Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

3. Дiни қатынастар

Әр алуан әрекет түрлерiне сәйкес дiниден тыс және дiни қатынастар қалыптасады. Экономикалық, саяси, мемлекеттiк, ағартушылық және басқа да әрекеттердi орындау барысында дiни индивидтер, топтар, институттар белсендiлiктiң осы түрлерiне сай байланыстарға түседi. Бұл тектес байланыстарда субъективтi болжамданған мағына болуы мүмкiн, дегенмен олар объективтiк мазмұны бойынша дiни емес.

Дiни қатынастардың қасиеттерi

Дiни қатынастар дегенiмiз рухани саладағы дiни санаға сай қалыптасатын, дiни әрекеттiң арқасында өмiр сүрiп, жүзеге асатын қатынастардың түрi. Оларды индивидтер, топтар, институттар, ұйымдар жасайды.

Дiни қатынастардың субъективтiк жоспары, сана жоспары бар. Соңғысы адамдардың гипостаздалған жаратылыстарға, қасиеттерге, байланыстарға, сондай-ақ дiншiлдердiң бiр-бiрiне деген анық бiр қатынастарын бiлдiредi. Бiрiншi қатынастар сана жоспарында өрбидi, дегенмен адамдардың арасындағы шынайы қатынастардан, мысалы, пенде мен дiни қызметкердiң арасындағы қатынастан көрiнедi. Дiншiлдердiң бiр-бiрiмен байланыстары аталған жаратылыстарға, қасиеттерге, байланыстарға қатысты болса да, шынайы әрекеттердi бiлдiредi. Басқа жағынан алғанда, дiни сана шынайы қатынастарды бейнелей және бiлдiре отырып, олардың образдары мен ұқсастықтары бойынша дiни қатынастардың сұлбасын бекiтедi. Бұл сұлбаларға сәйкес гипостаздалған жаратылыстардың бiр-бiрiмен және адамдармен, адамдардың осы жаратылыстармен және өзара қатынастары елестетiледi. Сұлбалар үстемдiк-бағыну қатынастарын (“Құдай және Құдайдың құлы” типi бойынша), мемлекеттiк-құқықтық құрылымды (Құдай – “аспан Патшасы”, папа – “монарх”, “канондық құқық”), сот жүргiзу iсi байланыстарын (Христосқа жүргiзiлген “сот”, Құдай –“сот”, күнәһарлар - “сотталғандар”, “Ақырет күнi”), жанұялық қатынастарды (“Әке Құдай”, “Бала Құдай”, “ағайын”, “апа, сiңлi, қарындас”) модельдейдi. Әдептiк қатынастарды көрсетудiң маңызы зор, негiзiнен, барлық дiни қатынастарға моральдық мән берiледi.

Дiни қатынастарды бекiту мен жанамалаудың әр түрлi әдiстерi бар. Делдал ретiнде бола алатындар: 1) тiрi емес және тiрi табиғат заттары – храм, икон, крест, керiлген Хритос бейнесi, ступа, “қара тас”, сиыр, крокодил, көгершiн және т.с.с. – сонда дiни қатынастар заттық, нәрселiк форманы қабылдайды; 2) индивид немесе бiр топ адамдар – культтiң қызметшiсi, дiни ұйымның басшысы, қауымның қызметкерi, “дарын” иесi және т.б.; бұл жағдайда дiндарлардың өзара байланыстарын бекiтудiң жекеленген әдiсi туралы айтуға болады; 3) Құдайдың, рухтардың, жанның, Құдай Ананың, Христостың, Будданың, бодхисаттваның, Мұхаммедтiң, әулилердiң және т.б. образдары; бұл жанамаласудың идеалдандырылған, образды формасы (Иса сонда айтты: «…қай жерде адамдардың екеуi немесе үшеуi Менiң үшiн жиналған болса, Мен олардың iшiндемiн» - Мф. 18:20): 4) тiл – кiммен және қалай қарым-қатынас жасау керектiгi жайлы насихаттарды қамтитын жеке сөздер мен тұтас сөйлемдер; бекiтудiң бұл әдiсi тiлдiк деп аталады. Заттар, кейiпкерлер, образдар, сөздер рәмiздiк қасиеттерге ие, олар дiни мән мен мағынаны бiлдiретiн белгiлер болып табылады, байланысқа түсетiн индивидтер арқылы “оқылады”.

Қатынастардың түрлерi

Культтен тыс және культтiк қатынастарды айыра бiлген жөн. Культтен тыс қатынастар культтен тыс дiни әрекеттiң арқасында жасалады. Оларда дiни индивидтердiң, ұйымдардың арасындағы қатынастар басым мағынаға ие болады. Мысалы, рухани өндiрiспен шұғылдана отырып, теологтар бiр-бiрiмен ақпаратпен алмасудың, “дiни iлiмдiк әңгiмелесудiң” анық бiр қатынастарына түседi. Дiни мектептердегi педагогикалық процесс “ұстаз – шәкiрт”, “ректор – педагогикалық ұжым” байланысы, тыңдаушылардың арасындағы белгiлi бiр қарым-қатынастар байланысының болуын көздейдi. Үгiттеу, миссионерлiк, жанұядағы дiни тәрбие ақпараттық қатынастар, насихаттау, хабарлама, бейiмдеу механизмдерiнiң арқасында жүзеге асырылады. Дiни ұйымдарда координация (“көлденең” бойынша әрекеттесу) және субординация байланыстары (“тiгiнен бойынша” қатар бағыну), билiк жүргiзу қатынастары әрекет етедi.

Культтiк қатынастар культтiк әрекет процесiнде қалыптасады. Соңғысы гипостаздалған жаратылыстарға, қасиеттерге, байланыстарға деген қатынасқа аса назар аударады. Сана саласында өрбитiн бұл қатынастар адамдардың өзара байланыстарында да байқалады. Культтi орындау уақытында евхаристикалық бiрiгу, тәубесiне келушiлiк, уағыздаушылық, ғұрыптық және т.б. қатынастар қалыптасады. Православиелiк неке қию ғұрпы, мысалы, күйеу мен қалыңдықты шiркеулiк неке нормаларымен ұйғарылған өзара қатынасқа түсiредi; шоқыну “шоқындырылған ұлдың (қыздың)” шоқындырған ата-анасымен (әке мен шешесiмен) байланысын бекiтедi.

Дiннiң әсер ету дәрежесiне байланысты дiни қатынастарды этнос, жанұя, жiк, тап, кәсiптiк топ, мемлекет өзiнiң қол астына қарайтындарымен бiрге немесе көрсетiлген топтардың бөлiктерi, яғни өкiлдерi өздерiн ортақ бiр сенiмге жатқызатын әлеуметтiк және саяси бiрлестiктер жасайды. Әсiресе, дiни қатынастарды сақтауда, жасауда дiни белгiлерi бойынша бөлiнген әлеуметтiк топтар үлкен рөл атқарды, - ежелгi үндi қоғамындағы брахмандар варнасы, Еуропаның құл иеленушi мемлекеттерiндегi абыздар, ортағасырлық феодалдық монархиялардағы дiн басылардың жiгi және т.с.с.

Дiни қатынастардың сипаттары әр түрлi бола алады – ынтымақтастық, төзiмдiлiк және бейтараптық, бақталастық, қақтығыс және күрес сипаттары, көп жағдайда дiни фанатизм үрдiсi де байқалады. Дегенмен “бiрге бейбiт өмiр сүру” болған кезде де, әдетте, белгiлi бiр бiрлестiктiң, конфессияның, бағыттың, дiннiң басымдылығы туралы түсiнiк болады.