Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

10. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы.

Қаржы механизмі-экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Қаржы механизмі мемлекет белгіленген қаржы шараларын нақтылы, атаулы, нақтылы нәтижелерде- барлық деңгейлерде және қоғамдық-экономикалық сфераларда қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтердің және құндылықтардың барлық толып жатқан элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы жаңғыртылуында іске асырылады.

Қаржы механизмі:

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизиі,

мемлекет қаржысының механизмі,

сақтық механизмі болып бөлінеді.

Бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындары қамтиды.Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм, бюджеттен тыс қорлар механизмі, мелекеттік кредит механизмі болып бөлінеді.Бюджеттік механизм республикалық бюджеттің механизмі мен жергілікті бюджеттердің механизмінен тұрады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмінің құрылымына: қаржы әдістері, қаржы тұтқалары, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету кіреді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті орггандарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Қаржы механизмінің құрылымында мынандай функциялық буындары бөледі:

1)қаржы ресурстарын жұмылдыру

2)қаржыландыру

3)ынталандыру және басқалары. Қаржы механизмінің құрылымы қаржылық қатынастарды топтастыру тұрғысынан қаржы жүйесін бейнелеп көрсетеді.

Қаржы механизмі (жүйе)

Қосалқы жүйелер

Қаржылық жоспарлау (болжау)

Қаржы тұтқалары мен

ынталандырмалары

Ұйымдық құрылым және құқықтық режим

Блоктар

Қаржы болжамдары, жоспарлары ж/е баланстары

Қаржылық көрсеткіштер

Қаржы нормалары мен нормативтері (ағымдағы қаржыландыруда қолданылатындары)

Қаржы ресурс бөлудің нормативтері (макроэкономи калық нормативтер: салықтардың мөлшерлеме лері, қорларға аударылатын аударымдардың нормалары

Үдайы өндірісті және ынталандыруды қаржымен қамтамасыз ету қорлары

Қаржыны басқаруды ұйымдастыру

Қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер

Қаржылық бақылау

Элементтер

(қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың алғашқы, бастапқы түрлерінің, нысандарының,әдістерінің, олардың сандық анықтау амалдарының қосалқы жүйелері мен блоктарына сай келетін нақты атаулары)

Қаржы механизмі қосалқы жүйесі (бөлігі) қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны үйымдастыру.

Қаржы механизмі блогы (буыны): бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтер жиынтығы.

Қаржы механизмі элементтері: бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айырықшалықтағы түрде белгіленеді.