Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Динтану окулык / Динтану о0улык.doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Жаңа діни ағымдардың діни психологияға әсері.

Қазақстандағы діни өмір соңғы онжылдықта діни бірлестіктердің күрт өсуімен және бұрын елімізде болмаған бірқатар конфессиялардың пайда болуымен түсіндіріледі. Жаңа діни ағымдардың өсуі сонау советтік кезеңде миссионерлік қызметтің етек ала бастауымен, соның ішінде мына бағытта (кришнаиттер, бахаилер, «Трансцендентальная медитация»), харизматикалық протестантизм, Иегова куәгерлері, «Дианетика» қоғамы» және тағы басқалар пайда болды. Әсіресе олар ХХ ғ. 90 жылдарында өздерін белсенді көрсете білді.

Егер де дәстүрлі емес діни ағымдардың тарихына келетін болсақ, оларды екі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең ХХ ғ. 30-50 жылдарда басталды.Осы кезеңде Қазақстан аумағына діни оқуларды жүргізушілер келе бастады, олардың қатарында Иегова куәгерлері, Адвентистердің жетінші күні, пятидесятниктердің түрлі ағымдары, түрлі конфессиялардың өкілдері бар.Сол кезеңнен және Совет Одағының күйреуине дейін үкіметтің атеистік саясатының күштілігіне қарамастан бұл бірлестіктер өмір сүре берді.

Екінші кезең 80 жылдардың аяғында басталып осы кезеңге дейін жалғасып келеді. Коммунистік идеологияның күйреуі рухани күйзеліс жағдайына алып келді. Сол кездерде шығыс культтеріне қызығушылық басталып, оккультизм тамыр жая бастады. Осы негізде жаңа діни ағымдардың белсенділігі күшейіп, ірі қалаларда( Алматы, Астана, Қарағанды және т.б.) орын тебе бастады.

Белсенді түрде «Общество создание Кришны», Виссарион шіркеуі, «Трансцендентальная медитация», «Церковь унификации»(«Церковь объединения» өздерін көрсете білді. Баспасөзде жарияланымдардың шығуына байланысты сатанистердің, пұтқа табынушылардың шыға бастағаны белгілі болды.

90 жылдардың басында протестанттық шіркеулердің сандық көбеюі белгілі болды,олардың көбісі батыста кең танымал, бірақ Қазақстанда бұрын соңды болмаған. Миссионерлік қызметтің белсенді болуы протестанттықтың түрлі жақтаушыларының өсуіне алып келді. Әсіресе (харизматикалық, пресвитериандық, методистік, евангелдік) шіркеулер көбейді. Олардың ішінде «Грейс», («Благодать», «Ракым» және т.б.), «Новая жизнь» «Агапе», «Живая лоза» сынды бірлестіктер бар.Дәстүрлі діндер (православие мен ислам) басшылары жаңа діни ағымдардарды прозелитизға қатысы бар деп айыптайды.

Тәуелсіз Қазақстандағы конфессиялар

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен қатар елімізде конфессияаралық қатынастар аясында сарапталған мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді.Қазақстанның Конститутциясы ұлтына немесе діни сеніміне қарамастан азаматтардың тең құқықты екендігін дәлелдейді.Барлық этникалық топтардың мәдениеттері мен рухани мұрасы елімізде жалпы ұлттық игілік деп қаралады.Барлық азаматтарға өзінің діни қызығушылығына тең құқықтыққа кепілділік беріледі.

Конституцияның 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екендігі айтылған.

Қазақстан Республикасының негізгі бабындағы 22 бабта былай делінген:

«1. Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар.

2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиiс..»

Сол сияқты Конституция мына құқықтарды да қарастырады:

- нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды (14 бап);

- Әркiм өзiнiң қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы(19 бап);

- Діни астамшылықты насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi(20бап);

Дін саласындағы мемлекеттің саясаты дінді мемлекеттен бөлек алып қарау, ар-ождан және діни сенім бостандығы, діни бірлестіктердің теңдігі, мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі қызметіне араласпау, мемлекеттің діни бірлестіктер мен ынтымақтастығы принципіне жүйенеді.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекетімізде дін мәселесін реттеуші құқықтық алаң құрылды. 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер» туралы Қазақстан Республикасының Заңы барлық конфессиялардың діни сеніміне кепілдік береді.

Қазақстан азаматтары және басқа да мемлекеттер қандай да дінге сенуіне немесе сенбеуіне болады. Діни бірлестіктердің барлығы заң алдында тең.

Еліміздің Заңнамасы азаматтардың діни сенім бостандығына кепілдік беріп,сонымен қатар адам құқығы туралы халықаралық актілер мен келісімдермен бекітіп берген.

Қазақстанда тәуелсіздік алған екі онжылдық ішінде діни институттардың сандық және сапалық өсуі байқалады. Діни бірлестіктердің саны едәуір өсіп, рухани дәстүрлер қайта жаңғырып, жаңа культтік ғимараттар – мешіттер, шіркеулер, синогогтар, дұға қылу үйлері салынуда.Тұрғылықты халықтың діни деңгейі өсуде.

