Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

2.Қаржы ж/е қаржылық қатынастарға сипаттама беріңіз.

Қаржы–бұл мемлекет пен ш.ж.с.-де ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға,оларды қоғамдық,әлеуметтік ж/е басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне пайдалануға байланысты жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық байлықтың 1 бөлігін бөлу ж/е қайта бөлу процесінде туындайтын ақша қатынастары. Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды.Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономик алық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты белгілерінің бірі-оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.Эк-қ қатынастардың иерархиясы бойынша жалпы эк-ң материалдық негізі-өндіріс болса,ал осы өндірістің негізі-қаржылық қатынастар,сондықтан қаржы категориясының табиғатын зерттеу үшін оны ұлғаймалы ұдайы өндіріспен байланыстырып қарастыру керек.ҰҰӨ 4 сатыдан тұрады:1)өндіру;2)бөлу;3)айырбастау;4)тұтыну.ҰҰӨ айналымын ұйымдастырушы субьектілер:1)мемлекет;2)ш.ж.с;3)халық.Осы субьектілер арасында әр түрлі қаржылық қатынастар орнайды .Мыс:1)мемлекет пен халық арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру қатынастары (пенсия.жәрдемақы,пособие:мүгедек,жетімдер);2)мемлекет пен ш.ж.с. арасында,яғни мемлекет тарапынан ұйымдастырылатын эк-қ ж/е әлеуметтік бағдарламаларды бюджетпен қаржыландырумен байланысты қатынастар; 3)шаруашылық тұлғалар мен банктер арасындағы қатынастар (депозит, несие беру,қолма-қол ақша алу-өткізу,т.б.);4)шаруашылық тұлғалар мен халық арасындағы қатынастар(жалақы беру,т.б.);5)шаруашылық тұлғалар дың басқа тұлғалармен қатынастары(дебиторлық,кредиторлық тауарларды сатып алу-сату). ҚОҒАМДЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ҚАТЫНАСТАР ДЫҢ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ ҒЫ --- жалпы қоғамдық қатынастар→өндірістік қатынастар→эк-қ қатынастар→ақшалай қатынастар→қаржылық қатына стар→1)салықтық қ – ҚРда 13 салық түрі бар.Салық қызметтің жұмыс түріне байланысты болады;2)бюджеттік қ – ҚР-ның заң талаптары бойынша салықтар мен алымдар қайтарымсыз негізде бюджетке түседі ж/е бюджеттегі қаражат әр түрлі салаларға жұмсалады;3)мемлекеттік несиелік қ – мұнда мемлекет несие беруші ж/е алушы да бола алады (акция,облигация);4)ішкі шаруашылық қ – 1 шаруашылық саласы ішіндегі қатынастар;5)шаруашылық аралық қ – 1 сала мен 2-ші сала арасындағы қатынастар;6)үй шаруашылығы қ – халық арасындағы, ш.ж.с арасындағы несиелік,т.б. қатынастар;7)сыртқы эк-қ қ – ҚРның басқа елдермен сыртқы қатынастары(эк-қ,сауда,т.б.).

3. Қаржы ресурстары, қаржы қорлары

Қаржы – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерге ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға, оларды қоғамдық әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне пайжалануға байланысты жалпы қоғамдық өнім құнымен ұлттық байлықтың бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде туындайтын ақша қатынастары.Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар.Ақша—бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.Қаржы ресурстары – бұл жалпы қоғамдыө өнім мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу арқылы табылатын қоғамдық өндіріс қатысушыларының ақшалай жинақтары мен ақшалай қорлары. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары — бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы қаражаттар, сондай-ақ мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері болып табылады: Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдарының кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюд­жеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері. Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының түрлеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектісінің таза табысы - пайдасы; амортизациялықаударымдар; кредиттер; сақтық өтеулері; істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша; орнықты пассивтер; құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру; серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары; меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар; жоғарғы құрылымдардан аударылған қаржы ресурстары; бюджет субсидиялары және басқадайлары.Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру. Орталықтандырылмаѓан қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.

Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары бо­лады:

айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету;өндірісті қысқарту;тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқарту;материал сиымдылығын қысқарту;меншікті қаражаттарды қарыз қаражаттарымен ауыстыру.