Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Жер тұрғындары

Жер планетасы жеті құрлықтан тұрады: Австралия, Антарктида, Африка, Азия, Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка. Құрлықтардың әрқайсысында түрлі елді мекендер, таулар, өзендер, көлдер, шөл далалар, шалғынды жазықтар, ормандар, қалалар сияқты ландшафттар бар.

Құрлықтарда 6 миллиардтан астам тұрғындар өмір сүреді. Олардың қоныстануы әр түрлі. Мәселен, тұрғындары ең аз қоныстанған құрлық – Австралия. Ал, Европа құрлығы аумағы ең кіші құрлық болғанменен, халқы тығыз қоныстанған. Жер тұрғындары нәсіліне қарай төртке бөлінеді.

Ұлттар, ұлт өкілдері ортақ тарихы, генетикалық жақындығы, дәстүріне орай белгілі бір мемлекеттерді құрайды. Әр халықтың өз салты, тілі, діні бар. Кейбір тілдер кең таралған. Мысалы, ағылшын тілі – әлемнің барлық елінде қолданылады. Сол сияқты өлі тілдер, жасанды тілдер де бар.

Салт-дәстүрлер әр елде әр түрлі. Ол сол халықтың наным-сенімімен, тарихымен тығыз байланысты.

Әлем халықтары әртүрлі діндерге табынады. Табынушылар саны көп діндер – ислам, христиан, иудаизм, буддизм, конфуциандық, индуизм, синто және даосизм діндері. Өзге діндерге сикхизм, джайнизм, бахаизм және зороастризм, тағы басқалар жатады.

Жаңа сөздер:

құрлық

наным-сенім

қоныстану

нәсіл тұрғын

дәстүр шалғынды жазықтар

жасанды

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқыңыз.

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз. Мына сызба бойынша жұмыс істеңіз:

үлкен

жаңа

таза

құрлық

3. Мәтінді түсініп оқыңыз.

4. Мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыз. Сол бойынша жоспар құрыңыз.

5. Халықтар, олардың мәдениеті, тілі, діні, нәсілі туралы мәліметтер жинаңыз. Оны әңгімелеп беріңіз.

Қазақстанның халқы

2009 жылдың 25 ақпанында елімізде Ұлттық халық санағы өтті. Бұл акция Қазақстан тәуелсіздігін алғанан бері екінші рет өткізіліп отыр. Өткен санақтан бері он жыл өтті. Бұл еліміз үшін аза жауапты әрі маңызды іс-шара болып табылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық халық санағының үндеуінде «Адам ресурсы дегеніміз, ол – сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол – қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі», -деп айтылған.

Халқымыздың өсіп-өркендеуі, мемлекетіміздің нығаюы – баршамыз үшін ең маңызды міндет. 1994 жылы өткен тәуелсіз Қазақстан Республикасында 16 млн. 854 мың адам болды.

Еліміздің өсіп-өркендеуі мақсатында, болашақты болжап, стратегиялық бағыттарымызды тағы да айқындай түсу үшін, халықтың әл-ауқатын одан жақсарту үшін мемлекетке ел, жер, экономика, әлеуметтік жағдай жөнінде нақты мәліметтер қажеттілігінен елімізде Ұлттық халық санағы жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі 2009 жылғы Халық Санағында республикамызда 16 млн. 402 861 адамның тіркелгенін хабарлайды. («Заң газеті», №44, 26 наурыз, 2009 жыл). Бұл адамдардың 50,4 пайызы қалада, 49,6 пайызы ауылда тұратынын, сондай-ақ оның 47,9 пайызы ерлер, 52,1-і әйелдер екенін анықтады. Ел халқының 67 пайызы жергілікті ұлт өкілдері.

Тапсырмалар:

1. Мәтін бойынша сөздік құрыңдар.

2. Сіз Ұлттық халық санағына қатыстыңыз ба? ситуативтік жағдай.

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]