Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

22.Эссе. Жахандану жағдайындағы бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары мен проблемалары

Қазақстан қор биржалары өзінің дамуы жөнінен әлемнің ірі қор биржаларынан әлі де болса қатты артта қалуда. 1999 ж. биржалық айналыстың қарқынды түрде өсуі байқалды. Бағалы қағаздармен мәміле арасында МҚО жасалған мәмілелер алғашқы орынға шықты (жалпы сатылған қағаздардың 30%-ы)[9, 5 бет].

Қазақстанның бүгінгі таңдағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы оның дамуды қажет ететіндігін көрсетеді. Инвестициялық салымдардың тиімділігі мен сенімділігі тұтастай алғанда мемлекеттің экономикасының дамуын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады және де біз үнемі соған ұмтылуымыз қажет.

Бүгінігі Қазақстандағы қор нарығы артық ақша ресурстарын тарту функциясын атқармайды десе де болады. Қазақстан қор нарығы нашар дамыған, өтімділігі төмен, сондай-ақ белсенді трейдерлер де аз. Халық көбінесе оның жұмысы жайлы көп біле бермейді.

Көптеген қазақстандық брокерлер нарыққа енудің минималды сомасын орнатпайды, мұнда кез келген қаражат сомасы бар клиентті құшақ жая қарсы алады, тек брокерлік қызметті төлеуге қаражты жетсе болды.

Қазақстан қор нарығңының негізігі кемшілігі - өтімділіктің жоқтығы. Бұл жердегі ең басты себеп – еркін айналыста акциялардың жетіспеуі. Айналыстағы бағалы қағаздар мөлшері де аз, өйткені олар тез арада институционалды инвесторлардың қолына түседі де қайтадан еркін айналысқа шығарылмайды. Нарықтағы бағалы қағаздардың негізгі бөлігін банк секторының бағалы қағаздары құрайды.

Қор нарығының жалпы проблемасына келер болсақ, бизнес онсыз да жақсы дамуда. Күні бүгінге дейін елімізде халық жинақтарын тартатын және қаражаттарды инвестициялау үшін қызықты құралдары бар алаң жоқ.

Қазіргі таңда қор нарығы эмитенттерді, жаңа енгізулерді және өтімділікті қажет етеді. Қор нарығын ынталандырушы болып мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру табылады. Мемлекеттік компаниялар үшін ол өте тиімді, бираға енудің қиындығымен қатар, бұл оларға қаражат тартудың жаңа көздерін табуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар нарыққа жаңа перспективті компаниялардың бағалы қағаздарын енгізу – тар нарықты жандандыру мүмкін, әсіресе де ол компаниялар өңдеу саласынан болса.

Өкінішке орай, қазіргі таңда қор нарығына тартылған жаңа компаниялардың тартымдылығын бағалау мүмкін емес болып отыр. Себебі, көптеген жекеменшік компаниялар жиі жағдайда өздерінің қаржылық есептерін жарияламайды. Бірақ өндіру және өңдеу саласындағы компаниялар Қазақстанда үнемі қызығушылық тудырды.

Қор талдаушыларының ойынша, компаниялардың қор биржасына шығуына басты кедергі болып олардың акцияларының Қазақстан қор биржасы (KASE) индексі талаптарына сай келмеуі. Сондықтан мамандардың пікірінше, үкімет оларға KASE акциялары индексіне кіріуі үшін белгілі бір уақыт аралығын беруі қажет. Көп уақыт қаржылық кеңесшілерді таңдау жөнінде тендерлерді ұйымдастыру мен өткізу үшін кетеді. Кәсіби мамандардың айтуынша, компанияны қор нарығына шығару үшін орта есеппен 3 айдан 9-11 айға дейін қажет. Соның өзінде компанияда сәйкес аудит бөлімі және олардың алғашқы нарыққа орналастыруға дайындығы болуы шарт.

Халықты қор нарығына тарту үшін алдымен дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Мысалы, Батыс елдерінде халықтың көпшілігі үлкен қызығушылықпен «қор нарығы» атты ойынды ойнайды.Ол банк депозиттеріне қарағанда тәуекел деңгейі жоғары болып келгенімен, сәйкесінше, оның табыстылығы да жоғары болып келеді. Айта кететін жайт ойынға деген қызығушылық, қор нарығы дамуына тура пропорционалды.

Халықты даярлау және қаржылық сауатсыздықты жою шараларымен кәсіби қатысушылар, яғни, брокерлік компаниялар шұғылдануы тиіс. Өйткені олар болашақта жеке тұлғаларды өздерінің клиенттері етуге мүмкіндіктері бар. Бірақ ешбір брокерлік компания мемлекет ауқымында мұндай шараларды жүзеге асыра алмайды. Сондықтан бұл шараларға мемлекет те міндетті түрде араласу керек.

Бүгінгі таңда қазақстандық биржаларды ұлғайту, биржа арқылы өтетін барлық операциялар клиенттер үшін тәуекелсіз болатындай жүйені ұйымдастыру мәселесі алда тұр. Өйткені бағалы қағаздар нарығының болашақтағы дамуы негізінен біздің елімізде қор биржаларының даму дәрежесіне тәуелді. Ол үшін алдыңғы қатарлы мәселелерді шешу қажет.

Дәл қазіргі таңда Қазақстан инвестициялық деңгейі жоғары емес елдер қатарында тұр. Сондықтан мемлекетіміздің басты мақсаты экономиканың даму қарқынын үдету, сол арқылы бағалы қағаздарға бөлінетін салымдар көлемін ұлғайту.

Сонымен қатар қор биржасының инфрақұрылымын дамыту: қор биржаларын және биржадан тыс ұйымдық жүйелерді жандандыру.

Қор биржасындағы қызметтің табыстылығы көбінесе қаржылық ақпарат таратудың жеделдігіне байланысты, ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қор биржасында эмитенттер және олардың бағалы қағаздары жайлы ақпарат толық емес. Юджин Фаманың классикалық анықтамасына сүйенетін болсақ, «тиімді қор нарығы – ақпаратты өңдеуде болашағы зор нарық», ал Қазақстан қор нарығының ақпаратты тиімділігі АҚШ қор биржаларымен салыстырғанда бірнеше есе төмен.[10, 3 бет]

Болашақта қор биржасын ұйымдастыру деңгейін көтеру қажет және де инвесторларды алаяқтықтан қорғаудың тиімді жүйесін ойлап табу, қор биржасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру, дамыған мемлекттердің қор биржаларымен байланыс аясын кеңейту қажет.

Тек осы жоғарыда аталған мәселелрді шешкен кезде ғана қазақстандық қор нарығы басқа өркениетті елдердегі қор нарығы тәрізді өзінің негізгі қызметін – қаржы саласынан өнеркәсіп саласына капитал ағымын жасауды жүзеге асыра алады.

Қазақстандық қор нарығының даму мәселесін қарастыра отырып, оның екі құраушы бөлігін қарастыру қажет, олар – биржалар саясаты және бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекетттік басқару органдарының саясаты.

Биржалар саясаты. Жалпы Қазқстан Республикасында қор биржаларының дамуы олардың нарығы тұсынан алып қарағанда екі бағытта болды. Алдымен ол – қор биржасын құру, ал екіншіден әр түрлі қаржылық құралдар мен валюталар нарығын қалыптастыратын, сонымен қатар қатысушыларға толық қызметтер жиынтығын – сауданы ұйымдастырудан, есеп айырысуға дейінгі қызметтер көрсететін әмбебап институттарды құру.

Алғашқысының мысалы ретінде - «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» ЖАҚ , ал екіншісіне «Қазақстан қор биржасы» АҚ жатқызуға болады.

Технологиялық қырына келетін болсақ, бұл жағынан алғанда Қазақстан Республикасында ерекше бірлік байқалады – барлық биржалар және сауда жүйелері залдық аукциондық дауыс беру механизмінің орнына электронды сауда жүйелерін пайдаланады. Аймақтық қамту тұрғысынан алып қарағанда, сауданы ұйымдастырудың электронды технологиялары арқасында Қазақстан Республикасындағы барлық жетекші алаңдар өз аймақтарымен ғана шектелмейді, олар басқа аймақтармен ойдағыдай байланыс орнатуға тырысады.

Бағалы қағаздар нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар саясаты. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы әлемдік беталыстан қалуда. Мысал ретінде қазақстандық реттеушілердің коммерциялық емес серіктестіктерге ерекше көңіл бөлуін айтуға болады, мысалы қор биржасы, клирингтік орталық, депозитарийлердің кейбір түрлері тек қана осы ұйымдық-құқықтық форманың шеңберінде ғана қалыптаса алады. Бағалы қағаздар нарығында түрлі кәсіптік қызметтерді қиыстыруға шектеулер сақталуда. Реттеушілермен кәсіби қатысушылардың талабы ескерілмеуі жиі байқалады.

