Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Адам және қоғам

Адамда мінез-құлықтар жүре-бара қалыптасады. Адамның көзқарасы оның қандай ортада өскендігіне тікелей байланысты. Оның көзқарасына әсер ететін факторларды екі кезеңге бөлеміз.

Бірінші кезеңге адамға бала кезінде өте зор әсер ететін ортаны — отбасын, ойнайтын достарын, мектепті жатқызуға болады. Мектептің кезінде билікті бөлісу үлгісін оқушылар міндетті, қажетті деп қабылдайды, солай болуы да тиіс. Ал бұл қатынас мемлекет құрылымы туралы болашақтағы көзқарасты да қалыптастырады.

Бұл кезеңде адамға әсер ететін факторлар — құрбы-құрдастары, коғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат кұралдары.

Екінші кезеңде әлеуметтенудің факторлары өзгереді. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік орта басты орын алады. Теледидар және радио арқылы берілетін хабарлар алғашқы және шындық, ретінде қабылданады.

Қоғамдағы маңызды орын алатын фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта: оқудағы, жұмыстағы әріптестер, жақын туысқандар, т.б. Шығармашылық интеллигенция ортасы да маңызды рөл атқарады. Еңбексүйгіш, тәртіпті, үлкенге, отбасына ізетті адамдармен қатынаста болудың да үлкен маңызы бар.

Қоғамда әрбір адам өзі туғаннан берілген қабілетін толық іске асыра алатын және сол арқылы тек біздің мемлекетімізге емес, жер бетіндегі барлық адамдарға пайдасын тигізе алу үшін, атап айтқанда білім мен денсаулық арқылы рухани құндылықты жаңғыртуға болады. Қоғамды жасаушы адам екенін ұмытпауымыз керек.

Салауатты өмір салты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» - делінген.

Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», деген сөзі бар. Ендеше, алдымен дүниеге келген жаңа ұрпақтың осындай жолға түспеуіне, олардың бұдан былай салауатты өмір сүруіне жағдай жасау керек. Ұлттық тәрбие ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, парасаттылыққа, инабаттылыққа, арақ ішпеуге, бұзақылық жасамауға үйретеді. Қазіргі уақытта 16-18 жас аралығындағы жастар темекі, ішімдік, нашақорлық тәрізді жаман қылықтармен айналысады. Бұл олардың болашағына, денсаулығына кері әсер етеді. Мұндай жағдайлар болмас үшін қазіргі кезде нашақорлық пен ішімдікке қарсы күрес жүргізу ұйымдары жұмыс жүргізеді. Болашақта бақытты болғысы келетін азаматтар өз денсаулықтары үшін денешынықтыру жаттығуларымен және спортпен жиі айналысуы керек. Сонымен қатар қазіргі ХХ-ХХІ ғасырдың ең қауіпті, зиянды ауруларының бірі СПИД-ке қарсы күрес жүргізілуі керек. Азаматтар әрқашанда бұл жаман дерттің қалай таралатынын естерінен шығармауы тиіс.Қазақстан Республикасында дені сау, білімді, бәсекеге лайық азаматтар өмір сүрсе, болашақта мемлекеттің гүлденуіне ешкімнің күмәні жоқ.

Тапсырмалар:

Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.

2. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.

3.Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жеткізіңіз.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»;

«Дені саудың, жаны сау»;

«Басты байлық – денсаулық»;

«Ауру айтып келмейді».

4.Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз ба? «Салауатты өмір салты» дегенде ойыңызға қандай сөздер түседі? Жазыңыздар.

5.Мына сызбаны толықтырыңыз. Әр бөліміне жеке тоқталыңыз.

  1. Мына көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз:

... өмір, ... жол, ... ұрпақ, ... тәрбие, .... қасиет, .... әсер, ..... ұйым, .... азамат

  1. Сын есімнің шырайларына мысал келтіріңіз.

  2. Мәтін бойынша хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.

  3. Саналы азамат сөзін жіктеңіз.

  4. Сан есімдерді теріп жазып, реттік, болжалдық түрге айналдырыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]