Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Менеджер және ұйым

Ұйымның сипаттамасы. Менеджментті оқып білу үшін ұйымның не екенін, неге басқару керек екенін білу қажет. Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.

Ұйым дегеніміз не? Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек.

  1. Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы;

  2. Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы;

  3. Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы.

Осы сипаттарды арқылы анықтама аламыз:

Ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.

Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді. Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады.

Бейресми ұйымдар – бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.

Күрделі ұйымдар – бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.

Ұйымдар формасы, мақсаттары, ұйымдық құрылымы бойынша ерекшеленеді, сонымен қатар ортақ сипаттары бөлініп шығады. Ұйымның бес ортақ қасиеттері табысқа, жетістікке жету үшін ұйымды не үшін басқару керек екенін түсінуге көмектеседі.

Олар:

  1. Ұйымның ресурстары.

  2. Сыртқы ортаға тәуелділігі.

  3. Көлденең еңбек бөлінісі.

  4. Бөлімдер.

  5. Тік еңбек бөлінісі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ұйымның сипаттамасы қандай?

Ұйым дегеніміз не?

Ұйымдар қалай бөлінеді?

Ұйымның бес ортақ қасиеттерін атаңыз.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

  1. Сөз тіркесін жасаңыз.

Ұйыммен ... , ортақ мақсатқа ... , өзара ... .

5. Мәтін бойынша сұхбаттасыңыз.

6. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.

Радиотелефон байланысы

Радиотелефон байланысы - телефон хабарларын радиотолқындар арқылы таратуға мүмкіндік беретін электрлік байланыс. Радиотелефон байланысында таралатын дыбыстық тербелістер микрофон көмегімен дыбыстық жиіліктегі электр сигналдарына түрленеді де, радиотаратқыш генераторында қоздырылған жоғары жиілікті тасымалдаушы тербелістерді модуляциялайды. Модуляцияланған тербелістер электрмагнитті толқын түрінде антенна арқылы кеңістікке таралады. Қабылдаушы антеннада бұл радиотолқындар электр тербелістерін тудырып, ол тербелістер радио қабылдағышта күшейтіледі және кері модуляцияланып дабыл ажыратып алынады. Алынған электр сигналы телефонға жіберіліп, дыбысқа түрлендіріледі.

Радиотелефон байланысы бір-бірінен өте қашық орналасқан жылжымалы нысандар арасында (мысалы, ғарыш кемесі, мұхиттағы кемелер, ұшақтар мен жер арасында) және алыс орналасқан елді мекендермен байланыс орнатуға тиімді.

Тапсырмалар.

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар

Мысалы. Электромагнитті толқын.

2. Мәтінді оқып аударыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

4. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Алынған электр сигналы телефонға жіберіліп, дыбысқа түрлендіріледі.

5. Осы мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

6. Мәтіннен етіс және етістіктің шақтарын табыңыздар.

7. Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше формаларын табыңыздар.

8.Мәтіннен үстеуді тауып,түрлерін ажыратыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (3-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1.Менің тобым және менің ұжымым тақырыбына әңгіме жазыңыз.

2.Радиотелефон байланысының тиімділігі жайлы әңгіме жазыңыз.

4-тақырып. Қоғамдағы отбасының қызметі. Отбасы. Телекоммуникация.Шылаулар. Септеуліктер. Демеуліктер.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]