Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық университет.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
141.31 Кб
Скачать

5. Біріккен Ұлттар Ұйымы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым.

Біріккен Ұлттар Ұйымы ізашары – Ұлттар Лигасы болып табылады. Ұлттар Лигасы бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен құрылды. Бастапқыда оған 42 ел мүше болса, кейін олардың саны 57-ге жетті.

Ұлыбритания, Қытай, АҚШ және КСРО соғыстан кейін бүкіл әлемдік ұйым құру мәселесін жан-жақты талқылады. Аталған елдердің өкілдері халықаралық ұйымның жобасын жасау үшін 1944 жылы Вашингтонда бас қосты. Соғыстың соңына қарай халықаралық ынтымақтастықтың негізі болатын түпкілікті мәтінін жасау үшін Сан-Францискогға 50 елдің өкілі жиналды. 1945 жылдың 26 маусымында 50 ел қол қойылған бұл құжат– Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы еді. 1945 жылдың 24 қазанында БҰҰ-ның Жарғысы бекітіліп, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Содан бері бұл күн бүкіл әлемде БҰҰ-ның ресми құрылған күні ретінде аталып өтіледі.

Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы болып саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымының бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әр түрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше.

1946 жылдың 1 ақпанында БҰҰ-ның тұңғыш Бас хатшысы сайланды. БҰҰ-ның Бас хатшысы білікті дипломат, белсенді саясаткер, сондай-ақ білімгершілік миссияларды жүзеге асыруға аса қабілетті жан болды. Ұйымның 60 жылдан астам тарихында жеті саяси тұлға(Норвегия,Швеция,Бирма, Авария, Перу,Египет және Гана) БҰҰ-ның Бас хатшысы болып, жауапкершілігі зор міндетті атқарған.Кофи Аннан бұл жоғары лауазымды 1997 жылдан бері атқарып келеді.1995 жылдың наурызында дейін БҰҰ-на 185 ел мүше болды. Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді поэзия ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Содан бері Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайын қыркүйек айында өтетін сессияларына, басқа да мәжілістеріне үзбей қатысып, бүкіл қоғамдастыққа ортақ мәселелерге байланысты ұсыныстарын білдіріп келеді. Қазақстан ұсыныстары Елбасының БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзінен бастау алады. Сол сессия мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. 2002 жылдың маусымында Қазақстан басшысының АӨСШК шақыру бастамасы жүзеге асты. Кеңестің Алматы қаласында өткен алғашқы саммитінде Азиядағы және әлемдегі аса ірі мемлекеттер – Қытайдың, Ресейдің, Үндістанның, Пәкістанның, тағы басқа да елдердің басшылары қатысып, дүниежүзілік қоғамдастыққа ортақ өзекті мәселелерді талқылады. Нәтижесінде қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Алматы актісі және өркениеттер арасындағы үнқатысуға жәрдемдесу туралы декларация қабылданды. Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірден-бір ел. Еліміздің ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөніндегі табанды ұстанымы БҰҰ тарапынан қолдау табуда. Еліміз БҰҰ-ға мүше болғаннан бергі аралықта ұйым аясында қабылданған халықаралық конвенциялардың көпшілігіне қосылады. Мысалы, адам құқықтары, халықаралық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, есірткіге бақылау жасау, тағы басқа да конвенциялар қосылып, өз ұстанымын ашық білдіріп келеді. Сондай-ақ Қазақстан БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі басқармасынан, БҰҰ-ның Әйелдер және Балалар қорларымен, БҰҰ-ның басқа да құрылымдарымен жүйелі байланыс орнатқан. Осылайша, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметіне қатысып келе жатқан жылдар ішінде жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлес қосып жүрген мемлекет ретінде танылады.БҰҰ-ның орталық мекемелері Нью-Йоркта орналасқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 ресми тілі бар. Олар ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдері.

6. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАСТЫ ОРГАНДАРЫ

БҰҰ-ның қызметін бірқатар органдар, мекемелер мен ұйымдар басқарады. БҰҰ Жарғысымен негізгі 6 орган бекітілген. Олар: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Халықаралық сот, Хатшылық.

Сонымен бірге БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы, БҰҰ-ны дамыту Бағдарламасы сияқты 30-дан астам бағдарламалар мен ЮНЕСКО және Әлемдік Банк тәрізді көптеген басқа да мекемелері бар.

