Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

1-бөлім

1.Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні,функциялары,рөлі

2.Қаржы және қаржылық қатнастарға сипаттама беріңіз

3.Қаржы ресурстары,қаржы қорлары

4.Қаржының  экономикалық категориялармен өзара  байланысы.

5.Қаржы жүйесі,оның құрамы, сызбасы.

6.Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.

7.Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің міндеттері

8.Фискалдық және монетарлық саясат

9.Қаржы саясатының ұғымы, оның міндеттері, мақсаты мен қағидатт

10.Қаржы механизмі.

11.Қаржылық бақылау

12.Қаржылық басқару

13.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері,ерекше белгілері,сыныптамасы

14.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы, қарж-у көзд

15.Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы,ұйымдастыру қағидалары

16.Мемлекеттің қаржысы.Мемлекет қаржысының кірісткрін атап,сипаттамалар беріңіз

17.Сақтандырудың сыныптамасы.

18.Сақтандырудың экономикалық мәні мен функциялары

19.Мемлекттік кредиттің мәні,нысандары мен әдістері.

20.Бюджет тапшылығы мен артықшылығы және оны қаржыландыру мен ж

21.Мемлекеттік бюджет мәні,ролі, құрылымы

22.Бюджеттен тыс қорлар

23.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.

24.Бюджет жүйесінің  қағидаттары мен бірыңғай бюджеттік сыныптамасы

25.Салық механизмі

26.ҚР салық жүйесінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері мен қағидалары

27.Салық элементтеріне сипаттама беріңіз

28.Салықтарды аударып салу және салық салудан жалтарыну.

29.Салықтардың сипаттамасы және оларды өндіріп алуды ұйымдастыру.

30.Мемлекет қаржысы.Мемлекеттің шығыстары,пайдалану жолдары

2- бөлім

  1. Макроэкономикалық тепе-теңдік пен қаржы

  2. Қорғаныс пен басқарудың  қаржыландырылуы

  3. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары

  4. Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері

  5. Сақтық ісін ұйымдастыру

  6. Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздардың түрлері

  7. Қор биржасы

  8. Инфляция , олардың түрлері

  9. Тікелей салық, оларға тән белгілері,сипаттамасы

  10. Бағалы қағаздар  ерекшеліктері мен қызметтері

  11. Қаржы нарығының мәні,функциялары

  12. Мемлекет қаржысындағы шығарып тастау және бөлгіштік қағидасының мәні

  13. ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру ,пайдалану және басқару

  14. Шаруашылық субъектілердің қаржылық қорлары

  15. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

  16. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы

  17. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру

  18. Қаржы рыногы, маңызы,ерекшелігі және оның басқа рыноктардан айырмашылығы

  19. Салықтық бақылау мен жоспарлау

  20. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны және міндеттері

  21. Салық жүйесі бойынша Лаффер қисығы

  22. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы

  23. Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы

  24. Мемлекеттік несие,мемлекеттік қарыз,мемлекеттік борыш

  25. ҚР Салық ставкалары

  26. Мемлекеттік  борыш және оның түрлері

  27. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары

  28. Мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу түрлеріне сипаттама

  29. Сақтандыру мен қаржының өзара байланысы

  30. Қаржы нарығы құрылымы

Эссе

****************

 1.Эссе. ҚР-ғы ипотекалық несиелеудің жағдайы және даму перспиктивалары

 2.Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.

3.Эссе. Қаржылық дағдарыстың себеп - салдары .

4.Эссе. Бүкіл элемдік дағдарыстың пайда болу себептері.

5.Эссе. Қаржы дағдарысының екінші деңгейлі банктердің қызметіні әсері.

6.Эссе. ҚР-ғы шағын және орта бизнесті дамытудың қаржылық -аспектілері.

7.Эссе. ҚР-ның индустриялды - инновациялық стратегиясы

8.Эссе. ҚР Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары

9.Эссе. ҚР-ның тұракты экономикалық даму стратегиясы.

10.Эссе. Қазақстанның индустриялды - инновациялық дамуы.

11.Эссе. ҚР шағын және орта бизнесті дамытуды  қаржылық қамтамасыз ету

12.Эссе. Әлемдік  қаржы дағдарысы жағдайында қаржы механизмін  жетілдіру

13.Эссе. Дағдарыс  жағдайындағы  ресурстарды пайдалану тиімділігін  арттыру мәселелері

14.Эссе. ҚР сақтандыру нарығының  қазіргі кездегі жағдайы  және даму  перспективалары      

15.Эссе. ҚР-ның қаржы жүйесіне қаржы дағдарысының эсері.

16.Эссе. ҚР-ғы бағалы қагаздар нарығының даму ерекшеліктері.

17.Эссе. Халықты әлеуметтік қорғауды  қаржылық қамтамасыз  ету  мәселелері

18.Эссе. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарының проблемалары

19.Эссе. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу

20.Эссе. Иновациялық жүйенің даму болашағы

21.Эссе. Проблемалық н,есиелер және оларды басқару

22.Эссе. Жахандану жағдайындағы  бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары мен проблемалары

1

1.Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары, рөлі

Қаржы – бұл мемлекет пен ш.ж.с.-де ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға,оларды қоғамдық,әлеуметтік ж/е басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне пайдалануға байланысты жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық байлықтың 1 бөлігін бөлу ж/е қайта бөлу процесінде туындайтын ақша қатынастары. Қаржының басты белгілерінің бірі-оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады. Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.Бөлу ж/е бақылау функциялары – бұл эк-қ процестің 2 жағы.Тек олардың бірлігі мен тығыз қарым-қатынасы арқ. ғана қаржы құндық бөлу қатынасы ретінде көріне алады.Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:1)қаржылық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;2)несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.Қаржының бақылау функциясы арқ. ақшалай қаражаттардың қай бағытта,мақсатта,мөлшерде жұмсалып жатқаны қадағаланады.Бақылау ф-сы – коммерциялық есеп пен маркетингтік операцияларға байланысты. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:1)қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбекке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;2)қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;3)кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер көрсету үшін) жүйесі арқылы жүргізіледі.Ұдайы өндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы — бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені, олардың пікірінше:1)қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысқан;2)қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына — материалдық өндіріске, айналыс пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес, жалпы бүкіл бұл процеске қызмет көрсетеді;3)қаржы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын бақылаудың әмбебапты құралы болып табылады. Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:1) ақшалай табыстар мен қорларды жасау;2) ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;3) бақылау функциясы.Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнынының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының бірінші функциясың - ақша қорларын (табыстарды) жасау арқылы жүзеге асады, Нәтижесінде қоғамда дәйскті түрде сан алуан ақша қорлары — орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет), орталықтаңдырылмаған (аймақтық жән жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар және т.б. жасалады.Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының екінші фунщиясы арқылы жүзсге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының (табыстардың) қаражаты қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық өндірістің ұтымды әрі тиімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады. Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзегс асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндсгі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады.