Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық университет.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
141.31 Кб
Скачать
  1. Ұлттық университет “Қарашаңырақ”

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны, білім беру саласының қара шаңырағы.

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 каңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды. Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде мыңнан астам ғылым докторы мен кандидаты, жүз академик пен елу философия докторы бар. Олардың әрқайсысы туралы шын мәнінде бірегей интелектуалдық әлеуетке ие элиталық маман деп айтуға болады. ҚазҰУ ұжымының жаңа және шешуші мәні бар реформаларды жаппай қабылдап, белсенді түрде қолдауы – оларды табысты жүзеге асырудың кепілі. Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – ПһД» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды. Ол арқылы оқуға ықыластық пен алғырлықты арттыруда зор қызмет атқаратындай әдіспен студентердің жұмысын үздіксіз бақылау орын алады. ҚазҰУ-дың дипломдарының әлемде танылуына кепілдік береді. Түбегейлі жаңа кезеңге өткен студенттік өзін–өзі басқару дәстүрінің жетіле түсуі де ерекше назар аудартады. Он сегіз мыңнан астам студент, магистрант пен докторант, оның ішінде 1000-нан астам шетелдік жас оқитын ҚазҰУ-дың білім алушылар қатары – орасан зор күш, ең алдыңғы қатарлы, талантты қауым – еліміздің болашақ элитасы. Біз осы жылдар ішіндегі 120 мыңнан аса барлық түлектерімізді мақтан тұтамыз. Әл-Фараби атындағы КазҰУ- і нағыз элиталық жоғары оқу орнына айналды, университет кабырғасында қазақстандык зиялы және саяси, экономикалық ортаның ең таңдаулы өкілдері дайындалып шықты.Тарих бізге тыңнан түрен салушының абыройлы да машақатты жолын сыйлаған. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атап өткендей, «КазҰУ – бұл Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің іргетасы». Бізде нақты даму стратегиясы, табысқа жетуге ұмтылыс пен 75 жылдық жұмыс тәжірбиесі бар. Оған баға жетпейді. Бұл әл-Фараби атындағы КазҰУ-дың халықаралық көрсеткіштер деңгейіне көтеріле беретініне және әдеттегідей әлемдік қауымдастыққа ҚР жоғары білім беру ісінің бетке ұстар айнасы бола алатындығына кепіл. М. Әуезов 1934-61 жылдар аралығында университетте ұстаздық қызмет атқарды. Ұлттық университет бәріміз үшін қарашаңырақ. Бүгін оның қаншалықты өзгергенін, өскенін көріп қуанып жатырмыз.

2. Дипломатия әліппесінен сім Мемлекеттік Протокол қызметінің жұмыс процесі

Сім Мемлекеттік Протокол қызметінің жетекшісі Адриан Елемесовпен сұхбат:

  • Біздің жұмысымыз туралы айтатын болсақ, жұмысымыз өте қызық әрі қиын, жауапкершілігі де жоғары. Қызығы басқа елдермен, олардың салт-дәстүрімен, протокол ережелерімен танысып, еліміздің сыртқы саясатына үлесімізді қосқанымыз.

  • Жауластырмақ жаушыдан, елдестірмек елшіден деген мәтелді сіз білетін шығарсыз деп ойлаймын. Шет елдерден делегация келетін күні дайындықты неден бастайсыздар?

