Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Тарау III дiннiң элеметтерi мен құрылымы

Дiннiң элементтерi мен құрылымы тарих барысында қалыптасып, өзгередi. Алғашқы қауымдық құрылыста дiн салыстырмалы түрде дербес құрылым ретiнде әлi бөлiнiп шықпады. Кейiнiрек, рухани өмiрдiң салыстырмалы түрде дербес саласына айналып, неғұрлым жiктеле түседi, дiннiң элементтерi пайда болып, осы элементтердң байланыстары қалыптасады. Жоғарыда айтылып өткендей, қалыптасқан дiндерде дiни сана, әрекет, қатынастар, институттар және ұйымдар анықталады.

1. Дiни сана

Дiни санаға сезiмдiк көрнекiлiк, қиялмен жасалған образдар, шындыққа барабар мазмұнның қиял, сенiм, рәміздiлiк, сұхбаттылық, эмоциялық толықтылық, дiни лексиканың (басқа да арнайы белгiлердiң) көмегiмен қызмет ету тән. Аталған белгiлер тек қана дiни санаға тән емес. Сезiмдiк көрнекiлiк, қиял бейнелерi, эмоциялық өнерге тән, қиялдар мораль, саясат, әлеуметтiк ғылымдарда пайда болады, жалған ұғымдар мен теориялар жаратылыстануда да жасалады және т.б. көрсетiлген қасиеттердiң дiни санада бiр-бiрiмен қалай байланысты екенiн қарастырайық, олардың дiндегi субординациясы қандай.

Дiни сенiм

Дiни сананың кiрiктiруші күшi дiни сенiм болып табылады. Соңғысы адамның психологиясындағы ерекше феноменнiң арқасында “өмiр сүредi”. Сенiм – мақсатқа жетуге, оқиғаның болатынына, адамның алдын ала болжанған жүрiс-тұрысына, қойылған мақсат жөнiнде нақты ақпарат жетiспеген жағдайда идеяның ақиқаттылығына, оқиғаның соңғы қорытындысына, алдын ала болжанған жүрiс-тұрысқа, тексерудiң нәтижесiне сенiмдi болу. Онда қалаған нәрсенi iске асыруға деген үмiт артылады. Бұл психологиялық күй табысты әрекет жасауға мүмкiндiк болған кезде, оның нәтижелi аяқталатыны туралы және сол мүмкiндiк туралы бiлген кезде ситуацияның ықтималдығында пайда болады.

Егер оқиға орындалса немесе оның мүмкiн екендiгi анықталса, егер жүрiс-тұрыс iске асырылса немесе оның iске асатыны байқалса, егер идеяның ақиқаттылығы немесе жалғандығы дәлелденсе, онда сенiм өшедi. Сенiм адамдар үшiн аса маңызды мағынасы бар процесстер, оқиғалар, идеяларға қатысты пайда болады және өздiгiнен когнитивтi, эмоциялық және жiгерлiк сәттердiң қоспасын бiлдiредi. Сенiм ықтималдық жағдаятында пайда болатындықтан, соған сәйкес адамның әрекетi қатермен байланысты. Бұған қарамастан, ол жеке адамның, топтың, көпшiлiктiң бiрiгуiне маңызды дерек, адамдардың шешiмдiлiгi мен белсендiлiгiне стимул болады.

Дiни сенiм – бұл: а) гипостаздалған жаратылыстардың, атрибутталған қасиеттер, байланыстар, түр өзгертулердiң объективтiк түрде бар екенiне; б) көрсетiлген жаратылыстарға әсер ете отырып, олармен қарым-қатынасқа түсудiң және олардан көмек алудың мүмкiндiгiне; в) мәтiндерде суреттелген қайсыбiр оқиғалардың шынымен орындалатындығына, олардың қайталанатынына, күтiлген оқиғаның болатынына, оларға қатыстылыққа; г) сәйкес түсiнiктердiң, көзқарастардың, қасаң қағидалардың, мәтiндердiң және т.с.с. ақиқаттылығына; д) дiни беделдiлерге – “әкейлер”, “ұстаздар”, “әулиелер”, “пайғамбарлар”, “харизматиктер”, “бодхисаттвалар”, “архаттар”, “шiркеу иерахтары”, “культ қызметкерлерiне” деген сенiм.

