Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

17. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері.

Әлеуметтік қорғау - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мемлекет барлық әлеуметтік төлемдердің толығын және уақытында төленуін бюджеттен қамтамасыз етеді.

Азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар:

- республикалық және жергілікті бюджеттердің;

- кәсіпорындардың қаражаты;

- қайырмалдықтардың, қайырымдылық көмектің, сондай-ақ халықаралық қорлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Соғысқа қатысқандарға, соғыс мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ қайырымдылық қорларының есебінен жүзеге асырылады. Ұйымдар аталған адамдарға материалдық көмек көрсетуге құқылы.

Әлеуметтiк сақтандыру жүйесін қаржыландыру әлеуметтік салық ставкаларын 3% азайту және сақтандыру аударымдарын қызметкер табысының 3% мөлшерінде енгізу есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі кездегі қаржыландыру жағдайына келсек, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне көмек жайлы атап өткім келеді. Ағымдағы жылы Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ орденінің иегерлеріне берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 21 195 теңгеден 183  690 теңгеге дейін; Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын Социалистік Еңбек Ерлеріне берілетін жәрдемақы мөлшері 21 195 теңгеден 98 910 теңгеге дейін арттырылды. Жоғарыда аталған соғыс ардагерлерінің басқа санаттарына ай сайын 2826 теңгеден 21195 теңгеге дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шұғыл деректері бойынша, жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ардагерлерді қосымша әлеуметтік қолдауға, оның ішінде: 205 мың ардагерге - біржолғы материалдық көмек көрсетуге; тұрғын үй кезегінде тұрған 750 ардагерге - тұрғын үй бөлуге; 26 мыңнан астам ардагерге - қалаішілік, қала маңындағы, халықаралық көлікпен жол жүру жеңілдігін беруге; 4895 ардагерге - тіс протездеуге; 13 мыңнан астам ардагерге - санаторлық-курорттық емделуге; 25 мыңнан астам ардагерге - дәрі-дәрмекпен жеңілдікті қамтамасыз етуге; 33 мыңнан астам ардагерге - коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік беруге; 1 614 ардагердің тұрғын үйлерін жөндеуге; 397 ардагерге - телефон қоюға; 3 мың ардагерді отынмен қамтамасыз етуге; 12 мың ардагерге - мерзімді баспасөзге жазылу жеңілдігін беруге 10 млрд. теңгеден астам қаражат көзделуде. Республикалық бюджеттен соғыс ардагерлерін әлеуметтік қолдау үшін жергілікті бюджеттерге 4,5 млрд. теңгеден аса мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді.

Енді Жол картасы шеңберінде атқарылып жатқан салаларда игерілген қаражаттарды атап өтейін. Тұрғын үй-қоммуналдық шаруашылық жүйесін жөндеу, қайта құру және дамытуда - 26 млрд. (Республикалық Бюджет - 18,3 млрд. теңге, Жергілікті Бюджет - 7,7 млрд. теңге), жол жөндеу жұмыстарында - 25,3 млрд. (РБ - 15,5 млрд. теңге, ЖБ - 9,8 млрд. теңге), мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу және жылыту бағытында - 31,8 млрд. (РБ - 23 млрд. теңге, ЖБ - 8,8 млрд. теңге), қалалардың, селолардың (ауылдардың) әлеуметтік-мәдени нысандарын жөндеу жұмыстарында - 3,9 млрд. теңге (РБ - 2,7 млрд. теңге, ЖБ - 1,2 млрд. теңге) игерілді.

2009 жылы Жол картасын іске асыруға арналған қаржының жалпы көлемі облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері әзірлеген халықты жұмыспен қамту картасының негізінде белгіленген.