Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық университет.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
141.31 Кб
Скачать

3. Дипломат келбеті

Талейранның пікірінше дипломатия саласында жемісті жұмыс істеуге қажетті «Жан мен рухтың» сапасы екі санатқа бөлінеді.

Бірінші санатқа байқампаздық, қанағатшылдық, пайдакүнемдіктен мүлде аулақ болу, сондай-ақ сыртта жүргенде ұлт атынан сөйлеу аса жауапты міндет екендігін сезінуге және ел ішінде оның саяси құқықтарының сақталуын қадағалауға мәжбүр ететін әйгілі сезім асқақтығы жатады.

Екінші санатқа саяси қатынастарды оқып-үйренуге жан-дүниесінің бейімділігі, мәселелердің түп-төркінін дұрыс және тез арада аңлай қою қабілеті, ой-өрісінің кеңдігі жатады.

Бәрін бірге алғанда және практика жүзінде өрістетіп көргенде аталмыш қасиеттердің барлығы да дипломатиялық мансаптың рухы мен абыройын құрайды, – деді Талейран 1800 жылы наурызда үкіметке ұсынған дипломатиялық мансап туралы өзінің баяндамасында. айтыс боларынан бір жарым ай бұрын (1838 ж. наурызда) Талейран Париж академиясында сөйленген сөзінде оның пайымдауынша үлгі болып табылатын дипломат туралы тағы да айтып өтті.

Атап айтқанда , ол сыртқы істер министірінің саяси бөлімі басшысының өзін-өзі ұстауы «қарапайым, түзу, қанағатшыл болуға тиіс; күнделікті күйбеңнен бойын аулақ сала отырып, ол өзін тек қана құпияда ұстайтын істерге арнауға тиіс; оқиғалар мен адамдар туралы анықтама беруге әрқашанда әзір бола отырып, ол барлық шартты үнемі жадында ұстауға, олардың хронологиялық тәртібі мен уақытын білуге, шарттардың күшті және әлсіз жақтарын, олардың жасалғанға дейінгі барысын және жасалғаннан кейінгі салдарын дұрыс бағалай білуге , ең ақырында, келіссөздердегі негізгі өкілетті адамдардың аттарын, тіпті осы өкілеттілердің отбасылық байланыстарын білуге міндетті» екенін айтты.

Сыртқы істер министрінің қасиеттерін атай келіп, Талейран министрге «Өзін-өзі қалай ұстауы керектігін тез сезіне қоятын және қандай да бір келіссөз басталғанға дейін-ақ лайықсыз қылық көрсетіп алмайтындай ерекше сергек те сезімтал болу қажеттігін» айтты, аңқау түрмен сабырлы болу және тіпті өзі айналысатын істі таңдау кезінде де сақ болу қабілеті қажет, әйтсе де әңгімелесушілерге тосын сауалдар қойған кезінде табиғи қалыпта және кейде аңғал боп көрінгені де дұрыс, бір сөзбен айтқанда, жиырма төрт сағаттың ішінде ол бір сәтке де сыртқы Істер министрі болмай қалуға тиісті емес»

4. Қазақтың тұңғыш Өкілетті жӘне тӨтенше елшісі

Бүгінде Қазақстан мемлекеттігін танытатын бірден-бір белгі – оның дербес сыртқы саясаты және біздің елімізді бүкіл әлемнің мойындауы болып отыр.1944 жылға дейін республика үкіметінің құрамында ең болмаса оның сыртқы әлеммен байланыс жасайтын бөлімшесі де болған жоқ.Мәскеуде, Одақтық сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және оның шетелдердегі өкілдерінде 20-дан астам ғана дипломат қазақ еңбек етті. Олар негізінен Азия және Африка елдерінде жұмыс істеді.ХХ ғасырдың 20-жылдары жас Кеңес өкіметінің Сауд Арабиясындағы алғашқы өкілетті өкілі белгілі шығыстанушы Нәзір Төреқұлов болды.Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанға дейін Қазақстан бойынша жалғыз ғана Мәлік Сабырұлы Фазылов Кеңестер Одағының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.М.С.Фазылов 1927 жылы 15 тамызда Қостанай облысында дүниеге келген. МГИМО-ны бетергеннен кейін дипломатиялық қызмет жолын Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен бастайды.Республика СІМ тарихында М.С.Фазылов еңбек еткен кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар: Республика СІМ-нің мәртебесі түбірімен өзгерді, оның ролі артты. Өз алдына дербес протокол және консул бөлімдері құрылды, кейінірек баспасөз және ақпарат бөлімі, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі құрылды. М.С. Фазылов 1975 ж. Д.А. Қонаевтың ұсынуымен КСРО-ның Малидағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Тропикалық қиын климатта М.С. Фазылов жеті жылдан астам қызмет істеді. Қазақ ретінде, қазақстандық ретінде өз республикасын да насихаттай білді. КСРО-ның Малидағы елшілігінде өз қолтаңбасын қалдырды, дипломаттар үшін барлық жағдай жасалынған жаңа елшілік қалашығын салуды ұйымдастырды. Малидегі қызметінен кейін ол бірден Кеңестер Одағының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Мұнда ол 1983 жылдан 1990 жылға дейін еңбек етті. Мали Республикасында да, Марокко Корольдігінде де М.С. Фазылов Қазақстанның мәдениет күндерін табыспен өткізді. 1988 жылы Елші Алматы мен Мекнес (Марокконың ескі астанасы) қалаларын бауырлас қала ету жөніндегі хаттамаға қол қойды. Өзінің өмірінің соңына дейін ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінде кеңесші болып қызмет атқарды. Дипломат, тарих ғылымының кандидаты М.С. Фазылов әр түрлі басылымдарда орыс, қазақ, француз, араб тілдерінде көптеген мақалалар жариялады. Ол өз еліне, халқына адал қызмет етті.