиялық талдау жасаңыздар.

Тұтқаны шырт еткенше бұраса, лампа жанады немесе сөніп қалады.

5. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (10-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1.Қазақстанның географиялық орны тақырыбына сұхбат жазыңыз.

2.Қазақстанның таулары мен өзен-көлдері тақырыбына реферат дайындаңыз.

3.Жарық реттегіштің тұрмыстағы қолданысы тақырыбына әңгіме жасаңыз.

11-тақырып. Қазақстанның экологиясы. Қазақстанның табиғатын қорғау. Электр желі. Салалас құрмалас сөйлем. Талғаулықты,Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем .

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]