Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

14. Қр сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы мен даму перспективалары.

2010 жылғы қаңтар айында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 12 228,31 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде жиналған көлемнен 32,2%-ға көп. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақы көлемі өткен жылдың осындай көрсеткішінен 13,7%,-ға, ерікті жеке сақтандыру бойынша 2,2 есе артты, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша ұлғаюы 8,9% құрады. 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында 41 cақта ндыру ұйымы (оның ішінде: 7 – өмірді сақтандыру бойынша), 13 сақтандыру брокері жəне 63 актуарий өз қызметтерін лицензия негізінде жүзеге асырды. Капитал: 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталының жиынтық мөлшері 184 037,6 млн.теңге болды. Сақтандыру ұймдарының активтерінің жиынтық көлемі 2010ж басында 308 499,6 млн. теңге болды , былтырғы көрсеткіштен 10,1%ға көп.

Қазақстанның сақтандыру нарығы қарқындап өсуде, мұның өзін сақтандыру сыйлықақылары, активтер жəне меншікті капитал көлемінің өсуі растайды. Бұл ретте сақтандыру секторының сыйымдылығы өз əлуетін жоққа шығармады – жиналған сыйлықақылардың айтарлықтай үлесі корпоративтік сақтандыруға тиесілі (ірі өнеркəсіп, мұнай, авиация жəне мүліктік тəуекелдерді сақтандыру). Бұл ретте бөлшек сақтандыру секторы жиналған сақтандыру сыйлықақыларында аз ғана үлеске ие болады (сақтандыру компаниялары портфелінде 1% аспайды). Сақтандыру операцияларының да жоғары қарқынмен өсуіне байланысты, сақтандыру төлемдерінің көлемі өсуде. Сақтандыру қызметінде зияндылықтың біршама өсуіне қарамастан активтердің жəне капиталдың пайдалылық көрсеткіштері сақтандыру компаниялардың пайдамен қызмет етуі үшін жеткілікті дəрежеде жоғары деңгейде. Қазақстандық сақтандыру компанияларының көбі үшін инвестициялық қызмет аса маңызды емес кіріс көзі болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы кейбір өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі тұрақты төмендеу үрдісіне ие, бұл ретте екінші деңгейдегі банктердегі депозиттердің жəне республика эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі өсу үстінде. Бұл қадағалау органының активтердің белгілі бір бөлігін МБҚ-ға міндетті орналастыру жөніндегі талаптарын, осы арқылы олардың елеулі үлесін қаржы нарығының неғұрлым кірісті құралдарына инвестициялау үшін босата отырып, алып тастауына байланысты. Сонымен қатар сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы банктерге тəуелділіктің өсіп отырғанын көрсетеді. Инвестициялық қызметтен кірістердің аз ғана болуына қарамастан оның жиынтық кірістердегі динамикасының өскені байқалады.

1 кезең – ұйымдық-құқықтық қайта құру (2010 жылға дейін).

Сақтандырудың қорғаныс және инвестицялық қызметтерін ынталандыру:

  • қолайлы әлеуметтік-экономикалық ортаны құру;

  • сақтанушылардың рыногын қалыптастыру;

  • бағалы қағаздар рыногын жетілдіру;

  • сақтандыру заңнамасын халықаралық талаптарға сай үйлестіру;

  • сақтандырушылардың тұрақтылығын жоғарлату;

  • сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау.

2 кезең – инвестициялық мүмкіншіліктерді жоғарлату (2020 жылға дейін)

Инновациялық және инвестициялық қызметтерді жетілдіру:

  • сактандырушылардың ннвестициялық мүмкіншіліктерінің аясын кеңейту;

  • инновациялық қызмет тәуекелін қорғау бойынша жаңа қызмет көрсетулердің пайда болуы;

  • сактандырушылардың капиталдандырылуын ұлғайту;

  • таяу шет ее рыногында ұлттық сақтандырушылардың өктемпаздығы;

  • заңнамаларды жетілдіру;

  • сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын дамыту.

3 кезең – дамыған сақтандыру қызметі рыногы

Барлық сақтандыру қызметтерінің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету:

  • әлеуметтік қорғаудың үш денгейлі жүйесінің толыққанды қызмет етуі (сактандыру компанияларының белсенді рөлі жағдайында);

  • ЖІӨ-ң 15%-ға дейінгі масштабымен сақтандырушылардың институционалдық қызметін нығайту;

  • ұлтаралық сақтандырушылардың пайда болуы;

  • таяу шет ел рыноктарында инвестициялық өктемпаздық жүргізу.