  • Әрбір сапар – бір адамның жай келіп кеткені емес, оны дайындау үшін алдын-ала үлкен жұмыс жүргізіледі. Алдымен келетін қонақтың сапарын дайындау үшін кµптеген мекемелерге хат жазылып, шет елдерден ноталар алмасып, бірнеше өкімдер, жарлықтар мен бұйрықтар шығарылып, бағдарлама жобасы дайындалады. Сол бағдарламаға қатысатын лауазымды тұлғалармен келісіп, бағдарламаның әр бабына басқа мекемелерден жауапты адам тағайындалып, келе жатқан тараптың алдыңғы тобы келгенше, біраз дайындық өткіземіз. Содан кейін өз басшыларының Қазақстанға сапарын дайындау мақсатында келген алдыңғы топпен бірлесе отырып, бағдарламалардың егжей-тегжейлерін талдаймыз. Мєртебелі қонақтың ұшағы еліміздің әуе кеңістігіне кіргеннен бастап, әуежайға қонуын, ол сапарда қонақтың ресми делегацияның, қосалқы құрамның жүріс-тұрысын, әрбір баратын жеріне кімнің қашан келу-кетуін, келген ұшақтың біздің әуе кеңістігімізден ұшып шыққанына дейін жазып-сызып, дайындап, тыныш болмайды. Қонақтың ұшағы қай тұраққа тұратыны, оған қандай жанармай құйылатыны, Елбасымен, Қазақстанның басқа да ресми өкілдерімен кездесіп, көшелерде ілінетін транспоранттардың жазылуын бақылау, екі елдің жалауларымен қала көшелерін безендіру, қай көшемен барып-келуі, кездесулерде кімнің қай жерде тұратыны, қай жерде отыратыны, берілетін қонақасы мен дастархан мәзірін дайындау, кімнің қандай көлікпен жүретінін ұйымдастыру, келетін қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді еліміздің басқа да мекемелерімен бірігіп ұйымдастыру – міне, осының барлығы біздің қызметіміздің құзіретіне кіреді. Осы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізгенде қонақтарға келетін өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ салттарына, елімізде қалыптасқан протоколға сәйкес қызмет көрсетіледі. "Әр елдің салты басқа…" демекші, мысалы Елбасының қатысуымен өтілетін түрлі іс-шараларды протоколдың қамтамасыз ету барысында кездесетін маңызды бөлік – сыйлық алмасу.

  • Естуімізше, Қытай мемлекетінің басшылары сырт елдерге шыққанда, жеке күтімге аса кірпияз және көңілінен щыққандарға аса мырза да көрінеді…

  • Қытайлар жалпы төрт заттан немесе 4 және 40 сандары бар сыйлықтарды жаратпайды, өйткені Қытай тілінің көптеген диалектілерінде ол "Өлім" сөзімен үндес. Сағат, ие болмаса жасыл түсті бас киім сыйлағанды да жаратпайды, себебі "Өмір – өткінші" яғни "бұл фәниде аз ғұмырың қалды" дегенмен пара-пар. Гүл сыйлағанда да мұқият болған абзал. Сары түсті гүл Қытайда тек зират басына ғана қойылады. Жапонда ақ түсті гүл берілмейді, еуропа елдерінде қымбат сыйлықтар беруге болмайды. Бірақ барлық елдерде жергілікті ұлттық, фольклорлық сыйлықтарға тыйым жоқ.

  • Үлкен қонақтармен кездесудің сәтті өтуі бірге еріп келген әйелдердің көңіл күйіне де байланысты шығар?

  • Ал енді үлкен қонақтарымыз жұбайымен бірге келетін болса, оған бөлек бағдарлама дайындалады. Осының барлығы 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясына сәйкес және Әлемдік Протокол тәжірибесімен алшақтамай ұйымдастырылуы тиіс.

  • Протокол қызметінде жұмыс істегісі келген үміткерлер қандай талаптар бойынша қызметке алынады?

  • Протокол қызметінде немесе жалпы сыртқы саясат ведомствосында жұмыс істегісі келетін үміткерлерге қойылатын талаптар: Халықаралық қатынастар саласы бойынша арнайы білімі (сыртқы және ішкі саясатпен хабардар болуы) мен үміткерлердің белсенді болуы, сонымен қатар келбеті, өзін-өзі ұстай білуі де жөн.

  • Шетелдік қонақтармен кездесу барысында сіздер белгілеген регламенттің аясынан шығып кеткен, сөйтіп, сіздерге аса қолайсыздық туғызған сәттер кездесті ме?

  • Регламент пен бағдарламадан ауытқып кететін жағдайлар кездесіп қалады. Біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі – осындай қолайсыздықтардың орын алуына жол бермеу. Әрдайым ел мүддесі мен пайдасын ойлап, оның беделі мен келбетіне нұқсан келтіріп алмауды бір сәт те естен шығаруға хақымыз жоқ.