Сенiмнiң мазмұны дiни сананың рәмiздiк қырын танытады. Рәмiз санамен ойдағы мазмұнды объектiлеу, объектiленген затқа (жаратылыс, қасиет, байланыс) бағытталғандық, осы затты белгiлеу әрекетiнiң жасалуын көздейдi. Заттар, әрекеттер, сөздер, мәтiндер дiни мазмұн мен мағынаға ие болады. Бұл мазмұн мен мағыналардың жиынтығы сәйкес сананың қалыптасуы мен қызмет етуiне дiни-рәмiздiк ортаны қалыптастырады.

Сенiммен дiни сананың сұхбаттылығы байланысты. Жаратылыстардың объективтi бар екенiне сенiм олармен қарым-қатынасқа түсу сенiмiн қамтиды, ал мұндай қарым-қатынасқа түсу сұхбатқа әкеледi. Сұхбат құдайға жалбарыну, дұға оқу, медитацияда дыбысталатын немесе iшкi сөздiң көмегiмен жүзеге асады.

Көрнекi образдылық және эмоциялық

Дiни сана сезiмдiк (аңдау, елестету образдары) және ойлау (ұғым, пайымдау, ой қорытынды) формаларында көрiнедi. Соңғыларының маңыздылығы концептуалды деңгейде анағұрлым өсе түседi, жалпы алғанда, сенсорлық құрылымдар басым болады, елестету ерекше үлкен рөлдi ойнайды. Образды материалдың дереккөзi ретiнде табиғат, қоғам, адам қызмет атқарады; сәйкесiнше, дiни жаратылыстар, қасиеттер, байланыстар табиғат, қоғам, адамға ұқсас жасалады. Дiни санада мағына-образдар маңызды, олар елестетуден ұғымға көшудiң өтпелi формасы болып табылады. Дiни сананың мазмұны тәмсiл (притча), әңгiме, миф сияқты әдеби жанрларда жиi көрiнiс табады, бейнелеу, мүсiндеу өнерiнде “кескiнделедi”, әр түрлi заттар, графикалық сызбаларға және т.б. байланады.

Көрнекi образ күйзелiстермен тiкелей байланысты, бұл дiни сананың күштi эмоциялық толықтығына жағдай жасайды. Бұл сананың маңызды компонентiн дiни сезiмдер құрайды. Дiни сезiмдер - бұл дiншiлдердiң объективтi деп танылатын жаратылыстарға, қасиеттерге, байланыстарға, қасиеттендiрiлген заттарға, тұлғаларға, жерлерге, әрекеттерге, адамдардың бiр-бiрiне және өз-өзiне, сондай-ақ әлемдегi дiни түсiнiктемеленетiн жеке құбылыстарға және жалпы әлемге деген эмоциялық қатынасы. Кез келген күйзелiстердi дiни деп санауға болмайды, тек дiни түсiнiктермен, идеялармен, образдармен бiрге пiсiрiлiп, осының арқасында сәйкес бағыттылық, мән мен мағына алғандарын ғана дiни деп санауға болады. Пайда болғаннан кейiн, дiни сезiмдер тұтыныс объектiсiне айналады – олар бастан өтiлуге, дiни-эмоциялық толықтылыққа тартылады.

Адамның қорқыныш, махаббат, таңдану, қастерлеу, қуаныш, үмiт, үмiтпен күту, стеникалық және астеникалық, өзгешiлдiк және өзiмшiлдiк, праксикалық және гностикалық, әдептiк және эстетикалық сияқты сан алуан эмоциялары да дiни түсiнiктермен қосыла отырып, сәйкес бағыттылыққа ие бола алады; бұл жағдайда “Құдай алдында қорқыныш”, “Құдайға деген махаббат”, “күнәһарлық, көнбiстiк, табыну сезiмдер”, “құдаймен араласу қуанышы”, “Құдай Ана иконына елжiреу”, “жақынына жаны ашу”, “жаратылған табиғат сұлулығы мен үйлесiмдiлiгiн қастерлеу”, “кереметтi күту”, “о дүниедегi жақсылыққа үмiт” және т.с.с. сезiмдерi бастан өткiзiледi.