Бас Ассамблея. Бас Ассамблея әлем халықтарының барлығына жуығының өкілдерінен құралған. Барлық елдер дәл осында бүкіл әлемге өздерінің алаңдаушылығын білдіре алады. Жер көлемі мен халқының санына немесе экономикалық қуаттылығына қарамастан әр мүше-мемлекет бір дауысқа ие болады. Ассамблеяның мәжілістеріне әр елдің жоғары рангілі дипломаттары, кейде сыртқы істер әр елдің жоғары рангілі дипломаттары, кейде сыртқы істер министрлері немесе мемлекет басшыларының өзі қатынасады. Бас Ассамблеядағы талқылаулар маңызды келісімдер мен халықаралық құқықтықтың жаңа нормаларын жасауға қол жеткізеді. Ондай келісімдер мен қабылданған қарарларды орындауға мәжбүр етілмейтіндіктен олар тек ұсыныстар болып табылады. Алайда, көпшілік елдердің пікірлерін білдіретіндіктен олардың елеулі маңызы зор.

Қауіпсіздік Кеңесі. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі қызметі – халықтар арасындағы бейбітшілікті сақтау. Оған 15 ел кіреді. Оның бесеуі – Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей және Франция тұрақты мүшелер. Қалған 10 мүшені географиялық ұсыныс негізінде Ассамблея 2 жыл мерзімге сайлайды және олардың бесеуі жыл сайын сайланады. Жарғыға сәйкес БҰҰ мүшелерінің барлығы ҚК-нің шешіміне бағынады. БҰҰ-ның Бас Ассамблея сияқты өзге органдары үкіметтерге тек ұсыныстар ғана жасаса, Қауіпсіздік Кеңесінің мүше-мемлекеттер орындауға міндетті шешімдер қабылдауға өкілеттілігі бар. Алайда, тұрақты мүшелердің кез келгені қалған 14 мүше қолдап тұрған қандай да бір шешімнің орындалуына кедергі жасай алады. Бұл “Вето” құқығы деп аталады. БҰҰ құралғаннан бері ірі державалар күштерінің салмағы өзгерді. БҰҰ-ға 100-ден астам жаңа мүше-мемлекеттер кірді. Осындай өзгерістерден кейін Қауіпсіздік Кеңесін қайта құру туралы талаптар барған сайын табанды түрде қойылып келеді.

Экономикалық және әлеуметтік кеңес. ЭӘК үш жылға сайланатын 55 мүшеден құралған. Шешім қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Кеңес Бас Ассамблеяда экономикалық даму, экология, адам құқығы және басқа да экономикалық мәселелерге қатысты ұсыныстарды талқылайды, зерттейді және ұсыныстар жасайды.

Халықаралық сот. Халықаралық сот Бас Ассамблея сайлайтын 15 судьядан тұрады. Судьялар олардың азаматтығы негізінде емес, іскерлік қабілетіне қарай сайланады. Алайда сот құрамында бір елдің екі азаматы бола алмайды. Соттың орналасқан жері Нидерландының Гаага қаласы. Мүше-мемлекеттер соттың қарауына шекаралық даулар, балық аулау мен пайдалы қазбаларды өндіру құқықтары мен өзге де Жарғыда көрсетілген мәселелерді бере алады. Бас Ассамблея немесе Қауіпсіздік Кеңесі соттан кез келген мәселеге қатысты консультативтік қорытынды сұрай алады.

Қамқорлық жөніндегі кеңес. Кеңес қамқорлық жүйесіне кіргізілген қарамағындағы бұрынғы отар елдер аймақтарының басқарылуын қадағалайды. Оған аталған елдерге жауап беретін мемлекеттердің сот елдердің прогрессивтік бағытта дамып, өзін-өзі билеуге қол жеткізуіне жәрдемдесуін қамтамасыз ету міндеті тапсырылған.

1994 жылы сондай қамқорлықтағы 12 аймақтың соңғысы – Палау тәуелсіздігін алып, сол жылдың желтоқсанында БҰҰ-на мүше-мемлекеттер қатарына қосылды. Осы кезден бастап Кеңес ресми түрде өз қызметін тоқтатты.

Хатшылық. Хатшылық БҰҰ-ның “азаматтық қызметі” болып табылады. Оның 15000 адамнан тұратын халықаралық қызметкерлері әр түрлі комиссиялар мен мекемелерде қызмет етеді.

