Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

20.Бюджет тапшылығы мен артықшылығы және оны қаржыландыру мен жұмсау жолдары

Бюджет – «қап» деген мағынаны білдіреді. Бюджет – мемлекеттің заңымен және жергілікті өкілді шешімдерімен бекітілетін мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуге арналған және салық, алым, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін әрекеттерден алынатын кірістер салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген басқа да түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры. Мемлекеттік бюджетті құруда келесідей қағидалар қалыптасады: 1) қаржыны орталықтандыру; 2) бюджет жоспарлылығы 3) бюджет кілістері мен шығыстарының тең болуы 4) бюджеттің мерзімділігі барлық қаржылық жоспарлар сияқты қаржы жылына құрылады.Бюджет кірістері – бюджетке қайтарымсыз негізде түсетін салық, алым және бюджетке басқа да міндетті төлемдер, капитал әрекеттеріне түсетін түсімдер. Бюджет шығыстары – шығындар және бюджет несиелері жиынтығы. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-тендік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы соммасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артықшылығын - профицитті құрайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады.Тапшылықтың ұйғарымды денгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфлияцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс денгейінің төмендеуіне апарып соғады.Бюджет тапшылығын төмендетудің мынадай әдістері болады. 1)шығыстар тұрақты, кірістер өседі.2) Кірістер тұрақты, шығыстар азаяды.3) Кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдам төмендейді)Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:1.Ақша белгілерін шығару. 2.Мемлекеттік қарыздар. 3.Шетелдік қарыздар.4.Ұлттық байлықты пайдалану.Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.

1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет.2.Циклдік негізде теңгерілетін бюджет.3.Қаржының функциялық тұжырымдамасына Бюджеттің шығыстары, яғни жұмсау жолдары: қорғаныс; қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік; білім беру; денсаулық сақтау; мәдениет; ғылым; әлеуметтік қамсыздандыру; т.б.; Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.Республикалық бюджет — бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)—облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.