Барабар мен барабар еместiң бiрiгуi

Дiни санада барабар бейнелеулер барабар еместермен бiрiккен. Бұл бiрiгуге аксиологиялық тұрғыдан, позитивтi және негативтi бағалау тұрғысынан келудiң ретi жоқ. Адамдар еш уақытта қиялдардан еркiн болған емес, адасусыз ақиқатты тану болған емес, олар “кiнә” болып табылмайды, бұл шарасыздық (әрине, мұнда жаман ниетпен саналы алдау және фальсификация жөнiнде мүлдем сөз болып тұрған жоқ!). Белгiлi бiр тарихи жағдаяттар мен тiршiлiк етудiң кейбiр нүктелерiнде адамдар иллюзияларға мұқтаж болады.

Дiни сана “толығымен жалған” болып табылады деу жөнсiз: онда дүниеге барабар мазмұн да бар. Мысалы, христиандықтағы жаратушы, құдiреттi, барлық игiлiк иесi, барлық жерде бар Құдай мен жаратылған, әлсiз, күнәһар, шектеулi адамның қосарлығы арқылы еркiндiктiң жоқтығы мен тәуелдiлiк қатынастары елестетiледi. Дiни образдар компоненттер сипатында сезiмдiк тәжiрибенiң шындық өмiрге сәйкес мәлiметтерiне ие (астроморизм, зооморизм, фитоморфизм, антропоморфизм, психоморфизм, социоморфизм). Дiни әгiмелеуде, тәмсiлде шынайы құбылыстар мен оқиғалар өнерде, көркемдi образдарда, әдеби әңгiмелеуде қалай баяндалса, соған ұқсас түрде бандалады. Бұған қоса, аталған элементтермен дiни жүйелердiң барлық мазмұны сарқылып қалмайды. Белгiлi бiр жағдайларда олардың iшiнде жаратылыстанулық, логикалық, тарихи, психологиялық, антропологиялық және басқа да бiлiмдер дамыған. Рухани өмiрдiң басқа да салаларымен өзара әрекеттесе отырып, дiн экономикалық, саяси, әдептiк, көркемдiк, философиялық көзқарастарды қамтиды. Олар адасулар болғанмен, олардың iшiнде адам, дүние, қоғам туралы дұрыс ақпарат берiп, дамудың объективтiк үрдiстерiн танытатындары да болды. Дiндерде ақиқатқа барабар келетiн рухани мазмұн жасалады. Дегенмен түсiнiктер, ұғымдар, идеялардағы бұл мазмұн қиялдау образдарымен бiрге құйылған, мұның нәтижесiнде бiртұтас картина объективтiк байланыстарды жасырып тұруы мүмкiн деп есептеудiң жөнi бар. Негiздер, алғы шарттар, доктриналық аксиомалар, басты ақиқаттар ғылыми таным әдiстерiн пайдаланғанмен, дәлел таба алмайды, сондықтан ақыр аяғында сенiм пәнiне айналады.

Тiлдiк көрiнiсi

Дiни сана дiни лексика, сондай-ақ табиғи тiлден туындаған басқа да белгiлер жүйесi – культ заттары, рәмiздiк әрекеттер және т.б. арқылы өмiр сүредi, қызмет етедi және қайта шығарылады. Дiни лексика – бұл табиғи тiлдiң сөздiк қорының дiни мағына мен мәндердi бiлдiретiн бiр бөлiгi. Дiни лексиканың атауларын екi топқа бөлуге болады: 1) атрибутталған қасиеттерi бар нақты заттарды бiлдiретiндер, мысалы, “икон”, “крест”, “храм”, “кардинал”, “монастырь”; 2) “Құдай”, “перiште”, “жан”, “керемет”, “тозақ”, “жұмақ” секiлдi гипостаздалған жаратылыстар, қасиеттер, байланыстарды бiлдiретiндер.

Тiлдiң арқасында дiни сана практикалық, әрекетшiл, топтық және қоғамдық түрге енедi және осылайша жеке адам үшiн де өмiр сүредi. Ерте кезеңдерiнде тiл ауызша формада болды, дiни сана ауызекi сөйлеу арқылы берiлiп отырды. Жазудың пайда болуы дiни мағыналар мен мәндердi жазба түрiнде де бекiтуге мүмкiндiк туғызды, сакральдi мәтiндер пайда болды. Сөздiң құдiретi, дыбысталған сөздiң әсерлiгi бәрiнен бұрын дiнде көрiнiс бердi. Мысалы, Логос жайындағы жақсы мәлiм христиан iлiмiнде: “Ең басында Сөз болды, және Сөз Құдайда болды, және Сөз деген Құдай едi… Бәрi сол арқылы бола бастады, және бола бастаған нәрсе Онсыз болудан қала бастады” (Ин 1: 1, 3).

