Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

19. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу.

БҰҰ Даму бағдарламасының «2009 жылы адам дамуы туралы баяндамасында» алғашқы бестікке Норвегия, Австралия, Исландия, Канада және Ирландия енді. Халықтың өмір сүру деңгейін анықтағанда денсаулық, білім деңгейі және мәдени дамуы, қоршаған ортаны қорғау мен қылмыс деңгейі есепке алынған. Бұдан бөлек, рейтингті анықтауда халықтың өмір сүру ұзақтығы, жан басына шаққандағы ІЖӨ және сауаттылық көрсеткіші, сондай-ақ қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігі және еркіндігі ескерілген. .

Былтырғы жылы еңбек өтілдері ескеріле отырып зейнетақылар мен жалақылардың көлемі қайта қаралғанын және жылдың басынан ең төменгі зейнетақы мен жалақы көлемінің көбейтілгеніне тоқталған Елбасы, “біз Халықтың Жинақ банкінде қалып, жоғалған салымдарын өтеуді қажет деп тапқан жалғыз мемлекетпіз. Қазірдің өзінде 4 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді. Егер, бұл өтемақыларды ағымдағы жылы төлеп үлгермесек, онда оны келер жылы да жалғастыру керек ” деп атап көрсетті.

Соңғы жылдары ел халқының өмір сүру деңгейі үздіксіз өсіп келеді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың 19-ында Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде жария еткен дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.

Былтырғы жылы еңбек өтілдері ескеріле отырып зейнетақылар мен жалақылардың көлемі қайта қаралғанын және жылдың басынан ең төменгі зейнетақы мен жалақы көлемінің көбейтілгеніне тоқталған Елбасы, “біз Халықтың Жинақ банкінде қалып, жоғалған салымдарын өтеуді қажет деп тапқан жалғыз мемлекетпіз. Қазірдің өзінде 4 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді. Егер, бұл өтемақыларды ағымдағы жылы төлеп үлгермесек, онда оны келер жылы да жалғастыру керек ” деп атап көрсетті.

Елбасы айтқандай, өткен 4 жылдың ішіндегі экономиканың өсімі “ең төменгі зейнетақы көлемін - 4000 теңгеден 5800 теңгеге арттыруға мүмкіндік берді”. Орташа зейнетақының көлемі де екі есеге – 4 мыңнан 8,6 мың теңгеге дейін өсті. Ең төменгі жалақы екі жарым есеге - 2500-ден 6600 теңгеге, орташа жалақы 1,6 есеге, яғни 14 мың теңгеден 24 мың 800 теңгеге дейін өсті. Ал, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 45 пайызға көтерілді. Әлеуметтік- экономикалық даму жетістіктері бізге Орталық Еуропаның бірқатар елдерінің негізгі көрсеткіштеріне жақындауға мүмкіндік беріп отыр, ал, Оңтүстік-шығыс Еуропа елдерінен біз әлдеқашан оздық. Дүниежүзілік банктің саралауы бойынша, біздің мемлекетіміз енді табысы орта деңгейден жоғары елдердің қатарына жатады.

16. ҚРғы бағалы қағаздар нарығының даму ерекшеліктері.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші роль атқарады. Қысқаша мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991 – 1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30 ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы соммасы 110 млрд сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80 % құрады.

Бағалы қағаздар нарығын жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты. 1996 жылдың мамыр айында 1996-1998 жылдар аралығындағы бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кезеңдегі негізгі бағыты нарықтың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады. Болашақта   бұл   бағдарламаға   өзгертулер   енгізіледі. Өйткені   бағалы   қағаздарды   шығару, орналастыру мен айналымға түсіру күрделі экономикалық және құқықтық қатынастарға, сыртқы факторларға қатысты. Сол факгордың бірі - жекешелендірудің қолданылып жүрген схемасы мен мемлекеттік ішкі қағаздарды жою.

Халық мемлекеттік бағалы қағаздарға сенім артуда. 1996 жылдың қыркүйегінен бері Ұлттық жинақ облигациялары 6 рет шықты. Жалпы құны 2,25 млрд теңге болды. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да мемлекеттік құнды қағаздарға сенім арта түсуде. Бұл біздің қаржы жүйеміздің тұрақталу тенденциясына оң ықпалын тигізе бермек.

Қаржылық жүйенің негізгі құралы, ақша айналымының басты өзегі, болашақта нарықты экономиканың дамуының ең маңызды буыны болғандықтан, құнды қағаздар нарығына деген қызығушылық туып отыр.