Қазақстан қор нарығыны дамуының негізгі тенденциялары.

Бағалы қағаздар нарығы әлемнің эконмикасы дамыған елдерінде қызмет атқарады және олар жиі эздері пайда болған мемлекет шеңберінен шығып кетеді.

Нарықтық қатынастары дамыған мемлекеттердің осы заманғы бағалы қағаздар нарығының даму тенденциялары болып келесілері табылады:

  1. капиталды шоғырландыру және орталықтандыру – аспектіде көрініс табады: кәсіби делдалдар ұйымдарын ұлғайту және олардың санын қысқарту, бағалы қағаздар нарығы қоғам капиталын көптеп тартуда;

  2. нарықты жаһандандыру – ұлттық капитал мемлекет шекарасын асып, әлемдік бағалы қағаздар нарығы қалыптасады, капитал қозғалысы жолындағы кедергілер алынып тасталады;

  3. ұйымдастыру деңгейін көтеру мен мемлекеттік бақылауды күшейту;

  4. бағалы қағаздар нарығын компьютерлеу – сауда жасау тәсілдері мен нарыққа қызмет көрсетуде көптеген жаңалықтар енгізуге септігін тигізді;

  5. нраыққа жаңалық енгізу – жаңа құралдар, бағалы қағаздарды саудалау жүйесі, нарық инфрақұрылымы;

  6. секьютирлеу – ақша қаражаттарының өзінің дәстүрлі формаларынан бағалы қағаздар формасына өтуі;

  7. капитал нарығының басқа түрлеріне ену. [11, 280 бет]

Биржалық нарық сапаның ең жоғарғы деңгейі не кепілдік береді.

Бағалы қағаздар биржалық тауар болу үшін, олар ену процедурасын, яғни, листингтен өтеді. Егер бағалы қағаздар листингтен өтсе, оларға деген сенімділік артады, ол өз кезегінде көптеген артықшылықтар әкеледі. Мысалы, биржа тізіміне енген компаниялар инвестиция саласында қызығушылығы бар тұлғалар арсында атаққа ие болады.

Қазіргі таңда биржаны дамытуда атқарылып жатқан іс те аз емес. Әрине кемшіліксіз болмас, бірақ соңғы бірнеше жылдар ішінде біздің қор нарығымыз алға қарай үлкен қадам басты. Бұл салада да айтарлықтай жобалар іске қосылды, сәйкес заңдар қабылданды. Енді соларға кігкене тоқталсақ. Әрине, қор нарығы жайлы сөз қозғағандағы негізгі жетістіктеріміздің бірі ол – Алматы өңірлік қаржы орталығы акционерлік қоғамының (АӨҚО АҚ) құрылуы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29-қаңтарындағы № 65 қаулысымен құрылған бұл акционерлік қоғам өз қызметі барысында қор нарығының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

«АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары халықаралық стандарттарға жауап беретін және қазақ қаржылық секторының халықаралық капитал нарықтарына ойдағыдай кірігуін қамтамасыз ететін бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту, оның капиталдануы мен өтімділігін арттыру, Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту, соның ішінде жеке тұлғаларды инвесторларды ретінде бағалы қағаздардың нарығында жұмысқа тартуға жағдайлар жасау болып табылады.

Негізгі міндеттеріне келсек, олар келесідей:

  • халықаралық стандарттарға жауап беретін және шет елдік қатысушыларды тартуға септігін тигізетін қаржы орталығын институциялық дамыту;

  • қаржы орталығында жұмыс істеу үшін брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың атынан эмитенттер мен кәсіби қатысушыларды және институциялық инвесторларды тарту;

  • қор нарығының көмегімен бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына тұрғындардың ішкі жинақталған қаражатын тарту.

  • жаңа қаржы құралдары мен қор технологияларын дамыту және енгізу;

  • ҚР тұрғындарының инвестициялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыруға қатысу және т.б.

Осы міндеттердің аясында «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ Арнайы Сауда Алаңының, АӨҚО Рейтингтік агенттігі, Клиринг палатасы, АӨҚО Медиа Холдингі және «АӨҚО» Академиясының құрылтайшысы болып әрекет етеді. [12]

АӨҚО жұмысын атқару кезінде көптеген даму бағдарламалары жүзеге асырылды, соның негізгісі болып «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» саналады.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сəйкес əзірленген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын одан əрі дамыту, оны ашық жəне тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды шығару үшін мүмкiндiктердi кеңейту, инвесторлардың құқығын қорғау жəне адал бəсекелестiктi қамтамасыз ету болды. [12]

Бағдарламаның іс-əрекеті кезіңде бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында ұйымдық-құқықтық нысанға, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарды оларды оңтайландыру мақсатында капиталдандыруға қойылатын талаптарды қайта қарау жүзеге асырылды, бағалы қағаздар рыногы-ның кəсіби қатысушылары орындауға міндетті пруденциалдық норма-тивтері белгіленді.