Есiмдi бiлудiң және айтудың өзi затқа, адамға, жаратылысқа әсер етедi дегенге сенiм пайда болды. Мұнымен сөздiк магия, сондай-ақ сөздiк табудың пайда болуы байланысты: көптеген тайпаларда толығымен немесе көп жағдайларда көсемдердiң, тотемдердiң, рухтардың, құдайлардың атын тауға тыйым салынды. Мұндай табулар Көне Өсиетте бейнеленген – “Яхве” Құдайының атын атауға тыйым салынған, ол басқа атаумен ауыстырылған, мысалы, “Адонай” (“Менiң Құдайым”) деп айтылып, оқылады.

Сана деңгейлерi

Дiни сананың екi деңгейi бар - әдеттегi және концептуалдық. Әдеттегi дiни сана адам болмысының тiкелей шағылысы болып табылатын образдар, елестер, таптаурындар, нұсқаулар, мистериялар, иллюзиялар, көңiл-күйлерi мен сезiмдер, елiгулер, үмiттер, ерiк, әдеттер мен дәстүрлердiң бағыттылықтары түрiнде көрiнедi. Ол тұтас, жүйеленген түрде емес, үзiндi - жеке дара түсiнiктер, көзқарастар немесе мұндай түсiнiктер мен көзқарастардың жеке байламдары формасында берiледi. Бұл деңгейде рационалдық, эмоциялық және жiгерлiк элементтер бар, бiрақ эмоциялар – сезiмдер мен көңiл-күйлерi басым рөлдi ойнайды, сана мазмұны көрнекi образдық формаларға енедi. Әдеттегi сананың компоненттерiнiң арасында салыстырмалы түрде тұрақты, консервативтi және қозғалмалы, динамикалық компоненттер анықталады; бiрiншiлерiнiң қатарына дәстүрлердi, салттарды, таптаурындарды, екiншiлерiне көңiл-күйлерiн жатқызуға болады. Сондай-ақ бұл деңгейде түсiнiктердi, ойлау образдарын, сезiмдердi, иллюзияларды берудiң дәстүрлi әдiстердi басымдылық танытатынын, дiннiң әрқашан жеке адаммен тiкелей байланысты екенiн, әрқашан жеке формада көрiнетiнiн басып айту қажет.

Концептуалды деңгейдегi дiни сана – концептуалданған сана – бұл ұғымдардың, идеялардың, ұстанымдардың, пайымдаулардың, дәлелдердiң, тұғырнамалардың арнайы жасалған, жүйеленген жиынтығы. Оның құрамына: 1) Құдай (құдайлар), дүние, табиғат, қоғам, адам жөнiнде мамандардың (дiн оқуы, теология, дiни iлiм, сенiм рәмiздерi және т.б.) мақсатты түрде жасаған азды-көптi тәртiпке келтiрiлген iлiмi; 2) экономиканы, саясатты, құқықты, моральды, өнердi дiни дүниетаным ұстанымдарына сай түсiнiктемелеу, яғни дiни-құқықтық, дiни-этикалық, дiни-эстетикалық және басқа да тұғырнамалар (еңбек теологиясы, саяси теология, шiркеулiк құқық, әдептiк дiни ілiм және т.б.); 3) дiни iлiм мен философия тоғысында орналасқан дiни философия (неотомизм, персонализм, христиандық экзистенциализм, христиандық антропология, жалпы тұтастық метафизикасы және т.б.) жатады.

Бiрiктiрушi компонент – бұл дiн оқуы, дiни iлiм, теология (грек. theos – құдай, logos – iлiм). Дiни iлiм (теология) дiн оқуының әр түрлi қырларын баяндайтын және негiздейтiн бiрқатар пәндерден тұрады. Теология сакральдi мәтiндерге негiзделедi және сол бiр мезгiлде оларды түсiндiрудiң ережелерiн жасайды.