Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

4. Қаржының экономикалық категориялармен өзара байланысы. (Баға, несие, еңбекақы)

Қаржы құндық бөлу үдерісіне қатыса отырып, баға, еңбекке ақы төлеу, кредит, сақ-тандыру және басқа категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-әрекет жасайды. Бұл ақшалай категориялар сонымен бірге ұдайы өндіріс циклінің барлық стадияларына қатысады, алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бір-дей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс үдерісінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі.

Баға және қаржы. Баға - тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақшалай нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. ¥лттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақ-шаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан ары бөлінетін үдерістің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс үдерісінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік үдеріске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін (мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді.

Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған үдерісі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақша қа-лыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан ары бөлуге арналған мақсатты ақшалай қорлар бойынша бөлшектейді. Сөйтіп, бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұл үдерістегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кеңділігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардың жеке-дара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.

Қаржы және еңбекке ақы төлеу. Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуы үшін алғышарттар жасайды, өзара іс-қимылда

ұдайы өндіріс үдерісін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу коры қол жеткен қаржылық нәтижелермен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.

Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу жолымен пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру бойынша жарналарды төлеуі түрінде; кредиттік әдіспен - банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу жолымен жұмылдырылады.

Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:

1) қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;

2) қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына - еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.

Қаржы және кредит. Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік үдерістер кредиттік қатынастардың сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредиттік қатынастарда да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін кредиттік деп аталатын ақшалай қорлар қалыптасып, пайдаланылады.

Қаржы мен кредиттің өзара байланысы қаржылық және несиелік ресурстарды қалыптастыру үдерістерінде анық байқалынады, онда екі категорияның іс-әрекеті өзара бағытталған - қаржының көмегімен банктің несиелік ресурстары құрылады: шаруашылық органдардың қаражаттары, амортизациялық аударымдар, материалдық ресурстарды сатып алуға бірден бағытталмайтын, айналым қаражаттарын толтыруға арналған өнімді өткізуден алынған түсім-ақшаның бір бөлігі. Несиенің көмегімен қаржылық ресурстар қалыптасады: несиелер шаруашылық органдардың қаржылық ресурстарын толықтырады - өтеу мезетіне дейін; табыстан банктердің бюджетке төлемдері - олардың қызметінің нәтижелері бойынша және бірқатар басқа жағдайларда; мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін банктерден бюджеттік қарыз алу.

Сөйтіп,ұлғаймалы ұдайы өндіріс мұқтаждарын қамтамасыз етуде екі категорияның өзара бірін-бірі алмастырушылығы байқалып тұрады.

Қаржы мен несие арасындағы айырмашылық. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта бөлетін болса, несие қаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта бөлуге қатысады. Несиенің объектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін құнның бір бөлігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құнды несие қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Жинақталған ақшалай қаражаттарды пайдалану әдісі айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру қаражаттарды өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа,несиелендіру қайтарымдылық, мезгілдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі; несиенің аса маңызды қағидаты - берілетін несиенің материалдық қамтамасыздығы.

5-сұрақ.Қаржы жүйесі,оның құрамы,сызбасы.

Қаржы жүйесі –бұл экономикалық қатынастардың негізінде құрылған ақшалай қорлардың қалыптасуы мен жұмсалуын ұйымдастырушы органдардың жиынтығын білдіреді.

ҚЖ мәні мен табиғатына қарай:1)қаржы қатынастарының жиынтығы;2)ақшалай қорлардың жиынтығы;3)басқарудың қаржылық аппараты.

Функционалдық сипаты б/ша ҚЖ 2қосалқы жүйеден тұрады:

ҚЖ-ң сызбасы:

қ осалқы

Б азалық қж қамтамасыз етуші қж

С алықтық қаржы есептің, жоспарлардың

б юджеттік нормативтік заңн-қ қамт.етуші

с ыртқыэк-қ қатынас-р қаржылық бақылаудың

қаржыны автоматтандыр-н басқару

кадрмен қамтамасыз ету

ҚР ҚЖ

О рталықтандырылған орталықтандырылмаған

Жалпы мемл-к қаржы

ШЖС-ң қаржысы

Халық/ң

қаржысы

Мем/к бюджет

Мемл/к кредит

Мемл/к арнаулы бюдж/н тыс қор/р

Матер/қ

өнд/с сферасы-ң қаржысы

Өндіріс/к емес сфера/ң қаржысы

Респ/қ

Жергілікті

бюдж/р

(облыс,

қалалық,

аудандық)

Мемл/к борыш (ішкі ж/е сыртқы)

Мемл/к жинақтаушы зейн қоры,

әл-к сақтан/у-ң мемл/к қоры,

әл-ауқат қоры,

ұлт/қ иннов/қ,

ҚР ұлт/қ қоры

өнеркәсіп. ауыл шаруаш,

құрылыс,

жүк көлігі,

байланыс,

сауда, геологиялық барлау, дайындау, жабдықтау,

мемл/к ұйымдары/ң қаржысы

тұрғын үй-коммуналдық

шар/қ-ң,

халыққа тұрмыстық қызмет көрс/ң.