«Қазақстандық қор биржасы» Қазақстан Республикасындағы қызмет істеп тұрған жалғыз биржа. Алайда, Қазақстан ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда, дамудың прогрессивті сатысында тұр. Шетел нарығына шығу, жеке кәсіпкерліктің дамуы, инвестиция тарту, осы құнды қағаздар нарығының, яғни қор биржасының қызметтілігінің тигізетін маңыздылығы зор.

Қор биржалары қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып отыр. Биржаның негізгі ролі қаржылық және саудалық капиталдар қозғалысына қызмет көрсету болып табылады: бір жағынан бұл капиталды жинақтап, шоғырландырады; екінші жағынан – мемлекетке және түрлі шаруашылық субъектілерге кредит береді және қаржыландырады.

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі қандай, ол толық жұмыс істеп тұр ма? Бұл сұрақтарға берілетін жауаптардан аталған мәселе жөніндегі көзқарастардың әртүрлі екендігі байқалады. Рас, мамандардың пікірінше, Қазақстандағы құрылған қор нарығының инфрақұрылымдары ТМД елдері арасында ең үздіктердің бірі болып табылады. Бірақ олар қаржы секторымыздағы банк қызметі секілді жедел дамып кете алмай отыр. Ал бұл кемшілік тек бізге ғана емес, бүкіл ТМД елдеріне тән деуге болады. Мәселен, Ресей қаржыгерлері өз елдеріндегі осы бағалы қағаздар нарығының тартымдылығының төмендігі салдарынан N-дік мөлшердегі қаржылары айналымға шығарылмай, жай жатқандығын айтып жүр. Ел экономикасының кәдесіне аспай тығулы жатқан мұндай қаржы бізде де аз болмаса керек.

Сондай - ақ қаржы секторымыздың тағы бір құрамдас бөлігі сақтандыру қызметімен салыстырғанда да біздегі бағалы қағаздар нарығы халық арасында оншама танымалдыққа, яғни тартымдылыққа ие бола алмай келеді. Дегенмен, осындай кемшіліктерімізге қарамастан кейбір мамандар еліміздегі қор нарығының, соның ішіндегі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейін де жаман деп айтпайды. Бірақ та, осы қуатты мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қасында корпоративтік бағалы қағаздар, яғни акциялар шығару мен тарату кешеуілдеп қалып отырғандығын жұрттың

Көптеген мамандар жоғарыдағы сұрақтың туындау себебін компаниялар мен акционерлік қоғамдар басшыларының өз кәсіпорындарының нақты қаржы жағдайын және осыған қатысты барлық есептерді халықтың алдында ашып көрсеткілері келмейтіндігімен түсіндіреді. Үкімет оларды осындай шараларға, яғни кәсіпорынның ашықтығын қамтамасыз ете отырып, қор нарығына шығаруға итермелеп келе жатқанымен, кәсіпорындар басшылары бұған мүдделі болмай отыр. Өйткені олар акциялар пакеттерінің бөлінбеген толық күйінде кәсіпорынның өзінде сақталғандығын қалайды. Әсіресе, еліміздегі компаниялары табысты жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлар шамасы келсе, акцияның мемлекеттік пакетіне ешкімді ортақтастырмай бірте-бірте бәрін де өздері иемденгенді жөн көреді.

Сонымен, экономиканың қарқынды дамуының нәтижесінде оның әр саласы бойынша үлкен өзгерістерге жол ашылып отырғанымен, Қазақстандағы қор нарығы әзірге оның кәсіпқой қатысушылары мен қаржы топтарының арасында ғана өріс алып келе жатқандығы сезіледі. Көптеген кәсіпорындар мен қарапайым халық бұл нарықтан тысқары қалуда. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы қор нарығының қазіргі жағдайы мүшелерінің саны шектеулі мөлшерден аспайтын жабық акционерлік қоғамның жұмысын еске салады. Оның қыры мен сыры, даму барысы көпшілікке мәлім емес. Өйткені бұл нарықта көпшіліктің мүддесі қозғалмаған.

Егер қор нарығының қалыптасуы осылай созылмалы сипат алып, жағдай өзгеріссіз күйінде қала берсе, мұның өзі экономиканың тежеуші факторларының біріне айналмақ. Мұндай жағдайда мұнай мен металл сатудан ішке келіп жатқан қаржыны экономиканың бойға сіңіру мүмкіндігі шектеледі, халық пен институционалдық ұйымдардың (жинақтаушы зейнетақы қорлары, т. б.) қолындағы қаржы да көп пайдаға аса қоймайды.