Сарапшылардың бағалауы бойынша 80 жылдар ортасымен салыстырмалы түрде қарағанда екі есе 20-25-тен 60-65% - ке дейін өскен. Осы процестер жүргізіліп отырған ар-ождан бостандығы, рухани жандану бағытындағы саясаттың арқасында дамып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға бағытталғанын көрудеміз.Дінге сену дәстүрі бойынша мұсылмандар мен православ христиандар діни бірлестіктері алдыңғы орындарда болып, олар 90% құрайды.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері біздің қоғамымыздағы діннің рөлі біршама өсті. 1989жылдың 1 қаңтар есебі бойынша 671 діни қауымдастық, 20 конфессиялар мен деноминациялар болған. 20жыл ішінде діни бірлестіктер саны алты рет өсті десек болады, 2009жыл есебі бойынша олардың саны 4365 болса, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 40 шақты.

Жалпы діни бірлестіктер: ислам – 2634, орыс православ шіркеуі – 295, рим-католиктік шіркеу – 86, протестанттар – 1200-ден аса, дәстүрлі емес діни бірлестіктер(бахаи, Кришнаны тану қоғамы, «Церковь последнего Завета» және т.б) – 47. Діни бірлестіктерге 3249 культтік ғимараттар жатады, оның 2312-сі мұсылмандар мешіттері, 266-сы православ шіркеулері, 90-ы католистік костельдер, 5-і синогогтар, 500-ден аса протестанттық және басқа да шіркеулер.

Елімізде 8 жоғарғы( оның ішінде 2 исламдық, 1 католиктік, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 орта мамандандырылған және 3 жалпы білім беретін рухани оқу орындары үнемі күрделі мешіттерде курстар және шіркеулер жанынан құрылған жексенбі мектептерін ұйымдастырып отырады.дәл осы кезеңде республикамызда 20 елден 300-ден аса шетелдік миссионерлер жұмыс жасауда.

Қазақстандағы дінге сенушілер саны жылдап өсіп келеді. Қоғам өмірінде діни фактордың рөлі арта түсуде.Бұларды мынадай үлгіден көрінеді:

- әлеуметтік-саяси өмірдің көптеген сферасында діннің ықпалы күшеюде;

- діни бірлестіктердің тұрғылықты халықтың күнделікті өміріне әсері көбеюде;

- діни білім алу аясы кеңеюде, оның материалдық базасы мен қаржыландануы нығаюда;

- конфессияаралық және дінаралық диалогтың дамуымен байланысты процестер белсендірілуде.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында әр үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі болып тұрады.

I Съезд 2003жылы 23-24 қырқүйекте, IIСъезд 2006 жылы 12-13 қыркүйекте,

III Съезд 2009 жылы 1-2 шілдеде өткізілді. Бұл діни форумға әлемдегі ірі конфессиялардың басшылары, атақты саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан басшысының шақыруына исламның, православия, католицизм, протестанттық, буддизм, индуизм, конфуциялық, иудаизм және басқа дін өкілдері ынтасымен ден қойды.

Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің өтуі – Қазақстанның мәдениеттер диалогы мен өркениет дамуындағы жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қолдау механиздерінің бір түріне қосқан нақты үлесі.

Астанада съездердің өтуі үшін әдейілеп Бейбітшілік пен келісім сарайы салынды.Пирамида түрінде салынған бұл ғимарат атақты британдық сәулетші Норман Фостар жобасымен салынған. Ғимарат шын мәніндегі біздің еліміздегі рухани орталық болып, қазіргі кезеңде бұл жерде түрлі халықаралық форумдар мен конференциялар өтілуде.

Қазіргі кезеңде Бейбітшілік пен келісім сарайында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жұмыс жасауда. Орталық міндеттерінің бірі түрлі мәдениет өкілдерінің үнқатысу аясын кеңейтіп, сонымен қатар діни және зайырлы БАҚ және жастар бірлестіктерін, ғылыми, шығармашылық зиялы қауымды тарту. Елбас атап айтқандай: «Орталық әлемдегі келісім мен әділеттіліктің, зияткерліктің зертханасы болуы тиіс».

Конфессияаралық диалогтың идеясы осы жылдар ішінде даму мен кең қолдау тауып отыр. Егер де 2003 жылы I Съезге 17 делегат келген болса, ал 2006 жылы форумға 20 елден 43 делегат,ал 2009 жылы 35 елден 77 делегат келді.Оның құрамында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі ұйымы (ЕҚЫҰ), БҰҰ мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО), «Ислам конференциясы» ұйымы (ИКҰ) бар.Сонымен қатар Съезд жұмысына қатысушылар санына жаңадан діни конфессия өкілдері ( III Съезд жұмысына бірінші рет синтонизм, даосизм, зороастризм) қосылып, жаңа елдерден (Польша, Индонезия, Пәкістан, Палистина) дін басылар келе бастады.