Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Радиоэлектроника

Радиоэлектроника - ғылым мен техниканың ақпарат тарату, қабылдау және түрлендіру үшін электрмагниттік өріс энергиясын пайдалану мәселелерін қарастыратын саласы. Радиоэлектроника 20 ғасырдың 50 жылдары пайда болды. Ол радиотехника мен электрониканы, оптикалық электрониканы, шалаөткізгіштік электрониканы, микроэлектрониканы, криоэлектрониканы, инфрақызыл техникасын қамтиды.

Радиоэлектроника автоматика, техникалық кибернетика және электрондық есептеу техникасымен тығыз байланыста. Радиоэлектроникада радиотехникалық тізбектер мен құрылғыларға талдау және синтез жасауға, олардың құрылымы мен параметрлерінің тиімділігін анықтауға математика кеңінен пайдаланылады.

Радиоэлектрониканың электракустика және электроникамен бірігіп кеткен салалары бар. Қазіргі радиоэлектроника физиканың көптеген салаларымен, әсіресе қатты дене физикасы, радиофизика, оптика және механика сияқты салаларымен тығыз байланыста дамып келеді. Радиоэлектроника ғылым және техникамен қатар өндірісте, медицинада, экономикада қолданылады.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар

Мысалы. Техникалық кибернетика.

2. Мәтінді оқып аударыңыздар, тәуелдік және септік жалғаулы сөздерді табыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

4. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Радиоэлектрониканың электракустика және электроникамен бірігіп кеткен салалары бар.

5. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

6. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (13-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1. Су – тіршілік көзі тақырыбына әңгіме жазыңыз.

2 .Қазақстанның «Қызыл кітабына енген жан-жануарлар тақырыбына реферат дайындаңыз.

3.Радиоэлектроника өнеркәсібіне байланысты 10 сөз тіркесін жасап, жаттап алыңыз.

14-тақырып. Өсімдік және медицина. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Ампер.

Аралық тест. Төл сөз. Төлеу сөз.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Өсімдік және медицина

Кәдімгі емен – қос жарнақтылар класы, ементәрізділер тұқымдасына жататын ең әдемі және ең ұзақ жасайтын ағаштардың бірі. Жасы 2000 жылға жеткен емен ағашы Литва жерінде өсіп тұр. Еменнің жас бұтақтарының қабықтары – дәрілік шикізат. Еменнің жас бұтақтарын қан - тамыр жолдары , бауыр мен тамақ ауруларына қолданылады. Емен қабығының қайнатпасымен түрлі ауруларға ем. Ал жаңғақтарын аю мен шошқа сүйсіне жейді. Еменнің қуырылған жаңғағында қант, ақуыз 5%-ға дейін, май 40%-ға жуық крахмал болады, одан әр түрлі сусындар дайындайды. Жапырағы ерекше әдемі, гүлі – сырға тәрізді, жемісі – саңырауқұлақ пішіндес жаңғақ.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: еменнің 10 г қабығын 1 стақан қайнаған суға салып, 20 минут тұндырады да, күніне 2-3 рет ішеді. Күйікті емдеу үшін жоғарыдағыдай мөлшерде тұнба дайындап, оны қоюланғанша қайнатып, сары майға немесе вазелинге қосып, күйген жерлерге жағады.

АМПЕР

Ампер – электр тогі күшінің өлшем бірлігі. Қысқартылған түрде а деп белгіленеді. Денеден өтетін ток күші 0,5 ма-ден (милиампер) төмен болмаса, оны адам сезінеді, ал ток күші 0,5 ма-болса, бұл адам өміріне қауіпті. Пәтердегі ток күші 5-20 а аралығына есептелген. Ал желідегі кернеу 220 в кезіндегі 60вт лампаның ток күші 0,3 а шамасында болады.

Ампер-сағат – аккумуляторлар мен гальваникалық элементтердің сыйымдылығын өлшеуге қолданылатын электр мөлшерінің өлшем бірлігі. Қысқаша – а.сағ.деп белгіленеді.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар

Мысалы. Электр тоғы.

2. Мәтінді оқып аударыңыздар, етістіктің шақтарын табыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

4. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Ал желідегі кернеу 220 в кезіндегі 60вт лампаның ток күші 0,3 а шамасында болады.

5. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (14-тақырып)

1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері тақырыбына әңгіме жазыңыз.

2.Электр сөзін қатыстырып 10 сөз тіркесін жасап, жаттап алыңыз.

15-тақырып. Қайталау. Қорытынды. Емтиханға дайындық.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикадан өтілген тақырыптарды қайталау.

2. Лексикалық тақырыптарды қайталау.

3. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

75

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]