Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

22. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы

Мемлекет кірістері – экономикалық қатынастыр жүйесін айтады, бұл қатынастар процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекет меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығын құрайды.

Құрамы: Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай:

  1. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;

  2. Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімі;

  3. Қоғамдық,кооперативтік және ұжымдық аәсіпорындардың салық түсімдерінен;

  4. Халықтың салықтық түсімдерінен;

Жасалу сферасына байланысты:

  1. Материалдық өндіріс сферасында қалыптасқан кірістер;

  2. Өндірістік емес сферада жасалынған кірістер;

Қаржылық мазмұны бойынша:

  1. Салықтық

  2. Салықтық емес

Мемлекеттік шығыстар – мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты аұша шығындарымен көрсетіледі. Құрамы: 1. Экономиканы қаржыландыру – бқл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттары. Оларға: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар, негізгі капиталға жөндеу т.с.с. 2. ҒТП қаржыландыру – көзін таңдау кезеңдерге және тиісінше ғылыми техникалық зерттеулерге байланысты соның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулер, жобалау зерттемелері, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті басқаруды, ұйымдастырудың әдістерін енгізу. 3. Әлеуметтік мәдени іс шараларды қаржыландыру – оқу ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге, мәдениетке, денсаулық сақтауға жұмсалатын шығын.Түрлері: 1)білім беру, кадр, кәсіби даярлау. 2)мәдениет, өнер, спорт, БАҚ. 3)денсаулық сақтау. 4) мемлк. әлеуметтік сақтандыру және әлеум.к көмек. 4. Қорғанысқа жұмсалған шығын – қарулы күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрамаларға қаржы материалдық-техникалық және өзге ресурстарды бөлу, ҚР-ң қорғанысы кепілін қамт. ету. Қорғанысты қаржымен қамт. етуге кіреді: а)қарулы күштерді қаржыландыру; б)ғылыми зерттеулер мен қоғаныс сипатындағы зерттемелер; в) ақпаратты жүйені жасау және дамыту; г) әскери объектінің күрделі құрылымы.

23.Бюджет балансы.Бюджет тапшылығы.

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстандырылған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады.Шығыстардың кірістерден (шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуімемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды.Қазақстанда Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нактыланған түсінік берілген: бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен алынған шама республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы.Бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы (профициті), Ұлттық қордың түсімдерінен басқа республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең. Бесжылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Ұлттық қорға түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Ұлттық қордың орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;қоғамдық өндіріс шығындарынық өсуі;айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудын комақты ауқымы;«көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.Ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады: мемлекеттік қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр - ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғаландарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады. Қорғалған баптардың құрамын республика Парламенті мен биліктің жергілікті орғандары анықтайды.Бюджет тапшылығын төмендетудін мынандай әдістері болады: шығыстар тұрақты, кірістер өседі; кірістер тұрақты, шығыстар азаяды; кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырак төмендейді).Тапшылықты қаржыландыру - оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру.Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді.Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы кағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың аркасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.Шетелдікқарыздар.Оларды Дүниежүзілік валюта қорық басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.