Бағдарламаны қолдану кезеңде «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) қызметін жетілдіру бойынша кешенді іс-шаралары жүзеге асырылды. Сонымен заңнамаға енгізілген түзетулермен биржаны коммерциялау көзделді, сондай-ақ биржаның акцияларын сатып алу құқығы бар тұлғалардың тізбесі кеңейтілді.

2007 жылғы 1 қазаңнан бастап KASE жаңа индекс – KASE акциялар рыногының индексін енгізді. Индекс өкілдік тізіміне олардың эмитенттерінің жəне еркін айналыстағы (free float) акциялар үлесін капиталдандыру деңгейін есептеген кезде енгізілген акциялар бағасының өзгеруін көрсетеді.

Қазақстан рыногын өтімді бағалы қағаздармен толтыру мақсатында жоғары халықаралық рейтингі бар компаниялардың бағалы қағаздар эмиссиялары проспектілерінің ықшамдалған тіркеу тəртібі енгізілді.

Бағалы қағаздар рыногында лицензиялау жүйесін жетілдіру жəне бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандарды аттестациялау шеңберінде уəкілетті орган бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін 8 мамандарды даярлау бойынша қызметін жүзеге асыруға рұқсатын беру рəсімін жоюды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының қатысушылар рыногында қызметті ырықтандыруға бағытталған бір қатар талаптарын көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Бұдан басқа KASE мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі адал бəсекелестікте негізделген сауда-саттықта қатысу принциптері мен ережелері белгіленетін, тыйым салынған іс-əрекеттер жəне оларды жасауға жауапкершілігі айтылатын қор биржасының барлық мүшелері сақтайтын KASE мүшелерінің Этика кодексі бекітілді.

Сонымен қатар, 2005-2007 жылдар ішінде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеудің толық жүйесі құрылды, қажетті құқықтық, институционалды жəне техникалық инфрақұрылым қа-лыптасты. Қазіргі уақытта елдің қор рыногы экономиканың барлық секторларымен өзара байланысты. Бағдарламаны іске асыру қазақстандық бағалы қағаздар рыногын жандандыруға, оның өтім-ділігін арттыруға, мемлекеттік бағалы қағаздар секторын сапалы жəне санды дамытуға мүмкіндік туғызды.

Қазақстан қор нарығындағы айтарлықтай жетістіктердің бірі ол KASE және АӨҚО-ның бірігуі.

2006-2008 жылдары Қазақстанда екі биржа алаңы: негізгі (KASE) және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (АӨҚО) арнайы сауда алаңы (АСА) жұмыс істеген, оның үстіне соңғысы қол жетімділігімен ерекше-ленетін. 2008 жылы, әрқайсысының артықшылықтарын қоса отырып, осы екі алаңды біріктіру шешімі қабылданды. Алаңдарды біріктіру барысы бірнеше сатыдан тұрды: екі алаңға ортақ біртұтас жаңа листингтік талаптарын орнату, екі алаңның да жарнамалық жіктелімін тізімдеу және екі тізімді біріктіру.

Бұл ретте АӨҚО қатысушылары үшін қарастырылған салықтық жеңілдіктер тұтас нарыққа таралатын болды. Бірлескен жаңа алаңға арнап эмитенттердің, биржалар мен қаржы кеңесшілерінің құқықтары мен міндеттеріне, листингтік процедуралар мен жинақтарына, ақпаратты ашуға, сауда және т.б. регламент белгілейтін біртұтас ережелер жасап шығарылды. [4]

Жалпы алғанда мұндай жобаны іске қосқаннан кейін, мемлекет-тің қор нарығы үшін негізгі жауапкершіліктің бардығы мемлекетке жүктеледі. Қазақстан қор нарығы бірден әлемнің дамыған қор нарықтары қатарына енеді деп пайымдау дұрыс емес, бірақ ол мемлекеттің экономикалық қажеттіліктерін өтей алатыны және де мемлекетке инвестиция тартудың негізгі құралы болары сөзсіз.