жолаушы-р көлігі-ң,

денсаулық сақтау,білім

беру,ғылым ж/е ғылыми қыз көрс, мәдениет,

ком/қ ж/е делдал/қ ұйым/р/ң, мемл емес ж/е басқа субъекті/р/ң қаржысы

Мем/ң қаржысы-қоғамдық өнім/ң құнын ж/е ұлт/қ байлық/ң 1бөлігін бөлу ж/е қайта бөлу туралы,мемлекет пен о/ң шар/қ субъектілері-ң қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен ж/е мемл/ң қаражаттарын олар/ң жұмыс істеуімен б/ты шығындарға жұмсаумен б/ты ақша қатынастары.

Мемл/к бюджет-эк/ныңәл-к-мәдени мұқтаждарды,қорғаныс пен мемл/к басқару/ң мұқтаждарын қарж/уға арн.ел/ң орталықтандырылған қорын жасаумен ж/е пайдаланумен б/ты ұлттық табысты бөлу ж/е қайта бөлу тур.мемл/ң заңи ж/е жеке тұлғалармен п.б/тын ақша қат/рмен көрінетін эк-қ категория.

Мемл/к бюджеттен тыс қор/р-қор/р/ң ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайд/латын 1қатар қоғамдық қажеттіліктерді қарж/у ү/н тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайд/у-ң айырықшалықты нысаны.Қалыптасу көздері:а)арнаулы мақсатты салық/р,қарыз/р;ә)бюджеттен берілетін субсидия/р;б)қосымша табыс/р мен үнемделген қаржы рес/ры;в)ерікті жарна/р ж/е қайырмалдық/р.

Мемл/к кредит-мемл/к билік орг/ң қарамағына уақытша бос ақша қараж/н жұмылдырумен б/ты мемл/ң заңи ж/е жеке тұлғаларменб/ты п.б/тын кредит қат/ң жиынтығы.

Сақтандыру-шжс/ге келтірілген мүмкін болған зиянды н/е болған сақтық жағдайлары/ң салдарына б/ты отбасылары/ң кірістеріндегі ысыраптарды өтеуге арн.ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру тур.оның қатысушылары арас/ғы тұйық қайта бөлгіштік қат/ң жиынтығы.

Матер/қ өнд/с сфер/ң шжс/ң қаржысы қаржы-р-ң негізін құрайды,матер/қ өнд/сте нақтылы өнім-қоғам-ң қаржы рес/ң нег.көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесі/ң бастапқы сферасы б.т.ШЖС қаржысы-ң құрамына:

1.матер/қ өнд/с-ң барлық к/ор-ры ж/е нарықтық эк/ка жағдайында өзі-ң қызметін ком/қ есеп негізінде ж.а/тын өнд/к емес сфера-ң 1бөлігі-ң қаржысы.

2.ком/қ емес сфера-ң қаржысы.Ком/қ емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді.

Қоғамдық бірлестік-азамат-р мүдделері/ң бірлігі негізінде біріккен олар/ң өз еркімен көңіл білдіруі нәт/де п.б/ған ерікті құрылым.

Халықтың (үй шар/ң)қаржысы-сан алуан қат/р халыққа еңбекке ақы төлеумен, ЖЗ жүйесінен ақша қараж/н төлеумен,матер/қ ж/е матер/қ емес игіліктерді алумен б/ты;басқа жағынан,халық өзі-ң ақшалай табысынан салық төлейді,өнд/к ж/е өнд/к емес сфера/р-ң мемл/к ж/е басқа мекеме-р мен ұйым-р-ң қызметін төлейді. Қазіргі кезде ҚЖ өзгерістерге ұшырап қайта құрылуда.ҚЖ қайта құру/ң басты міндеті о/ң әл-к эк-қ дамуын тұрақтандырып,одан әрі тездетуге ҚЖ/ң ықпалын күшейту,ЖҰТ/ң,қарж/қ ресурс-р-ң үздіксіз өсуін қамт.ету,қоғамдық өндіріс/ң барлықбуындарында шаруш/қ ком/қ есептердінығайту б.т.Қазіргі жағдайдағыҚР-ң ҚЖ-ң міндеттеріне:

1)кіріс мөлшерін,шығысты,несиелендіруді,бюджет дефицитін ескере отырып,жспар/р құру;

2)бюджетті қарж/уда приоритетті дұрыс таңдау;

3)негізгі бюджеттік жоспарлауды нормативтік бағдарлама ретінде қолд/у;

4)несиелік қарыздарды қысқарту,қаржы міндеттемелерін тіркеу механизмін жетілдіру,заманға сай бюджетті жосп/у;

5)бюджет тапшылығын азайту мақсатында жергілікті бюджеттер мен байланыс жүйесін нығайту;

6)мемл/к қаржыны орнымен жұмсау,мемл/кс атып алу жүйесін нығайту,мемл/к сатып алуларды заңды ж/е ашық түрде қадағалау;

7)қарж/қ жоспарлауда методология енгізу арқ.мемл/ң қаржы саясатын жүргізу ж/е түзету.