Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Экономикалық тәуелсіздік

Егемендік, тәуелсіздіктің екі жағы бар. Бір жағы саяси тәуелсіздік. Саяси тәуелсіздік алу - өз алдына ұлттық мемлекет болу, жеке ел болу. Екінші жағы – экономикалық тәуелсіздік. Ғылыми тұрғыдан алғанда экономикалық тәуелсіздік саяси тәуелсіздіктің негізі болып табылады. Экономикалық тәуелсіздігі жоқ елдің тәуелсіз болуы екіталай. Елдің экономикалық тәуелсіздігі үшін не қажет? Ол үшін ең алдымен, ел экономикасын көтеру, экономика тиімділігін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру қажет.

АҚШ пен Батыс Еуропаны айтпағанда, мына өзіміздің алып көршіміз Қытайды алайық. Қытайдың ақыл-оймен асықпай жасаған реформасы қазір миллиардтан астам халықтың тұрмысын көтеруде.

Бар ісін техника атқаратын АҚШ, Англия, Жапония сияқты елдердің ауыл шаруашылығына мемлекет дотация береді. Ауыл шаруашылығы өнеркәсіп өндірісіне ұқсамайтын ерекше шаруашылық, себебі ол табиғатқа тәуелді. Табиғатпен байланысты экономика тілінде ұдайы өндіріс дейміз. Мал өсуі үшін уақыт керек, егін өсіп шығуы үшін уақыт керек. Ең қиыны ауыл шаруашылығын дамытпай бірде-бір ел, ел болмайды. Ауыл шаруашылығы деген – азық-түлік. Ал, азық-түліктің 50-60 пайызын өзі өндірмей, шетелден әкелетін ел экономика тәуелділікке түседі.

Жаңа сөздер:

саяси тәуелсіздік – политическая независимость

экономикалық тәуелсіздік – экономическая независимость

ауыл шаруашылығы – сельское хозяиство

табиғатқа тәуелді –зависит от природы

ұдайы өндіріс – постоянное производство

ең қиыны – самое трудное

өзі өндірмей – сам пе производив

экономикалық тәуелділік - экономическая зависимость

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.

  3. Мәтінді әңгімелеңіз.

  4. Саяси тәуелсіздік деген не?

  5. Экономикалық тәуелсіздік деген не?

  6. Ауыл шаруашылығы қандай шаруашылық?

  7. Жалқы зат есімдерді табыңыздар.

  8. Тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыздар.

  9. –лық, -лік, -дық, -дік, тық,-тік жұрнағымен жасалған сөздерді табыңыз.

Радиотехника өнеркәсібі

Радиотехника өнеркәсібі - жұмыс істеу принципі радиодиапазондық электрмагниттік тербелістер мен толқындарды пайдалануға негізделген радиотехникалық және радиоэлектрондық өнімдер, құрал-жабдықтар, аппаратура шығаратын өнеркәсіп саласы. Радиотехника, радиоэлектроника, электроника, микроэлектроника салаларын қамтиды.

Радиотехника өнеркәсібінің өнімдері радио байланысында, радиохабар мен теледидар хабарларын таратуда, радиолокация мен радионавигацияда, машиналар мен басқаруда, тұрмыстық техникада, тағы басқа, әр түрлі ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады.

Электртехника (микроэлектроника) ғылымы мен техникасының басқа салаларға қарағанда соңғы жарты ғасыр ішінде зор қарқынмен дамып, таңқаларлық жетістіктерге жетуі оның халық шаруашылығының барлық салаларындағы мәні мен рөлін арттыра түсті.

Тапсырмалар:

1.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Мысалы. Радиотехника өнеркәсібі.

2. Мәтінді оқып аударыңыздар, көптік жалғаулы және септік жалғаулы сөздерді табыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

4. Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Радиотехника өнеркәсібі - жұмыс істеу принципі радиодиапазондық электрмагниттік тербелістер мен толқындарды пайдалануға негізделген радиотехникалық және радиоэлектрондық өнімдер, құрал-жабдықтар, аппаратура шығаратын өнеркәсіп саласы.

5. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (7-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1Қазақстан экономикасының дамуы тақырыбына әңгіме жасаңыз.

2 Радиотехника өнеркәсібі тақырыбына сөзжұмбақ жазыңыз.

8-тақырып. Нарық.Салық.Телефон байланысы.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

НАРЫҚ

Нарық – экономика саласы. Бұл салада тауардың ақшаға айналу және керісінше ақшаның тауарға айналу процесі жаласады. Экономиканың әртүрлі саласында өндірілген тауарларды сатып алу-сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.

ӨНДІРУШІ НАРЫҒЫ – тауарлар мен қызметтерді өндіріс процесінде пайдалану үшін сатып алатын ұйымдар.

НЕСИЕ КАПИТАЛЫНЫҢ НАРЫҒЫ – еркін ақша қаражатының өсуін қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жүйесі. Оларды қарыз капиталына айналдырып, ұдайы өндіріс процесіне қатысушылар арасында бөлісу.

НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – нарықтағы тауарлардың және қызмет көрсетудің еркін алмасуын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар (банкілер, биржалар, жәрмеңкелер, сақтандыру компаниялары, консультациялық, ақпарат, маркетингілік фирмалар, т.б.) жүйесі.

НАРЫҚТЫҚ ҚҰН – 1) тауардың, бағалы қағаздардың, валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ олардың сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін бағасының деңгейі; 2) негізгі қорлардың (кәсіпорынның, құрал-жабдықтың) құны.

МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ – бірыңғай бөлшек сауда бағасы емес, бағаның кең ауқымындай мәміле жасасатын сатушылар мен сатып алушылар нарығы.

Жаңа сөз тіркестері:

экономика саласы ---------------------------- сфера экономики

тауардың ақшаға айналу -------------------- обращение товара в деньги

сатып алу-сатудың өзара ----------------- совокупность взаимосвязанных

байланысты актілерінің жиынтығы актов купли-продажи

өндіруші нарығы ------------------------------ рынок производителя

несие капиталының нарығы --------------- рынок ссудного капитала

ақша қаражатының өсуін қамтамасыз ететін ---------- обеспечивающая аккумуляцию свободных денежных средств

экономикалық қатынастардың ------------ экономические отношения

нарықтық инфрақұрылым ------------------ рыночная инфраструктура

сақтандыру компаниялары ----------------- страховые компании

ақпарат фирмасы ----------------------------- информационная фирма

ағымдағы бағасы ----------------------------- текущая цена

құрал-жабдық --------------------------------- оборудование

бағаның кең ауқымындай мәміле ----- сделки в широком диапазоне цен

жасалатын (нарық) бөлшек сауда бағасы ------ единая розничная цена

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқыңыз.

2.Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.

3.Мәтінді әңгімелеңіз.

4.Нарық дегеніміз не?

5.Нарықтық инфрақұрылым дегеніміз не?

6.Нарықтық құн дегеніміз не?

7.Мәтіннен ілік және табыс септікте тұрған сөздерді теріп жазыңыз.

САЛЫҚ

САЛЫҚ – заң бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем. Қазіргі жағдайда салық жүйесі мыналарды қамтиды: қосылған құнға салынатын салық (НДС), пайдаға салынатын салық, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифы және баж салығы, азаматтардан алынатын табыс салығы, меншікті дүние-мүлікке салынатын салық, т.б.

Жергілікті салық пен алымдар тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Салықтар бюджетке түсетін қаражаттардың тұрақты көзері болып табылады.

ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – тауарлар мен көрсетілген қызметке салынатын жанама салық. Қосылған құнның құрамына тозу (амортизация), үстемелерімен қоса жалақы, басқа да кейбір шығындар (соның ішінде несие үшін процент), сонымен қатар пайда кіреді.

АҚША КАПИТАЛДАРЫНАН ТҮСЕТІН ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – дивиденттерге, акциялар мен облигациялардан алынатын проценттерге, банктерге салынатын ақша бойынша проценттерге, займдар бойынша ұтыстарға, тағы басқа кейбір табыстарға салынатын салық.

КАПИТАЛДЫҢ ӨСІМІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ - мүлікті пайдаланудың сан алуан түрлерінен (сатудан, айырбастан, сыйға тартудан, т. б.) алынған заңды ұйымдардың да, сондай-ақ жеке адамдардың да табысына салынатын салық.

САТУҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – тауарлар мен көрсетілген қызметтің сату құнының процентімен белгіленетін салық, өндіруші төлейді, акциздердің бір түрі.

Жаңа сөздер сөз тіркестері:

міндетті түрде алынатын төлем - обязательный платеж

пайдаға салынатын салық - налог на прибыль

кеден тарифы және баж салығы – таможенный тариф и пошлина

азаматтардан алынатын табыс салығы – подоходный налог с граждан

меншікті дүние-мүлікке салынатын салық – налог на личное имущество

жанама салық – косвенный налог

үстемелерімен қоса жалақы – заработная плата с начислениеми

займдар бойынша ұтыстарға – выигрыши по займу

капиталдың өсіміне салынатын салық - налог на прирост капитала

сатудан, айырбастан, сыйға тартудан – от продажи, обмена, дарения

өндіруші төлейді – выплачивается производителем

қызмет – услуга

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.

  3. Мәтінді әңгімелеңіз.

  4. Салықтың неше түрін білесіз?

  5. Салық төлемейтін адамдар бар ма?

  6. Қазақстан Республикасындағы қандай салықтар түрін білесіз?

  7. Жергілікті салықтарға нелер жатады?

  8. Барыс, шығыс септіктеріндегі сөздерді табыңыздар.

  9. Орыс тіліндегі баламасын беріңіз:

Заңды тұлға, салық саясаты, бөлу міндеті, шектеу міндеті, төте салық, жанама салық, жергілікті салық, жеке тұлға.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]