Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать
  1. Монетарлы (ақша несие саясаты)

Құралдары: қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;міндетті резерв нормасы,мемл/к ашық нарық операциясы.

Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады: 1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат); 2) немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық саясат).

9.Қаржы саясатының ұғымы, міндеттері, мақсаттары мен қағидаттары

Қаржы саясаты- қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциясы мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласында ұйымдастырылған мақсатты іс-шаралар жиынтыгы.

Қаржы саясаты бұл экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан қаржы ресурстарын жинақтап, шоғырландырып және оларды экономиканың даму бағыттары бойынша бөлудің міндеттемелерін шешеді.аржы саясаты қаржы стратегиясы және қаржы тактикасынан тұрады.

Қаржы стратегиясы стратегияны білдіретін, болашаққа есептелге ұзақ мерзімді қаржылық саясат

Қаржы тактикасы қаржы саясатының мақсатын шешуге бағытталған елдің белгілі бір кезеңдік мақсаттары мен шешімі осы ұйымдастыру әдісінің қазіргі ерекшеліктерін ескере отырып қамтамасыз ету.

Қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдар талабын ескере отырып қоғамның даму міндеттерін жүзеге асыру үшін бағытталатын қаржылық жоспарды ұйымдастыру б.т.

Қаржы саясаты:

  1. Фискалды (салықтық бюджеттік):

Құрылымы:

  • Салық саясаты

  • Кеден саясаты

  • Мемлекеттік шығындар

Құралдары:

  • Салық кеден тарифі

  • Салық түрлері

  • Мемлекеттік шығындарды бап

  1. Монетарлы (ақша несие саясаты)

Құралдары:

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі

Міндетті резерв нормасы

Мемл/к ашық нарық операциясы

Фискалды саясат: а)Ынталандырушы; б)Тежеуші.

Фискалды саясат экон/да мынадай мәселе шешеді:

  1. Өндіріс құлдырауы бүл жағдайда салық мөлшерлемесін азайтып шығын құрылымына дотациялар енгізу және қаржыландыру

  2. Импорттық тауарлардың нормадан жоғары мөлшерден енуі, мұнда кедендік тариф жоғарылап және квота енгізу

  3. Монополиялық жағдай тудырмау

Қаржы саясаты міндеті:

  1. Мемлекеттің нақты даму сатысына қарай қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету

  2. Мемлекет қарамағындаға барлық қаржы ресурстарының экономикалық салалары арасында ұлттық табысты шаруашылық секторларымен аймақ бірліктері арасындағы неғұрлым үнемді, мақсатты бөлуді қамтамасыз етуді көздейді

  3. Қаржы саласында нактыланған іс шараларды жүзеге асыру үшін тиісті қаржылық механизмді жүргізуді, құруды көздейді.

Қаржы саясатының негізгі мақсаты – бюжет кірістері мен шығыстары арасындағы тепе тендікке жеткізуді қоса алғандағы экономиканы сауықтыру үшін экономиканың өндіріс саласын дамыту. Қазақстан жағдайларындағы қаржылық саясаттың мақсаты – іс-шаралар әзірлеу ж/е оларды индустриялық-инновациялық дамудың,ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың,елдің эк-н әлемдік шаруашылыққа ұтымды біріктіру жолымен сыртқы эк-қ қызметті жандандырудың негізінде эк-қ өсуді қамтамасыз ету,әл-к бағдарламаларды үздіксіз және ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржылық механизм арқылы іске асыру б.т.

Қаржы саясаты қағидалары:

  • Қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып,бюджет жасау, бекітіу, атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

  • Қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуының қамтамасыз ету

  • Қаржы жүйесінің барлық сферлары мен буындарында кірістер мен шығыстар теңгерімдері;

  • Қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);

  • Мемлекет пен ШЖС арасындағы қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу