Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

3. Қаржылық дағдарыстың себеп-салдары

2007 ж АҚШ-тан басталған қаржы дағдарысы Еуродақ,Оңт-Шығыс Азия елдерінің қаржы рыногын тұралатып тастады. Дағдарыс, әсіресе, көптеген елдердің банк секторы мен қор рыногына мықтап соққы болып тиді. Банк активтерінің, жылжымайтын мүлік құнының төмендеуі барлық елдерде дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешенін қабылдауды талап етуде. Жаһандық қаржы жүйесімен тығыз байланысты болғандықтан бұл дағдарыс Қазақстанды да айналып өте алмайды.

Бүкіләлемдік дағдарыс 2007 ж тамыз айында АҚШ-та бастау алды. Басты себебі ретінде – ипотекалық несиелеуді алады. Инвесторлардың жауапкерсіз қылығы, яғни ипотека және бағалы қағаздар арқылы жоғары табысқа жету мақсатында өздеріне үлкен мөлшерде несиелік қарыздарды алуы, несиелік кепілдің төмен сапалы болуы-әлемдік дағдарыстың себебі болды және әлемдік экономика үшін еш жақсылығы болмайтыны түсінікті.

Әлемдік экономикадағы, әсіресе қаржылық жүйедегі мәселенің ушығуы көптен бері күтіліп келген болатын.Бірақ, мұндай масштабқа дейін жетіп, бүкіләлемдік дағдарысқа айналуы болжанбаған еді. 2006 жылдан бері американдық ипотекада қиындықтар басталды. АҚШ-тағы ипотекалық дағдарысының алғашқы белгілері – тұрғын үй несиелерінің қайтарылмау көлемінің ұлғаюы болды. Бұл Америкадағы ипотекалық сектордың күйреуіне әкелді, ал бұл өз алдына өтімділіктің әлемдік дағдарысын тудырды.

АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс салдары әлемдік нарыққа және экономикаға, соның ішінде халықаралық нарыққа терең интеграцияланған біздің елімізге де теріс әсерін тигізбей қоймады. Қаржылық дағдарыстың алғашқы толқынымен Қазақстан 2007 жылдың күзінде беттесті.

Еліміздің экономикасы АҚШ-та басталған ипотекалық дағдарыс салдарынан 2007 жылдың соңында-ақ (“бірінші толқын”) қиыншылықтарға душар бола бастады. Әлемдік қаржы рыноктарындағы ахуалдың шиеленісуі нәтижесінде, дәлірек айтқанда, жаһандық дағдарыстың 2008 жылғы “екінші толқынында” қиыншылық жағдайларына тап болды.

Әлемдік рыноктардағы капитал өтімділігі дағдарысы нәтижесінде Үкімет 2008 жыл бойына бүтіндей алғанда елдің қаржы жүйесінің, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығын арттыру жөнінен бірқатар шаралар қабылдады. Бұл жұмыста негізгі салмақ елдегі жүйе құраушы банктерге түсірілді.

Қазақстанға да бұл дағдарыстың әсер етпей қоймағаны анық. ҚРда дағдарыстың пайда болу себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға интеграциялануы;

  • Экономиканың шикізаттық мамандану, сол себептен елде өндірілген шикізаттың әлемдік бағасы тәуелділігі;

  • Бос ақшалай қаражаттарының көптігі және оларды инвестициялау мүмкіншіліктің аздығы;

  • Көптеген ЕДБ-дің агрессивті несиелік саясаты, қысқа мерзім ішінде сыртқы қарыздың күрт өсуі;

  • Ел үкіметінің тез арада және тиімді дағдарысқа қарсы шаралардың орындалмауы.

4. Бүкіләлемдік дағдарыстың пайда болу себептері.

2007 жылы АҚШ-тан басталған қаржы дағдарысы Еуродақ,Оңт-Шығыс Азия елдерінің қаржы рыногын тұралатып тастады. Дағдарыс, әсіресе, көптеген елдердің банк секторы мен қор рыногына мықтап соққы болып тиді. Банк активтерінің, жылжымайтын мүлік құнының төмендеуі барлық елдерде дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешенін қабылдауды талап етуде. Жаһандық қаржы жүйесімен тығыз байланысты болғандықтан бұл дағдарыс Қазақстанды да айналып өте алмайды.

Бүкіләлемдік дағдарыс 2007 жылы тамыз айында АҚШ-та бастау алды. Басты себебі ретінде – ипотекалық несиелеуді алады. Инвесторлардың жауапкерсіз қылығы, яғни ипотека және бағалы қағаздар арқылы жоғары табысқа жету мақсатында өздеріне үлкен мөлшерде несиелік қарыздарды алуы, несиелік кепілдің төмен сапалы болуы-әлемдік дағдарыстың себебі болды және әлемдік экономика үшін еш жақсылығы болмайтыны түсінікті.