Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Қоғамдағы отбасының қызметі

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.) бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.

Көне заманнан бері әрбір отбасында той-мерекелер (шілдехана, ат қою, туған күн, мектепке бару тойы, күміс және алтын, қоныс тойлары) қайта жаңғыруда.

Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Отбасынан жақсы, дұрыс тәрбие алған бала қоғамға да өз үлесін тигізеді. Сол себепті де қоғамдағы отбасының қызметіне аса назар аударған жөн.

Тапсырмалар:

  1. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

  2. Туыстық атауларды жаттап алыңыздар.

  3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

  4. Өз отбасыңыздың қоғамдағы қызметі туралы шағын шығарма жазыңыздар.

  5. Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Осы берілген сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдаулар жасаңыздар.

ОТБАСЫ

Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем-зейнеткер. Әкем қырық жеті жаста, ол ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді. Шешемнің жасы қырық бесте, ол - жеке кәсіпкер. Ағам Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Қазір құрылыс фирмасында қызмет етеді. Оның жасы жиырма бесте. Қарындасым дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Ал мен өзім Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жол-көлік факультетінде оқимын.

Біздің отбасымыз Қарағанды қаласының орталығында, төрт бөлмелі пәтерде тұрады. Туыстарымыздың бәрі осы қалада тұрады. Біз жиі қатынасып тұрамыз. Біз өте тату тұрамыз. Біздің отбасымыздың достары көп. Мерекелерде кездесіп тұрамыз.

Телекоммуникация

Телекоммуникация, телеқатысым (сат. Теіе - қатынасу, байланысу, грек. қашық және ағылш. Communication - байланыс) - ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы, қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 70-ыншы жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электр байланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр дабылдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады.

Тапсырмалар.

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударып, жаттап алыңыздар.

2. Мәтінді оқып аударыңыздар.

3. Мәтіннен шылауларды табыңыздар.

4. Жаттығу жұмысы. Демеуліктерді тауып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Сен айтқаныңды орындамадың ғой. 2. Сіз ештеңе білмейді екенсіз ғой. 3. Ол саяхатқа баласын ғана алды. 4. Маған ұлттық киімнің бәрі ұнайды, әсіресе сәукеле. 5. Сурет көрмесіне жиі барасыз ба? 6. Сіз жаңа қазақ театрының ашылу рәсіміне бардыңыз ба?

5. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Телекоммуникация саласы қазақстанға 20 ғасырдың 70-ыншы жылдарынан ене бастады.

6. Мына демеуліктерді қатыстырып, сөйлемдер құраңыздар.

Ғой, ғана, әсіресе, ма, ме, ба, бе, па, пе

7. Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.

8. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөзді тауып, сөз тіркесін жасаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы, 2001.

2. БектұровШ. Ш,БектұроваА . Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1998.

3. Адашева А. Қазақ тілі. Алматы, 1997.

4. Жетпісбай Ш, Ботабек А,Байпелова Г,ӘбілқасовҒ, СағатоваГ. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). Қарағанды, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (4-тақырып) қосымша [14,15,17,20]

1.Менің отбасым тақырыбына шығарма жазыңыз.

2.Анамның асыл қасиеті.Әңгіме.

5-тақырып. Қазақстанның білім беру жүйесі. «Болашақ» бағдарламасы. Қоңырау. Одағай. Еліктеу сөздер.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]