Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Мәдени мұра – алтын адам

Бүкіл Еуразиялық байтақ даласын күн шуақты- алтынды «аң тәсілді» өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі- әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, бір тума ескерткіш. 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» кейпі. Оны алғашқы ашып, әлемге танытқан ғалым- археолог Кемел Ақышев. Бұл обаға б.з.д. Ү-ІҮ ғасырда өмір сүрген 17-18 жас шамасындағы Сақ жауынгері, сол кездегі дәстүр бойынша, киімімен, тұрмыстық заттармен қоса жерленген.

Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның «Алтын адам» аталуы да сондықтан.

Сонымен қатар, ағаш ыдыс-аяқтар т.б. заттар қойылған. Соның бірі- 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Оны ғалымда «Есік жазуы» деп атайды.

«Алтын адам» киімі- сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы.

Бұл тек құнды архелогиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры.

Осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениетінің болғандығын дәлелдейді.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  • «Алтын адам»- кейпі қай қаланың маңынан табылды?

  • Алтын адамды ол жерден қай жылы қазып алған?

  • Алтын адам жанынан тағы қандай заттар табылды?

  • Бұл қандай өнер туындысы?

  • Ескерткіштер нені дәлелдейді?

3. Өзіңізді тексеріп, дұрыс жауабын мәтін бойынша тауып айтыңыз.

Үлгі: Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа аз мұра қалдырды. – Жоқ, мақтанарлықтай өлмес, үлкен мұра қалдырды.

    1. Алтын адам Жамбыл облысының Шу өзенінің маңынан табылды.

    2. Есік қорғанынан түрік жауынгері барлық заттарымен табылды.

    3. Алтын адам киімі қарапайым, күнделікті жауынгер киімінде.

    4. Қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің дамуын сипаттамайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары: (9-тақырып) [14,15,17,18,19].

1. «Жер тұрғындары» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

2. Әңгіме «Қазақстан халқы».

10-тақырып. Ғалам және ғасыр. ХХІ ғасырдың жетістіктері. Қазақстан және ғарыш (Т. Әубәкіров). Етістік. (дара, күрделі, негізгі, көмекші, болымсыз, тұйық етістіктер)

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Ғалам және ғасыр

XXI ғасыр да айқара есігін ашты. XXI ғасыр ғылым мен техниканың ақпараттық-технологиялардың дамыған, әрі өркендеген заманы. Бұл ғасырда әр түрлі механикалық, электроникалық, нанотехнологиялар пайда болды. Ғаламда көптеген ғылымы мен технологиясы дамыған мемлекеттер бар. Атап айтатын болсақ, Жапония, Германия, Қытай, АҚШ, Франция, Ресей т.б. мемлекеттер. Адамзат мәдениетінде тарихи тұрғыдан алып қарағанда үзілмес байланыс, сабақтастық бар. Мәдениеттің бір бөлігі есептелетін ғылымның даму жолы мұның айқын айғағы болса керек. Ғылымның, білімнің дамуына халықтың озық ойлы, ұшқыр қиялды азаматтары ат салысқан: бірі іргетасын қаласа, екіншісі қабырғасын тұрғызды, үшіншісі басқа бір кем-кетігін толтырды.

Қазіргі таңда бүкіл ғалам идеясы жаратылыстанушы ғалымдардың арасында қарсылық тудырмай, қабылдануда. Бірақ, бұл жағдай бірден пайда бола салған жоқ. Кез келген ұлы ғылыми идея секілді, ол да ғылымда басты орынға ие болуының алдында ұзақ та күрделі сынақтардан өтті.

Ғалам эволюциясы - физика ғылымының теориялық базисіне және көптеген астрофизикалық бақылауларға негізделіп дәлелденген ғылыми факт. Ғалам эволюциясы жайлы қазіргі заман ғылымының негізін 1916 жылы салыстырмалылық теориясын ойлап тапқан Альберт Эйнштейн салып кеткен. Қазіргі заманғы ғаламның өмір сүруінің үш түрлі вариантын көрсетуге болады:

1) Ғалам өткен уақытта да, болашақта да шексіз мәңгі тіршілік ете алады.

2) Ғаламның басы мен соңы бар.

3) Ғалам уақыт аралығында үнемі өзгеріп отырады.

Тапсырмалар:

1.Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

2.Сөздерді оқып, аударыңыз. Айтылуына, жазылуына көңіл бөліңіз

3. Мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыз. Сол бойынша жоспар құрыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]