7. ЕУРОПА ОДАҒЫ (ЕО)

1951 жылдың 18 сәуірінде Бельгия, Франция, Германия, Италия, Люксембург және Нидерланды “Шуман жоспарын” қолдап Париж келісіміне қолдарын қойды. 1952 жылдың 10 тамызынан бастап Еуропалық көмір мен болат бірлестігі және оның Парламенттік ассамблеясы қызметін бастады. Осы алты мемлекет 1957 жылдың 25 наурызында Еуропа экономикалық қоғамдастығы мен Еуропалық атом энергиясы жөніндегі қоғамдастықты құрып, Рим шартына қол қойды. Осылайша үш қоғамдастық пайда болды. Еуропалық көмір мен болат бірлестігі және Еуропа экономика қауымдастығы комиссиясының жоғары басқарушы органдары бірігіп, 1967 жылы Еуропалық қоғамдастықты құрды. Еуропалық қоғамдастық 1993 жылдың 1 қарашасынан бастап Еуропа Одағы (ЕО) деген жаңа атауға ие болды. Бүгінде ЕО-ға халқының жалпы саны 373 млн. адам болатын 15 мемлекет мүше. Бұл әлемдегі ең ірі сауда блогы. 1993 жылдың 1-қаңтарынан Одақ көлеміндегі адам, тауар, қызмет пен капиталдың еркін қозғалуындағы кедергілердің барлығы жойылып, біртұтас еуропалық рынок ресми қызметін бастады. Еуропа одағы туралы Маастрихт шарты күшіне енгелі бері қоғамдастық экономикалық және валюталық одақ құруға қадам басып, бір жағынан біртұтас валютаны енгізуге, екінші жағынан саяси одақтас болуды көздеуде. Маастрихт шарты бойынша мүше-мемлекеттердің азаматтары Еуропа азаматтығын алады. 1994 жылдың басынан Қоғамдастық пен барлық Еуропалық Экономикалық Кеңістік күшіне енді. Одақ өзінің алға қойған мақсаттарына ортақ саясат жүргізу және ортақ жобалар мен бағдарламалар жасау арқылы қол жеткізіп отыр.

ЕО табыстарға қол жеткізуі мен жаңа мүшелердің қатары көбеюін оның негізгі үш ерекшелігіне байланысты түсіндіруге болады:

- Барған сайын тереңдей беретін өзара тәуелділік пен ынтымақтастықты туғызатын экономикалық негіз;

- Еурпопалық соттың әрекеті мен Одақ институттарының компетенциясы мен міндеттері айқын белгіленіп, мүлтіксіз орындалатын Шарттар кепілдік беретін заңның үстемдігі.

- Ымыра мен бітім принциптеріне негізделген шешім қабылдаудың демократиялық сипаты.

Одақ жетістіктерінің ішінен ең басты екеуін атап көрсетуге болады. Біріншіден, жүздеген жылдар бойы қарулы жанжалдарға қатысқан мүше-мемлекеттер арасында ұзақ мерзімдік бейбітшілік қамтамасыз етілді, екіншіден, Одақ өз мақсаттарына ұлттардың өзіндік болмысы мен жергілікті ерекшеліктеріне үлкен зардап келтіретін шараларға бармай қол жеткізуде.

ЕО мәдениеттердің ерекшелігі мен алуан түрлілігін ескеріп, олардың әр қайсысына құрметпен қарайды. Әрбір ресми құжат он бір ресми тілге аударылуға тиіс. Аз халықтардың тілдері мен даму мүмкіндіктері артып отыр.

Алайда 40 жыл бойы осындай табыстарға жеткенімен, барлық жұмыстар ойдағыдай бітуде деп айту қиын. ЕО-ның ең үлкен мәселесі – жұмыссыздық 11 %-тен төмендемей-ақ қойды. Жаңа ақша бірлігі – еуроны қабылдауға мүше елдердің бәрі бірдей әзір емес. Германияда да марк орнына еуроны қолдану мәселесіне жақсы қарап отырған жоқ, барлық елдер дайындықтарын нақты аяқтаған соң еуроға көшу керек дегенді айтады.

Шешімін таппаған мәселелер де жетерлік. Мәселен, Англия сияқты кейбір елдер ЕО-ның федерациялық құрылымнан гөрі конфедерациялық құрылымда болғанын қалауы, инвестициялардың азаюы, ЕО-ға сенімсіздік білдірушілердің артуы т.б.

Ішкі саясаттағы түрлі қайшылықтармен қатар ЕО сыртқы саясатта да ортақ стратегиялық бағдар белгілеуде қиыншылықтарға ұшырауда. Босния мәселесін АҚШ-тың қатысуынсыз шеше алмаған ЕО, Албаниядағы дағдарыс жөнінде де ортақ пікірге келе алмады. Соған қарамастан ЕО-ға мүше болуға тілек білдіруші мемлекеттер аз емес.