Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

6. Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздың түрлері.

Бағалы қағаздар рыногы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жүмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын женілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде етіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

Бағалы қагаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы кағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардын номиналдық (номиналдық құн - бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рыноктық бағасы (бағамы) болады. Қайталама рынок сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның катысушыларына белгіленгсн талаптар сакталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында дилерлер мек брокерлер жүргізеді.

Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын күәландыратын коммерциялық документ. Бағалы қағаздар табысты иелеріне дивидент түрінде әкеледі. Бағалы қағаздарды мемлекет те, корпорациялар да шығара алады. Оларды «жалған» капитал дейді, оның нақтыдан айырмашылығы өндіріске салынады және қызмет жасайды. Жалған капитал өзіндік өмір сүреді. Бағалы қағаздар нақты капиталдың қағазды дубликаты ретінде ұсылынады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» 1996 жылғы 21-ші сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы айнамылына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен депозит, сертификаттарды және вексель жіберіледі. Бағалы қағаздар ережесі бойынша оларды нарыққа еркін сату ҚР-ы 1997-ші жылғы 15-ші наурыздағы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сай жүргізіледі.белгілердің жиынтығы. Бағалы кағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: 1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігінен үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері осы қарызды және үлесті түрлерінен туындайды. 2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды түлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді: Қазыналык немесе үкімет атынан Қаржы министрлігі шығарған бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді кағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы камтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері - қазыналық вексельдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады. Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады. Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар (салым қүжаты), чектер және бүлардан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері. Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар. 3. Бағалы қағаздар сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бүл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатылуға түседі. Оларды шығарушылар әр түрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады. Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады.